М

Тақырып бойынша 14 материал табылды

М

Материал туралы қысқаша түсінік
М
Материалдың қысқаша нұсқасы

22 Наурыз мерекесіне арналып өткізілген «Армысың, әз- Наурыз» атты

өткізілген ертеңгілік іс шарасы

Сабақтың тақырыбы:  «Армысың, әз -Наурыз»
Мақсаты:Оқушыларға Наурыз-жыл басы, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту.

Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
 Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
 Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме, мерекеге байланысты бейнеслайдтар т.б.
Барысы: 

а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.

 Мұғалім:
Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.

Той құтты болсын! Ақ мол болсын!
Мұғалім: Құрметті ата-аналар , оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 

Ал, балалар, тұрайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгітіп
Інжу – маржан шашайық

Хор: қыздардың орындауында «Наурыз» әні


Мұғалім:
Балалар мен сендерге Наурыз мерекесіне байланысты

сұрақтар қойғым келіп тұр сұрақтардың жауабын тауып көреміз бе?
Сұрақтар:
№1. Төрт түлікті ата. (түйе,жылқы, сиыр, қой-ешкі)
№2.Аптаның бесінші күні (жұма)
№3.Апта күндерін ата. (Дуйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
№4. Сүт тағамдарын ата. (сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, май, қаймақ, құрт)
№5 Ұлттық ойындарды атаңдар .( «Айгөлек», «Ақсүйек», «Тобық», 
«Ханталапай», « Тоғызқұмалақ», « Теңге алу», «Қыз қуу», «Асық», 
«Көкпар», «Бес тас» тағы басқа.

Балалар сұрақтарға топпен жауап берді

Мұғалім:
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.

Жылдың басы Наурыз, Келді Наурыз, жар салып.

Жердің басы Наурыз. Би билейік ән салып.

Мерекеге арналсын Жылда келсінҰлыс күн,

Бүгінгі жыр-әніміз. Тұрайық есен қарсы алып


Мұғалім: Балалар қандай біздің ұлттық ойындарымызды білесіңдер ?

Жарайсыңдар!

Олай болса осы ұлттық ойындардың бірнешеуін ойнап көрелік.

Ұлттық ойындардан көрініс: «Қой көтеру »
Ұлттық ойындардан көрініс: «Асық ату»
Ұлттық ойындардан көрініс: «Арқан тарту»

Балалар қызыға орындады

Наурыз тойын әдемі, Қыс өтіп, қар кетіп, 

Әжем еске түсірді, Шырайлы жаз жетіп,

Біздерге арнап әдемі Шаруаның кенелген

Наурыз көже пісірді. Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!
Мұғалім:
Балалар біздің қандай салт дәстүрлеріміз бар білесіңдер ме?

Жарайсыңдар!

Қазақ халқының салт-дәстүрінен мағлұмат беріліп, шашу шашылды . 

Қорытынды: 
Мұғалім: 
Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік. 
Келер Наурыз тойына!
Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей берсін!
Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!Осымен «Армысың әз Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі