Материалдар / М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
778
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

«№17 ЖББОМ» КММ-нің

орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Альжанова Танагул Жанайдаровна



І. Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі.

ІІ. Сабақтың мақсаты: оқушылардың М. Әуезовтің “Көксерек” әңгімесінен алған

білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру, бекіту.

ІІІ. Сабақтың міндеттері: а) білімділік: оқушыларды іздендіре отырып, әңгіменің

мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысы-

нан ойлап,талқылауға үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін

дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабіеттерін дамыту;

б) тәрбиелік: әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында

адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптас-

тыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылы-

ғын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ

ІV. Сабақтың түрі: сайыс-ойын сабағы («ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік

ойыны)

V. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, пікірталас, тест, топтық жұмыс

VІ. Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, плакат, түрлі-түсті қағаз-

дар, желім, бағалау парақшалары, топ аттары

VІІ. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, тарих, биология, қазақ тілі

VІІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу

  • Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу

ІІ.Үй жұмысын тексеру

-Өткен сабақта мен сендерді екі топқа, яғни «Арлан», «Абадан» деп бөлген бола-тынмын. Ал сендерге үйде бұл сөздер қандай мағына беретінін біліп келу тапсырыл-ды.

«Арлан» тобы: - Арлан- ірі, күшті қасқыр.

«Абадан» тобы: - Абадан-еркек, көсем қасқыр.

-Өте жақсы. Олай болса, топ жетекшілеріңді тағайындадыңдар ма?

- Иә, «Арлан» тобының жетекшісі: Штеер Эрика.

- «Абадан» тобының жетекшісі: Мазурина Амина.

ІІ.Жаңа сабақ

1.Сабақтың тақырыбы,мақсаты,барысымен таныстыру.

2. – Балалар, өткен сабақтарда біз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен берілген үзіндімен танысып, мазмұнын меңгеріп, талдау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Ал бүгінгі сабақта алған білімдерімізді қорытындылаймыз. Сабағымыз өткен сабақ-тардан өзгеше болмақ. Білімдеріңді «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны ар-қылы тексеретін болатынмын. Ойынымызды бастамас бұрын, әр топқа алғашқы тек-

серу, еске түсіру тапсырмасы беріледі.

3. Тапсырма: «Қасқыр» және «Адам» сөздеріне топтастыру жасаңдар. Әр топ ин-терактивті тақта арқылы тиселі сөзді таңдап алып, арнайы берілген плакаттарға топ-тастыру жасайды. (5-6 слайдтар).

Picture 4 Picture 1 Shape3 Shape2 Shape1

Shape4

Shape8 Shape7 Shape6 Shape5

Shape10 Shape9

Shape14 Shape13 Shape12 Shape11

Shape16 Shape15




4. –Ал енді, ойынымызды бастайық. Топтар дайынбыз ба? Іске сәт!

1. «Бәйге» (10 ұпай) Бұл кезеңде барлығы 8 ұяшық берілген. Әр топ өздері таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруіне бо-лады.

Shape26 Shape25 Shape24 Shape23 Shape22 Shape21 Shape20 Shape19 Shape18 Shape17

10



9



8



7



6



5



4



3



2



1





  1. М. Әуезовтің ең алғашқы әңгімесі ( «Көксерек» әңгімесі)

  2. Көксерек” әңгімесі қай жылы жазылған? (1929 жылы)

  3. Қасен деген кім? (Белгілі аңшы)

  4. Көксеректі жеңген иттің аты (Аққасқа)

  5. Қара ала төбеттің иесі кім ? (Жұмаш)

  6. Валентина Әуезова қай жылдың қабырға күнтізбесін сатып алды? (1929 жылғы)

  7. Құрмаштың елі (Қараадыр)

  8. Көксерек” әңгімесінің тақырыбы (Адам-Табиғат-Қасқыр)

  9. Көксеректі жұрт несіне қарап таныды? (құлағына)

  10. Көксерек” фильміне қасқыр Көксеректі қай қаладан алып келді? (Мәскеуден)

2. «Көкпар (20 ұпай)Бұл кезеңде 5 ұяшық берілген. Таңдаған ұяшықтағы сұрақ-тапсырма-ларға жауап береді.



Shape28 Shape27

3



1



Shape30 Shape29

4



2





Shape31

5







  1. Қай кейіпкер туралы айтылған?

Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Әлі күнге еш-

бір уақытта “қыңқ” етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Тісі батып,

қиналып бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады. Тамаққа өлгенше ашқарақ. Өзі ізденіп ешкімге соқтықпайды. (Көксерек)

  1. Грекше «Кірістіру» деген ұғымды білдіретін сөз. (Эпизод)

  2. Жоспарды ретімен орналастырыңдар.

1. Құрмаш ажалы (3)

2. Қаңырап қалған ін (1)

3. Ала төбетті жеңу (2)

4. Аққасқа мен Көксерек (4)

  1. Оқиғаның шешімі (Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы.)

  2. Шығармадағы кейіпкерлерді атаңдар (Құрмаш, Жұмаш, Қасен, әжесі, Көксе-рек, Аққасқа, қара ала төбет, ауыл адамдары)

3. «Арнайы сұрақтар (10 ұпай). Бұл кезеңде мектебіміздің мұғалімдерінің сендер-ге дайындаған тест тапсырмаларына жауап береміз. Интерактивтік тақтадағы керекті санды таңдап, кім сендерге сұрақ дайындағанын көріп, жауап береміз.

1. Сакимова Махаббат Өміртайқызы - оқу ісінің меңгерушісі

«Көксерек» фильмі қай киностудияда түсірілген?

  1. «Қазақфильм» киностудиясында

  2. «Мосфильм» киностудиясында

  3. «Қырғызфильм» киностудиясында +

  4. «Ленфильм» киностудиясында

2. Шалдыбаева Әсемгүл Матайқызы - биология пәнінің мұғалімі

Көксерек сөзі нені білдіреді?

  1. Ірі, күшті қасқыр

  2. Жас қасқырдың ең мықтысы +

  3. Қасқырдың қарақұлақтанған күшігі

  4. Ұрғашы қасқыр

3. Саденова Лейла Қанатқызы – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Көксерек” әңгімесінің алғашқы нұсқасында Құрмаштың есімі кім деп беріледі?

  1. Жұмаш

  2. Тұраш

  3. Алмаш

  4. Мұқаш +

4. Сембаева Әсел Серікқызы – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Құрмаш рөлінде ойнаған кім?

  1. Қамбар Уәлиев +

  2. Толоуш Океев

  3. Нұрлан Сегізбаев

  4. Ермек Төлепбаев

Shape33 Shape32

Қазақ тілі

Тарих

4. «7 пән» (20 ұпай). Бұл кезеңде берілген пәндердің біреуін таңдап, сұрағына жауап береді. Жауап бере алмаған болса, келесі топтың жауап беру мүмкіндігі болады.



Shape35 Shape34

География

Орыс әдебиеті


Shape37 Shape36

Биология

Математика



Shape38

Ағылшын тілі



  1. Тарих - 200 томдық дүниежүзі әдебиеті кітапханасына М.Әуезовтің қай шығармалары кірген? ( «Абай жолы» эпопеясы мен «Көксерек» хикаяты)

  2. Қазақ тілі Мәтіннен біріккен сөздерді тауып айтыңдар. (Көксерек, Аққасқа, Қараадыр, итмұрын)

  3. Орыс әдебиеті - “Көксеректі” А. Пантилеев қалай деп аударған? (Серый Лю-тый)

  4. География – Мұхтар Әуезов қай жерде дүниеге келген? (Семей облысы, Абай ауданының Шыңғыстау етегінде)

  5. Математика – інде барлығы неше бөлтірік болды? (Жеті)

  6. Биология - Қасқырды неге орман санитары дейді? (Ормандағы әлсіз, ауру және өлемсектерді жейді)

  7. Ағылшын тілі Who did write the conversation “Kokserek? (Muhtar Auezov wrote the conversation “Kokserek”).


Picture 9 5. «Полиглот» (30-20-10 ұпай). Бұл кезеңде оқушылар керекті ұяшықты таңдап, жұмбақ пен мақал-мәтелдерге керекті сөзді тауып айтып, үш тілде айтып шығады.

Shape40 Shape39

1

2





Shape42 Shape41

3

4





1.Күш десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар.

Торуылдап ауылды

Түнде жортар ісі бар.

Ол не? (Қасқыр-волк- wolf )

2. Қасқырды қанша асырасаң да

_____________-ға қарап ұлиды. (Орман-Лес-Forest )

3. Қасқырды сұрлығы үшін емес,

_____________ үшін ұрамыз. (Ұрлығы-воровство-Stealing )

4. Қасқырдың ауызы жесе де қан,

жемесе де________. (Қан-Кровь-Blood )

6. «Жорға» (10 ұпай). Бұл кезеңде оқушылар кезекпен шығып, сематикалық картаны толтырады.

Кейіпкер сөзі

Ауыл адамдары

Жұмаш

Құрмаш-тың әжесі

Бейсембай


1

Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ?



+


2

Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды.

+




3

Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл бо-лып кетіпті, тұқымын

сезген екен, мұны өлтіріп,терісін ала-йық .



+


4

Қасқырың болса қай-тейін, менің қара ала

төбетім бір-ақ соға-ды.Арашалай алма-саң, әлдеқашан өл-тіріп тастар еді.


+



5

Іздегендеріңнің өзі-сол, бәрін істеп жүр-ген сол. Енді оны бір қолға берсе-ау!




+

6

-Осы...осы...осы ит!




+


7. «Шешендік сайыс» (50 ұпай). Топ жетекшілері сайысқа түседі. Берілген сұрақ бойынша біреуі жақтайды, біреуі даттайды.

Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?

Shape44 Shape43

Кінәлі Кінәлі емес


ІІІ. Қорытындылау

  • Бақылаушы арқылы жеңімпаз топты анықтау

  • Оқушыларды мадақтап, марапаттау

  • Тіршілік иесіміз бәріміз де,
    Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
    Сақтайықшы табиғат заңдылығын
    Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
    Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!


ІV.Үйге тапсырма

Егер де сен жазушы болсаң, әңгімені қалай аяқтар едің?

V.Бағалау

Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды:

Оқушының аты-жөні

Топ жетекші бағасы






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!