Материалдар / Логопедиялық сабақ. З дыбысы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логопедиялық сабақ. З дыбысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мүкістігі бар балалармен жұмыс жасайтын логопед-дефектологтарға тәжирібе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
2161
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнаулы мектеп-интернаты, Атырау қаласы

Логопед Лукпанова Аягоз Бактыгалиқызы

Логопедия Жеке сабақ

Тақырыбы: З дыбысын сөзде, сөйлемде айту

Мақсаты: З дыбысының артикуляциясын үйрету. Артикуляция мүшелерінің дұрыс қалпын бекіту, тыныс алу жаттығуларын жасау. З дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын дамыту.

Дамытушылығы:Танымдық белсенділігін және дене белсенділігін арттыру, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ұсақ моторикасын дамыту, қызығушылықтарын ояту, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үлестірмелі кеспе суреттер, З дыбысының кескіні, айна, жаттығуға арналған тапсырмалар.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар, тапсырмалар.

Жүру барысы:

Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық қозғау

«Сиқырлы өзен» релаксациялық жаттығу.

-Балалар, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. (Баяу, құлаққа жағымды әуен қосылады.)

-Біздің жер шарымызда бір жер бар. Ол жердің ауасы таза, шипалы. Сол ауамен демалсақ, ләззат сезіміне бөленеміз. Айналасы көз тоймайтын табиғи сұлулық. Сол жерде өзен бар. Ол өзенді аппақ қар басып, айналасы аппақ киімге киінгендей. Өзеннің суы мөлдір, тап-таза, дәмі өте тәтті, қайта-қайта ішкің келе береді. Сол сиқырлы өзенде бір адам тұрады. Ол өзін-өзі ең бақытты адаммын деп сезінеді.

-Мен қазір сендерге сол бақытты адамды көрсетемін. (Оқушыларға айнасы бар қорапшаны беру. Айнадан әр оқушы өзін көреді.)

-Ол бақытты адам кім екен, балалар?

-Мен!

-Бәрінде білетін, бәрі де қолынан келетін кім?

-Мен!

Сөйлеу ережесін есте сақтайтын кім?

-Мен!

Асықпай, тынысын дұрыстап, анық сөйлейтін кім?

-Мен!

Сұрақтарға ойланып, толық жауап беретін кім?

-Мен!

Достарын сыйлайтын кім?

-Мен!

ІІІ. «Көңілді тіл» туралы ертегі

Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатыр. Ол қандай үй? Дұрыс, ол - ауыз. Ол үйдің ауызы ашылып-жабылып тұрады. Көрсетейік: қалай ашылып-жабылады? Тіл үйінде отыра алмайды.Далаға шығады. Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр. (жалпақ тіл астыңғы ерінде) Кенеттен жел соқты. Тіл тоңып кетіп, үйіне кірді де, есігін жауып алды. (аузын жабу) Тіл тәтті қайнатпаменшәй ішкенде, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады. (төменгі ерінді жалау)Соңынан тісін тазалады.(тілдің ұшымен төменгі тістерді тазалау)Тіл үйшігінде ұзақ отыра алмады. Балалар футбол ойнап жүр екен. Оларға қосылды.(тілмен екі ұртқа алма кезек тигізу)Бір кезде қақпаға доп соқты. (еріндерін жымитып мақта допқа үрлеу) Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп, ұйықтады.


Көздерін жұмып, көз алдарына елестетеді.






































Ертегіні тыңдай отыра, артикуляциялық жаттығуларды орындайды.






















Ұйымдастырушылық ізденушілік

Ерінге арналған жаттығулар

«Жымию» -ерін жымиып ашыңқы тұрады, үстіңгі, астыңғы тістер көрініп тұрады.

Тілге арналған жаттығулар

«Тәтті қайнатпа» - ауыз ашылған. Жалпақ тілмен төменгі ерінді жалап, артқа қарай жинап алу.

«Тіс тазалау» - ауыз ашылған, тілдің ұшымен төменгі тісті ішкі, сыртқы жағын жалау.

Тыныс алу жаттығуы

«Допты қақпаға кіргізу» - ерін жымиған қалыпта, жалпақ тілді төменгі ерінге қойып, «ф» дыбысын ұзақ айтқандай мақтаға үрлеу.

-Өте жақсы, балалар! Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- З дыбысы.

- З дыбысы қандай дыбыс?

- З ұяң, дауыссыз дыбыс.

-Маса қалай ызыңдайды? З-З-З.

- З дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады? Бәріміз айнаға қарап айтып көрейік.

Ерніміз жымиып тұрады.

Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық.

Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады.

Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық пайда болады, сонымен ауа жолы жүреді.

Тілдің бүйір жақтаулары азу тіске тиіп тұрады.

Ауа ағыны жылы, дауыс перделері бірігеді және тербеліске түседі.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Үз-үз-үз

Суда еркін жүз.

Ыз-ыз-ыз

Анар сүйкімді қыз.

Яз-яз-яз

Турадым мен пияз.

Біз-біз-біз

Тәтті сәбіз.

Ұз-ұз-ұз

Қандай биік құз.

Жұмбақ шешу

Заузадан көре аласың, Тақиям толған сөк,

Заңғардан таба аласың. Ерте тұрсам жоқ. (Жұлдыз)

Байқамасаң анықтап,

Үш екен деп қаласың. (З)

«Доп қағу» ойыны

За-аз, зо-оз, зе-ез, зу-уз, зы-ыз, зі-із, зұ-ұз, зү-үз.

«Жоғалған дыбысты тап». Сөздерге З дыбысын қою.

Балмұ...дақ Қы...анақ Кө...ілдірік

......ымыран Жиһа.... Сы...ғыш

Бұ...ау Қымы... Қобы....

«Сөзді аяқта» ойыны.

Бірінші буынды айту, екінші буынды оқушы айтып, сөз құрау.

Та..... Қо...... Құн......

Қо..... Қар..... Жү......

Жа..... То...... Зә......

Дәптермен жұмыс. Сөздерге дыбыстық талдау жасау

Заман, кезек, тоғыз.

Сергіту сәті.

Жел уледі. У-у-у.

Құйын келіп биледі. Зу-зу-зу.

Қатты-қатты жел соқты. Гу-гу.

Жапырақтар қол соқты. Ду-ду.

Дұрыс айт, анық айт. Жаңылтпашты жатқа айту.

Апай Нарғызды шақырды,

Нарғыз сары қызды шақырды,

Сары қыз бар қызды шақырды.

Биыл жазда, маса аз,

Маса азда, маза аз.

Кестемен жұмыс.Жуан дыбысы бар сөздерді сол бағанға, жіңішке дыбысы бар сөздерді оң бағанға жазу.

Зырылдауық, Зере, күз, балмұздақ, сәбіз, өзен, зат, қызанақ.

-з-

-з'-





Мақалдың жалғасын табу.

Оқу инемен құдық ............ .

Мектеп кеме, білім .......... .

Өнерлі өрге ........ .

Сөздік диктанты. Тек З дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Жүзім, жүрек, өзен, көже, сөз, төс, жүзік, мұз, жұлдыз, қоныс, күріш, тоғыз.


Жаттығуларды орындайды.










Тыныс алу жаттығуын жасайды.





























Тіл ұстарту жаттығуын орындайды.










Жұмбақ шешеді.







Буындарды алмастырады.











Сөздер құрайды.








Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.








Жаңылтпашты жатқа айтады.





Кестемен жұмыс жасайды.








Мақалдың жалғасын табады.



З дыбысы бар сөздерді теріп жазады.







Рефлексивті түзетушілік

Бүгін қандай дыбыс өттік?

З дыбысы қандай дыбыс?

З дыбысын айтып көрші?

З дыбысына сөздер ойла

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Нені біледі: З дыбысын танысып, дұрыс айтуды;

Нені игереді: З дыбысының сөзден орнын табуды, сөздерді буынға бөлуді;

Нені қолдана алады: Суреттерді атауды, жаңылтпаштар айтуды, артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жасауды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!