Материалдар / логикалық материялдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

логикалық материялдар

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







































«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы» КММ









«Математикалық логика» үйірмесі

Балаларды дамытуға, қызығушылығын арттыруға қолдану.



( бастауыш сыныптар үшін әдістемелік құрал)











Құрастырған:Техникалық шығармашылық орталығының әдіскері

Бегаулова Айгуль Айткуловна




Тараз 2023 ж.

























Аннотация

Ұсынылып отырған бағдарлама қосымша білім беру орталықтарының үйірмеге қатысушы бастауыш сынып оқушыларыны математика пәнін логикалық тұрғыда меңгеруге негізделіп жасалынған әдістемелік құрал жинақтары.

Математика сабақтарын түрлендіріп, халық педагогикасын кеңінен қолдануға, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін арттыруға, логикалық тапсырмаларды орындаудың әр түрлі тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының түсінуін жеңілдетіп, тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырады.
























































Мазмұны



І. Кіріспе............................................................................................ 3



ІІ. Негізгі бөлім..................................................................................

Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер)................................7



Логикалық ойындар........................................................................9

ІІІ. Қорытынды................................................................................33



ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................34




























Кіріспе

Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс - әрекеттің негізгі өзегі болып келеді. Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн.
Балалардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл балалардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық зерттеу саласы – ойлау қабілеті. Демек адамның ойы – ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сонда логиканың өзіндік ерекшелігі неде?
Ойлау формалары немесе логикалық формалар үшеу: ұғым, ой пікір және ой қорыту.
Балаларды логикалық ойлаудың тәсілдеріне үйрету керек:мұнысыз оқу материалын қабылдау мүмкін емес. Сондықтан да математикалық дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлушілік дамуымен байланысты болуы керек.
Бұл ойлаудың түрі негізі жалпы ойлаудың үш формасын меңгеру шартымен ғана дамиды: көрнекі әсерлік, көрнекі мүсіндік және логикалық.
Алғашқыда 5-6 жаста көрнекі әсерлік ойлау күш алады. Бала перамидка жинағысы келеді, одан соң оны түзетіп қалуға тырысады.
7-10 жаста көрнекі-мүсіндік ойлау дамиды,бұл көріп тұрған заттардан керектісін таңдай білуді, бұл заттардың бір-бірімен, бөлшектерінің өзара байланысын,қатынасын анықтауға көмектеседі. Бала мектеп, дүкен ойындарын ойнайды, суреттерді үлкен қызығушылықпен қарастырады.
Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады.Бала талдауға, талқылауға, қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді.
Балаларды логикалық ойлауға қалай үйретуге болады? Балаларға жас ерекшелігіне байланысты қандай қиындықтағы тапсырмалар беру керек?
Міне, осындай сұрақтар көптеген ұстаздарды мазалайды. Ұстаздың басшылығымен балалар түрлі есептер мен тапсырмалар орындай отыра логикалық тәсілдері қолдануды үйренеді. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілеті дамып, білімдері бекіп, ізденуге, өз жұмыстарының ойларын ортаға салуға дағдыланады да, сөз қорлары молаяды. Олар басқа пәнге қарағанда математика ойлау, есте сақтауын қажет етеді, қызығушылығы оянып, ой-өрісі дамып, алған білімдерін анықтайды. Оқыту процесінің басты компоненті – оқытудың мақсаты мен міндеті.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда балалардың логикалық ойлау қабілеттері артады, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.































Бастауыш сыныптағы балалардың дамуындағы негізгі мақсаты:

- Балалардың танымдық қызығушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыру

- Шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға бейімдеу

- Балалардың игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдалана отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру

- Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуді үйрету және тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру, интеллектуалдық және ерік пен белсенділігін дамыту;

  • Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету;

  • Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту;

  • Өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.

















Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер)



Логикалық жаттығулар:

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата.

Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

(Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)

2. Үш ағайынды.

Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?

(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)

3. Қай ауылдың балалары?

Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –Қосқұдықтан, екіншісі – Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.

Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?

(Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -үштөбеден.)

Қызықты әзіл-есептер.

1.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

3.7 сіріңке таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?!

 

Мен балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:

•  Сабаққа балаларды түгелдей қамту;

•  Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

•  Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да баланы логикалық ойлауға бағыттайды. Бала психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста.

Ақыл-ой әрекеті үстінде; Білімді меңгеру; Жылдам есептеу.

Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:

Затты әрекеттік. Көрнекі-бейнелі. Сөздік логикалы.

Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:



1.  Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.

2. Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.

Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:

1.Пәнге қызығушылығы артады;

2.Ой-өрісі дамиды;

3.Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.

Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек. Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.

Не артық?

Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы, «Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.

«Ұқсастық пен айырмашылық». Балаларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Балаларға өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.

«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Балаларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады.

«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.

«Заттың қолдану тәсілдері». Жақсы танымал бір сөз беріледі, мысалы: «кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқыма сымы т.б ұсынуға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.

«Заттардың қасиеті». Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір-бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендеген атаймыз» Аталған сапаларды қайталауға болмайды.

«Сөйлем құра». Өзара байланыспайтын 3 сөз алынады. Мысалы, «көл», «қарындаш», «аю». Осы сөздерден сөйлем құрау қажет. Жауап қарапайым (Аю көлге қарындашын түсіріп алды) немесе күрделі (Бала қолына қарындаш алып, көлде шомылып жатқан аю суретін салды) болуы мүмкін. Соңынан ұнаған жауаптар талданады. Шығармашылықпен жазылған сөйлемдер мадақталады.

«Артық сөзді тап». Кез келген 3 сөз беріледі. Мысалы, «ит», «қазан», «күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған екі сөздің өзара ұқсастықтарын алынып салынған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мысалы, «ит» сөзі артық, «қазан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән) т.б.

Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.

Осындай психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, тренингтік жаттығулар орындату барысында балалардың пәнге қызығушылығы артады, ой-өрісі дамиды, шығармашылық пен дарындылық пайда болады. Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар баланы білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.



Логикалық ойындар



Дидактикалық ойын: «Суретті толықтыр»

Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту.





Дидактикалық ойын: «Не істеді?»

Мақсаты: балалардың сөздік қорларын дамыту, сөйлем құрастыруға дағдыландыру.







Логикалық поезд ойынының шарттары

І нұсқа

Суреттерді қатысатын балаларға таратып, вагондардан поезді құрастыру керек. Бұл қарапайым емес, логикалық поез болғандықтан суреттерді арасындағы байланысты табу керек. Мысалы: бірінші вагонға етіктің суретін қойсақ, екіншіге бұлттын суретін қою керек (өйткені етікті жаңбырлы күнде киеміз) немесе доп (өйкені доп резенке және етік те резеңке) немесе киттің суретін (өйткені киттің түсі көк етік те көк түсті). Әр бір бала тізілген вагонын түсіндіріп айту керк. Егер бала айта алмаса оған байланыстарын табуға көмектесу керек.

ІІ нұсқа

Суреттерді түсі, көлемі, пішімен қатар логикалық тізбек бойынша бірдей дыбыстан басталса да вагондарды қоюға болады. Немесе бізде екі бірдей дыбыс болса және де олар бір-бірімен ұйқасып тұрса.

ІІІ нұсқа

Балаларға суреттерді бір-бірден таратып беріп, олардың бір-бірімен байланысын тауып берулерін сұрау.

IV нұсқа

Суреттерді қарама-қарсы белгілері бойынша қоюға болады. Мысалы: СУЫҚ балмұздақпен ЫСТЫҚ шайды. ТІКЕНЕК кірпімен ЖҰМСАҚ жастықты, ШАРШЫ мен ШАР.

















Воскобович шаршысы”(ойын шаршысы)

32 үшбұрыштардан тұрады. Балалар құрастыру алгоритімін тез менгереді, “үйшіктегі” жасырылған геометриалық пішіндерді таба алады, өздері жаңадан заттық пішінді ойлап табады.

Шаршы жазықтық және көлемдік фигураларды құрастыруды үйретеді. Логикалық ойлауды, зейінді, есте сақтау, қиял, шығармашылық қабілеттерді, ұсақ қол моторикасын, тілді дамытады.





Осы жұмысты ұйымдастыруда ковролинді түрлі түсті ленталар мен бауларды, геометриялық пішіндерді, ыдыс жууға арналған фибро сүрткіштер жалюзидің маталарын пайдалануға болады. Осы бағытта ұйымдастырылған оқу іс әрекетінен тыс уақытта, (ауа райына байланысты балалар серуенге шықпаған уақытта, күннің екінші жартысында ойын тәсілі арқылы) балалармен жеке жұмыстар жүргізілді. Мысалы: түске байланысты ойындар: «Қуыршақтың моншақтары», «Гүлді отырғыз», (Әдемі қоршау), (Алма ағашы). Формаға байланысты ойындар: «Поезд», «Шырша», «Балапанды серуенге шығарамыз», «Жұлдызқұрт». Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру үшін, әр ойынның жүру барысының алдында, сол ойынның тақырыбына сәйкес тақпақтар алынды.



Қуыршақтың моншақтары.

Мақсаты: Балаларды түстерді бір бірінен ажырата білуге жаттықтыру, геометриялық пішін дөңгелекті тез табу, балалардың сөздік қорын дамыту, пішіндер арқылы әңгіме құрастыруға үйрету.

Ойынның барысы: Ән қуыршақ, қуыршақ,

Жуынбайды жуынсаң,

Беті қолдың батпағын,

Елең қылмай жатқаның,

Қашан адам боласың?

Ковролин төселген (рамка) бауға түстерін ажыратып, дөңгелектерді ретімен тізу. Бұл ойынды бірінші, екінші сәбилер тобында жеке жұмыстар ретінде пайдалануға болады.



Алма ағашы.

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!