Логопедиялық семинар - практикум

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Логопедиялық семинар - практикум

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандар арасында өткізілетін семинар-практикум
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Логопедиялық кемпірқосақ» логопед мамандарына арналған

семинар – практикум

Модератор: Сәлеметсіздерме құрметті логопед мамандары.Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгеді. Бүгінгі «Логопедиялық кемпірқосақ» атты семинар – практикумға қош келдіңіздер!

Семинар – практикумның Мақсаты: мамандық бойынша өзара тәжірибе алмасу

Міндеттері: Логопед мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Логопадпен түзету жұмыстарын ұйымдастыруда тәжірибені байыту мен жинақтауға.Логопадттың сөйлеуін түзетудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруге көмектесу.Педагогикалық қызметтің табыстылығына ықпал ету.

Танысу тренингі:

Алдымен, бір – бірімізді жақын білу үшін, танысу үшін тренинг ретінде ұйымдастырғым келіп отыр.

Семинар – практикум екі бөлімнен тұрады

І бөлімде іскерлік ойын ретінде

ІІ бөлім массаждан және көрнекілікке арналған кітаптан шебер класс көрсетіледі

І бөлім бойынша сіздерді екі командаға бөліп топ болып жұмыс жасағандарыңызды қалаймын.

Семинар – практикумымыздың бірінші бөлімі алты кезең бойынша өтеді.


І кезең «Артикуляциялық гимнастика»

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік.

Бұл кезеңде әр қатысушыға бір – бірден артикуляциялық жаттығулардың суреті беріледі. Жаттығулардың жасалу жолын көрсете отырып қандай дыбыстарда

қолданылатындығы туралы түсіндіру.


Күрекше».

Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.









«Кесе»

 Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді. 

«Ине»

  • «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.





«Түтікше».

 Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.



«Сағат» 

  •  «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.



«Дәмді тосап»

Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.

    Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін  жалпақ қалпына келтірген  сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

«Ат шауып келеді»

 «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады



«Саңырауқұлақ» 

  •  «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.



« Гармошка»

Ауызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек.



«Әткеншек»



Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

    Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек.Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.

    Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.







ІІ кезең Озық білім – ойшыл маман

Бұл кезеңде әр топқа логопедияға байланысты сұрақтар беріледі, ойлануға 3 минут

І топ

    1. Сөйлеу тілінің бұзылуымен шұғылданатын: (логопедия)

    2. Әрбір дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы қалай аталады? (Артикуляция)

    3. Тірек – қимыл аппаратының бұзылуы барысында қандай сөйлеу тілінің мүкістігі жиі кездеседі? (Алалия)

    4. Сөйлеу тілінің қай мүкістігіне хейлопластика операциясы жасалады? (ринолалия)

    5. Афазия дегеніміз не? (адамның сөйлеу қабілетінен жартылай не біржола айырылуы. Мұндай кемістік мидағы сөйлесу орталықтары мен қан тамырларының ісініп, бас сүйегінің зақымдалу салдарынан болады)

    6. Тыныс алу бөлімдеріне не жатады? (көкірек клеткасы, бронха және трахея)

    7. Жазбаша сөйлеу тілінің жартылай бұзылуында байқалатын тіл кемістігі: (дисграфия)

    8. Өзгелердің сөйлеу тіліне еліктеу негізінде қалыптасқан сөйлеу тіліндегі кемшіліктің түрі (Тұтығу, сөйлеу ырғағының бұзылуы)

    9. Р дыбысын дұрыс айтпаудан болатын кемістік (ротацизм)

    10. Тахилалияның анықтамасы (сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан. сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтығының бұзылуы)

ІІ топ

  1. Сөйлеу тілінің бұзылуының қай түрінде демалу мен дауысы бұзылады: (тұтықпа)

  2. Л дыбысын дұрыс айтпаудан болатын кемістік (ламбдацизм)

  3. Дислалия дегеніміз не? (грек тілінен аударғанда dis - бұзылу logo – сөйлеу деген сөздерден құралған. Қалыпты естудегі сөйлеу аппаратының сақталған иннерциясының жағдайындағы дыбыстарды айтудағы кемшілік)

  4. Ринолалияда кездесетін артикуляциялық аппараттың кемістігі (қатты таңдайдың жырықшағы)

  5. Дыбысты түзету кезеңін саны (4)

  6. Бала неше айда былдырлай бастайды (2 -3 айда)

  7. Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларының әсерінен болатын сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің себептері (функционалдық, органикалық, әлеуметтік – психологиялық, психоневрологиялық себептер)

  8. Сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытады (логопед)

  9. Х дыбыстарын дұрыс айтпаудан болатын тіл кемістігі (хитизм)

  10. Кохлеарлы имплант дегеніміз....(есту қабілетін оңалтуға арналған операциялық техникалық құрал




ІІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр»

Бұл кезеңде лексикалық тақырыптарға байланысты тіл ұстартуға тақпақтардың алғашқы жолы оқылады ал әр топ мүшелері сол тақпақты жалғастыру керек

Ітоп

Қыс туралы

Ыс – ыс – ыс,

Келіп жетті қыс.

Ар – ар – ар,

Жауады қар.

Яз – яз – яз

Сақылдаған сары аяз.

Ран – ран – ран,

Соғады боран.

На – на – на,

Зулайды шана.

ҚҰСТАР ТУРАЛЫ

Пан – пан – пан,

Сап – сары балапан.

Ұс – ұс – ұс,

Ұшты үлкен құс.

Ғай – ғай – ғай,

Жем шоқиды торғай.

Ға – ға – ға,

Тал басында қарға.

Ғаш – ғаш – ғаш,

Ұя салды қарлығаш.

Бұл – бұл – бұл, Сайрайды бұлбұл.

ІІ топ

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

Ие – ие – ие,

Маң – маң басқан түйе.

Та- та – та,

Жібек жүнді бота.

Зау – зау – зау,

Мөңірейді бұзау.

Қы – қы – қы,

Кісінейді жылқы.

Шақ – шақ – шақ,

Құлдырайды құлыншақ.

ЖАНҰЯ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Та – та – та

Ақ сақалды ата

Е – е – е

Ақ жаулықты әже

Ке – ке – ке

Асқар таудай әке

На – на – на

Мейірімді ана

Ға – ға – ға

Қамқоршы аға

Ыз – ыз – ыз

Айназ жақсы қыз

Ла – ла – ла

Саят пысық бала

ІV кезең Ситуациялық тапсырмалар

Бұл кезеңде әр топқа логопед пен ата – аналар арасындағы диалог бойынша көрініс қойылады, сіздердің мақсаттарыңыз логопед маманы мен ата- аналар арасындағы кәсіби сөйлеудің қандай бұзылушылықтары болғандығын талқылау.

І топ

-Логопед: Сәлеметсіздерме!

-Ата – ана: Сәлеметсізбе! Сізге келген негізгі мәселеміз, біз дұрыс сөйлей алмаймыз

-Логопед: Қазір қараймыз. Отырыңыз(балаға) Сенің атың кім?

-Бала: Мажан

-Логопед: Қалай?

-Ата – ана: Мағжан

-Логопед: О, енді түсінікті болды сізде тіл бұзушылығы бар екен? Бұрын қандай маманмен айналыстыңыздар

-Ата – ана: балабақшада Айгүл Жұмабаевамен

-Ата – ана: Енді не істеуге болады?

-Логопед: Жұмыс жасаймыз бірақ уәде берем деп айта алмаймын.Сіздің балаңыздың мінезі тұйықтау екен. Қиын болуы мүмкін

-Ата – ана: Сонда не дегіңіз келіп тұр.

-Логопед: Жай, мән бермеңіз


ІІ топ

-Логопед: Сәлеметсіздерме! Анаңа қарай тығылуды қой отыр, сиз осы жерге анасы арырақ отырыңыз. Қандай мәселе бар?

-Ата –ана:Біздің алаңдайтынымыз баламыз 4 жаста, ал ол болса басқа достарынан қарағанда сөйлеуі нашар.

-Логопед: Қазір көрейік. Бері жақындап отыр

-Бала:Анашым кече берейікши мен қаламаймын

-Ата – ана: Балам, кішкене шыдай тұр, қазір апай қарасын сосын барамыз

-Логопед: (ата – анаға)Неге сонша еркелетесіз, ол сізде үлкен бала ғой өзін ұстап үйрену керек

-Ата – ана: Ол балабақшаға бармайды үйде әжесімен отырады

-Бала: Жылайды

-Логопед: Шығып баланы жұбатыңыз сосын кіресіз

Сергіту тренингі

V кезең «Әртіс болсаң, ойнап көр»

Бұл кезеңде әр топ мүшелеріне ертегі кейіпкерлерінің суреті беріледі.Сіздердің міндеттеріңіз қарсы топқа ым – ишарамен, жестпен түсіндіру.

І топ мүшелеріне


ІІ топ мүшелеріне


VI кезең «Сөйлейтін саусақтар»

Әр топ ұйымдасқан түрде өздеріңіз білетін ұсақ қол моторикасына байланысты саусақ жаттығуларын көрсету



Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл  келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.


Шынжыр. 

Оң және сол қолдағы басбармақпен  баланүйрек саусақтары түйісіп,  жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.







Піл. 

Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса,   баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.








Доп. 

Алақандар  бір-бірімен жабысады. (доп пішінін жасайды)








Гүл. 

Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады.  Саусақтар ашылады.

Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:

Са усақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Санамақ.

Балаға қарама-қарсы отырып, тәрбиеші көрсетіп отырады,  қолдарды құлыпқа ұқсатып түйеді. Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп,

Ке л, санайық санамақ, саусақтарға қарап ап.

Басбармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Бала қозғалыстарды қайталайды.

Саусақтар жүреді.

Ек і саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап,  алға-артқа  жүреді.





Құстар қанат қағады.

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,

Ши қ-шиқ-деп, ән салады.


 

 



Рефлексия. Ой бөлісу
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі