Материалдар / М. Мағауин "шақан -Шері" романы және ғаламдық мәселелер

М. Мағауин "шақан -Шері" романы және ғаламдық мәселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Пәні


Бөлім:

3-бөлім. Аңызбен өрілген көркемсөз

Педагогтің аты-жөні

Абдраимова М.Т.

Күні:

21.01.25жыл.

Сынып: 10 Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

М. Мағауин «Шақан Шері» романы және ғаламдық мәселелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақтың мақсаты:

- көркем шығармалардан алған үзінділерден көтерілген мәселелерді анықтайды;

- үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен , ұлттық ұндылықпен байланыстырады;

-қорытынды пікір айтады, бағалайды.

Құндылықтарға баулу

  • «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

І.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, психологиялық жағымды ахуал туғызу.


Амандасады





Сабақтың ортасы

ІІ. Жаңа білімді игерту

Үй тапсырмасын пысықтау

1. Қаншырдың неше жөнжігі бар? (үш)

2. Қаншыр жеуге қандай азық әкелді? (қабан)

3. Қаншырға қосаяқтың ерекше әсер еткен жері? (көзі)

1-тапсырма. Үзінділерден көтерілген мәселелерді табыңыз.

1-үзінді

Қандай жақсы!.. – деді Шақан керіле есінеп. – Қоқаңдаған, дікіңдеген ешкім жоқ. Тып-тыныш. Дұрыс болды, өңшең шуылдақтан бөліне көшкенім. Рахат. Иен қамыс, кең дала...

Бәрі жақсы, – деді Шақан. – Өте дұрыс болды, қайрылмай тартып кеткенім. Өзім би, өзім қожа. Атам көрмеген қорлыққа мен неге көнем? Атам кимеген ноқтаға неге мен бас сұғам? Дұрыс. Бәрі дұрыс.

Қайдам, – деді Ажар күрсініп. – Төңірек түгел қамыс... Тоғайдан қалың... (11-б.)

Көтерілген мәселе: қорлыққа көнбеу, бас имеу.

2-үзінді

Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар, – деді жұрт жайланған соң. – Ерлігі мен мәрттігі адамда жоқ. Бірақ өз бетімен тимейді ғой ешкімге. Орманның иесі, қамыстың қожасы. Арғы заманда бұл өңірде арыстан да мол болған екен. Аң патшасы деп аңыз қыламыз ғой. Сол айбынды арыстанды қазақ жерінен айдап тастаған – осы жолбарыс екен. Ханның қаhарынан батырдың қайраты басым түскені сияқты. Енді, міне...Батыр барымташыға айналды. Адам азғанда аң қайтпек. Ана Жалтақ Жантайдың кісі етін жеген жыртқыштан айырмасы қанша... (21-б.)

Көтерілген мәселе: батыр барымташы . Адам азған

3-үзінді

Құдайым адамға өзгеше бір туыс берген... – Құба-мерген қайтадан көтерілді. – Қайраты кем болар, қажыры артық. Айласы кем болар, ақылы артық. Аңның тісі мен тырнағы ғана бар. Сенің бойыңда бес қару. Алыстан атасың, жақыннан шабасың. Күш пен құрал, парасат пен амал өз алдына, адаммен айбар таластырар махұлық жоқ. Мен отыз жыл жолбарыс ауладым. Кісінің қаhарынан ықпайтын жыртқыш көрмедім. Адамның аруағы асқар таудан да биік. Ойлап тұрсаң, хайуанат атаулы жан үшін, тамақ үшін алысады, ал кісі ұлының керегі басқа. Пенденің қасиеті де, қасіреті де осында болса керек... (21-б.)

Көтерілген мәселе: Адамның аңнан айырмасы



  • сұрақтарға жауап береді.











- үзінділерден көтерілген мәселелерді анықтайды;

- көркем шығармалардан алған үзінділерді ұлттық құндылықпен байланыстырады;
















сұраққа толық жауап 1 ұпай;











Дескриптор:

-көтерілген мәселе 2;

-ұлттық құндылықпен байланыстырады 2;

барлығы 4 ұпай


















«Шақан –Шері» романы

Алматы Атамұра 2005ж.

Сабақтың ортасы

2-тапсырма. Үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырыңыз.

1 –үзінді

көтерілген мәселе / ғаламдық мәселе

ұлттық құндылық

« Көксерек әңгімесінен » үзінді



2-үзінді « Шақан шері » романынан үзінді



3- мәтін. « Қызыл кітап » поэмасынан үзінді





-

үш шығармадан берілген үзінділердегі көтерілген мәселелерді байланыстыра алады;

үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен , ұлттық ұндылықпен байланыстырады;

Дескриптор:

мәселеге жауап, ұсыныс айтады-1;

ғаламдық тақырыпты қозғайды 2 ;

ұлттық құндылық 2

барлығы 5 ұпай.

10-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың соңы.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

  • Қиындық келтірген 2 мәселе

  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма: «Сары құмның шапқыны » бөлімін оқу.




 
















1- мәтін. « Көксерек әңгімесінен » үзінді

Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді. Қыстан қалған түбіті кәзір де әр жерде сөйтіп жүлынып қалып жүр. Індердің орта жерінде екі қалың сасыр шайқалып өсіпті. Қазір соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Баурында кішкентай көк күшіктері қыбырлайды. Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне бірі үйіліп, баурын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды...

2- мәтін. « Шақан шері » романынан үзіндіАрқадан қайтқан жаз еді. Өте сәтті жаз. Шақан Іленің етегін ұялы қаншырдан тазартқан. Табу оңай. Аңду оңай. Атып түсіру тіпті оңай. Қайткенде де жолбарыс перісі Шақан – Шері үшін машықты кәсіп. Содан соң саяқ арландарының соңына түсті. Серік іздеген қаншырдың мауыққан үнімен аңырай шақырады. Баспадан қорғасын оқпен тосып алады. Тіпті, жолбарыстың терісін сыпыруға ерінетін болды. Жаңа қалаға екі-үшеуін апарып, оқ-дәріге молыққан соң артық жұмыс көре бастаған.Ал, Шақан өз тірлігінен таймады - жолбарыс әулетіне қарсы жанкешті соғысын одан әрі жалғастырды. Іленің басынан өтіп, Шелектің бойымен, Шарынның шатқалын сүзді – қан жайлау, қаптаған ел, қаншама жұрттың көзіне түсіп, шаршап,шалдығып, бос оралған. Бірақ нәтижесіз емес – Жетісуда жолбарыс әулеті тек Іленің етегінде ғана қалғанына анық көзі жетті. Әйтседе дарияның таудан құлаған тармақ, салаларын түгендей кеткісі келді. Сол оймен Күртіні өрледі.

3- мәтін. « Қызыл кітап » поэмасынан үзінді

Қызыл түлкі даланың көрігі еді.

Жаға болып ол енді «керіледі».

Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —

Қалпақ емес —

Қақпан боп көрінеді.

Тымырсығы-ай!

Қалада жел еспейді.

Жел есетін бұл жайлау емес дейді.

Анау киім ілгішке көзім түссе,

Бұғылардың мүйізі елестейді.

Ойран салған сайғақтың өрісіне

Қауіптірек сібірдің бөрісінен

Кейбіреулер

Сыйлайды саудагерге

Папка жасап ақбөкен терісінен.

Хайуанатқа жасаған қиянатың —

Бауырыңа жасаған опасыздық!

















1-үзінді

Қандай жақсы!.. – деді Шақан керіле есінеп. – Қоқаңдаған, дікіңдеген ешкім жоқ. Тып-тыныш. Дұрыс болды, өңшең шуылдақтан бөліне көшкенім. Рахат. Иен қамыс, кең дала...

Бәрі жақсы, – деді Шақан. – Өте дұрыс болды, қайрылмай тартып кеткенім. Өзім би, өзім қожа. Атам көрмеген қорлыққа мен неге көнем? Атам кимеген ноқтаға неге мен бас сұғам? Дұрыс. Бәрі дұрыс.

Қайдам, – деді Ажар күрсініп. – Төңірек түгел қамыс... Тоғайдан қалың... (11-б.)

2-үзінді

Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар, – деді жұрт жайланған соң. – Ерлігі мен мәрттігі адамда жоқ. Бірақ өз бетімен тимейді ғой ешкімге. Орманның иесі, қамыстың қожасы. Арғы заманда бұл өңірде арыстан да мол болған екен. Аң патшасы деп аңыз қыламыз ғой. Сол айбынды арыстанды қазақ жерінен айдап тастаған – осы жолбарыс екен. Ханның қаhарынан батырдың қайраты басым түскені сияқты. Енді, міне...Батыр барымташыға айналды. Адам азғанда аң қайтпек. Ана Жалтақ Жантайдың кісі етін жеген жыртқыштан айырмасы қанша... (21-б.)

3-үзінді

Құдайым адамға өзгеше бір туыс берген... – Құба-мерген қайтадан көтерілді. – Қайраты кем болар, қажыры артық. Айласы кем болар, ақылы артық. Аңның тісі мен тырнағы ғана бар. Сенің бойыңда бес қару. Алыстан атасың, жақыннан шабасың. Күш пен құрал, парасат пен амал өз алдына, адаммен айбар таластырар махұлық жоқ. Мен отыз жыл жолбарыс ауладым. Кісінің қаhарынан ықпайтын жыртқыш көрмедім. Адамның аруағы асқар таудан да биік. Ойлап тұрсаң, хайуанат атаулы жан үшін, тамақ үшін алысады, ал кісі ұлының керегі басқа. Пенденің қасиеті де, қасіреті де осында болса керек... (21-б.)

4-үзінді

Намыс қиын. Жігіттің намысы ғана емес. Рулы ел намысы. «Алаштың алтын туын көтердік деп мақтанатын Шапырашты, Саурық батыр өлген соң шілдің тезегіндей тозды». Бұл рас. Елге сыйлы ердің жалғыз тұяғы еді, қыстаудан қуып, қоныстан аластады, торғай пана тұтар бұта құрлы болмады». Мұнысы былай, не... артық, қорғауға қауқары жетпегені хақ, түре қуған ешкім жоқ. Шатақ шығарған, ағайынға өкпелеп, ауа көшкен Шақанның өзі. «Інін құм көмген тышқандай көрінгенге жем болып жатыр. Бәрі жабылып бір тарғыл мысыққа шамасы келмеді». Бұл – жан төзбес қорлық. Сүйекпен кетер сөз. Рас, әзір ешкім айтқан жоқ. Бірақ айтады. Кешегі, кісі жеген жолбарысты тірі жіберсе. Тым құрыса, қорқытып, үркітіп, осы өңірден аластамаса... (25-б.)

 

5-үзінді

Ел айтады. – Бозбала аттан түсіп, Шақанның қасына келді. Көксауыр саптама етік, оқалы сары тон киген нәзік бітімді жас екен. Үлбіреген дөңгелек жүз, жапақтаған үлкен қара көз. Бетінің ұшы шыққан күнмен лыпи қызарып, қорғаншақтап тұрып қалды. – Ел айтады, – деді сосын ұзын, қайқы кірпіктерін тура қадап. – Шақан кеше Қоқанды Алатаудан асыра қуған, ханның өзі қайырылып кеңес сұраған Саурық батырдың немере інісі екен дейді. Ағасы жаудан арманда өлген соң, елін аздырған, жерін сатқан жуандардың қорлық, зорлығына шыдамай, жапан түзде жалғыз жортар жолбарысқа айналып кетіпті дейді. Күндіз – адам, түнде – жолбарыс... Шақан-шері!.. Бірақ мен сенбеймін. Әкем айтады: үстіндегі киімі тегіс жолбарыс терісі екен дейді, киім тапшылығынан немесе сән үшін емес, ау кезінде оңайлықпен көзге шалынбас үшін. Жұрттың айтып жүргені сол дейді. Өткен жылы, жоқ, алдыңғы жылы, мен онда әлі кішкентаймын, біреулер көріпті сізді. Әкем іздетті, – таба алмай қалды. Біздің бір жылқышы ізіңізге түскен екен, кәдімгі адамның ізі дейді, содан күн ұзақ жүріпті, сосын кешке қарай... – бозбала Шақанның жел қағып, аяз сорған қызыл шырайлы жүзіне қадала қарап сәл бөгелді, – кешке қарай әлгі адам өз-өзінен жоғалып, жолбарыс ізіне айналып кетіпті...(70-б.)

6-үзінді

«Мені елден айырған»...

Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы, бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара батыр айтқан. Атабек ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма? Бір кісіден көрген жапасын бар адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы – екі бірдей қаза жүрек басына түйіртпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Сонда не тапты?

Кек... Кегі аңда емес, адамда болуы тиіс екен. Елден аң емес, адам айырыпты... (123-б.)





ЖИ арқылы жасау
25 Қаңтар 2025
238
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі