Материалдар / М дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне ашық сабақты жоспарлауға ой қосады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2018
632
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Сауат ашу

Күні: 19.11.2018 ж

Сынып: 1 «Г»

Мектеп: Б.Момышұлы атындағы №6 МГ

Мұғалімнің аты-жөні: Канибекова Г.М.

Қатысқандар саны: 27

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздердің мағыналарын ажырату.

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: буындап және тұтас оқиды.

Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздердің мағыналарын ажыратады, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Кейбір оқушылар: берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.

Академиялық тіл

Пәндік лексика және терминология:

Маймыл, мысық, мата.

Сабақта диалог/жазба үшін қолданылатын тіл:

  • М дыбысы қандай дыбыс?

  • М дыбысы сөздің қай бөлігінде кездеседі?

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Буындап және тұтас оқиды

  • Мұғалімнің көмегімен айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздердің мағыналарын ажыратады.

  • Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады

Ойлау дағдылар

Білу, Түсіну, Қолдану

Құндылықтарды дарыту

Отбасындағы өзара ынтымақтастық пен келісімді нығайту

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бейнекөрсетілім бойынша өз ойларын жеткізу арқылы айтылым және тыңдалым дағдысы артады.

Бастапқы білім

Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин



Айтылым







Тыңдалым

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;

Шаттық шеңбері.

(Ұ) «Күн нұры» әдісі.

Оқушылар шеңберде күн шуағын ұстап тұрып, бүгінгі күнге тілек айтады.

О Ой қозғау

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Бүгінгі тақырыбымыз: «Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі»

Отбасы

Отбасы бұл шағын мемлекет. Әр отбасының құрамы әр түрлі болады. Отбасының басшысы ата немесе әке болып саналады.

Отбасының мүшелерінің өз міндеттері бар.Отан –отбасынан басталады.

Ең үлкен ата,

Атын ата.


Топқа бөлу. 1. «Ата» 2. «Әке» 3. «Ана» 4. «Әже»

Әр топ өз топ атын қорғайды.(Суреттер бойынша)

(Т)

Кеспе әріптерден отбасы мүшелерінің атауын құрастырады.


1 Сызбаның және сөздердің көмегімен өз атаң туралы «оқы».

Мынау - ......... атам. Оның аты - ......... . ОЛ - ............

......... атамды ........ ........... .

(Әр топқа тапсырма бөлініп беріледі)





Таныстыры

лым

Суреттер














Отбасы

мүшелерінің суреті

Сабақтың ортасы

30 мин








Оқылым































Жазылым

(Ұ) Мата, маса, маймыл дегенде басында қандай дыбыс естіліп тұр.

-М дыбысы

-Кәне, бәріміз М деп айтып көрейікші

- М М М қалай айтылып тұр?

-Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр...

М дыбысы қандай дыбыс?

-М дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Қай үйшіктің тұрғыны?

-Көк

Жарайсыңдар!

Оқулықпен жұмыс. Оқулықта баған түрінде берілген сөздерді буындап оқу.

мата марал алма мал адам

маса томар шама мол Марат


Арман алма отырма сулама


(Т) «Кім тапқыр» ойыны.

І топ. М дыбысынан басталатын сөздер айт.

ІІ топ. М дыбысы ортасында келетін сөздер айт.

ІІІ топ. М дыбысы соңында келетін сөздер айт

ІV топ Сөйлем құра. М дыбысы бар сөздерден.

Дескриптор:

М дыбысынан басталатын сөздер айтады;

М дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздер айтады;

М дыбысы сөздің соңында келетін сөздер айтады.

М дыбыс бар сөздерден сөйлем құрайды.

(ҚБ) Кері байланыс.

(Ж) «Суреттер сөйлейді» әдісі.


1.Суреттердегі сөздерді атап буынға бөл.

2. Суреттегі заттарды байланыстырып сөйлем құрастыр.

Дескриптор:

Суреттерге қарап сөздерді атап, буынға бөледі.

Сөйлем құрастырады.


Дәптермен жұмыс.


Сергіту сәті.



М дыбысы видеоролик










Оқулық























Дәптерлер

мен жұмыс


Сабақтың соңы








Ұжымдық жұмыс. «Соңғы аялдама» әдісі.

(Т )

Өткен әріптерді қажетті қорапшаға орналастырады.

(дауысты, дауыссыз) көк және қызыл ұяшыққа.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Слайд










Смайлик

Сарлау-Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Топта жұмыс жасау арқылы құрдастарын оқуға тарта алады.

2. Мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуда құрдастар көмегіне жүгіне алды

Әр топ мүшелері дұрыс жауап беруіне қарай өзін-өзі бағалау, өзара бағалау жүргізіледі.

Тапсырмаларды орындау барысында қиын және күрделі жағдайларда оқушылар өз құрдастарының көмегіне жүгінуге дағдыланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қандай екі нәрсе табысты болды?


  1. ________________________________________________________________________________


  1. ________________________________________________________________________________


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақты одан да жақсарта алар еді?


  1. ________________________________________________________________________________


  1. ________________________________________________________________________________


Сабақ барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағымды жетілдіруге қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім.

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!