Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мәдениетті адам
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Келісемін»: «Бекітемін»:
Оқу ісінің меңгерушісі:______________ «____»_________ж Директор: ______________ «____»_________ж
8-сыныпта алгебра пәнінің «y=ax +bx+c (мұндағы ) функциясы» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Алгебра |
Күні 06.03.2017 жыл, 1-сабақ |
Сабақ |
Сабақтың тақырыбы |
y=ax +bx+c (мұндағы ) функциясы |
|
Мақсаты |
1. Функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері арқылы тақырыпты меңгереді және білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады.Мәнін түсіне отырып тапсырмалар орындау барысында қолдана алу дағдысын қалыптастыру. 2. Квадраттық функциялар, олардың қасиеттері туралы білімді қолдану және дамыту. 3. Ойлау деңгейлерін дамыту мақсатында Блумның ойлау деңгейлеріне сай тапсырмалар жасату және бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыра отырып өзіндік реттелуіне қол жеткізу. |
|
Міндеті |
|
|
Жұмыс нәтижесі |
Квадраттық функциялар туралы алғашқы түсініктерін дамытып, осы білімнің басқа пәндерді оқуда да қажеттілігін сезінеді және оны өмірмен байланыстырып түсіндіре біледі. |
|
Сілтеме |
«Алгебра, 8-сынып. А. Әбілқасымова,В.Корчевский,А.Абдиев,З.Жұмағұлова» Алматы:Мектеп,2015,89-91 беттер |
|
Қолданылатын әдіс тәсілдер |
Диалогты оқыту; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және ұжымдағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. |
|
Ресурстар |
дидактикалық таратпа материалдар,интербелсенді тақта,флипчарттар, компьютер, проектор,оқулық |
|
Сабақтың өтілетін уақыты |
45 минут |
|
Сабақ жоспары |
|
|
Үйге тапсырма |
§ . № 274,275 есептер |
Сабақтың барысы:
Ойлауды Блум бойынша жіктеу |
Мақсат |
Тапсырма түрі. Түрткілер. |
Нәтиже |
Бағалау |
|||
критерийлер |
дескриптор |
Ұпай |
Жиынтық баға |
||||
Білу 5 мин |
Үй тапсырмасы «y=ax +bx+c (мұндағы ) функциясы» §14. № 274 есеп тақырыбы бойынша білімін анықтау. Қызығушылығын ояту |
1-слайд. «Миға шабуыл») Сұрақтар флипчарт арқылы беріледі. Жеке жұмыс. |
Өткен тақырып бойынша негізгі формулалар мен ережелерді еске түсіреді. Сабаққа қызығушылығы оянады |
Өткен тақырыпта алған білімдерін нақтылау |
Есептер,сұрақтар толық |
3 |
|
Есептер,сұрақтар жартылай |
2 |
||||||
Есептер,сұрақтар шығарылмаған |
1 |
||||||
Түсіну 10 мин |
Оқулықтағы есептердің мәтінін игерту. «Кім алғыр» әдісі |
Оқулық бойынша ұжымдық жұмыс. Мәтінді оқып шығу негізгі формулалар мен ережелерді дәптерге түртіп алу,еске сақтау. |
Тақырыптың басты идеясын тауып, түсіндіре алады |
Тақырыптың басты идеясын табу |
Мәтін бойынша негізгі идеяны анықтай алды |
3 |
|
Оқулықтан оқып,негізгі ұғымдарды жазып алды |
2 |
||||||
Мүлдем түсінбейді,жазған жоқ |
1 |
||||||
Қолдану 10 мин |
Оқулық мәтініндегі ережелерге сүйеніп мысалдар орындау |
Оқулықтан есептер шығару. № , № , № |
Алған білімін тәжірибеде қолдана алады. |
Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру |
Қалыптасқан |
3 |
|
Толық емес |
2 |
||||||
Қиын |
1 |
||||||
Талдау 5 мин |
Есептердің шығарылуы бойынша шешім шығару |
Әр есеп бойынша оқушылардың шығарған есептерін топтарда талдау. Неліктен қате болды, дұрыс шығару үшін нені қолдана алмады, неше есеп дұрыс болды. Жоғары дәрежелі (ашық) сұрақтар беру |
Өзара пікірталасқа түсіп, жауаптың дұрыстығын дәлелдейді. |
Пікірталасқа түсу |
диалог құрып,қорытынды жасайды |
3 |
|
тек диалог құрайды |
2 |
||||||
жұмысқа қатыспайды |
1 |
||||||
Жинақтау 10 мин |
Әр оқушы өз бетімен жеке тапсырмалар орындайды |
Топпен жұмыс. Тест тапсырмасын орындату. |
Тест нәтижесінен тақырыптың қай тұсы түсініксіз екенін анықтай алады |
Жағдаяттан шыға білу құзыреті |
Толық шықты |
3 |
|
Қиналды |
2 |
||||||
Шыға алмады |
1 |
||||||
Бағалау 5 мин |
Логикалық ойлауды дамыту |
Ой-толғаныс. Логикалық есеп тапсырмасы беріледі. |
Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. |
Логикалық ойлау деңгейі |
Креативті |
3 |
|
Ойы жүйелі, тың ойлы емес |
2 |
||||||
Жалпыға ортақ ой |
1 |
Критерийлер |
Дескрипторлар |
Ұпай |
Баға |
Өткен тақырыпта алған білімдерін нақтылау |
Есептер, сұрақтар толық (шыққан) |
3\ |
|
|
Есептер, сұрақтар жартылай |
2\ |
|
|
Есептер, сұрақтар жоқ (шығарылмаған) |
1\ |
|
|
|
|
|
Тақырыптың басты идеясын табу |
Мәтін бойынша негізгі идеяны анықтай алдым |
3\ |
|
|
Оқулықтан оқып,негізгі ұғымдарды жазып алдым |
2\ |
|
|
Мүлдем түсінбеймін, жазған жоқпын |
1\ |
|
|
|
|
|
Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру, |
Қалыптасқан |
3\ |
|
мысалдар орындау |
Толық емес |
2\ |
|
|
Қиын |
1\ |
|
|
|
|
|
Пікірталасқа түсу |
Диалог құрып,қорытынды жасаймын |
3\ |
|
|
Тек диалог құраймын |
2\ |
|
|
Жұмысқа қатысқан жоқпын |
1\ |
|
|
|
|
|
Жағдаяттан шыға білу құзыреті, жеке тапсыр- |
Толық шықтым |
3\ |
|
ма орындау |
Қиналдым |
2\ |
|
|
Шыға алмадым |
1\ |
|
|
|
|
|
Логикалық ойлау деңгейі |
Креативті |
3\ |
|
|
Ойым жүйелі, тың ойым емес |
2\ |
|
|
Жалпыға ортақ ой |
1\ |
Баға қоюдың шәкілігі: 15- 18 ұпай-«5», 9-12 ұпай- «4», 3-6 ұпай- «3»
Өзін-өзі бағалау парағы
|
Аты |
Үй тапсырмасы сұрақтары, есептер |
ҰБТ есептері бойынша жұмыс |
Оқулықтан тапсырма |
Қатені табу, түзету, пікірталас |
Топпен тапсырма орындау |
Жеке тапсырма орындау |
Қорытынды баға |
|
|
Ұпай |
Баға |
баға |
||||||||
1 |
Асқарова Нәдия |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Әбілғажынова Айгерім |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Бақытқан Әділет |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Қазезова Шуғыла |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Қақанова Назым |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Қалиасқаров Айқын |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Қасымова Айым |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Мағауянов Нариман |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Ниязбекова Сезім |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Нұрланова Гүлназ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11 |
Скендиров Арман |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баға қоюдың шәкілігі: 15- 18 ұпай-«5», 9-12 ұпай- «4», 3-6 ұпай- «3»
Өзін-өзі бағалау парағы
|
Аты |
Үй тапсырмасы сұрақтары |
Ауызша есептер |
Шаблондар тапсырмасы |
Оқулықтан есеп |
Топпен тапсырма орындау |
Жеке тапсырма орындау |
Қорытынды баға |
|
|
Ұпай |
Баға |
баға |
||||||||
1 |
Асқарова Нәдия |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Әбілғажынова Айгерім |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Бақытқан Әділет |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Қазезова Шуғыла |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Қақанова Назым |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Қалиасқаров Айқын |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Қасымова Айым |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Мағауянов Нариман |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
Ниязбекова Сезім |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
Нұрланова Гүлназ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11 |
Скендиров Арман |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баға қоюдың шәкілігі: 15- 18 ұпай-«5», 9-12 ұпай- «4», 3-6 ұпай- «3»
Сабақты өзіндік талдау.
