Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар»
Секция: Этномәдениеттану
Ғылыми жоба тақырыбы: «Мәдени мұраны сақтау және жаңғырту»
Орындаған: Шымкент қаласы №38 Н.Д.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Төлен Мерейлім Еркінқызы
Жоба жетекшісі: Шымкент қаласы №38 Н.Д.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бегетай Бимария Айдарқызы
Шымкент 2023-2024ж
Мазмұны:
І. Кіріспе
1. Эссе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Мәдени мұраны жаңғыртудың ұлттық феномен келбеті
2.2 Адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енген қазақстандық 10 жәдігер
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1 Мәдени мұраны сақтау және жаңғырту– ұлттың сәйкестендіру кодының даналығы
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Эссе
Еліміздің тарихи және мәдени ескерткіштерін жаңғырту ,рухани қайта өрлеу жолдарының бірі Қазақстанның қасиетті орындарына, мәдени мұрасына қоғамдық назарды аудару болып табылады. Елбасымыздың 2017 жылы сәуірде шыққан «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы менің осы тақырыпта ізденуіме әсер етті. Ол жерде «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі» деп жазды. Ұлттық бірлікті қалыптастыру үшін ескерткіштер, материалдық емес мәдениеттер үлкен маңызға ие. Адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енген қазақстандық 10 жәдігерді талдап, оның маңызын және жасөспірімдер арасында насихатталуын нысанаға алды. Ескерткіш дегеніміз-халқымыздың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы, оның маңызы зор.ЮНЕСКО жанынан құрылған мәдени мұраны сақтау, қорғау ұйымы қызметі өте зор. Қазіргі кезде біздің де әлемдік мұраға қосылатын тарихи және материалдық емес мәдени мұралар бар.Менің жұмысымның өзектілігі де осы еді. Адамзаттың мәдени мұралар тізіміне енген тұңғыш нысан Түркістан қаласындағы Қ.А.Иассауи архитектуралық ескерткіші, бұл ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып табылады. Табиғи нысан далалық аймақтағы Қорғалжың және Наурызым қорықтары, сондай-ақ қазақ күресі мен қазақ күйі сияқты бірнеше әлемдік қатардағы материалдық емес мәдени мұралардың құндылығын білу және оны қорғауға үйрену, ұлттық дәстүріміздің маңыздылығын түсіну патриотизмнің, отанға, жерге деген сүйіспеншілігімізді одан ары арттырады. Мәдени мұраны сақтау және жаңғыртуды оқу мен дәріптеу және насихаттау біздің басты міндетіміз.
Аннотация
«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады.
Бұл – бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі – мәдениеті . Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»
Жобаның мақсаты: Мәдени мұраны сақтау және жаңғыртуды оқу мен дәріптеу және насихаттау.
Жобаның міндеттері:
Оқушылардың бойында мәдени мұраны сақтау және жаңғырту жайлы еңбектерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;
Мәдени мұраны сақтау және жаңғырту жайлы құндылықтарын дәріптеу;
Жоба өзектілігі: Мәдени мұраны сақтау және жаңғыртуды танымдық тұрғыдан зерттеу.
Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспасөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы мәдени мұраны сақтау және жаңғырту арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Мәдени мұраны сақтау және жаңғыртуды танымдық тұрғыдан зерттелуі.
Аннотация
"Борьба человеческой истории-это культура, а борьба культуры – это материальные ценности, которые породили ум и деятельность человечества.
Это всем известная истина. Бытие какой-либо иным похожа массам населения, отдельно-поштучно сознания, знак, определяющий судьбу собственной главная – культура. Культура-лицо нации, ее духовное бытие, душа, разум, разум. Цивилизованная нация гордится, прежде всего, историей, культурой, великими личностями, прославившими свою нацию, большим и малым вкладом в золотой фонд мировой культуры. Таким образом, только через свою национальную самобытную культуру»
Цель проекта: изучение, популяризация и пропаганда сохранения и возрождения культурного наследия.
Задачи проекта:
Формирование у учащихся навыков уважительного отношения к труду по сохранению и возрождению культурного наследия;
Популяризация ценностей о сохранении и возрождении культурного наследия;
Актуальность проекта: познавательное исследование сохранения и возрождения культурного наследия.
Источниковая основа научного проекта: при написании научной работы были отобраны печатные словарные материалы, историческая литература, сведения научных исследований, которые до настоящего времени не были вовлечены в научный оборот.
Прогноз исследования: исследовательская работа историческая помощь в становлении интеллектуального поколения и самообразовании учащихся через сохранение и возрождение культурного наследия.
Этапы исследования: в зависимости от цели и специфики темы исследовательской работы использовались литературно-исторический, системно-описательный, повествовательный, сравнительный анализ и обобщение, систематизация и методы ее интерпретации.
Научная новизна научного проекта: познавательное изучение сохранения и возрождения культурного наследия.
Annotation
"The struggle of human history is culture, and the struggle of culture is the material values that gave rise to the mind and activity of humanity.
This is a well-known truth. The existence of any other is similar to the masses of the population, separately-piece by piece consciousness, a sign that determines the fate of its own main-culture. Culture is the face of the nation, its spiritual being, soul, mind, mind. A civilized nation is proud, first of all, of its history, culture, great personalities who have glorified their nation, and of its large and small contribution to the golden fund of world culture. Thus, only through their national distinctive culture»
The aim of the project is to study, popularize and promote the preservation and revival of cultural heritage.
Project objectives: To develop students ' skills of respect for the work of preserving and reviving cultural heritage;
Popularization of values on the preservation and revival of cultural heritage;
Relevance of the project: an informative study of the preservation and revival of cultural heritage.
The source basis of the scientific project: when writing the scientific work, printed dictionary materials, historical literature, and scientific research data that have not been involved in scientific circulation until now were selected.
Research forecast: research work historical assistance in the formation of the intellectual generation and self-education of students through the preservation and revival of cultural heritage.
Stages of research: depending on the purpose and specifics of the research topic, literary-historical, system-descriptive, narrative, comparative analysis and generalization, systematization and methods of its interpretation were used.
Scientific novelty of the scientific project: an informative study of the preservation and revival of cultural heritage

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы алғаш рет Елбасының тапсырмасымен құрылған. Өте сәтті, тиімді бағдарламалардың бірі. «Мәдени мұра» туралы айтқанда, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды десек артық емес. Осы бағдарламаның арқасында жоғымызды тауып, төрт құбыламызды түгелдеуге күш салдық.
Естеріңізде болса, осыдан он үш жыл бұрын, яғни 2003 жылы мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиетіміздің жауһарларын жаңғырту үшін бірыңғай жүйе қалыптастыру мақсатында арнайы бағдарлама жасау қажеттігін айтқан еді [1].
Араға бір жыл салып, 2004 жылы бағдарлама жүзеге аса бастады. Әу баста «Мәдени мұра» екі жылға есептелген болатын. Кейін екі кезең бойынша жүзеге асты: 2007 жылдан 2009 жылға дейін алғашқы кезеңі атқарылса, екінші кезеңі 2009 жылдан 2011 жылға дейін жалғасты.
Жобаның басты мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, зерттеп қана қоймай, оны қайта қалыпқа келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, өзге елдерде қалған рухани мұрамызды жинақтау.
«Мәдени мұра» бірнеше бағыт бойынша жүзеге асты:
Біріншіден, ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалыпқа келтіру.
Екіншіден, археологиялық зерттеулер жасау.
Үшіншіден, қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды атқару.
Төртіншіден, ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру. Біз бүгін «Мәдени мұра» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша нақты қандай шаралар атқарылды? Аталмыш бағдарлама аясында еліміздің мәдени-рухани саласында қандай ұлттық жаңғырулар болды? Нендей көлемді жұмыстар жасалды? Осы жағына көбірек тоқталғымыз келіп отыр.
Сонымен, «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асқан он екі жыл ішінде қазақ тіліндегі толымды гуманитарлық білім беру қоры құрылды. Осы жылдар ішінде 537 кітап бір жарым миллионан астам таралыммен шықты. Ол кітаптардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге арналған қаншама туындылар бар. Бағдарлама аясында жүзеге асырылған сәтті жобалардың бірі – «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» болатын. Бұл антологияда ұлттық мәдениет тарихындағы қазақ халық әндерінің тұпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау мен СD-дискілерін шығару бойынша орасан зор еңбек атқарылды.
Одан бөлек, «Қазақфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірді. Олардың қатарында «Мәдени мұра», «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» сияқты деректі дүниелер бар.
Бағдарлама аясында жарық көрген кітаптардың арасында «Бабалар сөзі» де бар. Бұдан бөлек, «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ музыкасының антологиясы», «Қазақ өнерінің тарихы», «Әдеби жәдігерлер», «Әлемдік фольклор» және тағы басқа томдықтар жарық көрді.
Қазақтың философиялық мұрасы өте бай. Оны «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасынан» табуға болады. Қорқыт ата сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасып жатқан Ұлы дала ойшылдарының философиялық ілімі мәдениетіміздің алтын қазынасы болып саналады. Бұл еңбектердің әрқайсысында ғалымдар, жазушылар мен аудармашылар, архив қызметкерлері мен кітапханашылардың қолтаңбасы бар.

Дүниежүзілік мұра бағдарламасының мақсаты-бірегей деп танылған нысандарды танымал ету және қорғау. 1978 жылы ЮНЕСКО ның дүниежүзілік мұра тізіміне қандай мәдени және табиғи нысандар енгізілетінін анықтайтын алты талап айтылған. 2002 жылы аталған талаптар тізімі табиғи нысандарды бағалау талаптарымен толықтырылды. Мәдени талап бойынша,табиғи талап бойынша жіктелді. Қазіргі кезде дүниежүзілік мұра тізімінде 1092 нысан бар. Олардың 845-і мәдени, 209-ы табиғи және 38-і аралас нысан болып табылады. Олар дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға мүше 165 елде орналасқан. ЮНЕСКО тізімінде Қазақстан Республикасының материалдық және материалдық емес нысандары тізімде бар.
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесі - UNESCO-ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген Қазақстандағы тұңғыш нысан. Кесене Париж қаласында 2003 жылы 23 маусымда өткен UNESCO-ның 27-сессиясында дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енген.

Кесене - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды, Қазір бұл жәдігер орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Яссауидің бейітінің басына орнатылған. Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері - Қазақстандағы және Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан. Бұл шешім 2008 жылдың 7 шілдесінде Квебекте (Канада) өткен Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында қабылданған болатын [2].

Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан жалпы ауданы 450 344 га. болатын екі қорық. Олар: Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Нысан тұщы және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктегі Арктикаға және оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне құятын өзендердің суайырығы. Сонымен қатар, жыл сайын Африка, Үндістан және Оңтүстік Еуропадан Батыс және Шығыс Сібірде орналасқан ұя салу орындарына миграциялайтын миллиондаған жыл құстары үшін маңызды аялдау жері [3].
Бұл сулы-батпақты алқаптар жаһандық қауіп төнген кәдімгі қоқиқаз, бұйра бірқазан, ақ тырна, тарғақ, аққұйрықты субүркіт, ақбас үйрек сияқты құстардың популяциясын демеп тұруға үлесін тигізіп келеді және бұдан басқа нысанға енген 200 мың га. орта азиялық жазықтық далалық аймақ флорасы жартысынан көбісінің, сонымен қатар ақбөкеннің мекен ету аймағы.
2016 жылдың 2 желтоқсанында қазақтың ұлттық күресі UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл шешімді Эфиопияда Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитет қабылдаған.
Қазақ күресінің дамуы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі басқосулар мен жиын-тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың құрмет тұтар адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
"Қазақша күрес" бойынша бірінші ірі турнир 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады. Мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады.
2014 жылдың 27 қарашасында UNESCO-ның ресми сайты Адамзаттың материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың дәстүрлі домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнері енді.

"Домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнері қазақ халқының ынтымақтастық жолында маңызды рөлін атқарып, халықтағы өзіндік ерекшелік және бірлік сезімдерін қалыптастырады", - делінген Комитет отырысында.
Күй - музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй - қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. Махмұт Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет аталған қазақстандық ұсыныстарды өзінің 2018 жылғы 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луи қаласында өткен 13-сессиясы аясында мақұлдап, қазақ атбегілерінің көктемгі жоралғылары Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілді [4].
"Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары" халқымыздың "қымызмұрындық", "бие байлау" және "айғыр қосу" деген жоралғыларын қамтиды.

Қымызмұрындық - бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер "қымызмұрындыққа" шақырылған. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, "көпке бұйырсын" деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне алғыс айтып, батасын береді. Халықтың бұл дәстүрі де қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттікті, бірлікті меңзейді.
Бие байлау - бие сауып, қымыз ашыту. Дәстүрлі ортаның бие байлап, қымыз сауу маусымында атқарылар еңбекке қатысты дәстүрінің ішіндегі салтанатты салтының осы бірі - бие байлау. Ел жайлауға шыққан кезде сауылатын биелерді бөле бастайды. Алдымен желі тарту үшін қазықтар қағылады, бірінші қазықты жылда арнайы қазық қағып жүрген тоқпақтың сабына ақ мата байлап, үлкен ақсақалдардың бірі қағу ишарасын жасайды. Желі тартқанда әрбір бес құлынның ортасына бір қазық қағылады. Желі маңы биебау деп аталады.
Әйелдер сабалар мен көнектерді әбден жуып, желінің басына кептіреді. Малым құт әкелсін деген ниетпен биебаудың үш қазығының, желі арқанның басына, айғырдың жалына, биенің сауырына сары май жағады.
Одан кейін шу асау құлындарды шалма, құрықтың көмегімен ноқталап желіге байлайды. Алғаш байланған құлындардың мойны созылып қалмас үшін үйренгенше үнемі бақылауда ұстайды. Құлындарды желіге байлаған соң, биебаудың шайын дайындайды. Желінің басына шай жасалып, жиналған жұрт құрт, ірімшік, тоқаш. тамағымен келеді. Мұны "шашу шай" дейді. Желі басында жайылған дастарқанға үлкен-кіші, бала-шағалардың барлығы келеді. "Байлар көбейсін" деген игі ниетпен бата- тілектер айтылады.
Айғыр қосу - жылқының құтпанын аталық ретінде тандауға байланысты жасалатын рәсім. "Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" атты энциклопедиясындағы мәлімет бойынша, айғыр қосуға тандалған құлынды жас кезінен таңдап, оның жалы, шоқтығы, құйрығына қол тигізбейді, яғни оны күзеп, кеспейді. Қол тигізсе киесі басылады, жал құйрығын күзеп тастаса сұсы қайтады-мыс.
2016 жылдың желтоқсанында UNESCO-ның адамзаттың мәдени материалдық емес құндылықтардың көрнекілік тізіміне жаңа элемент енді, ол - Қазақстанға тән саятшылық.

Бұл - жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер. Археологиялық қазба жұмыстары Ежелгі Тұранды мекендеген тайпалар құс салуды тіпті қола дәуірі кезінде-ақ меңгергендігін көрсетеді. Тарих пен мәдениет тұрғысынан қарағанда саятшылықтың дамуы өте қызғылықты. Қазақ саятшылары бүркіт, бидайық, сұңқар, қаршыға, бөктергі, ителгі, лашын тағы с.с. көптеген алушы құстарды баптап өздері алатын құстарға түсуді үйреткен. Мұндай өнер қырғыз, араб ішінара түркімендердің арасында да дамыған. өнер. Крестшілер жорығынан кейін араб мәдениетімен танысқан еуропалықтар сұңқар салуды үйренген.
Саятшылықтың бұл түрі әсіресе XII-XIII ғасырда Еуропа елдерінде кең тараған. Қазақ халқы саятшылықты тұрмыстық пайдасы бар өнер ретінде де, көңіл көтеретін табиғатпен етене араласатын спорт ретінде де қараған.
2015 жылдың желтоқсанында UNESCO айтысты адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты. Мұндай шешім Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитетінің Намибияда өткен оныншы сессиясында қабылданды. Айтыс ерекше суырып-салма өнері ретінде Қазақстан мен Қырғызстан атынан тізімге енгізілді. Бұл суырып-салма ақындық өнері бар екі адамның арасында болатын жарыс, өлең оқылады немесе қазақтың домбырасы сынды ұлттық музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен шырқалады. Тақырыпты тыңдармандар таңдайды, ал музыкалық өнерін, ырғақты сезінуін, ерекшелігі мен ұшқыр ойын жеткізе білген қатысушы жеңіске жетеді. "Айтыс - жалпы мәдениеттің құрамдасы және Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты қоғамының теңдігінің белгісі. Жарыс жергілікті немесе жалпы ұлттық мереке кездерінде ұйымдастырылады, тақырыптарында көбінесе әлеуметтік маңызды мәселелер қозғалады. Алдыңғы буын бұл дәстүрді жастарға қалдырады", - делінген UNESCO ақпаратында.
2014 жылдың қарашасында UNESCO қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты. Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитеті адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының қайта таныстыру тізіміне жаңа он элемент енгізді, олардың қатарында "Вырумаа үйезіндегі дәстүрлі монша (Эстония)", "Қазақтың домбырамен дәстүрлі күй орындау өнері (Қазақстан), "Қырғыз бен қазақтың киіз үй тігу тәсілдері (көшпелі түркі халқы)" (Қазақстан, Қырғызстан) бар", - делінген UNESCO хабарламасында.

"Қазақтың күйі қос ішекті дәстүрлі, алмұрт іспеттес, ұзын мойыны бар аспап - домбырамен орындалатын жеке аспапты қойылым дегенді білдіреді. Күйдің маңызы тарихи түп тамыр мен салт дәстүрді байланыстырып классикалық және суырып салма орындау арқылы халықпен байланысуында жатыр. Күй отбасылық немесе көпшілік жиындарда орындалады және әдетте аңыз, әңгімелер қоса айтылады. Домбырамен күй орындаудың қазақ халқының әлеуметтік бірлігі мен өзіндік ерекшелігін, ауызбіршілігін сақтаудағы атқаратын маңызы зор", - делінген UNESCO сайтында.
2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында тойланады. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні атап өтіледі.
Ал 2016 жылдың 1 желтоқсанында қатырма нан әзірлеу дәстүрі UNESCO-ның бейматериалдық мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді. Қатырма нан әзірлеу мәдениеті - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияда кең таралған салт-дәстүр. Әдет-ғұрып бойынша нанды пісіруге бір отбасының мүшелері қатысады, алайда ауылдық жерлерде дайындауға көршілері де атсалысуы мүмкін. Металл пластинаға немесе қазанға салып пешке пісірлген нан мерекелік отырыстарда, туған күндерде, үйлену тойларында, сондай-ақ жерлеу рәсімдерінде дастарханға қойылады.

Таңбалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 шақырымда, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі біздің заманымызға дейінгі ХIY ғасыр, біздің заманымыздағы YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 пен 10 шақырым аумақты алып жатыр. Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглиф бар, жалпы Таңбалыда 5 000 суреттей бар.

«Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын» деген бабамыздан қалған тамаша сөз бар. Үйір-үйір жылқы, отар-отар қой, табын-табын сиырдан да том-том кітаптар мен катпар-қатпар тарихтың, мәдени, рухани мұраның құндылығын бағалай білген дана халқымыздан бүгінге жеткен тарихи жәдігерлерімізде сан жоқ. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында соңғы он жыл көлемінде біздің бүкіл тарихымыздан сыр шертетін рухани құндылықтарымыз түгенделіп, тарихымыз қайта жаңғырды [5].

Көпшілікке мәлім, ұлтымыздың түп-тамырын, сауаттылығын, рухани байлығын дәлелдейтін жәдігерлеріміз, құнды әдеби, мәдени, жазба деректеріміз осы уақытқа дейін жинақталмай келді [6]. Осы олқылықтың орнын толтыру жұмыстары сонау 2004 жылдан бастап қолға алынды. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын Елбасы Жолдауынының негізінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, шартарапқа шашылған мәдени, рухани құндылықтарымызды түгендеу, жоғалғанымызды тауып, қирағанымызды қалпына келтіру тапсырмасы берілген болатын. Осы орайда ғалымдар мен археологтар, әдебиет, мәдениет саласының мамандары, тарихшылар, зиялы қауым бірлесіп қыруар шаруа тындырды. Өз жеріміздегі және алыс-жақын шетелдердегі қазақ тарихына қатысы бар мәдени, рухани құндылықтарымыз, археологиялық және сәулет туындылары, жазба және көркем әдебиет қолжазбалары жинақталып елімізге әкелініп, том-том кітаптарға топтастырылды. Бірнеше ғасырлық тарихы бар ғимараттарға реставрация жасалды.

Он жыл ішінде ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды. Қазақ тарихына қатысты қытай, монғол, иран, араб, түрік мұрағаттарындағы, Еуропа мен Азияның өзге де елдерінің сан алуан қорлары мен кітапханаларындағы ондаған мың құжаттардың көшірмесі алынып, ғылыми айналымға түсті. Солардың негізінде көптеген монографиялар, оқулықтар және зерттеу еңбектер жарық көрді. Қазақстан аумағындағы 37 көне қалалар зерттеліп, 113 тарихи-мәдени ескерткіштерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді.Қазақ халқының тарихында бірінші рет 100 томдық «Бабалар сөзі» деген атпен қазақ ауыз әдебиетінің жинағы жарық көрді.Ғылыми, фольклорлық экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі», «Қазақтың 50 батырлар жыры» атты бірегей жобалар жүзеге асырылды. Мұндай бағдарлама ешқандай елде болмаған.

Иә, мәдени мұраны түгендеу оңай шаруа емес. Дегенмен он жыл уақыт ішінде біздің тарихымыз біршама байып, жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып, көнергеніміз жаңғырды. Ал енді осы бар байлығымызды жүйелі түрде зерттеп, зерделеп, пайдамызға жарату алдағы уақыттың еншісінде.
Қорытынды
Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді. Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.
Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз. Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ. Әрине, осы іс-шарада бәрін қамту мүмкін емес, олай болса болашағы зор жастар тарих тамырына үңіле білсе, алар тағылым мол.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.«Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 1016 қаулысымен мақұлданған //Егемен Қазақстан. - 2008. - 5 қараша (№336-337).
2.Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. Қабылданған 2 шiлде 1992 ж.// Егемен Қазақстан.-1992. - 4 тамыз.-2 б.
3.2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қантардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген // Қазақ тарихы. - 2004. - № 2.- 4-7 б.
4.Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы: ҚР Укіметінің қаулысы 30 мамыр 2007 ж., №440//Егемен Қазақстан.-2007.-19 маусым.10 б.
5.Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2007 жылғы 6 қараша, №1044 // Егемен Қазақстан. - 2007.- 10 қараша.- 8 б.
6.Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2008 жылғы 21 наурыз, №279 // Егемен Қазақстан. - 2008.- 24 қазан.- 8 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мәдени мұраны сақтау және жаңғырту»

шағым қалдыра аласыз