Логика әлемі 3 сынып Балалардың даму деңгейін анықтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Логика әлемі 3 сынып Балалардың даму деңгейін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалық сұрақтар.Тақырып Балалардаң даму деңгейін анықтау 1 сабақ.Балалардың логикалық ойлауын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Балалардың даму деңгейін анықтау.Үлес

Сабақтың мақсаты:1. Есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастыру және дамыту

2. Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту

3. Қоршаған ортаға оң көзқараспен қарауына ықпал етіп, дұрыс қарым– қатынас жасауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Ми гимнастикасы.

«Басты шайқау». Ойлау қабілетін жақсартады.

Терең демал, иығыңды бос ұста, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскен басыңды ақырын әрі- бері айналдыр. Иегіңді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел. Осылай 30 секунд жаттығу жаса.

«Жалқау сегіздік» Ми құрылымының белсенді жұмыс істеуіне, есте сақтау қабілетінің дамуына көмектеседі.

Ауада сегіз санын сал , әр қолыңмен үш ре қайтала.

Ширату.

Бір бағытқа қарап тұрып ағайын – (көз)

Балдан тәтті – (бала)

Қалпағы бар,басы жоқ – (саңырауқұлақ)

Күндіз бар, түнде жоқ –(күн)

Бір шатырдың астында төрт батыр –(үстел)

Тапсырма №1. Доптардың бөліктерін 1 –көк, 2-қызыл, 3 жасыл, 4 сары түсті қарындашпен боя. Доптар бірдей болатындай етіп қалған бөліктерінде боя.

Тапсырманы оқып, сынып оқушыларымен талдап болғат соң орындалады.

Жауабы: доптардың түстері бірдей.

Тапсырма №2. Екі қолтырауын ұшып жарысты. Біреуі қызыл, екінші-көк. Қайсысы мәреге бұрын жетеді?

Оқушының дәлелдеме жауабы төмендегідей болуы мүмкін. Қолтырауындардың түстері көк, қызыл болмайды және ұшпайды. Олардың түсі жасыл болады. Суда жүзеді де, құрлықта жер бауырлап жорғалайды. Қолтырауындар құрлықта да, суда да өмір сүре алатын қосмекенді және жорғалаушылар класына жататын жануар.

Жауабы: Қолтырауынның түсі жасыл және ол ұшпайды.

Тапсырма №3 Жауапты сұрақтан ізде.

Қолына раушангүл ұстаған қыздың атын білесің бе?

Қоянбаев Әсет орманда қандай аңды көрді?

Ертеде талды қорғаны болған қала қазір қалай аталады?

Жауабы: Раушаннның қолында раушангүл бар

Қоянбаев Әсет орманда қоянды көрді.

Ертеде Талдықорғанда талды қорған болған.

Тапсырма №4. Ойды дұрыстап аяқтап жаз

Барлық балық суда жүзе алады

Алабұға-балық.

Яғни, алабұға суда жүзеді

Жеміс ағаштары көктемде гүлдейді

Шабдалы- жеміс

Яғни, шабдалы көктемде гүлдейді

Жауабы: Алабұға суда жүзеді. Шабдалы көктемде гүлдейді.

Тапсырма №5. Қуыршақтарды боя

Ажар мен Инештің көйлектері бірдей, Назым мен Балымның бантиктері бірдей, ал Инеш пен Балымның аяқ киімдері бір түсті болсын. Қуыршақтардың атын жаз.

Тапсырманы алдан ала оқушылармен талдап болған соң, суреттерді өздігінше бояу ұсынылады.

Жауабы: Ажар, Инеш, Назым, Балым.

Қызықты үзіліс. Қимыл-қозғалыс жаттығуын ойын түрінде өткізуге болады.

Қол мен саусақтарға арналған жаттығулар

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ

Тапсырма №6. Жол жүру ережелерін сақтап өткен оқушының суретте оқушы қандай қате жіберді?

Жауабы: Екінші суреттегі оқушы жол жүру ережесін сақтап, тротуарда тұр. Бірінші суреттегі оқушы жол ережесін бұзып, көшеде машинаның алдын кесіп өтіп барады.

Тапсырма №7. Гүлтуралы айтылған төмендегі сөйлемдердің мағынасын ашатын толықтырып жаз. Керекті сөздерді өзің таңда.

Жауабы: Гүл – жердің көркі.

Гүл - нәзік белгісі.

Гүл - көңіл ашып, қуаныш сыйлайды.

Гүл – денсаулықтың кепілі

Гүл – үйдің көркі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2021
2971
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі