М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі

Тақырып бойынша 23 материал табылды

М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі тақырыбында 8 сынып оқушыларымен шығарма кейіпкерлерін талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін_________

Оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Паримбекова Қазақ әдебиеті 3-сабақ


Бөлім: 3

Махаббат және абырой

Педагогтің аты - жөні

Тоқмырзаева Қуанышкүл Ерқасымқызы

Күні

15.01.24 ж

Сынып: 8 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қоғам игілігі үшін адал қызмет ету.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: жаңаны білуге, тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут










Сабақтың ортасы

5 минут









10 минут












10 минут








































































10 минут












Сабақтың соңы

5 минут

1.Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал

«Жақсы сөз - жарым ырыс» шаттық шеңбері

  1. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады


Миға шабуыл

1. Сәрсенбай не себепті Жамалды Жұманға тұрмысқа берді?

2. Жамал Жұманды неліктен ұнатпады?

3. Жамал мен Ғали қайда кездесті? Жамал мен Ғали арасындағы

сезім қандай сөздермен берілген?

4. Шолпан не себепті Сәрсенбайға ренжіді?

5. Ғали мен Жамал кімнен көмек сұрады? Неліктен?

6. Жамал Жұманның үйінен неге қашып кетті?

7. Жамалдың ажалы неден болды?


1-тапсырма

Топтық жұмыс

1,3-топтар - Композициялық талдау

2,4-топтар - Сатылай кешенді талдау


  1. тапсырма. Жұптық жұмыс

Ойлан, жұптас, бірік” әдісі

Шығармадан тура және жанама мінездеуді тауып, берілген кестені толтырыңдар.

  1. жұп: Сәрсенбай, Шолпан

  2. жұп: Жамал, Жұман

  3. жұп: Жамал, Ғали


Кейіпкер

Мінездеу түрі

Шығармадан дәлел келтіру

Сәрсенбай

Тура мінездеу

Сәрсенбайдың жуас, қорқақтығы Шолпанға бұрыннан мәлім һәм бұл сапарда да пікірі тамам көрініп қалған себепті...


Жанама мінездеу

Жамал атасына бір қарап тысқа шығып еді, соңынан кешікпей Сәрсенбай да шығып, Жамалға ақырын сыбырлап айтты. «Анау күнгі жамбасы құрттап жүрген көк қозыны әкел, үйге кіргізерде кескегін алып таста! Ұқтың ба?» – деді.

Шолпан

Жанама мінездеу

Шолпан тұрып: – Молдеке, біздің отағасының сөзін не қыласыз, ақырын оңашада жасырып хат жаздырып үйрете беріңіз, – деді.

Жамал

Жанама мінездеу

Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,

Тұралық уағданы бекем байлап,

Сен үшін бір басымды еттім құрбан,

Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап

Жамал

Тура мінездеу

Үш жарым айда Жамал мұғалімнің ыждағаты, өзінің өткір зейіні саясында хат танып, жазарлықтай болды.

Ғали

Тура мінездеу

Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді.

Ғали

Жанама мінездеу

«Менің өлең айту әдетімде жоқ еді, білмеуші едім», – деп күлімсіреп отырып: – Қайыр, енді көңілдеріңіз қалмасын, – деп көркем әнмен домбыраға дауыс қосып сөйледі

Жұман

Тура мінездеу

Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жеті жастарға келген Жұман дейтін бір таз һәм ақылсыз баласы бар еді.

Жұман

Жанама мінездеу

Жұманды үйі қант-шай, ғайыры нәрселер әкелуге қалаға жібергенде, жол да терілерін алыпсатарға сатып, он теңге алтын орнына алданып, бір тиын жаңа бақыр алып келуі еді. Һәм елде бозбалалық қылмақшы болып бір қызы бар үйдің босағасында ұйықтап қалғандықтан, қыздың әкесі таңертең: «Тұр, балам, ұйқың қанған шығар», – деп үйіне жіберуі еді.


Жеке жұмыс


1. Романнан алған әсеріңді баяндап, авторға хат жазыңдар

2. “Жамал ескіліктің құрбаны” тақырыбында әдеби эссе жаз





Үйге тапсырма: “Азаттықты аңсаған Жамал” шығарма жазу




Рефлексия «ҚҚҚ» әдісі


  1. Қызық

  2. Қиын

  3. Құнды

Психологиялық ахуал

Жақсы сөз-жарым ырыс” әдісі бойынша шаттық шеңберін құрады.




Сұрақтарға жауап бере отырып, шығарманың сюжетін талдайды.















Шығармадан тура және жанама мінездеуді тауып, берілген кестені толтырады. Шығармадан дәлелдер келтіреді.









































































Жеке жұмыста берілген тапсырманы орындайды, шығармадан дәлелдер келтіре отырып жазады.








Сабақ барысында кездескен қызықты, қиын, құнды сәттерін айтып, талдайды.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады.

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!






Дескриптор

Білім алушы

-топта талқылайды;

-талдау түрлерін орындайды;













Дескриптор

Білім алушы

-тура мінездеулерді табады,

-жанама мінездеулерді анықтайды,

-шығармадан дәлелдер келтіреді.




















































Дескриптор:

-тақырыпты ашады;

-ойын мысалдар арқылы дәлелдейді;

-эссе, хат жазу құрылымын сақтайды;

















Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл




















Қалыптас

тырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

8-сынып















Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.02.2025
101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі