400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Магдебург жартышарлар тәжірибесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл физика пәнінен факультатив материалы. Бұл физика пәндерінің мұғалімдеріне пайдалы болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Факультатив жоспары


Мұғалім: Айтқалиев Е.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Магдебург жартышарлар тәжірибесі.

Мақсаты: оқушыларды Магдебург жартышарларымен жасалған тәжірибемен таныстырып, білім дағдыларын қалыптастыру; шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Көрнекіліктері: суреттер, слайд.

Орындалу тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІI. Факультативтің барысы:

1654 жылы Магдебург қаласының бургомистрі, неміс физигі Отто фон Герике тәжірибе жасады. Ол үшін Герике диаметрі шамамен 14 дюйм (бұл шамамен 35,5 см) болатын, бір-біріне тығыз қосылған екі метал жартышарларды қолданды, әр жартышарда темір сақина болды. Он алты жылқы екі жағынан сақиналарға жегіліп, екі жаққа тартып, бұл екі жартышарларды бөлуге тырысты, бірақ бұл қолдарынан келмеді. Бұл таңғажайып болды!

Т әжірибенің шешімі неде? Жартышарларды қосқанда олардың араларына теріден жасалған сақиналар салынды, осылайша жартышарлар арасында ешқандай тесік болған жоқ. Бұдан кейін насостың көмегімен жартышарлар арасындағы кеңестіктен ауа сорылды. Он алты аттың күшіне қарсы әрекет еткен, жартышарларды бір-біріне қысқан қандай күш екен? Бұл атмосфералық ауа әрекетінің күші болды. Жартышарлардың арасынан ауаны сорғаннан кейін атмосфералық қысым оларды сырттан қысып отырды. Сырттағы атмосфералық қысым тұрақты қалп отырса, жартышарлар арасындағы қысым ауа сорған сайын төмендеп отырды. Осы себепті жартышарларды қоршаған атмосфералық қысым жартышарларды бір-біріне қысты.

Жартышарлар арасына ауа жіберген кезде, олар еш сырттай әрекетсіз бөлінді. Бұл тәжірибе физика тарихына «Магдебург жартышарлар тәжірибесі» деп аталып енді. Бұл тәжірибені қазіргі кезде мұғалімдер атмосфералық қысымды зерттеген кезде жиі қолданады.

«Магдебург жартышарлары» әр адамда бар екен: ортан жіліктің созылмалы шеттері жамбас сүйегінде атмосфералық қысым әрекетінен тұрады екен.

Қорытынды сөз: Біз бүгін Отто Фон Герике «Магдебург жартышарларымен» жасаған тәжірибесімен таныстық. Бұл тәжірибе бізді қоршап тұратын атмосфералық қысымның жоғары екендігін көрсетеді.

ІII. Рефлексия:

  1. Отто Фон Герике кім?

  2. Отто Фон Герике қандай тәжірибе жасады?

  3. Оның тәжірибесінің мәнісі неде?

  4. «Магдебург жартышарларын» қайда кездеседі?



Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі