Материалдар / Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым туралы ворд материалында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1312
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым

Мектеп: «Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі»КММ

Уақыты:

20.11.2017 ж.

Мұғалімнің аты – жөні : Оспан Л.Б.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаты:

  • Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуын картадан көрсетіп, сипаттау;

  • Географиялық шартты белгілерді қолдана отырып, карталарды оқу.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Зерттеу және қорытынды жасау.

Бағалау критерийлері

Литосфералық тақталардың қозғалысына байланысты болатын жер бедерінің түрлерін анықтай алады.

Карта бойынша ірі литосфералық тақталарды көрсете алады, кескін картаға сыза алады.

Литосфералық тақталардың қазіргі қозғалысын карталардан анықтап, талдау жасайды, өз ойларын нақты дәлелдермен қорытындылай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың және сейсмикалық аймақтарды орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды.

Сызбаларды, карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін ажырата алады және салдарын түсіндіреді.

Жердің геохронологиялық кестесін ауызша сипаттай алады (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер:

Тектоника, жер қыртысы, ығысу,ажырау,қозғалу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)

Тектоникалық құрылымның таралу заңдылқтары мен Жер бедері арасындағы айырмашылықты анықта

Тектоникалық картада .................. орналасқан

Литосфералық тақталар ........................... тұрады

Құндылықтарды дарыту

Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу.

Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Химия, физика, геология

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнефильм, презентация

Алдыңғы білім


Оқушылар литосфера құрылысын және плиталардың қозғалысын білу қажет.

Картамен, сызба –нұсқалармен, фотосуреттермен, бейнематериалмен жұмыс істей алу керек.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Деректер

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, көңіл - күйін сұрау.

Өткен сабақты қайталау ретінде Маршруттық карта арқылы сұрақтарға жауаптарын алу

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы





































































ІІ. Психологиялық ахуал орнату арқылы сабақтың тақырыбына шығу:

Оқушыларға түрлі түсті фишкалар беру арқылы топқа бөліп отырғызу (жасыл, сары, қызыл, көк).

Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін оқушылардың назарын суретке аударып сұрақ қояды:

  • Литосфералық тақталар қалай қалыптасады?

Оқушылар өздері білетін литосфералық тақталардың қалыптасуына әсер ететін факторларын атап шығады. Сыныппен өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.

Оқушыларға Тақталар тектоникасы бойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериал көріп болған соң, бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады:

  • Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?

  • Жер қыртысы қандай литосфералық тақталалардан тұрады?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұппенен өз ойларын бөліседі.

ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.

Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс

1- тапсырма: Литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын анықтайды. (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг).

«Ойлан–жұптас-бөліс» әдісін ұйымдастыру. 2 оқушы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын суреттерге қарап талқылайды, суретті қолдану арқылы литосфералық тақталалардың қозғалыс түрлерін жазады. Бұл жұмыста оқушылар сурет арқылы бір-бірінің ойын тыңдайды, жұптасып жұмыс жасай алады. Тыңдалым, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастырады.

Бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағалау

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс

Кескін картамен жұмыс:

2- тапсырма. Кескін картаға литосфералық тақталардың шекараларын және негізгі қатпарлы аймақтарын түсіреді. Оқушылар литосфералық тақталар бойынша алған білімдерін қолдана алады. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады. Жеке әр оқушыға кері байланыс беріліп отырылады.

Бағалау: Бірін-бірі тексеру кезінде стикерлер арқылы бағалайды. «Жасыл» стикер дұрыс, «қызыл» стикер дұрыс еместігін білдіреді.

Оқушыларға «Жердің тектоникалық құрылымы» бойынша бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериал арқылы келесі тапсырманы орындайды.

Топпен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс

Картамен жұмыс:

3- тапсырма. Атлас картаны пайдалана отырып, жоспар бойынша литосфералық тақталарды анықтаңыз.

/Еуразия тақтасы, Африка тақтасы, Солтүстік Америка тақтасы, Оңтүстік Америка тақтасы, Үнді-Австралия тақтасы, Тынық мұхит тақтасы, Антарктида тақтасы, Наска тақтасы/

  • Тақтаның атауы

  • Шекараласатын тақталар

  • Қозғалу жылдамдығы

  • Қозғалу бағыты

Мұғалім оқушыларға Жердің тектоникалық құрылымы картасымен жұмыс жасауды ұсынады.

Оқушылар карта бойынша литосфералық тақталардың атаулары мен шекараларын анықтайды, шекараласатын тақталарды көрсетеді, литосфералық тақталардың қозғалу жылдамдығы мен қозғалу бағытына сипаттама береді. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.

Тапсырманы қорғау

Оқушылар топпен өздерінің зерттеген литосфералық тақталар туралы зерттеулерін ұсынады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.

Бағалау: Топтар бір-бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.



Фишкалар




Picture 4

«Тақталар тектоникасы»

https://twig-bilim.kz/film/structure-of-the-earth-5403/

/3 минуттық көрсетілім/











Сурет





6 сынып Атлас













«Жердің тектоникалық құрылымы»








Карта




Флипчарт, маркер





Презентация






Соңы


IV. Рефлексия «Ия» немесе «жоқ» деп сұраұтарға жауап беру.

Жетістік баспалдағы.

Shape2

1

Shape3 2



3Shape4




С тикер







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!