Материалдар / Мад тобы зерттеу әдістемелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мад тобы зерттеу әдістемелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек және мад топ балаларының психикалық үрдістерін зерттеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2023
847
9 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қисынсыздықтар» әдістемесі

Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»Суретті көрсету және тапсырманы орындау уақыыты 3 иминут.

Нәтижелерді бағалау

10 балл – бала бөлінген 3 минут ішінде суреттегі барлық қисынсыздықты байқап, оларға түсініктеме беріп үлгерді.
8-9 балл – бала бейнеленген барлық қисынсыздықтарды байқап, атап көрсетті, бірақ 1-ден 3-ке дейінгісін соңына дейін түсіндіре алмады.
6-7 балл – бала бейнеленген барлық қисынсыздықтарды байқап, атап көрсетті, бірақ олардың 3 - 4-ін соңына дейін түсіндіре алмады.
4-5 балл бала бейнеленген барлық қисынсыздықтарды байқап, атап көрсетті, бірақ олардың 5-7-ін соңына дейін түсіндіре алмады.
2-3 балл – бала бөлінген уақыт ішінде 1-4 қисынысздықты бақап үлгермеді,ал түсіндіруге мүлдем жете алмады.
0-1 балл - бала мүлдем тапсырманы орындай алмады.

Даму деңгейі қорытындысы

10 балл – жоғары деңгей
8-9 балл – орташа-жоғары деңгей.
4-7 балл – ортаңғы деңгей
2-3 балл – орташа-төменгі деңгей
0-1 балл – төменгі деңгей.

« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі.Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді.

Нәтижелерді бағалау

10 балл – бала 25 секундқа жетпейтін уақыт ішінде суреттердегі жетіспейтін бөлікті атап, тапсырманы дұрыс орындады.
8-9 балл – бала жетіспейтін бөліктерді табуға 26-30 секунд уақыт жұмсады.
4-5 балл – бала жетіспейтін бөліктперді іздестіруге 36-40секунд уақыт жұмсады.
2-3 балл – іздестіру уақыты 41-45 секунд болды.
0-1 балл – бала жетіспейтін бөліктерді табуға 45 секундтан астам уақыт жұмсады.

Даму деңгейі қорытындысы

10 балл – жоғары деңгей.
8-9 балл – орташа жоғары деңгей.
6-7 балл – ортаңғы деңгей.
4-5 балл – орташа-төменгі деңгей.
0-3 балл – төменгі деңгей.











«Мынау не?» әдістемесі

Мақсаты: баланың бейнені тұтас қабылдау(ұғыну) деңгейін, оны қалыптастыру қабілетін анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір суреттің бөліктері көрсетілген, олар бойынша осы бөліктрден тұратын тұтас бейнені анықтау қажеттігін, яғни осы бөліктерден тұтас сурет құрастыру керектігін түсіндіреді. Мәселен, балаға «А» бөлігін көрсетіп, ол арқылы бейнеленген бөлшектің қай тұтас суретке тиісті екенін айтуды ұсынады.Бұл тапсырманы орындауға 10 секунд уақыт бөлінеді.Егер бала осы уақыт ішінде қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда дәл осындай уақыт (10секунд) ішінде оған келесі, яғни одан гөрі сәл толықтау «Б» және т.с.с. суретті ол осы бейнені атағанға дейін көрсетеді.

Нәтижелерді бағалау

10 балл – бала 10 секундқа жетпейтін уақыт ішінде «А» бейнесінің бөлігі бойынша тұтас суретте иттің бейнеленгенін дұрыс анықтай білді.
7-9 балл – бала бұл тапсырмаға 10-нан 20 секундқат дейін уақыт жұмсап, «Б» бейнесінің бөліктері бойынша ғана осы суретте иттің бейнеленгенін дұрыс анықтады.
4-6 балл – бала бұл тапсырмаға 21-ден 30 секундқа дейін уақыт жұмсап, «В» бөлігі бойынша ғана оның ит екенін анықтады.
2-3 балл – бала бұл тапсырмаға 30-40 секунд жұмсап, «Г» бөлігі бойынша ғана ит екенін тапты.
0-1 балл – бала 50 секундтан астам уақыт бойы барлық үш «А», «Б», «В» бөліктеріне қарап, онда қандай жануар бейнеленгенін атай алмады.

Даму деңгейі қорытындысы

10 балл – жоғары деңгей.
8-9 балл – орташа-жоғары деңгей.
4-7 балл – ортаңғы деңгей.
2-3 балл – орташа –төменгі деңггей.
0-1 балл – төменгі деңгей.

Пайдаланған әдебиет: Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгеру сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!