1. Мектептің өзекті тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, саналы тәртіп орнықтырып, сапалы білім беру»
2. Өзімнің өзекті тақырыбым: «Оқушыларды қызығушылықпен білім игеруге, ынтамен, белсенділікпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету».
3. Сыныпқа мінездеме: сыныпта 11 оқушы бар, ұлы-3 , қызы- 8 . Оқу белсенділіктері, білім базасы, темпараментіне қарай 3топқа бөлінеді.
І топ- күшті деңгейде оқитындар: Ниязбекова Сезім
ІІ топ- жақсы оқитындар: Асқарова Нәдия, Қақанова Назым, Қазезова Шуғыла, Қасымова Айым, Мағауянов Нариман.
ІІІ топ- орташа оқитындар: Әбілғажынова Әйгерім, Бақытқан Әділет, Қалиасқаров Айқын, Нурланова Гүлназ, Скендиров Арман.
4. Сабақтың тақырыбы: «y=ax +bx+c (мұндағы ) функциясы». Сабақтың өзге сабақтардың ішінде алатын орны: Білім бағдарламасына сәйкес , тақырыпқа бөлінген 4 сағаттың екіншісі.
5. Сабақтың мақсаты: 1. Функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері арқылы тақырыпты меңгереді және білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады.Мәнін түсіне отырып тапсырмалар орындау барысында қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
2. Квадраттық функциялар, олардың қасиеттері туралы білімді қолдану және дамыту.
3. Ойлау деңгейлерін дамыту мақсатында Блумның ойлау деңгейлеріне сай тапсырмалар жасату және бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыра отырып өзіндік реттелуіне қол жеткізу.
Сабақтың міндеттері;
-
Ойлау деңгейлеріне сай тапсырмаларды орындату арқылы танымдық ойлау деңгейлерін дамыту.
-
Формативті бағалау, өзін-өзі бағалау, бірін бірі бағалау арқылы оқушылардың оқуға ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру.
- АКТ-ны пайдалану арқылы қолдана алу дағдысын қалыптастыра отырып уақытты тиімді пайдалану
6. Сабақтың типі: дәстүрлі.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді бекіту сабағы.
7. Ресурстар: дидактикалық таратпа материалдар, интербелсенді тақта, флипчарттар, компьютер, проектор, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа кеспелер.
8. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі (әдебиеті), физика, информатика.
9. Принциптері: ғылымилық, бірізділік.
10. Сабақтың әдісі: Диалогты оқыту; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және ұжымдағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.(деңгейлеп саралап оқыту, практикалық жұмыс).
11. Кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлдім. Оқу мен оқытудағы көшбасшылық модулі.
2. Білу. Жаңа сабаққа дайындау.
А) Флипчарттарды қолдану арқылы өткен сабақ бойынша білім тексерілді. АКТ іске қосылды. Теориялық білімдерін тексеру кезеңі. Жеке және топпен жұмыс. Ережелерді қайталау, қолдана білу, білімдерін тексеру мақсатында жұмыс істелді, өздігінен жұмыс істеу, іздену, шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында жұмыс (дамытушылық). Топты сезіну, ЖАДА арқылы тәрбиелеу жүрді. Сыни тұрғыдан ойлау. Оқыту және оқыту үшін бағалау модульдері.
3. Түсіну. Мәтінмен өз беттерінше жұмыс істетудегі мақсатым- оқушылардың білімді меңгеруге құлшыныспен кірісуіне, тақырыпты түсіну арқылы жаңа материалдың өткен сабақпен байланысын көре білулеріне, тақырыптың негізгі идеяларын ажырата білулері арқылы сыни тұрғыдан ойлау шеберліктерін дамытуға ықпал еттім. Топтардың ішіндегі әңгіме арқылы диалогтық оқыту модулі бойынша жұмыс жасауларын ұйымдастырдым.
4. Қолдану. Оқулықпен, дәптермен, флипчарттармен (интербелсенді тақтада), шағын топтарды өзара бірлескен жұмыстары арқылы оқушылардың білімді шығармашылықпен игерулеріне және өзіндік реттеуге талаптануларына ықпал еттім. Жас ерекшеліктеріне сай оқыту модулі.
Сергіту сәтінде көз сергіту және суреттерден табиғаттағы ұқсас жерлерді көре білу арқылы оқушылардың пәнге деген көзқарастары мен жаратылыстану пәнімен пәнаралық байланысты көрсеттім.
5. Талдау. Шығарған есептерін талдату арқылы жекелеген оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дәрежелерін анықтадым және математика пәніне деген қызығушылықтарымен қатар өздеріне деген сенімдерін нығайтуларына көмектестім. Диалогтық оқыту модулі бойынша жұмыс жүрді.
6. Жинақтау. Суреттер арқылы функцияны қысқаша тану болды және күрделілігі жоғарырақ болғандықтан оқушылар жағдаяттан шығу құзіреттілігін жетілдіру мақсатында жұмыс атқарды. Квадраттық функциялардың әр түрлі жағдайлары туралы оқушылармен пікір алмасу жасадым.
7. Бағалау. Бағалау критерийлері мен дескриптерлері арқылы бағалау парақтарын пайдаланып бағалауды жүзеге асырдым.
8. Рефлексия. Оқушылар сабақ туралы пікірлері мен алдағы сабақтарға жоспарларын стикерлерге жазып берді. Кері байланыс Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Лессон-стади бойынша зерттеу жұмысымның тақырыбы:
Алгебра сабағында «Блумның ойлау деңгейіне» сәйкес тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың ойлау деңгейлерін дамыту.
Зерттеу жұмысымның мақсаты: 8- сынып алгебра сабағында оқушылардың ойлау деңгейлерін дамыту мақсатында Блумның ойлау деңгейлеріне сай тапсырмалар жасату және бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыра отырып өзіндік реттелуіне қол жеткізу.
Зерттеу жұмысымның міндеті:
-
Ойлау деңгейлеріне сай тапсырмаларды орындату арқылы танымдық ойлау деңгейлерін дамыту.
-
Формативті бағалау, өзін-өзі бағалау, бірін бірі бағалау арқылы оқушылардың оқуға ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру.
-
АКТ-ны пайдалану арқылы қолдана алу дағдысын қалыптастыра отырып уақытты тиімді пайдалану.
Бұл сабағымды Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылындағы «Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебінде» жүргіздім. Мектептегі мұғалімдер саны -, оқушылар саны -, «математика және жаратылыстану» бағытында оқытатын мектеп. Менің осы мектептің 9- сыныбын таңдап алғанымды, бұл өзім сабақ беріп жүрген сынып болғандықтан ондағы нақты проблемалар мен кедергілерді білетін болғандықтан осы тақырып пен мақсатта тізбектелген 2 сабақ және әртүрлі сауалнамалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуді мақсат ететінімді баяндадым. Сыныпта 14 оқушы бар, ұлы- 9 , қызы- 5. Оқу үлгерімі- 100 пайыз, білім сапасы- 57 пайыз. Алдағы болатын сабақтар кезінде зерттеуге алынатын үш деңгейлі үш оқушыны анықтап алдым.
1-бөлім: Іс- әрекекттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
1) Жеті модуль арасынан бұл тақырыпты таңдап алған себебім бұл сыныпта оқушылардың білім алу кезіндегі өздеріне деген сенімділігін арттырып, ынта мен қызығушылыққа негізделген білім алу үдерісін қалыптастыруға ықпал еткім келді. Менің сыныбымның тұрғысынан бұл сабақ түрлері ары қарай зерттеушілік жұмыстарына батыл қадам жасау үшін және оқушының өз білім деңгейін пайымдап, сол арқылы болашаққа жоспар жасай білуі үшін маңызды болып табылады. Ең бастысы, алгебра нақты пәндер тізіміне енетіндіктен танымдық ойлау деңгейін дамыту маңызды деп есептедім. Ал менің мектебімнің тұрғысынан қарайтын болсақ оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында істелетін бұл жұмыстар алдағы уақытта осы сыныптың әсіресе жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру жолында жаңа серпін мен тың ұмтылыс туғызар іс- әрекет болып табылады және көпшіліктің құптауына ие болары сөзсіз.
2- бөлім: Іс- тәжірибеге енгізілген өзгерістер мен пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.
Алдағы болатын сабақтар кезінде зерттеуге алынатын үш деңгейлі үш оқушыны анықтап алдым. Мұның алдында 8- сынып оқушыларынан сауалнама алып сараптама жүргіздім, соның нәтижесінде мынадай оқушылармен жұмысты зерттеуге шешім қабылдадым.
Оқушының аты- жөні |
Үйден дайындалу деңгейі |
Сабақтағы деңгейі |
Білімге деген ынтасы, көзқарасы |
А деңгейлі оқушы: Ниязбекова Сезім. |
Үй тапсырмасын тыңғылықты орындайды, көп ізденеді, қосымша білім көздерін пайдаланады. |
Сабақ кезінде жинақы, тапсырманы орындауда шапшаң, проблемалық сұрақтар қоя біледі. |
Білімді қызығушы-лықпен меңгереді, ылғи да өз ісіне жауаппен қарайды, |
В деңгейлі оқушы: Қақанова Назым. С деңгейлі оқушы: Скендиров Арман |
Үй тапсырмасын тиянақты орындайды, берілген материалды толық меңгеруге тырысады, кейбір есептер мен сұрақтардан қателеседі, қабылдау деңгейі орташа Үй тапсырмасын үнемі орындамай келеді, өз бетімен ізденіп оқымайды |
Сабақ кезінде берілген тапсырмаларды орындауға тырысады, білім алуда ізденеді оқулық пен тақырып көлемінде ғана шектелмейді Сабақта тек мұғалімнің көмегіне сүйенеді немесе есептерді көшіріп алып тапсырады. |
Білімге ынтасы бар, білуге деген көзқарасы жақсы, жауапкер-шілігі орташа Білім алуға селқостық-пен қарайды, ынта деңгейі төмен. |
А деңгейлі оқушымның қабілеті мен ұқыптылығын, аса белсенділігі мен ізденгіштігін ескере отырып алдағы сабақтарымда оны сыныптастарының арасында топбасшылық, бағалаушы және сараптаушы ролінде пайлаланғым келді. Бұл әрекеттегі мақсатым осы оқушының өзін- өзі бағалай білу деңгейін жетілдіріп, оған өзгелерді де бағалай білуге үйретіп, оқудың жаңа бір сапалы деңгейіне көтерілуіне, яғни сын тұрғысынан ойлай отырып оқуына ықпал ету еді.
В деңгейлі оқушымды да өзін- өзі бағалау мен топты бағалауға үйрету және тестілеп білім тексеруге, өзінің білім деңгейін анықтай біліп, сол арқылы алдағы уақытта нені жетілдіру керек екендігін жоспарлап, сол бағытта жұмыс жасауына ықпал етуді мақсат еттім.
С деңгейлі оқушымды өзін- өзі бағалау арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, өзіне деген сенімін күшейту арқылы білім алуға ынталандыруды мақсат еттім. Сабақтар кезінде оған арнайы тапсырмалар мен сұрақтар беру арқылы әрбір сәтті жауаптарын мадақтау арқылы қолдау көрсетіп ынталандыра түскім келді.
Алғашқы сабағымның Мәнін түсіне отырып тапсырмалар орындау барысында қолдана алу дағдысын қалыптастыру. Бұл- тізбектей өтілетін 3 сабақтың біріншісі болып табылады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын интерактивті тақтада көрсетіліп қойылды. Сабақтың білу деңгейінде оқушыларға «миға шабуыл» ретінде өткен сабақ бойынша тапсырмалар бердім.Мұндағы мақсатым өткен білімді нақтылап, жинақтап алу болды. Бұл кезеңде оқушылардың білімін өздеріне бағалату мақсатында бағалау парақтарын бердім және критерийлерін бердім, дескрипторлар бердім. Білу кезеңінде алған білімдерін тексеріп, бағалап болғаннан кейін түсіну кезеңіне өттім, тапсырма беру арқылы оқулықтағы тақырыпты өз беттерімен оқытып, түсінгендерін байқағым келді. Бұл тапсырма кезеңінде олар тақырыптың басты идеясын таба білулері және керекті, маңызды жерлерін түртіп алулары керек болды. Бұл кезеңде де өзін- өзі бағалау жүргізілді. Бағалауларын тексеріп алып отырдым. Қолдану кезеңінде енді осы оқығандарына сүйеніп оқулықтағы -------тапсырмаларды орындауға көштік. Мақсатым іс- тәжірибе жасау дағдыларын қалыптастыру, теориялық білмді қолданысқа енгізе білуге ықпал ету болды. Оқушылар тапсырманы толық орындай алған жоқ, себебі, теориялық білімді өз беттерімен игеру дағдысы оқушыларда нашар еді. Осы кезеңде де оқушылардың өзін- өзі бағалаулары, осыған дейінгі кезеңдерде де тым жоғары болып отырды. Мұндай асыра бағалау, өз деңгейлерін анықтай алмау сияқты құбылыстар оқушылардың өздік бағалау дағдыларының нашар екеніне меңзейді. Талдау кезіне жоспарлаған пікірталас жұмысы орындалмай қалды. Оқушылар өздерінің орындаған тапсырмалары туралы екі нұсқада бір біріне сипаттап, түсінік жүргізіп, айтулары керек болатын. Пікірталастың болмай қалған себебі- оқушылардың әңгіме жүргізу деңгейі төмен және алған білімдері мен орындаған тапсырмалары туралы ой бөлісе білу деңгейлері төмен екені көрінді. Жинақтау кезеңінде оқушыларға тест тапсырмалары берілді, бұл тапсырманың мақсаты- әр оқушы жеке тапсырма орындап, өз білімдерін жинақтап, есеп шығару арқылы тақырып мәтініндегі түсінбеген жерлерін анықтау керек болатын. Бұл тапсырмаларды оындау кезеңінде оқушылардың жағдаяттан шыға білу құзіреті бағаланатын болды. Бірақ бұл тапсырманы да орындауға оқушылар әлі дайын емес еді.Сонда да болса оқушылар өздеріне жоғары бағалар қойып отырды. Бағалау кезеңінде логикалық тапсырма- жұмбақ бердім. Жұмбақты шешуді жекелеген оқушылар жақсы орындады. Сабақтың соңында оқушылардың өздері қойған бағалары негізінде қорытынды бағалау өткіздім. Осы өткен бірінші сабақ кезінде қойылған сұрақтар ауызша және жазбаша орындалды. Ашық сұрақтармен қоса жабық сұрақтар да болды, барлык саны---. Жауаптар саны- ---. Сабақ барысында А деңгейлі оқушым белсенділік танытып отырды, Білу деңгейі кезінде жазбаша тест орындау кезінде де, түсіну кезеңінде де Мен нені түсіндім деген сұраққа нақты жауап берді. Оның жауабы сыныптастарына да түсінікті болып отырды, арасында жетелеуші сұрақтар бердім және жабық сұрақ та беріп көрдім. А деңгейлі оқушым барлық сұрақтарға толық дұрыс жауап беріп отырды. Осынан кейін мен түрткі болатын сұрақ бердім, В деңгейлі оқушым енді сенімммен жауап берді. Талдау кезеңінде А деңгейлі оқушым қол көтеріп жауап берді. Енді бұл есептерде кім қандай қиындыққа кездесті деген сұрақ бердім де С деңгейлі оқушымның есебінің толық болмай тұрғанын айтып, қалай орындап жатқанын түсіндіріп беруін сұрадым. Ол өзінің есебі бойынша параболаның төбесін оңға және жоғары жылжытқанын айтып берді, бірақ негізгі идеяны толық түсініп тұрмағанын байқадым. Сол кезде оған сұрақты басқаша қойдым, яғни жеңіл деңгейдегі сұрақты қою арқылы оның жауап беруге деген сенімін арттырдым. Сұрақ: мына салған сызық не деп аталады. Жауап: парабола деп аталады.Сұрақ: ----? Жауап: ------. Осындай диалог арқылы С деңгейлі оқушымның дәл осы кезге дейінгі білім деңгейін анықтап алдым да -------оның ары қарай да белсене жұмыс істеуіне ықпал еттім. Сосын оқушыларды шығарған есептері бойынша өзара пікірталасқа шақырдым, яғни қатар отырған екі оқушының тапсырманы орындау жлдары бойынша талдауларын сұрадым. Бұл кезең пікірталас кезеңі болды да негізінен А,В,С деңгейдегі оқушылар сөйледі. Осы кезеңде балалардың пікірталасқа дайын ----- екендігін көрдім, әңгіме тек «Мұғалім- Оқушы» түрінде болып шықты. Дегенмен ой айту, өз ойларын қорыта білу, қорғай білуге алғашқы қадамдарын жасаттым деп ойлаймын. Бұл енді маған алдағы уақытта «диалогтық оқыту» бағытында (МАН-98 бет, Мерсер мен Литлтон (2007). «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістерін «диалогтық оқыту» деп атауға болады)(МАН,98-бет) жұмыс жасауым керектігін көрсетіп берді. Бұл сабақтан шығарған тұжырымым- алдағысабақтарға жоспар жасау кезінде осы «өзін- өзі бағалау» үдерісін жетілдіру және бағалау критерийлерін аса күрделі емес, түсінікті деңгейде қоюым керек екен.
Келесі сабақтың тақырыбы да «y=аx +bx+c (мұндағы а 0) функциясы, оның қасиеттері және графигі» деп аталады. Сабақтың мақсаты: y=аx +bx+c(мұндағы а 0) функциясы, оның қасиеттері және графигі туралы білімді дамыту: параболаның төбесінің координаталарын дұрыс таба білу, функцияларды сауатты зерттеуге жағдай жасау,алған білімді өмірде қолдана білу. Сабақтың басында оқушыларға смайликтерді көрсету ақылы көңіл- күйлері мен сабаққа деген ынталарын, құлшыныстарын арттыруға тырыстым. Смайликтерді таратып солардың түрлеріне байланысты сыныпты төрт топқа бөлдім. Топпен оқыту кезінде топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеледі, аталып көрсетіледі де адамдармен жұмыс істеудің жаңаша бір тәсілі орын алады (МАН, 78- бет).Ұжымдық оқу негізінен бес түрлі фактормен сипатталып, педагогикадағы бірлескен оқу тәсілдерінің бірі болып саналады. Менің де топқа бөліп оқытудағы мақсатым- белсенділік пен өзара қарым-қатынасты күшейту негізінде білім меңгеруге ықпал етпекші болдым. «Миға шабуыл» жасау арқылы оқушылардың өткен сабақ бойынша алған білімдерін жүйелеп, жинақтап, жаңа білімді меңгеруге. Білу кезеңінде В деңгейлі оқушым бірінші болып тақтаға шықты, формуланы жазды.Топтарға сұрақ: Дұрыс па? Жауаптары: Дұрыс. А деңгейлі оқушым мен В деңгейлі оқушым бір топқа түсті. Келесі кезеңде оқулықтағы тапсырмаларды меңгерту мақсатында есептер бердім.Бұл үдеріс тақырыптың басты идеясын түсіне білу критерийлерімен өзіндік бағаланып отырады. Топтар бұл әр типтегі есептерді тармақтарға бөліп орындаулары керек болды. Түсіну кезеңінде А деңгейлі оқушым бірінші болып тақтаға шықты да есепті шығарды. Есептеу барысында қосымша сұрақтарға жауап берді. Кейбір жауаптан ауытқыған кездерінде жетелеуші сұрақтар беру арқылы жауабын түзетуге мүмкіндік бердім. Топты көмектесуге шақырып отырдым. «Жақын арадағы даму аймағы»-ЖАДА оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы барысында Выготскийдің жазғаны бойынша оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның көмегімен қамтамасыз етудегі ролі(МАН,70 бет). Қолдану кезеңінде Оқушылар әр топтан тақтаға шығып интерактивті тақтада қаламсаппен жазу арқылы есептерін орындау керек болды. Мұнда «ақпараттық- коммуникативтік технологиялар» тәсілін қолдандым. «Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдердің өзара байланысын күшейту үшін АКТ-ны енгізіп, манағы өзара әрекеттестік пен байланысты ары қарай дамытып, оқу үдерісінің жақсаруына ықпал еткім» келді. (МАН 111-бет). Талдау кезеңінде есептердің шығарылуы бойынша шешім шығаруды үйретуді мақсат етіп қойдым. Есептерін талдау барысында С деңгейлі оқушыма «а» коэффициенті неге тең деген сұрақ қойдым, себебі оны сабаққа қатыстырғым келді. Оның берген оңды жауабын қолпаштау арқылы «коэффициентті анықтай білесің» дедім. Коэффициентті дұрыс анықтай алмай отырған оқушы параболаның тармақтарының бағытын дұрыс таба алмайды да, бүкіл функцияны қате зерттеуі мүмкін. А деңгейлі оқушым белсенді болды және тақтада таисырманы тиянақты орындады және сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырды. В деңгейлі оқушым да сабақта белсенді болды, есептерінің кейбір жерінде шатасушылық болды, бірақ мен оған тобының көмектесуіне, түзетуіне жағдай жасап отырдым.Сергіту сәтінде әр елдің амандасу салтымен сәлемдесуді орындаттым, бұл біздің бірінші бетпе- бет кезеңдегі орындаған тапсырмаларымыздың бірі болатын. Жинақтау кезеңінде оқушылардың топпен бірлесіп жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін тесттік тапсырмалар орындаттым және тест тапсырмалары бойынша қандай қате жібергендерін анықтай білулерін мақсат еттім. Бұл тапсырманы орындау кезінде балалардың жұмыс нәтижесі өткен сабақтағыдан гөрі алға жылжығагын байқадым. Интерактивті тақтамен жұмыс кезінде де, жекелеген оқушылардың қателіктерін топпен де басқа топтан да шығып түзету жұмыстарын белсенділікпен жүргізіп отырды.Бақылаудағы А, В, С деңгейлі оқушыларым өз деңгейлеріне сай жұмыс атқарып отырды. Бағалау кезеңінде ойланып шешім қабылдауға үйрету мақсатында тапсырма берілді де логикалық ойлау деңгейі бағаланды. Сабақ ізденістік және бағалау тұрғысынан орташа деңгейде өтті.Бұл сабақтар барысында критериалды бағалау жүргізіп отырғандағы мақсатым оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен көзқарасын бағалау тәсілдерін әрқилы етіп қолдану арқылы интерпретация жасағым келді. Сол арқылы сабақтың соңында оқушылар белгілі бір логикалық қорытындыға келуге тиіс еді.(МАН, 106-бет).