М. Жұмабаевтың "Педагогика" оқулығы туралы эссе
Орындаған: Мандахбаяр Т, гр.МПиП-12н
Қазақ халқының оқу-ағарту ісінде еңбек еткен ұлы тұлға, алаштың маңдайына біткен азаматы, өз заманының қайталанбас бір турары, халқының патриоты, этнопедагогиканың негізін салушы ақын - Мағжан Жұмабаев еді. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы «ұлтшылдық» әдебиетінің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ педагогикасының көрнекті қайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев құнды еңбектерінің авторы болуымен дараланған ірі тұлға.
М.Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия билігіне самғаған, бір туар әмбебеп зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ, көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар, зерттеу еңбектері туды. Сонымен бірге ол тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынның тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты оқулығын жазды. Сол кездегі көрнекті қазак, зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал...». Өз оқулығы туралы автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттың мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз. Және М.Жұмабаев тағы да былай деді: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені анық.
Мағжан Жұмабаевтың жоғарыда аталған «Педагогика» атты оқулығы он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан-жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырған.
Мағжнның кітабы «Педагогика» деп аталғанымен, көбіне психология мәселелерін сөз еткен. Мысалы, шағын еңбектің 17 тарауының 13-і тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика тақырыбына екі-ақ тақырып («Педагогика бөлімдері», «Жалпы педагогика») арналып, оларды автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндаған. Сөйтіп, барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған тараулары адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.
Оқулықтың бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді.Онда дене тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі мен әдеп-құлық тәрбиесі ретінде төрт тұрғыдан сөз қозғалып, олардың бір-бірімен табиғи тамырластығы түсіндірілген. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық.
«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Автор халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. Жұмабаевтың көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында да ұлттық бояу байқалады. «...Киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді.... Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл»,-деп жазады Жұмабаев. Оның осы ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, тәрбие жұмысының жаратылыспен бірлестігіне көңіл аударады.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу нақышын пайдалана білу тәсілі де мақтарлық. Жан көріністерін ол «білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері» деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиғи үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестірді.
М. Жұмабаев сыртқы сезімдерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрге сүйену қажеттігін, есту сезімін дамыту үшін түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе, бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтеді.
Кітапта зейін туралы да біраз деректер бар. Оның бала зейінін тәрбиелеу жөнінде айтқандары қысқа болса да нұсқа. Автор шәкірттердің зейінін дамыту үшін әсердің күшті, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір оқушылардың абай болмауының себептерін де аша кетеді.
Автор тілдің адам өміріндегі маңызы жайында айта келіп, оның ұлттық мәнін мәйекті мәнермен жеткізеді. «Ұлттың тілі кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады.» - дей келе қазіргі еліміздегі елеулі проблемаларлың бірі - тіл мәселесін сипаттағандай.
Сонымен қатар, бала темпераментін сангвиник, холерик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұғымды тілмен түсіндіреді. Баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктері де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берілгені байқалады.
Қорыта келгенде, Мағжанның «Педагогика» оқулығын оқи отырып, мынандай ой түйіндейміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана-сезімге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе өткен ғасырдың 20–шы жылдарда педагогикалық–психологиялық жазба еңбектерде айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда, әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратауға таптырылмас мұра болып отыр. Ұлы М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық –тәлімгерілік идеялары біз үшін өте құнды дүние.
Қолданылған әдебиеттер
-
М. Жұмабаев. Педагогика Алматы. 1992
-
С. Сеңкібаев. М. Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі- ғасырлар тоғысында
-
Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мағжан Жұмабаев “Педагогика”

шағым қалдыра аласыз