Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жоғарғы сыныптарға беретін математика пән мұғалімдеріне пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары



Күні


Пәні

Алгебра

Сыныбы

11 “Ә”

Тақырыбы

Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешу

Сабақтың мақсаттары

Теңдеулер және олардың жүйелерін шешу бойынша алған білімдерін жүйелеу. Логарифмдік теңдеулерді шешуде қасиеттерін дұрыс пайдалана білу, анықталу облысын табу, күрделі типті есептерді жылдам әрі тиімді әдіс арқылы өз бетінше есептер шығаруда біліктіліктерін арттыру

Жалпы мақсаты

Оқушылардың теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ойлау және есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.

Оқу нәтижелері

 Логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешу үшін логарифмнің қасиеттері мен формулаларын пайдалана отырып, өрнектерді түрлендіру барысында қолдану әдістерін пысықтау. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жиі қолданылатын логарифмдік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін қолдану тәсілдерін қарастыру.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі

Үлестірмелі материалдар, сөзжұмбақ, стикерлар, дидактикалық материал

Әдіс-тәсілдері

Блум таксономиясы, АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс, қорыту, деңгейлеп саралап оқу

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі.


1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалай отырып, сыныпты қалыпты жұмыс жағдайына бейімдеу.

2. Оқушыларды топқа бөлу

Оқушы оқу құралдарын әзірлеп, сабаққа дайындалады.

ІІ.Математикалық сөзжұмбақ


Әр топқа бір-бір сұрақтан қойылып, сөзжұмбақ шешуге беріледі.






2018-02-10 (2).png

Сұрақтары:

1) Математикалық есептеудің негізгі тәсілі.

2)Бұл математикалық терминді Джон Непер ұсынған, ол оны «қолдан жасалған сан» деп аударған.

3) Математиканың маңызды ұғымдарының бірі.Бұл ұғымды алғаш рет (1690) швейцариялық ғалым Якоб Бернулли қолданған

4) жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

5) ақиқаттығы дәлелдеудің нәтижесінде анықталатын математикалық тұжырым.

6) L қисық сызығының М нүктесі мен оның екінші М нүктесі арқылы өтетін қиушысының, екінші М' нүктесі L қисығының бойымен М-ге ұмтылғандағы шектік орны болатын l түзуі, L қисығының М нүктесіндегі деп

7) сандар және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым

8) (лат. functіo – орындау, атқару, жүзеге асыру) көп мағыналы сөз

9) Әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

10) қандай да бір шаманың (мысалы, жолдың) басқа бір шамаға (мысалы, уақытқа) тәуелділігін көрнекі түрде бейнелеуге қолданылатын сызба, яғни функцияның өзгеру сипатын көрнекі түрде көрсететін сызық.

17) математикада — a, b, c, d төрт шаманың екі қатынасы арасындағы теңдік орындалады



Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешеді.

III.Математикалық викторина



10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40






Әр топтың басшысы тақдағы бір карточканы алып, есепті топпен бірігіп өз бетімен дәптерге есептейді

IV.Домино




Әр топқа үлестірмелі карточкаларлар таратылады.

Бұл карточкалар арқылы оқушылар қандай-да бір анықтаманы домино арқылы құрастыру керек.

1) Айнымалысы логарифм белгісінің ішінде болатын теңдеуді логарифмдік теңдеу деп атайды.

2)  af(x)=ag(x), a>0, a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.

3) Иррационал теңдеу деп белгісізі, яғни айнымалы шамасы радикал таңбасының астында болатын теңдеу

4) f(х) функцияның алғашқы функциясы деп берілген аралықта Ф'(х)=f(х) болатын Ф(х) функциясын айтады.

5) Туынды деп дифференциалдық есептеулердің х аргументі өзгерген кездегі f(x) функциясының өзгеру жылдамдығымен сипатталатын негізгі түсінігі.

6) Арифметикалық прогрессия , 1-реттік арифметикалық қатар — әрбір келесі саны алдыңғысына бір тұрақты d санын қосқанда шығатын сандар тізбегі.

Әр топ бұл тапсырманы өз орындарында орындайды.

V.Қорытынды

«Кері байланыс» рефлексиясы қолданылады

Оқушылар өткізілген сабақ жайлы өз пікірлерін стикерлерге жазады

VI.Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру


Оқулықтағы 302-306 тақ нөмерлі есептер беріледі

Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазады.

VII.Бағалау

Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісін қолдана отырып, бағалайды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
1561
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі