Материалдар / Логопедтің жылдық жұмыс жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логопедтің жылдық жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылына арналған логопедтің жылдық жұмыс жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітілді:

КМҚК «Бөбек бөбекжай-балабақшасы»

мектепке дейінгі ұйым басшысы:

Ашимкулова М.М. /__________/

















КМҚК «Бөбек бөбекжай-балабақшасы»

Педагог-логопедтің 2024-2025 оқу жылына

оқу-әдістемелік жұмысының

жылдық жоспары

























2024-2025 оқу жылы


Педагог-логопедтің 2024-2025 оқу жылына

оқу-әдістемелік жұмысының жылдық жоспары

Мақсаты: балаларға логопедиялық көмек көрсету, толыққанды түзету-дамыту ортасын қамтамасыз ету, коррекциялық-дамыту, түзетуші іс-әрекеттерде сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету, ата-аналар мен педагогтерге кеңес беру.

Р/с


Іс-шаралар

Өткізу мерзімі (аталған оқу жылында)

1.

Жұмысты ұйымдастыру

1.1

Логопед кабинетін жаңа оқу жылына даярлау: көрнекі, таратпалы материалдар; жабдықтар, логопедтің кабинетін рәсімдеу.

Тамыз айы, аталған оқу жылына дейін.

1.2

Балалардың сөйлеу деңгейін зерттеу және диагностикалау, түзету көмегі бағдарламасын анықтау.

Аталған оқу жылғы кыркүйектің бірінші жартысы, мамырдың екінші жартысы.

1.3

Логопедиялық көмекке мұқтаж топтарды құру:

- топтық түзетуші іс-әрекет;

- жеке топтық түзетуші іс-әрекет;

- жеке баламен жұмыс.

Сөйлеуді жалпы дамытудың жүйесін ұйымдастыру; балалардың сөйлеу бұзылыстары бойынша түзеу көмегін жасау.

Аталған оқу жылғы кыркүйектің бірінші жартысы.

2.

Құжаттамамен жұмыс

2.1

Балаларды сөйлеудің даму деңгейіне диагностика жасаудың нәтижесінде түзету топтарына құру, тізімдерді жасау.

Аталған оқу жылғы кыркүйектің бірінші жартысы.

2.2

Логопедиялық топтарға қосылған балалардың жеке құжаттарымен танысу.

Аталған оқу жылғы кыркүйектің бірінші жартысы.

2.3

Логопедиялық топтарға қосылған балалардың сөйлеу карталарын жасау, толтыру.

Аталған оқу жылғы кыркүйектің бірінші жартысы.

2.4

Логопедиялық сабақтардың кестесін (циклограммасын) құру, мекеме әкімдігіне мақұлдауға ұсыну.

Аталған оқу жылғы кыркүйектің бірінші жартысы.

2.5

Сөйлеуді, психикалық процестерді түзетуге арналған әдістемелік, түзету-дидактикалық матералдарды, (компьютерлік) бағдарламаларды, жинақтау және жүйелеу жұмыстары.

Аталған оқу жылы бойы.

2.6

Балабақша түлектердің медициналық карталарында сөйлеу тілі бұзылыстарының тұжырымын көрсету.

Аталған оқу жылғы сәуір айында.

2.7

Сөйлеу тілі бұзылыстары анықталған балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия сараптамасына ұсыну.

Аталған оқу жылы бойы.

2.8

Оқу жылында жасалған жұмыс көлеміне жылдық есеп беру.

Аталған оқу жылының (2-жарты жылының) аяғына дейін.

3.

Түзету жұмыстары

3.1

Логопедиялық іс-әрекеттерді фронтальды түрде жұмыс кестесіне сай жүргізу.

Аталған оқу жылының басынан аяғына дейін.

3.2

Логопедиялық жеке дамыту іс-әрекеттерін жұмыс кестесіне сай жүргізу.

Аталған оқу жылының басынан аяғына дейін.

4.

Кеңес беру қызметі

4.1

Ата-аналарға кеңес беру:

- "Бала тілі дұрыс шығуы үшін не істеу қажет? ".

- "Бала тілін дамытудағы ата-ана рөлі".

Аталған оқу жылында

4.2

Педагогтерге кеңес беру:

- "Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері ".

- " Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не, не үшін қажет?".

Аталған оқу жылында

5.

Ата-аналармен жұмыс

5.1

Ата-аналарға жеке кеңес беру, әңгімелесулер.

Аталған оқу жылы бойы.

5.2

Ашық есік күндерінде: ата-аналарға

- "Тіл кемістігі бар балалармен түзету жұмыстар түрлері".

Сәуір

5.3

Педагогтердің семинар-практикумдеріне қатысу.

Аталған оқу жылы бойы

6.

Педагог, мамандармен өзара әрекет

6.1

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін үйлестіру кеңестері.

Аталған оқу жылы бойы.

6.2

Педагог-психологпен ынтымақтастықта іс-әрекет ету.

Аталған оқу жылы бойы.

6.3

Мейірбикемен ынтымақтастықта іс-әрекет ету.

Аталған оқу жылы бойы.

7.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

7.1

Жұмыс тәжірибесін (логопедиялық дәптер материалдары, сабақтар әзірлемелері, ұсыныстар) мерзімді баспа басылымдарында, білім беру интернет-сайттарында, білім басқармасының сайтында жариялау.

Аталған оқу жылы бойы.

8.

Өз білімін арттыру

8.1

Арнайы әдебиеттің жаңалықтарын зерттеу.

Аталған оқу жылы бойы.

8.2

Қала, аудан, облыс логопедтерінің семинарларына, әдістемелік бірлестіктерінің отырыстарына қатысу, тәжірибе алмасу

Аталған оқу жылы бойы, қалалық, аудандық, облыстық әдістемелік бірлестіктің жоспары бойынша.

8.3

Біліктілікті арттыру курстарынан өту.

Облыс, республика біліктілікті арттыру курстарының жоспары бойынша.

8.4

Зерттеу тақырыбының даму кезеңіне сәйкес өзін-өзі тәрбиелеу бойынша материалдарды толықтыру.

Аталған оқу жылы бойы.














































Педагог-логопедтің 2024-2025 оқу жылына

оқу-әдістемелік жұмысының жылдық жоспары

бойынша ата-аналарға кеңес беру:

































Кеңес:\________________________________\

Бала тілі дұрыс шығуы үшін не істеу қажет?

Мамандардың айтуынша, бір жастағы бала кемінде 10-15 сөзді, екі жастағы бала 300-дей сөзді анық айтып, ал үш жастан асқан соң еркін сөйлесе алатын жағдайда болуы қажет. Бүгінде тілі уақытынан кеш шығатын балалар саны көп. Бала тілінің кеш шығу себептері мен оларды емдеу жолдарын психолог, логопед маман Әлия Ерлан айтып берді, деп жазады massaget.kz. "Ең алдымен әр ата-ана өзінен бастауы керек. Себебі сөйлеу өздігінен пайда болмайды, оны үйрену және балаға үйрету қажет. Бұл тек қарым-қатынас процесінде ғана жүзеге асады. Егер сіз табиғатыңыздан үнсіз, көп сөйлемейтін жан болсаңыз да, балаңызбен міндетті түрде сөйлесіңіз. Себебі балаға өзіне қатысты жағдайды және айналасында не болып жатқанын түсіндірсе, оның айтылған сөзді түсіне алуы оңай болады. Сондықтан өз әрекетіңізді сөзбен түсіндіріп отыруға тырысыңыз", – дейді маман. Екіншіден, кез келген жағдайды баяндап отыруға тырысу керек. Бұны бала сізді тыңдап, көріп отырғанына көз жеткізгеніңізде істеңіз. Өйткені бала үшін сіз – үлгі алатын бірінші адамсыз. Сөйлеген кезде сөзіңіз балаға бағытталуы тиіс. Одан бөлек көзіне қарап сөйлеңіз. Бұл балаңыз мазасыз, бір орында отырмайтын, көп қимылдайтын болса маңызды. Маманның айтуынша, егер сіздің кішкентайыңыз әлі де тілі шықпаған болса немесе аз сөз айтса, артикуляциялық жаттығуды қолдануға болады. Ол дегеніміз – сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Сонымен қатар түзеу жұмысында белсенді қолданылатын логопедиялық массаж және өзін-өзі уқалауға үйрету артикуляциялық бұлшық еттердің тонусын тез қалпына келтіруге және үйлесімді артикуляциялық қимылдарды қалыптастыруға ықпал етеді. Тыныс алу жаттығуларының да берері мол. Тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Сондай-ақ логопед ата-ана әр сөзді, сөйлемді асықпай, анық, түсінікті айтуы керек, дейді. Балалар өте сезімтал. Тіпті бір сөзді тәртібін өзгертіп бірнеше рет қайталап айтыңыз. Бала жаңа сөзді меңгеруі үшін сол сөзді бірнеше рет түрлі бағытта қолданған дұрыс. Бала тілінің даму ерекшеліктері "Баланың тілі тез және дұрыс шығуы үшін үлкендер әр қимылын, ойын дауыстап айтып түсіндіріп отыруы керек. Балаларға көбіне үлкендердің әңгімелесіп, тілдесуі жетіспейді. Сәби керек нәрсесін қолмен көрсетсе немесе ымдаса ата-анасы бірден оны қолына ұстатады. Енді түк қиналмастан қажеті өтеліп жатса бала сөйлеп қиналып қайтсін? Сол үшін сұрақтар қою арқылы сөзге тарту керек. Бұл – баланың сөздік қорын молайтудың бір жолы", – дейді Әлия Ерлан. Маман ұсақ моториканы дамыту жағын естен шығармау керектігін де ескертіп отыр. Себебі саусақты қимылдату мидағы сөйлеу функциясына жауапты тітіркендіреді екен. Басында ата-анасы баласының дұрыс сөйлемеуін еркелік деп ойлауы мүмкін. Сол ойымен көп уақытын өткізіп алатын көрінеді. Кейбірі әкесі бала кезінде кеш сөйлегендіктен тұқымнан деп топшылайды. Маманның айтуынша, бұл – қате түсінік. Мектепке барғанға дейін бала дұрыс сөйлемесе ата-ана дабыл қаққаны жөн. "Әр ата-ана баласының үйлесімді дамығанын армандайды және соған ұмтылады. Баланың мықты және дені сау, ақылды, табысты болуын қалайды, жақсы сөйлесе екен деп ойлайды. Сөйлеудің дамуы балада ерекшелігіне байланысты әр түрлі. Егер кейбірі 1,5 жасында тоқтамай сөйлеп, толыққанды сөйлем құрай алса, басқасы алғашқы сөздерін екі жасынан кейін ғана айта бастайды. Әрине алғашқы кезде сәби анасы не әкесінен естіген әр сөзді қайталауға тырысады. Әріптер мен сөйлемдер көңілді комбинация ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ балаға дұрыс үлгі көрсетсе, тілі тез шығады", – дейді Әлия Ерлан. Логопедтің айтуынша, балада туылған сәттен бастап дыбыстық реакциялар пайда болады. Бала тілінің 0-ден 2 жасқа дейінгі дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Яғни: 

2-3 ай: бұл уақытта бала уілдеп, былдырлай бастайды. Бала үндемесе, ата-ана дабыл қаға бастауы керек; 

9-10 ай: ересектердің сөйлеуі мен алғашқы сөздер туралы түсінік қалыптасады. Бірақ бұл жаста бала ересектердің сөйлеуіне емес, жағдай мен интонацияға жауап береді;  • 11-12 ай: сөйлеушінің интонациясына және қоршаған жағдайға қарамастан, не айтып жатқанына реакция бар; 

1-1,5 жас: баланың ситуациялық сөйлеуі дамиды. Сөздері жағдайға байланысты әртүрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Бала дыбыстарды жиі шатастырып, бұрмалайды; 

1,5-2 жас: ересектердің сөйлеуін түсінудің қарқынды даму кезеңі. Баланың сөздің қорындағы сөз саны тез артады, алғашқы тіркестер пайда болады. Сөздер ситуациялық емес, жалпыланған. Осы кезеңде бала үлгі алуы және қайталауы үшін сөйлеудің қажетті көлемін қамтамасыз ету өте маңызды. Ми жасушалары сөздерді және оларды сөйлемге қосу ережелерін барынша меңгеруге дайын. Бала қалай сөйлеп үйренеді? "Әр балада тілінің даму ерекшелігі әр түрлі жүретінін айттық. Сол себептен баланы дамыту және тәрбиелеу мәселесін тиімді шешу үшін ересек адам өзінің дамуының белгілі бір кезеңінде баланың нені білуі керек екенін нақты түсінуі керек", – деген психолог маман екі жастағы баланың даму деңгейіне тоқталды. Екі жастағы бала тілінің орташа даму деңгейі:

 • Балалар қарапайым сюжеттік суреттерде көрсетілген әрекеттер мен заттарды және үстелге қой, диванға отыр деген сияқты сөздерді түсінеді;  

Екі бөліктен тұратын ересектердің өтініштерін орындай алады;  

Бір жарым жасқа дейін баланың сөздік қоры шамамен 50 сөзді құраса, екі жасында 200-400 сөз болады. Баланың сөздік қорының басым бөлігі ойын және тұрмыстық тақырыптағы заттарды білдіретін зат есімдер, сондай-ақ қарапайым әрекеттерді білдіретін етістіктерден тұрады. Бір жарым жастан асқаннан кейін балалар "бұл қалай аталады?", "бұл не?" деген тараптағы сұрақтарды жиі қоя бастайды. Десе де сөйлеу әлі де аграмматикалық тұрғыда, яғни сөздің грамматикалық құрылысындағы қателер болады. "Балалар 2-4 сөзден тұратын сөз тіркестерін қолданады, қазіргі кездегі 3-ші тұлғаның етістіктерін зат есімдермен келістіреді. Кейбір жағдайлардың формаларын қолданады. Етістіктердің бірінші жағы және "мен" есімдігі пайда болады. Баланың сөйлеуіндегі қателік ана тілінің көптеген дыбыстарының дұрыс емес дыбысталуымен сипатталады (физиологиялық тіл сатысы). Баланың әрбір қимылын қадағалаңыз. Әрбір бала өз жасына сай жетіліп-дамуы қажет. Оның денесіндегі, қимылындағы әрбір өзгеріс оның дамуын тежеуі мүмкін. Сөйлеуде де солай. Кекештеніп сөйлесе, ойын жеткізуде қиналса, сөйлегенде ауыз қуысының мүшелерін қалыпты жағдайда қимылдатпай, өзгеше әрекет жасаса, мұның бәрі баланы дәрігерге апаруға себеп болуы мүмкін", – дейді психолог. Балаға жаңа сөзді қалай үйретеміз? "Балаға жаңа сөздерді үйрету кезінде есте сақтау керек бірінші нәрсе: "Жақсы көңіл-күй – сәттілік кепілі". Бала білмейтін жаңа сөздерді эмоционалды жағымды жағдайда айтыңыз. Психологтар мұндай жағдайда бала он есе жақсы оқып, тез үйренетінін байқаған. Сондай-ақ баланың көру, жанасу, иіс сезу, яғни тақырыпты әртүрлі тәсілдермен зерттеу мүмкіндігінің болуы маңызды. Егер сіз баланың бір затты алып, ұстап отырғанын байқасаңыз, зат атауын түсінікті, анық әрі мәнерлеп бірнеше рет айтыңыз", – деген логопед маман бала сізбен сөйлескісі келсе, көңілін қайтармау керек екенін айтты. Маман баланың сөйлесуге деген ынтасын әрдайым қолдап отыруы керек дейді. Егер баланың былдырлауы бірсарынды болса, өзгертуге тырысыңыз. Нақтыласақ, басқа да дауысты, дауыссыз дыбыстарды (ля-ля-ля, ку-ку, дю-дя) пайдалана отырып, өзгешелеу керек. "Жалпы бала 6 жасқа дейін барлық әріпті толық айтуға тиіс. Сөйлеуінде кедергі, ақауы бар балаларды 3-сыныпқа логопед мамандарға көрсетсе, түзеліп кетеді. Ал логопедтің жұмысынан кейін де әріптері дұрыс болмаса, ол баланы сөйлеу кемістіктерін түзейтін арнайы мектептерге берген жөн", – деп қорытындылады Әлия Ерлан. Материал авторы: А. Оралқызы Тағы да оқыңыздар: 























Кеңес:\________________________________\

БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АТА – АНАНЫҢ РӨЛІ

? Бала тілінің уақтылы даму қалай көмектесе аламыз? Неге көңіл аударған жөн? «Ауызға су толтыру» артикулярлық аппараттың құрылымының бұзылу нәтижесінен болуы мүмкін: тістің дамуының ауыткуы, үстіңгі жақ - Қарай көр, көршінің қызы Аружан ап-анық сөйлеп, тура сайрап тұр өзі, тіпті тоқтата да алмайсың! Ал біздікі ше, екеуі жасты болса да, аузына су жұтқандай түк айтпайды! Ата – аналардан өз балалары туралы жиі естілетін әңгіме. Ал «аузына су толтырып алу» қайдан шығады тістерінің астыңғы жақ тісерімен сәйкес орналаспауынан және т.б. Бұндай жайтты болдырмау үшін ауыз қуысы жүйесінің дұрыс дамуына мән беріп, тіс дәрігері кеңесіне уақытылы жүгініп отырған жөн. Сондай – ақ дыбыстарды дұрыс айтпау, артикулярлық аппараттың бұлшық ет тонусының дұрыс дамымауы салдарынан болуы мүмкін. Бұл кезде логопед – оқытушының және психоневрологтың кеңесіне жүгінген абзал. Бала тілі еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан ересектер өз сөйлеу мәнеріне көңіл бөлгені өте маңызды, сөйлегенде асықпай, дыбыстар мен сөздерді анық және дұрыс айтқан жөн. Ата – аналар көңіл бөлетін тағы бір мәселе, баламен сөйлескенде сөздерді бұрмалап, күнделікті қолданатын сөздер орнына түрлі дыбыс жиынтықтарын қолдануға болмайды. («бибика», «ляля», «ням-ням» т.б.) Бұл жайт бала тілінің уақтылы, сөздіктің дамуына кедергі жасайды. Балаға үйде кітап, ертегі (әңгіме) оқығанда, суреттер қарағанда, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруін, ертегі (әңгіме) мазмұнын айтып беруін, суретте не бейнеленгенін баяндап беруін талап етіңіз. Егер бала қателесір жатса, оны түзетуге асықпаңыз, бала ойын әбден тыңдап алған соң, қате жерлерін түзетуге болады. Жанұяда бала үлкендермен әңгімелескенде тек жаңа нәрселерді біліп қана қаймай, өз сөздік қорын байытып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып, өз ойын ашық айта алатын жағдай туғызу керек.

















Кеңес:\________________________________\

«Балаңыз дұрыс сөйлесін десеңіз»

Сөйлеу  функциясы баланың психикалық функцияларының бірі болып табылады. Сөйлеу туа пайда болған қабілет емес, ол баланың дене және ақыл- ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады десек те болады. Тілі дамыған балада саналы, реттелген мінез- құлық әрекеті қалыптасады. Керісінше тілінің қандай да бір дәрежеде бұзылуы баланың психикасының, іс-әрекетінің дамуына әсерін тигізеді. Күнделікті іс – тәжірибемізден көріп жүргеніміздей түрлі тіл бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпы мектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындау жағдайлары кездесіп жүр. Соңғы кезде тіл кемістігі балалар арасында кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастыру мен қатар арнайы мамандар тарапынан біріккен түрде  болғаны дұрыс. «Баламыз дұрыс сөйлемейді, өте белсенді, ойыншықтармен ойнайды, бірақ сөзіне кейде өзгелер түгілі, өзіміз түсіне алмаймыз» деген қабылдауға келген  ата – ана шағымын  жиі естиміз. Алдымен «дұрыс сөйлемейді» дегенді қалай түсінеміз, соған тоқталайық. Егер балаңыздың байланыстырып сөйлеуі жақсы, бірақ  дыбыстарды бұрмалап  айтуына байланысты айтқан сөзіне түсінбесеңіз  онда балаңызда тіл кемістігінің  дислалия немесе дизартрия түрі. Дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланын былдырлаған сөзін қызық көріп, үзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып отырады.. Қортындысында  көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады. Баланың дұрыс сөйлемеуі  еліктеуден де болуы мумкін.  Балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін орта арасында көп болып, сөздерін тыңдаудын да ерекше зияны  тиеді. Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Балаға әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отыру қиындық туғызады. Дизартрия деп  – артикуляциялық сөйлеу мүшелерінің иннервациясының ( қозғалысы) бұзылуын айтамыз. Тіл кемістігінің қай түрі, оны  қалай түзетуге болатынын  тек логопед маман айта алады.Өйткені жас ерекшілігіне сәйкес мүмкін ол дыбысты айту ертерек болар ( артикуляциялық бұлшық еті әлі жетілмеген), ересектер уақытынан бұрын сары уайымға салынып, балаға ескерту айтып, өз бетінше түзетпекші болады. Одан күткен нәтиже болмай, баланы босқа жылатып, тіпті дыбыстың айтылуы басқаша қалыптасуы мүмкін. Мысалға  балалардың нормативті «Р» дыбысын  айтуы  4,5-5 жас аралығында біртіндеп қалыптасады. Кейбір өте шыдамсыз ата – аналар 2-3 жастан бастап  РРРРР деп   айтуын сұрап қинайды. Нәтижесінде  бұл дыбысты көмеймен айтып үйреніп кетуі мүмкін, оны түзету қиынға түседі. Мүлдем сөйлей алмайтын баланы қалай үй жағдайында тілін дамытуға болады деген сұрақтар бізге жиі қойылады. Балада алдымен сөзді түсіну қалыптасады ( импрессивті сөзі), содан соң ғана сөйлеуі ( экспрессивті сөзі) қалыптаса бастайды. Яғни ата – ана бала өмірге келгеннен бастап  онымен сөйлесе бастауы керек. Кіші-гірім тақпақтар, санамақтар айтудың маңызы көп. Кейінгі кезеңде әжелеріміз немерелеріне ертегі айтпайтын болды. Балалар қарапайым санамақтар, қуырмаштарды білмейді. Мұның өзі фольклорлық жанрдың елеусіз қалғандығын білдіртеді. Бірақ нәресте өмірінде оның ықпалының зор екендігін нейропсихологтар  дәлелдеп отыр. Бүгінгі күні фольклорды теледидар жарнамалары ауыстыруда. Сондықтанда бүгінгі  бүлдіршіндер телероликтерді жатқа біледі, телевизор, компьютерге әбден тәуелді болып қалды. Оның зияны да жоқ емес.  Баламен жанды сөйлесудің орны бөлек. Саусақ жаттығулары, қуырмаш, шағын ертегілер оқып беру, қысқаша мазмұнын сұрау тілін дамытудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзаның белсенді нүктелері қол саусағында  орналасатынын дәлелдеген болатын.Мысалға төмендегідей жаттығуларды үнемі балаға үйретіп отыру керек. Бас бармағым — әкем, Балаң үйрек – шешем, Ортақ тірек – ағам, Шылдыр шүмек апам, Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қосайық Қатт-қатты соғайық. Сол сияқты дыбыстық жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы: қасқыр қалай ырылдайды, сиыр қалай мөңірейді, сағат тілі қалай тырсылдайды т.б. 2,5 жастан бастап қарапайым лото, суретті кубиктер, пазл жинау сияқты ойыншықтар беру керек. Негізгі алға қойған міндет – үнсіз бір өзін қалдырмау керек. Артикуляциялық жаттығулар орындату да өз ықпалын тигізеді.Мысалы «У» дыбысын айтқанда ернімізді түтікше тәріздес алға созамыз, « И»дыбысын айтқанда езу тартамыз деген сияқты жаттығулар түрін үйретіп отыру керек. Әрине нақты кеңесті  маман баламен сөйлескеннен кейін ғана бере алады.























Кеңес:\________________________________\


Балалардың мектепке дайындығының негізгі критерийлері


Атақты балалар психологы Леонид Абрамович Венгер:  «Мектепке дайын болу-бұл оқу, жазу және санауды білу дегенді ғана білдірмейді. Мектепке дайын болу-осының  бәрін білуге дайын болу», – деген екен. Баланың мектепке дайындығы дегеніміз- бұл кешенді, көп жақты және бала өмірінің түгел аумағын қамтитын үрдіс.  Мектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында сыныптасымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей. Мектепке психологиялық дайындық-бұл бүкіл мектепке дейінгі өмір. Сондықтан да, мектепке баланы жүйелі түрде дайындай отырып сіз болашақ бірінші сынып оқушысына тыныш және қуанышты  жаңа әлемге кіруге көмектесе аласыз. Мектепке психологиялық дайындық балаларда өздігінен емес, біртіндеп қалыптасады : ойын арқылы, еңбек арқылы, достарымен қарым-қатынас арқылы, тікелей білім беру арқылы.

Баланың мектепке психологиялық дайындығының төмендегідей ең маңызды үш сипаттамасы бар: оқуға деген ықылас; өз мінез-құлқын басқару қабілеті; өзінің интеллектуалды процестерін басқару мүмкіндігі. Баланы мектепке жақсы  дайындау және мектепте оңай бейімделу факторлары: физикалық денсаулық. Дамыған интеллект. Сыныптастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасай білу. Берілген тапсырманы, жұмысты жүйелі жасау қабілеті. Санау және оқу мүмкіндігі. Ұқыптылық және тәртіптілік.

Жақсы есте сақтау және назар аудару. Бастама, ерік-жігер және өз бетінше әрекет ету қабілеті. Мектепке психологиялық дайындықтың құрылымы келесідей: физиологиялық; зияткерлік; әлеуметтік; эмоционалды. Физиологиялық  дайындық -күн тәртібін қатаң сақтау, денсаулық жағдайының қалыпты дамуы тағы басқа. Зияткерлік дайындық -зейін қоюға қабілеттілік, логикалық байланыстар құра білу, есте сақтау қабілетін дамыту, ұсақ қол  моторикасы, білуге, жаңалыққа құштарлық және тағы да басқа.

Мектепке зияткерлік дайындық балада белгілі бір дағдыларды қалыптастыруды да қамтиды. Мысалы, оқу тапсырмасын бөлектеу мүмкіндігі. Бұл баладан заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының себептерін, олардың жаңа қасиеттерін таңдануды және іздеуді талап етеді. Әлеуметтік дайындық-басқа  балалармен,  мұғаліммен  қарым – қатынас  жасай  алатын  сапалардың  болуы, мінездің  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерілуі, әрекетке  іштей  талдау  жасау. 

Эмоционалды дайындық – оқуға ынталандыру, зейін қою қабілеті, эмоцияларды басқару, қызығушылығының  қалыптасуына қарай  өзінің  мінез – құлқын, танымдық  іс-әрекетін басқара  алуы, оқуға  деген  құлшынысының  пайда  болуы  және эмоциялық  жай – күйінің   көтеріңкі деңгейде болуы. Зейін, ес, ойлау, қиял, ұсақ қол моторикасын  дамытумен қатар, баланың бойында  әлеуметтік дағдыны қалыптастыру да  маңызды 

Мектеп – бұл ең алдымен әлеуметтену жүйесі. Және ол арнайы тәртіптік  жүйеге негізделген.  Сабақ-өзіндік ережелері мен заңдылықтары бар оқытуды ұйымдастыру формасының бір түрі. Тіпті ең мейірімді оқу ортасында бала «болмайды» деген сөзді білмесе, сәтті оқи алмайды. Ол басқалардың шектеулерін қабылдай білуі керек және өзін шектей білуі керек. Егер ол жақсы оқыса, бірақ  аяқ киімінің бауын байлай алмайтын, портфельді  дұрыс жинай алмайтын болса, ол да мектепке үйренуін қиындатады.

Мектепке дайын болу үшін баламен қандай жұмыс  істеу керек? Ең алдымен, оның денсаулығына қамқорлық жасау керек. Жүзу, серуендеу, велосипед-бұл болашақ мектеп өміріне сәтті кіруге ықпал ететін іс-шаралар. Баланың ерікті қасиеттерін дамыту маңызды. Ол үшін балаға кез-келген бастаған істі аяғына дейін аяқтауды үйрету керек. Дамудың ең маңызды тәсілі (сөйлеуге, зейін аударуға, қарым – қатынасқа, есте сақтауға, қиялға және тағы басқаларға қатысты) – балаға кітап оқу. Балаларға күніне кемінде жарты сағат ертегілерді оқу (немесе айту) керек.

Пайдалы сабақтар жүргізу керек. Олар бала қиялын, өзіндік тапқырлық: сурет салу, мүсіндеу, құрастыру сияқты дағдыларын қалыптастыруға уқпал етеді. Ата-аналарға баланың дайындық деңгейін өз бетінше анықтауға көмектесетін  критерийлерге тоқтала кетейін. Төмендегі әр критерийдің сұрақтарына жауап бере отырып балаңыздың  мектепке қаншалықты дайын екенін  анықтауыңызға болады. Танымның дамуын бағалау: Балада негізгі түсініктері бар ма: оң-сол, үлкен-кіші және тағы басқа?

Бала жіктеудің қарапайым принциптерін түсінуге қабілетті ме, мысалы: Бала жадында ұстап, кем дегенде үш нұсқауды орындай ала ма? Бала алфавиттің көптеген әріптерін атай ала ма? Бала тілінің дамуын бағалау. Бала айналасындағы негізгі заттарды атай және белгілей ала ма? Балаға ересектердің сұрақтарына жауап беру оңай ма? Бала әртүрлі заттардың не үшін қызмет ететінін түсіндіре ала ма: шаңсорғыш, тоңазытқыш, үстел және тағы басқа?

Бала қандай да бір заттардың қайда орналасқанын түсіндіре ала ма: үстелде, орындықта, еденде, қабырғада және тағы басқа? Бала  белгілі бір оқиғаны әңгімелеп айта ала ма? Бала сөздерді анық айта ма? Бала жалпы әңгімеге қатыса ала ма, қандай да бір рөлді ойнай ала ма? Эмоционалды даму деңгейін бағалау: Бала көбінесе көңілді  жүреді ме? (үйде және достарының арасында). Балада көп нәрсені істей алатын адам ретінде өзіндік бейнесі қалыптасты ма? Бала өз бетінше жұмыс істей алады ма, басқа балалармен тапсырмаларды орындауда бәсекелесе алады ма?

Қарым-қатынас жасай білуін бағалау: Балаңыз басқа балалардың ойынына қосылып, олармен  жақсы араласып кете ме? Балалармен ойнау барысында ұйымшыл ма? Достарына жиі ренжиді ме? Өзге адамдарды бөлмей тыңдай алады ма? Физикалық дамуды бағалау.: Бала жақсы ести ме? Жақсы көреді ме? Біраз уақыт тыныш отыра ала ма? Баланың моторикасы  дамыған ба, мысалы, ол доп ойнап, секіре, төмен түсіп, баспалдаққа көтеріле алады ма? Бала көңілді және ынталы көрінеді ме?

Төмендегідей көрнекі айырмашылықтарға да аса мән берген абзал: Бала ұқсас және ұқсас емес нысандарды анықтай ала ма? Мысалы, басқаларға ұқсамайтын суретті табыңыз? Бала әріптер мен қысқа сөздерді ажырата ала ма, мысалы б-п, көл-шөл? Егер балаға алдымен үш суретті көрсетіп, содан кейін біреуін алып тастаса,  жоқ суретті  байқай алады ма? Бала өз есімін және күнделікті өмірде кездесетін заттардың кем дегенде алты-сегіз атауын біле ме? Есту қабілетінің  деңгейі: Бала әртүрлі дыбыстардан басталатын сөздерді ажырата ала ма? Мысалы: доп-көп. Бала ересек адам айтқан  бірнеше сөз немесе санды қайталай алады ма?

Бала негізгі ой мен әрекеттер тізбегін сақтай отырып, әңгімені қайталай ала ма? Кітаптарға деген көзқарасты бағалау. Баланың өздігінен кітаптарды көруге, оқуға деген  қызығушылығы болады ма? Сіз оған дауыстап оқығанда  мұқият және  қызығып тыңдайды ма? Бала кітапта түсінбеген сөздер туралы, ол қандай мағынаны білдіреді деген сияқты сұрақтар қояды ма? Жалпы және психологиялық  дайындық. Сіздің балаңыз: нені қалайтынын саусақпен  көрсетіп емес, сөзбен түсіндіре ала ма? оқып берген  ертегі, болмаса әңгімелердің мағынасын  түсінеді ме? өз есімін нақты атайды ма?

Мекен-жайы және телефон нөмірін есте сақтай алады ма? қарындашпен  сурет мсалып, қаламмен жазу жаза алады ма? бояулармен, ермексазбен, түрлі-түсті қарындаштармен, фломастермен жұмыс істей алады ма? өткір ұштары бар қайшылармен  біркелкі және зақымдап алмай кесе алады ма? нұсқауларды тыңдау арқылы тапсырманы  орындай алады ма? біреу онымен сөйлескенде мұқият тыңдайды ма? Берілген тапсырманы орындау үшін кем дегенде он минутқа назар аударады ма?

Оны қоршаған заттар туралы көбірек  білгісі келіп, қызығушылық танытады ма? Басқа балалармен тез тіл табыса алады ма? Психологиялық тұрғыда мектепке дайын бала. Танымдық себептерге байланысты мектепке баруға деген құлшыныс (оқу ға деген қызығушылық); Жүріс-тұрісі мен іс-әрекетін, эмоцисын өзі басқара алады; Ұлкендермен, кішілермен, кұрдастарымен қарым-ұатынасқа дайын; Ойлау қабілеті жоғары, белгілі бір білімге те, негізгі заңдылықтарды түсінеді.

Психологиялық тұрғыда мектепке дайын емес бала: Оқу мәселесі  жөнінде үлкендермен, сыныптастарымен сөйлесіп кетуі қиын; Тапсырмаларды орындауда қалыс қалып қояды; Сабақта зейіні тұрақсыз, жиі алаңдап отыр; Сыныппен бірге бірдей тапсырманы орындауға кірісіп кетпейді, қинала; Жауап беруге, тақтаға шығуға ықыласы жоқ. Бәрінен бұрын, оқудың бірінші жылында бала қолдауды қажет етеді. Ол сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге біреу онымен дос болғысы келетінін, ал біреу дос болғысы келмейтінін  түсінеді.

Дәл осы уақытта балада  өзіне деген өзіндік көзқарасын дамытады. Егер сіз одан сабырлы және сенімді адамның өсуін қаласаңыз, оны мадақтаңыз. Қолдаңыз, дәптердегі нашар баға мен дәптердің кірлегені  үшін ұрмаңыз, қатты сөкпеңіз.  Қайта жігерлендіріңіз. Балалардың мектепке дайындық деңгейін  анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық әдістемелер: «Керн – Йерасек тесті» – зияткерлік даму деңгейін анықтауға, ұсақ қол моторикасының дамуына көру және қолмен жұмыс істеу координациясына, нұсқаулыққа сай тапсырманы орындауға баулуға негізделген.

«Мотивациалық дайындық» А.Л. Венгер –  баланың ішкі жай-күйін анықтау диагностикасы. «Кезектестірілген суреттер» – сөздік-логикалық ойлау қабілетінің диагностикасы. «Графикалық диктант»-ұсақ қол моторикасының дамуына, тор көзбен жұмыс істеу дағдысын дамытуға, нұсқаулықты ести отырып орындауға негізделген. “Бендер тесті» – көру және моторикалық координацияны зерттеу. «Розенцвейг тесті» – жеке ерекшеліктері мен сапалық қасиеттерін зерттеу (қарым-қатынас қабілетін анықтауға арналған тест).

«Баспалдақ» – баланың өзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу. Мектепке дайындық мақсатында мен қосымша жүргізетін жаңа технологияға негізделген ойындар мен әдістемелер: «Сиқырлы сегіздік» ойыны – сандармен жұмыс жасауға негізделген; «Таңғажайып таңбалар» – баланың логикасын, қиялын дамытуға негізделген, нұсқаулыққа сүйене отырып түрлі фигураларды құрастыруға арналған. «Игровизор»- математикалық есептерді шешудің тиімді жолдарын үйренуге және дәптермен дұрыс жұмыс жасауға үйретеді;

«Құм терапиясы» – баланың ойлауын, қиялын, кеңістікте бағдарлануын, қиялын, қабылдауын, ұсақ қол моторикасын дамытуға ықпал етеді. «Баумен жұмыс»- әріптерді білуге, өз бетінше сөздер құрастыруға негізделген. Ұсақ қол моторикасы, зейіні, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді; «Сиқырлы шаршы» әдістемесі, «Түстерді жасырамыз» ойыны – түстерді, геометриялық фигураларды дұрыс білуге үйретеді. Сондай-ақ, есте сақтау қабілетінің, қиялының, қол моторикасының дамуына оң әсерін тигізеді. балабақшада Зайцев әдістемесі бойынша мектепке даярлық топтарында оқу.

Осы тұста ата-ана тарапынан жіберілетін қателіктер: 1-қателік- ата-ананың «Мектепте барлық нәрсені үйретуге тиіс,баланың миын ашытудың қажеті жоқ» деген көзқарасы. Ия, әрине үйренеді бірақ қандай қиындықпен. Өйткені қалған құрбыларының деңгейінен төмен болса баланың өзіндік бағасы да төмен болады. Қарапайым әріптерді тануы, сандарды тануы, қарындашты ұстай білуі деген дағдылары болмаса балаға  құрбыларын қуып жетуіне  тер төгуі керек болады.

2- қателік- ата-ананың «Мектепке дайындауда біздің қолымыздан ештеңе келмейді, ол тек педагогтардың ғана қолынан келеді»- деген көзқарасы.  Негізінде үй жағдайында өз анасының баламен түрлі ойын жаттығуларын жасауы көп көмегін тигізеді.  Тек қандай әрекет жасау керек екендігі туралы аздап ақылдасып, соған уақыт табылса болғаны. 3-қателік-  соңғы уақытқа дейін жүріп аз ғана қалғанда баланы жұлқылап, күндіз түні демалыссыз үйрете бастау әрекеті.

4-қателік – өз баласының қабілетін ескермеуі. Баланың қабілетімен санаспай жүктемелер қойып,талап етуі.  Тым жоғарғы талаптар қою. 5-қателік- мектеппен қорқытып үркіту арқылы тәрбиелеу. Ата-аналарға кеңес: баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдаңыз; баланың қателік жасауға құқы бар; бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз; оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмаңыз. Балада, мысалы, тіл кемістігін байқасаңыз, оқудың бірінші жылында-ақ  қолға алыңыз.

Бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға  болатын нәрсені іздеңіз. Есіңізде болсын, мадақтау мен эмоциялы  қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді; егер сізді баланың жүріс-тұрысында, оқу істерінде бір нәрселер алаңдататын болса, мұғаліммен немесе  мектеп психологінен ақыл-кеңес сұрауға ұялмаңыз. Мектепке келгеннен кейін балаңыздың өмірінде сізден гөрі беделді адам пайда болады. Бұл-мұғалім. Бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлаңыз; оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ойын жаттығуына керекті уақыт қалуы керек.






























































Педагог-логопедтің 2024-2025 оқу жылына

оқу-әдістемелік жұмысының жылдық жоспары

бойынша тәрбиешілерге кеңес беру
































Кеңес:\________________________________\


Білім беру мекемелердегі сөйлеу бұзылыстары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың орталық жүйке жүйесінде функционалдық не органикалық ауытқушылықтар болады. Қалыпты сөйлеу қызметі үшін мидың барлық бөліктерінің тұтастығы және қалыпты болуы қажет, сонымен 45 бірге есту, көру және моторлық жүйенің қалыпты қызметі болу керек. Сөйлеу бұзылыстарының кең таралғаны: дислалия, дизартрия, ринолалия, тұтықпа, алалия, афазия және т.б.

      Сөйлеу бұзылыстарының туындау себептері екі топқа ажыратады: биологиялық және әлеуметтік. Биологиялық себептер. Сөйлеу бұзылыстарының пайда болуына экзогенді-органикалық факторлар– баланың және оның ағзасының орталық жүйке жүйесіне түрлі қолайсыз ықпалдар әсер етеді. Бұл факторлар тобының ықпалы уақытқа байланысты құрсақтағы паотлогия, босану кезіндегі патология және баланың бірінші жылындағы түрлы зиянды ықпал. Әлеуметтік факторлар балалардың психикалық депривациясымен байланысты. Баланың сөйлеу дамуына эмоционалды және сөйлеу қарым-қатынасының жеткіліксіздігі, педагогикалық салғырттық, дұрыс емес тәрбие кері әсер етеді. Бала сөйлеуіне шектен тыс ықпал ету, мектепке дейінгі жаста екі тілдік жүйені меңгеру, қоршаған адамдардың тіл кемістігі де жағымды нәтиже бермейді.

  Сөйлеу патологиясын зерттеу және түзету жұмыстары XIX ғасырдың орта шенінен бастап жүргізіле бастады. Мұның өзі сол кездерде сөйлеу қызметін қамтамасыз ететін негізгі анатомиялық, физиологиялық механизмдер жүйесінің зерттелуімен және айқындалуымен түсіндіріледі. Логопедияның ғылым ретінде қалыптасуы Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, О.П. Правдина, Р.Е. Левинаяның есімдерімен тығыз байланысты.

  Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер — есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің — дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.

  Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу — есту және сөйлеу — қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.

  Бір сөзбен айтқанда, тіл бұзылыстарының себептері бала тілінің дамуына жете көңіл бөлінбеу болуы мүмкін. 2. Сөйлеу тілі бұзылған балалар саны жыл сайын артуда. Сондықтан логопедтер мен дефектологтардың жұмысы мұндай балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді формаларын іздеуге бағытталған. Сөйлеудің түрлі бұзылыстарының негізінде бала дамуының түрлі сатыларында (перинаталды, наталды, постнаталды) бас ми қабығының бұзылысында жатыр. Осыған байланысты көпшілігінде тепе-теңдіктің, қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуы, артикуляциялық қозғалыстардың және қол моторикасының түрлі қимылқозғалыс бұзылыстары болады. Балалар кез келген ісәрекет түрінде тез шаршайды және жалығады. Ол тек ақылой іс-әрекетіне ғана емес, баланың мінез-құлқына да, өзінөзі сезінуіне де ықпал етеді. Бұл қатты бас аурулары, шаршау, ұйқышылдық немесе, керісінше, ұйқы бұзылысы және жоғары қимыл белсенділігі түрінде көрініс табуы мүмкін. Үзіліс кезінде олардың белсенділігі артады, ал кейін 46 сабақ материалына үлкен қиындықпен зейінін шоғырландырады. Сөйлеу бұзылысы бар балалардың зейіні төмен, әсіресе зейінді бір объектіге шоғырландыру және зейінді бөлу функциялары зардап шегеді. Оқушылар сөздік нұсқауларды қиындықпен қабылдайды, көп жағдайда өз әрекеттерін түсіндіре алмайды. Мамандар сөйлеу бұзылысы бар балалардың өз әрекетін бақйлауының төмен деңгейін белгілейді. Танымдық іс-әрекет бұзылыстары нашар еске сақтау қабілеті мен төмен ақыл-ой қабілетімен сәйкес келеді. Мұндай балалар тобын оқытатын педагог өзінің сөйлеуіне ерекше мән беруі керек, себебі оған баланың оқу материалын қабылдау сапасы тәуелді. Сонымен қатар, сөйлеу бұзылысы бар балалар мұғалім тарапынан ерекше психологиялық қолдауға мұқтаж болып келеді. Эмоционалды-еріктік сферасы тұрақсыздығымен сипатталады. Балаларға көңіл-күйдің тез өзгеруі тән, кейді тіпті агрессия, мазасыздану байқалады. Олар сабақта тынып отыра алмайды, ыстықты, қоғамдық көлікте ұзақ сапарлар нашар көтереді, бас ауруына, бас айналуға, жүрек айнуға шағым айтады. Функционалдық бұзылыстары бар балаларға невротикалық бұзылыстар тән және кей жағдайда төмен баға алуы, мұғалімнің ескертуі, сыныптастарының орынсыз қарым-қатынасы ауытқушылықтар тудырады. Кейбіреулерге агрессивті мінез-құлық, шектен тыс қозғыштық тән, басқаларына – ұялшақтық, қорқақтық, жасқаншақтық тән болып келеді. Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.

 


 

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

 

1) Қ.С. Тебенова; А.Р. Рымханова «Арнайы психология» Алматы 2011ж

2) Грищенко Л. Л. «Устранение дефектов речи», «Семья и детский сад» №1 2005 г.

3) Зайцева Г. Л. «Дактилология. Жестовая речь» М., 1991 г.

4) Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007 ж.

5) Намазбаева Ж. «Дефектологтың  кеңесі» А., 1980 ж.

6) Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. «Логопедия» А., 1996 ж.

7) Филичева Т.Б., Чевелева Н. А. «Логопедическая работа в специальном детском саду» М., 1997 г.

8) «Специальная педагогика» под ред. М.Н.Назаровой. М., 2000г





Кеңес:\________________________________\

Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не, не үшін қажет?

Статистикаға сүйенсек қазіргі кездегі түрлі дәрежедегі тіл кемістігі бар балалардың көбейуі — қоғамның шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып табылады. Мұндай балаларға арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Тіл — қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ маторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз  қимыл-қозғалыстар жасайды. (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б) сенімсіз,мазасыз, жсқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады. Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не?  және оның маңызы; Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.

-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:

  1. Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.

  2. Оның орындалуын көрсетеді.

  3. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.

Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып, «Ыстық «деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл-қозғалысы, нақтылығы, күші, біртіндеп дамиды. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға және қарапайым қимылдарды әр түрлі фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.

Дыбытардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар.

  1. Сигматизм-с-с; з-з; ц, щ, ч, щ, ж

  2. Ротацизм-р-р, р-ль

  3. Ламбдацизм-л-л, л-ль

  4. Каппацизм-к-к, г-к, х-х

  5. Йотацизм-і

  Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:

Каппацизм туғызатын анамолия — қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Ламбдацизм-тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім де қабылданады. Ротацизм- тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немене жіңішке икемі кем тіл. Сигматизм — тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады. Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: Піл, тәтті тосап, сағат, тарақ. Ызың дыбыстарға арналған: Түтікше, жымию, тісімізді тазалаймыз, ашуланған мысық. Діріл дыбыстарға арналған: Әткеншек, сылақшы, ат шауып келеді, күрекше. Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшық еті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп, сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан үлкендерге шыдамды болуы керек.

Қазіргі кезде Қазақста Республикасында білім берудің жүйесі жасалып, мемлекетіміз әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Балабақшаның білім беру жұмыстарында жаңа технологияны қолданудың арқасында бізге көмекке жаңылтпаштар, саусақ ойындары, тіл ұстарту жаттығулары, көмекші бола алады. Жаңа технологияның тиімділігі баланың шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалытастырады. Сонымен қорыта айтқанда, балабақша балаларының тілін дамытуда түрлі ойын, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.
































































Педагог-логопедтің 2024-2025 оқу жылына

оқу-әдістемелік жұмысының жылдық жоспары бойынша ата-аналарға ашық есік күндері жұмыстары































Баяндама: \___________________________________________\


"Бала тілінің кемістігі және олардан келер залал".

Қазіргі кезең қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар, даму мүмкіндігі шектеулі , тіл кемістіктері бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр. Біздің елімізде дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалардың дамуында кемшілігтерін алдын алуға бағытталған. Балалардың бойындағы әр түрлі кемшіліктер мәселесімен айналысатын педагогикалық салалар бойынша жоғары оқу орындарда білікті, арнайы мамандарды дайындап шығарады. Атап айтқанда: дефектология- дене және психикалық кемшілігі бар балалардың психологиялық физиологиялық даму ерекшелігін зерттейтін ғылым.Дефектология балалардың кемістік түріне байланысты бір неше салаға бөлінеді. Сурдопедагогика – саңырау немесе құлағының кемшілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын педагогиканың саласы. Тифлопедагогика- соқыр, көз жанары зақымданған балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын педагогиканың саласы. Олигофренопедагогика-ақыл-ойының даму жағынан кемшілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын педагогиканың саласы. Логопедия- тіл кемшіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын педагогиканың саласы. Атап кеткен педагогикалық салалардың басты мақсаты - әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін, балаларға түзету тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру. Осы педагогикалық салалардың ішінен тандаған мамандығымыз логопедия бойынша тоқталып кетуді жөн көрдік. Педагогикалық тәжірибеге сүйене келсек, мектеп жасына дейінгі балалардың көбінде сөйлеу дамуында атап айтқанда дыбыс айтылуының бұзылуы, тұтығу және жалпы сөз қорының жетіспеушілігі кемістіктері кездеседі. Тіл-қарым-қатынас. Қоршаған ортаны танып, білу құралы. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті атқарады. Біріншісі адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді, табиғаттың күшіне қарсы күресе алмас еді. «Тіл –халықтың ең ұлы байлығы» деген еді көрнекті жазушы М.Шолохов.Тыңдаушы адамға тіл, әрине, сөз арқылы жетеді. Жалпы тіл біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Біз тіл арқылы өзіміздің ойымызды айтамыз, адамдар мен қарым-қатынасқа түсеміз, қоршаған ортаны танимыз.Балалардың жасымен қоса тілі де, ойлау қабілеті де қоса дамып отырады. Сондықтан да біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін де ең маңызды құрал. Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның ілеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сөйлеу мәдениетінің деңгейі келешекте баланың жеке және кәсіби өмірінің бағытын айқындап береді.Бұл қазір жеке бастың ғана мәселесі емес. Болашақтағы ана тіліміздің жағдайы бүгінгі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан да әр баланы дұрыс сөйлеуге баулу-қоғамның кезек күттірмейтін қажетті іс. [2 бет] Егеменді еліміздің мектеп жасына дейінгі балалары өзінің елін, тілін туған халқын, салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпағы етіп өсіру үшін балаға алдымен өз ана тілінде таза, айқын сөйлеуге үйрету керек. Егер бала 3 жаста 2 сөзден тұратын қысқа сөйлемді айта алу керек, егер айта алмаса, бұл тіл дамуының зақымдануы. Ал бұл жаста жай сөздің болмауы балада жалпы даму кемшіліктерін көрсетеді. Бала тілінің даму шегін бағалайтын даму нысандарын ата-аналар білу міндетті: дыбыстардың жас ерекшелігіне байланысты қалыпты дамуы: 3-4жаста- (с,з,ц) дыбыстары толық қалыптасады; 4-5жаста- (ш,ж,ч,щ); 5-6жаста- (л,й,р). Тіл кемістіктері бар балалармен түзету жұмыстарды жүргізу барысынды келесі мақсаттарды көздейміз: артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың сөйлеуінде дыбысты дұрыс айта білуге баулу; дұрыс сөйлеу ырғағын,бірқалыпты тыныс алуын, интонацияны дұрыс қолдана білуін қалыптастыру; есту қабілетін дамыту; саусаққа арналған ойындарды, жаттығуларды, әртүрлі массаждың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; тіл дамыту ойындары арқылы балалардың зейін қою,ойлау қабілеттерін дамыту; баланың белсенді қарым-қатынас жасауға деген ұмтылысына қолдау көрсету; ата-аналарды балаларымен бірге ірекет етуге баулу. Сөйлеу туа біткен қабілет емес, оның біртіндеп қалыптасып дамуы барысында оған көптеген жағдайлар әсер етеді. Дыбысталу қалыпты болу үшін артикуляциялық құралдың толық жұмыс істеу қажет. Бала қиындатылған дыбыстарды шығару барысында оның ерні мен тілі еш кедергісіз бірнеше қимылды ұзақ атқаруға икемді болғаны абзал. Мұның бәрін игеруде балаға артикуляциялық гимнастикалар көп көмегін тигізеді.Яғни, дыбысталу деп аталатын нәзік атқарылатын қимылдарды жүзеге асыруда тілдің жеткілікті түрде жақсы дамуы аса маңызды. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақталып қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы: «Сәбіз», «Жылан», «Түтікші», «Ат» т.б. жаттығулары. Тағы да бір дыбысталудың қалыпты дамуына сөйлеу барысында дауыстың шығу деңгейін реттейтін дұрыс дем алу ықпал етеді. Бала тілін дамытуда тыныс алу жаттығулары да маңызды рөл атқарады. Көптеген дыбыстарды айту үшін дұрыс ауа шығаруды қалыптастыру мақсатында, балаға жеңіл ойыншықтарды, шарларды, судағы қағаз қайықтарды ауыз толтырмай жеңіл үрлеуді үйрету.Баланың сөзді дыбыстауы дем алу және дем шығару барысында еркін түрде ақырыннан қатты дауыстауға дейін үздіксіз өзгеріп отырады. [30 бет] Бала сөзді таза және дұрыс айтып, сөйлеуді үйренуде өзінен шыққан дыбыстарды жақсы ести білуі де қажет. Дауыстың бәсендеуі сөздің дұрыс дыбысталуына ғана емес, сөздік қордың төмендеуі мен грамматикалық қателерді пайда болуына әкеледі.Есту қабілетін дамыту барлық оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде жүзеге асырылады. Логопед түзету жұмыстар барысында балаларды сөздерді дұрыс айтуларын, дыбыстардың таза анық шығуын қадағалайды, сөйлеу қабілеттерін арттырады. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге, есте сақтауға қабілеттерін арттыруға дағдыландырады, ой-өрісінің белсенділігін, сөздік қорын, дүниетанымын дамытады. Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Қойылған дыбысты алдымен буында ( ашық, жабық, ортада ), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дұрыс айтуға машықтандыру керек. Әр балаға дербес дәптер арналады. Бұл дәптерге сабақтың мазмұнына байланысты тапсырмалар жазылып отырылады. Тапсырмаларды қайталау үшін демалыс күндері үйге беріледі. Жоғарыда айтылған түзету жұмыстарымен қатар балалардың ойлау, көру-еске сақтау қабілеттеріне, ұсақ моторикаға байланысты жұмыстар жүргізіліп отырды. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. [28 бет] Біздің балаларымыз мектепке дейінгі жаста болғандықтан барлық тәрбие мен оқыту, түзету жұмысымыз ойын түрде жүргізіледі. Соның ішінде ойын-баланың шың тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. [20 бет] Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты,өзінің сүйікті әңгімелер мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінің, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау,қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей,өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды,тапсырма, жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. [ 14 бет] Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бала тілін дамыту кезінде өз ана тілінде анық, дұрыс сөйлетіп, ертегілер мен жұмбақ, жаңылтпаштарды, өз ойларын еркін таза айтуға дағдыландыру қажет.Балалардың ауызша сөйлеу тілі мен сөздік қорын байыта түсу үшін оларды күнделікті тұрмыста кездесетін, қолданатын заттармен таныстырып, дұрыс айту, дұрыс сөйлеу, сұрақтарға жауап беруге, диалогқа түсіп қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береміз. Осыдан баланың жан-жақты дамуына, тілінің толыққанды дамуына үлкен жол ашамыз. Тіл кемістігі бар отбасын біз біздің түзету-тәрбиелеу жұмыстарымыздың негізгі бөлігі ретінде қарастырамыз. Біз үнемі өзімізге « Ата-аналардың бізбен қалай серіктесуге шақырамын, оларды қалай бірге жұмыс жасауға бейімдейміз жіне олардың қатысуынсыз, түсініктерінсіз тіл кемістігі бар балаларға көмектесе аламайтынымызды қалай түсіндіруге болады» деген сұрақтарды қоямыз. Әдетте, ата-аналар балаларына көмек керектігін түсінеді-ақ, ал бірақ олардың қздеріне белгілі деңгейде көмек керектігін түсіне бермейді.Олар түзету жұмыстарында да жақсы ықпал ете алады, сонымен қатар кері әсер алатыны белгілі.Осы орайда, ата-анамен жұмыс істеудің дәсүрлі және дәстүрлі емес түрлері бар. Ата-анамен жұмыстар бірінші күннен басталады. Олармен кездесіп, баласы туралы әңгіме жүргіземіз, ата-ана мен баласының қарым-қатынасын бақылаймыз, жұмыс жоспарымен таныстырып, түсінуге мұрсат береміз.  Ата-аналармен жұмыс түрлері: ата-аналар жиналысы ,сауалнамалар мен әңгіме жүргізу ,жеке дәптермен жұмыс ,ақыл-кеңестер ,ашық есік күні,көрме ,ақпараттық бұрышы,ұйымдастырылған оқу қызметі, ертеңгіліктер, ойындар. Ата-аналарға түзету жұмысын жүргізу барысында төмендегідей нұсқауларды ескеру қажет: баланы саналы түрде түзету жұмысына дайындау; түзету жұмысын жүйелі түрде, тиісті кезеңдерде сақтай отырып жүргізу; өткен кезеңдегі сөздік материалдарды толық игеріп, дағдыланғанда ғана келесі кезеңге көшуге болады. Әйтпесе  бала дыбысты басқа дыбыспен шатастыра береді; қойылған әрбір дыбысты бірден күнделікті сөйлеу тілінде қолданып машықтандыру; күнде бір немесе екі рет тапсырманы қайталау. Сөйлеу мүшелерін дұрыс қалыптастыру үшін дайындық жаттығуларын буында, дағдыландыру кезеңдерінде айнаның алдында отырып айту пайдалы; түзету жұмысының барлық кезеңдерінде ата-аналардың көмегі, қадағалап отыруы өте қажет. [3 бет] Ата-ана, тәрбиеші және логопед дәрігер мамандардың бірлесе жүйелі жұмыстар жүргізу арқасында мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс сөйлеу ырғағы, бірқалыпты тыныс алуы, интонацияны дұрыс қолдана білу дағдылары қалыптасып, есту қабілеттері дамып, сөздік қорларын байытып , ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті іс әрекет кезендегі тілдік қарым қатысына қолдана алуға үйренді. Әрине, мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту, түзету жұмыстары өз жалғасын таба береді, бірақ бүгіннен бастап жүргізген барлық жұмыстар күткен нәтижелерді береді деп айта беруге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. ҚРПрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014жылғы 17 қаңтар.

  2. Лапшин Б.П. Основы дефектологии. Москва. «Просвещение»,1990г.

  3. Логопедия. Под ред.Волковой Л.С.-М.1989

  4. Республикалық педагигикалық-әдістемелік журнал Тілашар логопед №4 (32) 2015 бет 2-5

  5. Республикалық педагигикалық-әдістемелік журнал Тілашар логопед №1 (23) 2014 бет 9-10

  6. «Отбасы және балабақша» наурыз-сәуір 2009 ж (14-15 бет)

  7. «Бала мен №6, 2015 ж. бет 20-21

  8. Ахметова Р.М. Балатілін дамытуда ойынтехнологиясын пайдаланудың теориялық негіздері. 1999ж. бет 16

  9. Республикалық педагигикалық-әдістемелік журналТілашар логопед №2(30) 2015 бет 2-3

  10. Қ.Қ.Өмірбековна, Дыбыс айту кемшіліктері және түзету жолдары. Алматы,2005ж. бет 26-30

 

 


Баяндама: \___________________________________________\


ЕБҚ баланы псхологиялық педагогикалық қолдау


Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық қолдау балабақшаның педагогикалық ұжымымен ынтымақтастықта мамандар тобы жүзеге асырады.

Егер ПМПК (психологиялық- медициналық - педагогикалық кеңес) қорытындысы бойынша бала жалпы балабақшаға жолдама алса, ол ППҚ қызметіне (психологиялық-педагогикалық қолдау) одан әрі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге жіберіледі .

Бала балабақшаға келеді. ЕББҚ бар тәрбиеленуші үшін арнайы жағдайлар жасалады. баланың, ең алдымен, топ тәрбиешісінің, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарын ың көмегі мен қолдауын алады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау арнайы мектепте де жүзеге асырылады.


Психологиялық -педагогикалық қолдау:

  • семинар-практикумдар, кеңестер ұйымдастырады және өткізеді; баяндамалар, сөз сөйлеу нысанында педагогтердің жұмыс тәжірибесін жинақтайды; әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;

  • нормативтерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балалардың физикалық қолжетімділігі және оларды оқыту үшін тиісті материалдық-техникалық жағдайлар жасайды (арнайы жабдықтар, құрылғылар, қосалқы және техникалық құралдар, заманауи көрнекі-дидактикалық материалдар); 

  • кітапхананы арнайы оқу-коррекциялық дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және оқу әдебиетімен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Психологиялық-педагогикалық қолдау балалардың білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде жүзеге асырылады :

  • - мінез-құлық және эмоционалдық проблемалармен, қолайсыз психологиялық факторлармен (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен бала және отбасы ішілік қарым-қатынастар);

  • - әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени сипаттағы кедергілермен (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының, қоғамға бейімделуінде қиындықтарға тап болған балалардың (босқындар, көшіп-қонушылардың, қандастар ) педагогикалық қадағалаусыздығы );

  • - даму ақаулары бар (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-еріктік бұзылыстары).

Оқу орындарында қандай мамандар психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді?

Қандай мамандар психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.

  • педагог-психолог;

  • оқытушы логопед;

  • арнайы мұғалім;

  • әдістемелік көмекші;

  • әлеуметтік педагог.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ыңғайлы, тиімді және қауіпсіз ету үшін мамандар қажет.

Табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар.

1) оқу жоспарлары мен оқу жоспарларына өзгерістер енгізу;

2) оқу нәтижелерін (оқушылардың жетістіктерін) бағалау тәсілдерін өзгерту;

3) вариативті, арнайы және баламалы оқыту әдістерін қолдану;

4) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді таңдау, жеке оқу материалдарын дайындау;

5) білім беру нысанын таңдау;

6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;

7) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы көліктерді пайдалануға;

8) мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (психолог, арнайы педагог, педагогтың көмекшісі) ПМПК қорытындысы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады.













































Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне

келетін тәрбиеленушілерімен бірге

ашық есік күні.



























Күні:

Балаларды түзетуші іс-әрекетке жоғары көңіл күймен (логоритмика) нейрожаттығу жасата отырып (музыкамен) кіргізу. Келген қонақтармен (балалармен) сәлемдесу.

Түзетуші іс-әрекет тақырыбы:

[Ш] дыбысы.

1.Дайындық кезеңі

2.Қою кезеңі

3.Машықтандыру кезеңі

4.Бекіту кезеңі

Мақсаты: Ш дыбысын дыбыс қоюдың төрт кезеңін сақтай отырып, балаларға ш дыбысын дұрыс айтуды үйрету.


1.Дайындық кезең:

Артикуляциялық жаттығулар: үлгі бойынша.



Тыныс алу жаттығуы: стақандағы аққалаға қар үрлеу.

Саусақ жаттығулары: (тікенекті топтар көмегімен)

Схема бойынша артикуляциялық қалпын сипаттау (айнамен жұмыс):

19 - сурет

"Ш" фонемасының артикуляциялық

кескіні (Өмірбеков Қ. Қ. Логопедия оқулығы)

Ш дыбысының жасалу механизмі мынындай. Ерін аздап дөңгеленеді. Тістер не қысылған, не жақындаған, арасында жіңішке саңылау 1-1,5 мм болады. Тіл таңдайға «ожауланып» көтеріледі. Оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді. Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері ажыраған, шығатын демді жұтқыншақ пен ауыз қуысына еркін өткізеді.

  • Ерін дөңгеленеді. Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық. Тіл таңдайға «кесе» болып көтеріледі. Оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді.Алдыңғы ұшы альвеолаларға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері ажыраған,шығатын демді жұтқыншақ пен ауыз қуысына еркін өткізеді.




2 Қою кезеңі:

Жеке дыбысты артикуляциялық қалыпын сақтай отырып айтқызу,

қажет болған жағдайда аралас тәсілдерді қолдану (еліктеу, зондты қолдану). Ауа ағымының бағытын түзеуді түсіндіру, қол сыртынан  сезіндіру.


[Ш], [ Ш], [Ш].

3. Машықтандыру кезеңі:

(сұрақ жауап ала отырып , марапаттапп отыру керек)

Жел оқиғасы

Ертеде бір ашуланшақ жел болыпты. Ол күнде ашуланып тұрады екен. Кейде қатты ашуланғанда "Шшш...", «Шшш...» деп үрлеп төңіректегі заттардың барлығын ұшырып жібереді екен. Ол не үшін үнемі ашуланатынын ешкім білмейді екен.

Жел қалай соғады екен?

Шшш...

Бірде әдеттегідей өз ашуына салынып, төңіректегі заттардың барлығын ұшырып жатса алыстан әдемі дыбыстар естиді. Жел ол дыбыстарды ұнатып жақындап барады. Сөйтсе ол әнші дауысты әріптер екен. Жел әріптермен таныса бастағанда-ақ оның ашуы тарап, мейірлене түседі.

Сөйтіп жел дауысты әріптермен достасады. Дауысты әріптер желге өздерімен бірге ән салуды да үйретіпті. Енді балалар олардың әндерін біз де айтып көрейік:



([Ш] ашық буында машықтандыру:)

Shape1 ША-ША-ША

Shape2 ШӘ-ШӘ-ШӘ

Shape3 ШЫ-ШЫ-ШЫ

Shape4 ШИ-ШИ-ШИ

Shape5 ШО-ШО-ШО

Shape6 ШЕ-ШЕ-ШЕ

Shape7 ШУ-ШУ-ШУ

Shape8 ШҮ-ШҮ-ШҮ

Shape9 ШҰ-ШҰ-ШҰ

Shape10 ШІ-ШІ-ШІ



[Ш] дыбысымен тұйық буындарды айту.


Shape11 АШ-АШ-АШ


Shape12 ӘШ-ӘШ-ӘШ

Shape13 ЫШ-ЫШ-ЫШ


Shape14 ЕШ-ЕШ-ЕШ

Shape15 ОШ-ОШ-ОШ


Shape16 ҮШ-ҮШ-ҮШ

Shape17 ҰШ-ҰШ-ҰШ


Shape18 ІШ- ІШ-ІШ


Келесі сендер ш дыбысын буындарда дұрыс естіп ажыратуларың үшін , яғны фонематикалық естулеріңді дамыту үшін ш дыбысын аралас буында айтып тілімізді жаттықтырайық : (аралас буын-үш буынның ортасындағы буын ғана бөгде буын болады.)

Фонематикалық аралас буында айтып машықтандыру:

ша-шо-ша, ши-ша-ши, шы-шу-шы, шә-ше-шә, ши-шә-ши, шу-ша-шу.

Д/О. «Дыбысты ұстап ал»:

А, б, е, ш, д, к, и.

Е, б, ж, з, ш, о.

О, с, у, қ, ш, ү, б.

4.Бекіту кезеңі:

Сөзде:

[Ш] дыбысы сөз басында келетін қысқа сөздерді мүдірмей айтып көр.

шу шар шоқ шөл

шам шаң шет шық

шақ шәй шөп шыт


а) [Ш] дыбысы сөз басында ашық буынды болып келетін сөздер.

Ша-ша -шана

Ше-ше-шеге

Шы-шы -шыбын

Ша-ша -шағала

Ше-ше -шеке

Шы-шы -шырын

Ша-ша -шапан

Ши-ши -шие

Шы-шы -шыны

Ша-ша -шаян

Шо-шо -шопан

Шу-шу -шуақ

Шә-шә -шәлі

Шы-шы -шыбық

Шұ-шұ-шұбат


б) [Ш] дыбысы сөз басында бітеу буынды болып келетін сөздер.

Шал-шал - шалғам

Шал-шал - шалбар

Шең-шең - шеңбер

Шал-шал - шалғай

Шах-шах - шахмат

Шоқ-шоқ- шоқпар

Шал-шал - шалқан

Шәй-шәй - шәйнек

Шұң-шұң - шұңқыр


[Ш] дыбысы сөздің ортасында ашық буындыкелетін сөздерді қайталау.

Тапсырманы бір орында отырып орындау міндетті емес. Қосымша ойындар берсеңіздер болады.Мысалы, үлкен адам бір сөзді айтып балаға допты лақтырады, бала сол сөзді қайталап допты кері лақтырады. Бірақ дыбысты дұрыс айтуын қадағалаңыз!

Төмендегі тапсырмадағы [Ш] дыбысы кездесетін сөздің буынын 3 рет қайталап барып, сөзді айтып жаттығайық.

алша-ша-ша

көше-ше-ше

қамшы -шы-шы

ақшаша-ша

текше-ше-ше

нағашы -шы-шы

бақша--ша-ша

қайшы-шы-шы

көрші-ші-ші

патша -ша-ша

оқушы -шы-шы

өрмекші-ші-ші


пышақ-шақ-шақ

көшет-шет-шет

қапшық-шық-шық

моншақ-шақ-шақ

бөлшек-шек-шек

ойыншық-шық-шық

ошақ-шақ-шақ

ашық-шық-шық

күшік-шік-шік

ұшақ- шақ-шақ

балшық-шық-шық

пішін-шін-шін


[Ш] дыбысы сөз ортасында тұйық буынды болып келетін сөздерді қайталау.

ешкі

аштық

дұшпан

қошқар

тұшпара

ішкі

ұшқын

көшкін

тышқан

періште


[Ш] дыбысы сөздің соңында келетін сөздерді қайталау.

Берілген тапсырманы орындай отырып дыбысты машықтандырумен қатар, балаңыздың есту жадын дамытсаңыз болады. Ол үшін баланың деңгейіне байланысты бірнеше сөздерді қатар оқисыз, бала естіген сөздерін сол қатарымен қайталау керек. Мысалы, бірден 3 сөз: ағаш, әтеш, өркеш.

ағаш

пеш

қылыш

бәліш

күріш

әтеш

бояғыш

қуаныш

өтініш

кірпіш

өркеш

қыш

тыныш

күш

ілгіш


[Ш] дыбысы қатар келген сөздерді қайталау.

Сөздегі екі [Ш] дыбысының да анық шығуын қадағалаңыз.

шаш

шаршы

шеше

бәйшешек

шошу

шашақ

шанышқы

шешен

шешу

шырша

шапшаң

шашу

шешім

шошқа

ұшқыш


Сөз тіркесінде:

Әр сөз тіркесін 3-4 рет қайталау.

  • Ерекше ағаш

Ақшылдау шалбар

  • Ағаш қоршау

Ерекше алаша

  • Ағаш шебері

  • Еріншек оқушы

  • Ағаш шелек

  • Кішкентай шана

  • Шикі шабдалы

  • Кішіпейіл көрші


Сөйлемде:

Шолпан үш шумақ тақпақты айтып берді.

Әжем шашу шашты.

Шоқан шалғымен шөп шапты.

Күлаш моншадағы шамды өшірді.

Әжем шаш өрді.

Қуаныш бақшадан шие ал.т.с.с.


Д/О. «Қай сөзде ш дыбысы бар»: сызғыш, сөмке, сағат, сабын, сандық, сақина, зебра, зырылдауық, зәйтүн, зымыран, зәкір, Зейнеп, лақ, лимон, лашын, ләйлек, Ләйлә, шана, шие, шапан, шынжыр, шырын, шаян, Рахат, Рома, робт, ракета, раушан, радио, жіп, жапырақ, жастық, желім, жалбыз, Жадыра, Жомарт пен Жақан т.б.с.с.

Д/О. «Сөйлемдегі ш дыбысы бар сөзді тап»:

Алмат шаңғы тепті. Анар шаш тарады.т.с.с.

Қарытынды: балаларды жинаған ұпайлары бойынша бағалау бұрышына өз фотосуреттеріңің астына жинаған (жұлдыз) ұпайларын жапсырту және санатып-салыстырту, мадақау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!