400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан Жұмабаев. Буклет 6 беттен.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаев. Буклет 6 беттен.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы
(25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы,
қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл
жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш
қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ
әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Мағжан
Жұмабайұлының
құрметіне почта
маркасы

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан
Жұмабайұлының ескерткiшi.
Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100жылдығына ашылған.

Шығармалар









Қазақтың көңіл күйі, өлең, “Үзік” жинағында,
Орал, 1912;
Шолпан, өлеңдер, Қазан, 1912;
Өлеңдері, Қ.-О., 1922;
Өлеңдері, Таш., 1923;
Шығармалары, А., 1989;
Таңдамалы, А., 1992;
Шығармалар, 3 т., А., 1995.
Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға
Сенемін" болып табылады.

Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған
ескерткіш монета

Туған жер
Мағжан Жұмабаев

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде
Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм.
Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнiм.
Тәттi суың дәмi аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түрiп, қозы қуып, жарысып,
Батпағыңда тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндiз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
"Адам басы - алла добы" деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кiм бiледi, мен де шетке кетермiн,
Туған жерiм,сенi тастап басым жас.

Мағжан Жұмабаев (1893–1938)
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24.02.2024
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі