жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
М. Әміреұлы Астана-арман қала
|
Сабақ тақырыбы |
М Әміреұлы Астана-арман қала |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
а) Астана қаласы туралы терең
түсінік беру, еліміздің пайдалы қазбаларымен таныстыру. |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады, түсінеді Көптеген оқушылар: ізденіс арқылы автор жайлы мәлімет жинайды. Біледі Кейбір оқушылар: автордың басқа да шығармаларымен танысып келеді. Айта алады, қорғайды. |
|
Бағалау критерийлері |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән терминология: АКТ Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер;Оқыту мен оқудағы бағалау; Сыни тұрғыдан ойлау; |
|
Құндылықтарды дарыту |
Ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айта алатын шәкірт дайындау |
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі. |
|
АКТ қолдану |
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, топтастыру, көшбасшы. |
|
Бастапқы білім |
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
Ширату жаттығулары. \Осы сабақ мақсатын ашатындай болу\ Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Бәйтерек; Ханшатыр; Нұр –Астана; Ақорда. Бағалау парағын тарату, көшбасшыны, бағалаушыны сайлап алу. Үй тапсырмасын сұрау. -үйге қандай тапсырма берілді? -өлең авторы кім? -ол туралы не білесіңдер? -өлең жолдарында не айтылған?-ендеше қазір үй жұмысын маған жатқа кім айтады екен? |
|
|||
|
Сабақтың ортасы |
«Он сұрақ» стратегиясы Бір оқушыны таңдап алады және оның арқасына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Сөз Астана. "Түрткі сұрақтар" стратегиясы -ендеше Астана сөзінің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? -Не себепті топтың аты - Астана, Ханшатыр, Бәйтерек, Ақорда тобы деп атадық? -жақсы,ендеше бүгінгі сабақта біз Махмұтбай Әміреұлының «Астана-арман қала» өлеңімен танысамыз. Поэзиялық сәт -өлеңді іштей, мәнерлеп, тізбектеп оқыту. 4топқа өлеңнің 4 шумағына зерттеу жасату. 1-шумақта не айтылған? 2-ше? 3-ше? 4-ше? Мағынасын ашып кету. Ой толғаныс -біз жаңа өлең авторымен танысқан жоқпыз, сол себепті қазір әр топ жұмыс істеу арқылы Астана туралы, ақын өмірімен таныстырады. 1-топ Ақын өмірбаянын топтастыру. Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылында туған – ақын. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім болған. 1967 - 71 жылдары аудандық "Сырдария" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған. 1985 - 88 жылдары орта мектептің директоры қызметін де атқарған. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы. Шығармалары:«Жүзім бағы» «Қызыл жыңғыл» ,«Ақ сәуле»,«Сыр әндері» ,«Сыр жырлары» (2000жыл), тағы басқа жыр жинақтары жарық көрген.• 1990жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.• «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. • Сырдария ауданының құрметті азаматы. 2-топ Астана туралы мағлұмат Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Көптеген көрікті жерлері бар, «Астана-Бәйтерек» мұнара-монументі; жұмыртқа тәріздес мемлекеттік мұрағат ғимаратын және «Нұр-Астана» әсем алып мешітін; керемет бағыт алған Дөңгелек алаң мен Министрліктер үйімен көмкерілген Негізгі алаң; мәңгі жаз идеясын жүзеге асыратын және қыс суығынан алып шатырмен жабылған «Хан Шатыры» кешені; сондай-ақ, әрине, сәулеті жағынан еліміздің ең басты көрікті ғимараты «Ақорда» президент сарайын атауға болады. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 ж. Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. 3-топ . АЛМАТЫ қаласы туралы мағлұмат Алматы — Бұрынғы астанамыз. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда миллионнан астам адам тұрады.Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе тауы. Көктөбенің басына шығып қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Алматының апорты ең тәтті үлкен алма.Тау етегінде орналасқан бақта өседі. Алматының алмасына өзге елден қыдырып келген туристтер таң қалады. Қалада Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны бар. ол 1972 жылы құрылған. Суретші Әбілхан Қастеев атамыздың мұражайы бар.Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. 4-топ Астанамыздың символы -«Бәйтерек» Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.«Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. -Балалар жаңа ғана өздерін таныстырып айтып өткендей, Астана өте көрікті жерлері бар дедік, енді қазір осы Астанамызды бейнебаян арқылы тамашалап көрелік. Бір жағынан сергіп те қалыңдар. Бағалау: шапалақ арқылы. -Жақсы балалар, қазір дәптерімізді ашайық, дәптерге Астанаға арнап 5 жолды өлең құрайсыңдар. |
|
|||
|
Сабақтың соңы |
Қорытынды «Дөңгелек үстел» әдісі -сабақтан не білдің, не үйрендің? Сол туралы ойың жазып, қағазды бүктеп келесі оқушыға береді. Соңынан топ басшылар шығып біреуі оқып береді. «Тілек ағашы» Астанаға тілектерімізді оқып, ілейік балалар. Үйге тапсырма: 105 бет Өлеңді жаттау, Астана туралы мәлімет жинақтап жазып келу. |
|
|||
|
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
|
|
|
|||
|
|
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
|||
|
|
Сабақ бойынша рефлекция Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген