Материалдар / Логопед маманның жылдық есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логопед маманның жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал логопед мамандарға немесе жаңадан жұмысқа тұрған жас мамандарға жылдық есеп жазуға арналған үлгі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2024
530
11 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу облысы, Панфилов ауданы

«мектеп атауы атындағы орта мектебі» КММ логопед маманының 2023-2024 оқу жылында

атқарылған жұмыстарының жылдық есебі

Педагог-логопедтің мақсаты: сөйлеу тілін дамытуға бағытталған педагогикалық қолдауды жүзеге асыру, оқу, іс-әрекетіне қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және диагностикалық, дамытушылық, кеңес беру- ағартушылық іс-шаралар арқылы оқушылардың мектеп жағдайында толық және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету.

Педагог-логопедтің міндеттері:

  1. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар мектеп оқушыларына басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп логопедиялық тексеруден өткізу.

  2. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына жеке, топтық және сыныптық сабақтарда логопедиялық қолдау көрсету.

  3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау (сөйлеу тілінің дамуы және сөйлеу дағдыларының қалыптасуы) бойынша кеңес беру.

Педагог-логопедтің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы логопедиялық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ұйымдастырушылық жұмыс

Оқу жылының басында мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы бекітілді. ППҚҚ жылдық жұмыс жоспары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, мектеп логопедінің жылдық жұмыс жоспары, ата-аналармен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары, мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушыларға логопедиялық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, сөйлеу карталары, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б) дайындалды.

Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау

1-15 қыркүйек аралығында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушыларға кешенді логопедиялық диагностика жүргізілді. Диагностика нәтижесінде педагог-логопедтің түзете-дамыту сабақтарына 16 бала тіркеуге алынды.оның ішінде оқушы аты-жөні үйден оқытылатын оқушылар.

ОПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес 5 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары (7-форма) мен бастауыш сынып оқушыларын тексеру бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары бар, дыбыс айтуында бұзылыстары бар 11 білім алушыға логопедиялық диагностика жасалып, сөйлеу карталары толтырылды.

ЖСТД 2-деңгейімен 1 оқушы(оқушы аты), ЖСТД 3-деңгейімен 1 оқушы(оқушы аты), дыбыс айту бұзылыстары бар – 11 оқушы(оқушылар аты –жөні немесе инициалы) және тұтықпасы бар 3 оқушы(оқушы аты) тізімге алынды.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-ассистент) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.

Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелді.

Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).

ОПМПК қорытындысы және логопедиялық диагностика нәтижесінде 16 білім алушыға жеке дамыту бағдарламалары әзірленді.

Оқушыларды логопедиялық қолдау және оның тиімділігін бағалау

Жеке дамыту бағдарламаларына сәйкес жеке және кіші топтық (яғни, тұжырымдамасы мен жас ерекшеліктері қатар әр сыныптан 2 оқушы) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ өткізілетін сынып талапқа сай безендірілді, сабаққа керекті дидактикалық ойындар, кітаптар, жабдықтармен толықтай қамтылған.

Түзету жұмыстарының негізгі бағыттары:

дыбыстарды қою үшін қажетті артикуляциялық базаны құру (артикуляциялық гимнастика, сөйлеу тыныс алуын дамыту, дыбысты айтуды түзету);

есту зейінін дамыту;

фонематикалық есту қабілетін дамыту;

коммуникативті дағдылар мен қарым-қатынасты дамыту:

-сырттан келген әрекеттерге ауыспай, логопед-мұғалімді мұқият тыңдау және есту қабілеті;

-өз әрекеттерін логопед-мұғалімнің нұсқауларына бағындыру;

жалпы және ұсақ моториканы дамыту;

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (2а,б формалары) толтырылды.


Сынып

Сөйлеу бұзылуының түрі

Ескерту

ЖСТД

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы

Дыбыс айтуының бұзылуы

Тұтықпа

I

II

III

Анықталды



1

1


11

3


Шығарылды:






2



айтарлықтай жақсарған






1



айтарлықтай жақсармаған









сабақты жалғастыруға қалдырылды



1

1


8

3


Басқа жаққа кетті


-

-

-

-

-

-


ПМПК жіберуге ұсыныс берілді:









Арнайы мектепке


-

-

-

-

-

-




Бірінші жартыжылдықтың соңында дыбыс айту бұзылысы толық түзетіліп, тізімнен шығарылған оқушылар саны – 2(оқушы аты -жөні), олардың екеуіде дыбыс айту бұзылыстары бар балалар. Айтарлықтай жақсарған оқушылар саны – 1. Ол оқушы аты-жөні. Жылдың басында мінезі тұйық болды. Түзету-дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізудің арқасында мінезі ашылып, айналасымен еркін қарым-қатынас жасап, сөйлей бастады. Сабақты жалғастыруға қалдырылған оқушылар саны – 13. Бұл оқушылардың сөйлеу тілінде тұрақты динамика болғанмен, сабақты жалғастыруды әліде қажет ететіндігі анықталды. Басқа жаққа кеткен, арнайы мектепке жіберілген білім алушылар жоқ.

Кеңестік-әдістемелік қызмет

2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығында 25 ата-анаға (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және түзете-дамыту жұмыстарының мазмұны бойынша кеңестер берілді.

Оқу жылының басында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына жеке кеңестер беріліп, білім алушылардың тілдік қорытындылары таныстырылды.

Ата аналарды ақпараттандыру мақсатында «Артикуляциялық жаттығулар – сөйлеу тілін түзетудің басты құралы», «Балалардағы сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын-алу» тақырыптарында үлестірмелі материалдар дайындалып, таратылды.

2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығында 23 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.

Мектеп мұғалімдерін ақпараттандыру мақсатында «Дислексияны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында жаттығулар мен ойындар кешені құрастырылып, үлестірмелі материалдар таратылды.

Өзін-өзі дамыту

2023-2024 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 27 қараша мен 08 желтоқсан аралығында «Моторлы алалия, тұтықпа,ринолалия аңғарымы бар балалармен логопедиялық түзету жұмыстары» тақырыбындағы 80 сағаттық біліктілік арттыру курсына қатысып, сертификат алдым. Екінші жартыжылдығында, яғни 2024 жылы 26 ақпанда Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Сөйлеу тілінің тежелуі бар оқушылармен түзету жұмыстары» тақырыбындағы оқу семинарына қатыстым.

Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жаңа әдістемелік ұсынымдарын қарастырып, мамандыққа қатысты жаңа әдебиеттермен білімімді толықтырдым.

Өз тәжірибеме сүйене отырып республикалық ұстаз тілегі, зияткер сайтында сабақ жоспарларымды жариялап, тәжірибеммен бөлістім. Жариялаған материалдарымды растайтын сертифат алдым.

«мектеп орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2023-2024 оқу жылында логопед маманының атқарған жұмысына SWOT-талдау


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

Логопед ретінде менің мықты жақтарым:

Балалармен сабақты талапқа сай ұйымдастыра алу, назарларын сабаққа шоғырландыру, таным процестерін дамыту үшін жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды іріктей алу және оларды тиімді қолдану. Үнемі ізденісте болып, өз білімімді толықтырып отыру.

Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың мықты жақтары:

Сабаққа деген ынтасы мен қызығушылықтарының жоғары болуы, мұғалім нұсқауларын дұрыс, түсініп орындауы.

Логопед ретінде менің әлсіз жақтарым:

Осы аталған саладағы еңбек өтілінің аздығы.

Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың әлсіз жақтары:

Есте сақтаудың төмендігі, кейбір сөйлеу дағдыларының толық қалыптаспағандығы. Үй тапсырмаларын толық орындамауы. Қатарластарынан артта қалушылық пен оларға қарағанда төмен нәтижелер көрсетуі.

МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚАУІП

Логопед ретінде менің мүмкіндіктерім:

Үлгерімі төмен және сөйлеу тілі бұзылысы бар оқушыларды оқуға қызықтыру, мотивация беру, ұсақ моториканы дамыту және оқуға деген сүйіспеншілік

Ерекше білім алушының мүмкіндіктері:

Сабақты себепсіз босатпау, берілген тапсырмаларды уақытылы, талапқа сай орындау.

Оқушы бойындағы мектепке қажетті дағдылардың қалыптаспауы.

Заман талабына сай білім беру жүйесіне ілеспей қалу.



І жартыжылдық және ІІ жартыжылдық барысындағы оқушылардың

динамикалық дамуының салыстырмалы

көрсеткіштері (диграмма)


Қортынды:

2023-2024 оқу жылында ұйымдастырушылық-әдістемелік және түзету-дамыту жұмыстарының жылдық жоспары және оқу жылына логопедиялық жұмыстың тиімділігін арттырудың барлық міндеттері орындалды.

2023-2024 оқу жылындағы түзету-логопедиялық жұмысты, білім алушылардың диагностикасының нәтижелерін талдай отырып, оқу жылының басында қойылған міндеттер шешілді, белгіленген мақсаттарға жартылай ғана қол жеткізілді деген қорытынды жасауға болады.

Логопедиялық қызметті талдау оның оң және теріс жақтарын анықтау, келесі 2024-2025 оқу жылына арналған міндеттерді анықтауға мүмкіндік берді.


Оң жақтары:

1. Диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы балалардың сөйлеу дамуындағы проблемаларды уақтылы анықтау.

2. Оқушылардың қосымша логопедиялық сабақтар өткізуге деген оң көзқарасы, балалардың тапсырмаларды орындауға деген ұмтылысы, логопедтің жұмысына деген қызығушылығы.

3. Ауызша және жазбаша тілдің бұзылуын түзету және алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жүргізудегі ата-аналардың белсенділігі.


Теріс жақтары:

1. Логопед - мұғалімнің жұмысында оң нәтижелерге қол жеткізу үшін балалардың күнделікті артикуляциялық гимнастика кешенін өз бетінше орындауы, аптасына бірнеше рет сабаққа қатысуы қажет. Бірақ аурудың, басқа себептерге байланысты сабақтарды өткізіп жіберудің, тіпті дәлелді себептердің салдарынан түзету логопедиялық әсерінің оң динамикасының қарқыны баяулауы, сөйлеу дамуының бұрынғы деңгейіне оралуы мүмкін.

2. Бастауыш мектеп жасында көптеген балаларда тілдің қозғалысын бақылау қиын (қайта даярлау қиын, баланы күнделікті қарым-қатынаста тілдің, еріннің, сөйлеу қарқынының дұрыс орналасуын қадағалап отыру қиын). Сөйлеуді үнемі өзін-өзі бақылау және ересектердің, ата-аналардың да, мұғалімдердің де міндетті бақылауы болуы керек.

3.Логопедиялық сабақтар тоқтатылғаннан кейін кейбір балалар оқуды шығарылған деңгейінде жалғастыра алмайды. Көп жағдайда бұл ОНР тарихы бар балаларда көп байөалады.

4.Жоғары сыныптарда жазбаша жұмыстарды жазу қарқынының артуы, анамнезінде оптикалық дисграфиясы бар балаларда қайталануды тудырады, жұмыстардың графикалық дизайны нашарлайды.

2023-2024 оқу жылының соңында педагог-логопедтің көмегін қажет ететін оқушылардың көрсеткіші оқу жылының басына қарағанда жақсарды.




Педагог-логопед

Мектеп директоры




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!