Материалдар / Мағжан Жұмабаев өмірі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаев өмірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Поэзия әлемінде ерекше із қалдырған, өзіндік өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы сыршыл туындыларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын-М.Жұмабаевтың шығармаларының негізгі идеясын ашу, ақынның суреткерлік шеберлігін таныту. Өзара тәжірибе алмастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
521
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Томақ Жадыра Жарасбайқызы –бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қаратоғай аулы, Қаратоғай жалпы білім беретін мемлекеттік мекемесі



Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың өмірі

Сабақ мақсаты:

білімділік: Поэзия әлемінде ерекше із қалдырған, өзіндік өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы сыршыл туындыларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын-М.Жұмабаевтың шығармаларының негізгі идеясын ашу, ақынның суреткерлік шеберлігін таныту.

дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, поэзияға деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

тәрбиелік: Оқушылардың өзіндік ой пікірі мен көзқарасын қалыптастыра отырып, отансүйгіштік рухқа, тілінің, елінің, жерінің тарихы мен әдебиетін құрметтей білуіне сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың технологиясы:тірек-сызба, ой қозғау, ақпараттық технология, ой толғау

Сабақтың әдісі: проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, мәнерлеп оқу, СТО стратегиялары

Сабақтағы өзіндік жұмыстар түрлері:

-топтағы студенттер өзара ынтамақтастықта болып, пікірлесу;

- топ ішінде өз ойын айтуға дағдылану;

-қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді тиімді қолдана білу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның өмір жолы мен шығармаларына байланысты слайдтар, бейнематериалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, музыка.

Сабақтың өту барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. (дөңгеленіп тұру)

Сүйіспеншілік жүрекпен, (жүректерін ұстайды)

Ізгі ниет тілекпен (қолдарын көкке көтереді)

Амандасып алайық (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Бір жадырап қалайық (бір-біріне қарап күледі)

Аянбай еңбек етейік,

Биік шыңға жетейік! (бас бармақтарын көрсетеді)


-Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;


Тұлғаны таны (Бес Арыс туралы мәлімет)


Жаңа сабаққа кіріспе. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Мұғалім сөзі:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?-деп поэзия әлемінде сүйіспеншілікпен ерекше із қалдырған, ізгілік жолында өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы туындыларын кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын-М.Жұмабаев. ( деректі фильм)


Ой қозғау. «Мағжан кім?»

Мағжан туралы не білесіңдер?









Хронологиялық кесте «Жылдар сөйлейді»



1893 ж

Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» ауылында дүниеге келген.

1905-1910 ж

Қызылжар медресесінде оқиды.

1912 ж

Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді

1923-1927 ж

Мәскеудегі жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды

1923

«Шолпан» журналында «Батыр Баян» поэмасы жарық басылады.

1928 ж

«Жүсіп хан» атты ертегі поэмасы жарық көрді.

1927 ж

«Тоқсанның тобы» поэмасын жазады.

1929 ж

«Алқа» атты жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталады.

1929-1938 ж

Тұтқында болады.

1938 ж

«Халық жауы» деген жала жабылып, дүниеден өтеді.

Мағжан лирикасы өзгеше әлем. Ақын поэзиясындағы жел, от, ай, күн сөздері түрленіп лирикалық бейне іс әрекетіне сай түрліше қалып пішімге түсіп ақынның ішкі сезім бейнесін ақтара түседі. Ең алдымен Мағжаннан үйренетініміз –патриоттық сезім. «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Сүйемін» өлеңдері оқушыларға ақынның өршіл де өжет, намысты да жігерлі нағыз жігітке тән қасиеттерді дәріптейді. Сонымен қатар, халқын сүйген жүректің асқақ патриоттық сезімін, туған жерін сүюі, оны қорғау сезімі, үлкен адамгершілікпен үндестік табады.

Мағжанның қандай олеңдерін білесіңдер?

«Қызығушылығын ояту» Өлеңдерін талдау

Түсініктеме күнделігін толтыру «Мен кім?» өлеңі

М. Жұмабаев кім?

Мен кім?

Әңгіме сыр

Арыстан, жолбарыс, жер еркесі, жел

Болашақ, жас

Мағжан ата, сіз өзіңізді арыстанға, күнге балайсыз. Сіздің осылайша шабыттана жарлауыңыз-ақындарыңызды жігерлендіру болар. Мен ақын емеспін




Тапсырмалар орындау

  1. Семантикалық карта

  2. «Кім жылдам» ойыны

  3. Сергіту жаттығуы






Шығармашылық тапсырмалар («Мағжан» фильмінен үзінді)


  1. Ақынға арнау, «Мағжан атаға хат», «Тәуелсіз ел»

  2. Өлеңдерді өз ойынмен жалғастыр....



Бекіту

Сұрақтар себеті

  1. Ақын өлеңдерінде қандай адамгершілік қасиеттерді суреттеді (ар, намыс, ашу, ыза, сатқындық)

  2. Өлеңдерінің негізгі идеясы?

  3. Ақын өлеңдері туралы сіздің жеке көзқарасыңыз?

  4. Мағжан өлеңдерінің тәуелсіздіктің 27 жылдығына қосар үлесі қандай?

Ақын әнін тыңдау

Қорытындылау

Жырымменен жанын жұбатам,

Жырымменен жұртымды оятам,

Несіне жас төгейін ...

Өлең-менің Шолпаным,Айым, Күнім!

Міне Мағжанның барлық өмірі-поэзиясында. Өлеңдері романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Сендердің де отансүйгіш, елжанды, адал азамат болатындарыңа сенеміз!


Бағалау

Үйге тапсырма: “Мағжан-жыр жұлдызы” ойтолғау жазу, Мағжан Жұмабаев туралы қосымша мәліметтер жинақтау.











Shape1 Shape2

Shape3

Shape4

Shape5 Shape6 Shape7

Мағжан Жұмабаев кім?

Мен кім?

Әңгіме-сыр






Shape8 Shape9



Өлең тақырыбы

шумақ

тармақ

бунақ

буын

ұйқас













Shape10

Өлең тақырыптары

Не көрсем де , алаш үшін көргенім”

Арыстан-

дай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ , кен тілім

Сол Арқамды сүйемін”

Арыстан

мын айбатыма кім шыдар?”

Мен жастарға сенемін”






Сүйемін”






Мен кім?”






Сағындым”






Қазақ тілі”






Shape11 Shape12 Shape13 Shape14

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!