Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Лидер дегеніміз – беделді, маңызды тұлға. Харизматикалық тұлғаға ие, жауапты шешімдерді қабылдай білетін көшбасшы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдау

Лидер дегеніміз беделді, маңызды тұлға. Харизматикалық тұлғаға ие, жауапты шешімдерді қабылдай білетін көшбасшы. Джон Максвелидің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты еңбегінде лидер ұғымын жан жақты қарастырады. Лидер болатын тұлғаның бойында мынадай қасиеттер болуы шарт деп түсіндіреді:

1. Ең алдымен ақылды адам естігеннің жартысына сенеді, ал қырағы адам қай жартысына сену керектігін біледі деген. Лидерлікке қабілеті бар адам өзіңе және өзінің командасына не керек екенін анық білуі маңызды.

2. Екіншіден, лидерлікке қабілеті бар адам қол астындағыларға үміт отын сыйлай білуі керек, мотивация бере алуы қажет. Шабыттандыра алатын лидер тобын жетістікке жеткізіп қана қоймай, нәтижелі болуына үлкен әсер етеді.

3. Лидер тұлға кез келген істі болсын оң нәтижелі қылып, ісің ойдағыдай асыра білу шарт. Бастаған істі соңына дейін жеткізе алмайтын тұлға құзіреттілігі бола алмайды. Бұл лидерлік дағдыға мүлдем жатпайды. Лидерлік дағдыларды қалыптастыруда лидер тек өз басының қамын ойлап қана қоймай, ол ең алдымен өз қарамағандағыларды, тобын, командасын ойлайды. Оның өз басының қауіпсіздігі не болмаса пайдасы, беделді секілді мәселелер кейінге қалдыруы тиіс.

Осы орайда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің магистратура базасында оқытылатын «Басқару психологиясы» пәні бұған айқын дәлел бола алады. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен пәнді оқу барысында магистранттарға тек теориялық білімді ғана алып қоймай, оны практика жүзінде айқындап отыруды, өмірлік жағдайлармен сәйкестендіріп шеше білуді үйретеді. «Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдау» атты тақырыпта ой-талқылау кезінде магистрант жолдастардың әрқайсысы ойың ортаға салып, өзіндік жұмыс орындап, зерттеулерге шолу жасады. Лидерліктің психоаналитикалық теориясы талданды. Сонымен қатар, ғылым басшы және лидер деген ұжымға шекара қоя алса да, қарама қарсы қоя алмайтыны туралы пікірталастар болды. Нәтижесінде лидерлік тұлғаның басты қабілеттері мен өзің өзі ұстауы, кез келген мәселені алдын ала көре білуі керектігін, шындықты қабылдай алуын, басты мақсаттан шегінбеу керектігі туралы түрлі пікірлер айтылды. Семинар соңында қорытынды жасап, тұжырымдадық. Семинардағы талқылау кезінде көп тоқталған әрі қозғалғаны лидерлердің жауапкершілігі. Студенттердің біраз бөлігі – лидер тұлғаның бойында болу қажет ең бірінші қасиет жауапкершілік деп түсіндірді. Себебі жауапкершілікті сезінбеген тұлға, командасын (тобын) алдыға емес, керсінше артқа тартуы мүмкін. Сонымен, лидердің басты міндеті – ұжымның (топтың) эталонға жақын тәртібін қадағалау (жауапкершілік, тілектестік, өзара байланыс), жұмыстағы келеңсіз тәртіп түрлерін шешу, кез-келген жағдайда қолдау.



психология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Мамирбаева А.А.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2023
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі