Материалдар / Мағжан Жұмабаева "Өнер -білім қайтсе табылар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаева "Өнер -білім қайтсе табылар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне керек сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2023
573
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Поэзия! Сен менімен егіз бе едің!» ( Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен шығармашылығы бойынша 9-10-11 сыныптармен өткізілген іс -шара дөңгелек үстел)



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали

Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол

арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне

деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп,

жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға

еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Тәрбиелік: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне

деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны,

естеліктері бейнеленген слайдтар, буклет.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

І – бөлім Зерттеу «Ақынның жұмбақ әлемі»

(Ақынның өмірбаяны)

ІІ – бөлім. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Мәнерлеп оқу

ІІІ – бөлім «Ақын — халықтың жүрегінде»Нақыл сөздер

ІY – бөлім«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» арнау өлеңдер оқушылар өлеңдерді оқыйды.вв

Сабақты бекіту

«Ғажайып даналықтың бір көзі — Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталды». Ә. Тәжібаев

«Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия»

(Ф.Оңғарсынова).

Мұғалім: Бүгін қазақтың ақиық ақыны, сонымен қатар қазақтың қара

өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаев 91 жасқа толды. Мұқағали-ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

Оның поэзиясы-өзі өмір сүрген дәуірдің шындығы.Мұқағалидың өмірде

бағы мен соры қатар жүрген ақын.Ақынның бағы-оның өлмес жыры, ойлаумен өлең өрудің теңдесі жоқ классикалық әлемдік биігіне көтерілгені,өтірік өлең жаза алмағаны. Ал соры-өз қоғамына, өз ортасына сыймай қасірет кешкені, тапқан-таянғаны өз отбасына жетпей өмірінің қиыншылықпен өткені, өлмес, теңдесіз жырды замандастарының

дер кезінде бағалай қоймағаны.Бағаласын-бағаламасын, танысын-

танымасын өзіне, өзінің қайталанбас ақындық тағдырына іштей қалай сенсе, ол өз жырының ертеңіне, әр өлеңінің болашағына, туған халқының жасампаздығына солай сенген.

Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлар мен кең тынысты, көркем дастандар-сөз жоқ, сол Сенімнің жемісі.

Бүгінгі поэзия кешіміз----

Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,

Ырзамын саған, Ырзамын саған тағдырым!-деп,

өз тағдырына ырза болып кеткен ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың шығармашылығына арналады.

Мұғалім :

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымың өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.» — деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған поэзия кешіне қош келдіңіздер.


Алтынбекова Жангүлім Өкінбеймін өлеңін оқыйды


Кеңесбай Іңкәр Шәміл өлеңі «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны) Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы, шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы болады. 1954-1962 жылдар

арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар арасында «Социолистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесшісі болып жұмыс істейді. Тұңғыш өлеңі 1948 жылы жарық көреді.

Амангелді Ғабиден:

Сырымда осы, жырымда осы.

Алдыңда.

Байқашы сен

Бықсыдым ба жандым ба?

Мақаңдар жоқ,

Мақаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда! – деп жарық сәулесін шашқан қазақ поэзиясының шоқ-жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туған күні.

Жәнібек Сымбат:

Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліспен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.

Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім. Шешем Нағиман Батанқызы басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасында қуана болып, маған қарай келе жатыр екен. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді» деп айтқан екен.

Алтынбекова Жангүлім : «Ғайша жеңгей»

Жүргізуші:

Жарығы күшті жұлдыздар… Бүгінде Мақатаевтың 35 мың жолға жуық өлеңі бар. Көптеген жыр жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар», «Шуағым менің», «Дариға жүрек», «Өмір дастан», «Өмір-өзен», «Аққулар ұйықтағанда» т.б. Мұқағали өлеңдерінде жазылған әндердің саны өте көп.

Атақты сазгер Нұрғиса Тілендиев бір естелігінде: «Мейлі наныңыз, мейлі нанбаңыз, сол жолы Мұқағали екеуміз тура отыз күн бойы біздің үйде өндіре жұмыс істедік. Мен отыздан астам ән шығардым. Ал сол әндердің бәріне мөлдіретіп тұрып өлең жазып шықты» — деп айтқан екен. Бірге соққан қос жүректен сол күндерде туған әндердің қатарында «Сөнбейді, әже, шырағың», «Домбыра досым», «Кел, еркем, Алатауыма!», «Сарыжайлау» секілді біртуар туындылары бар еді.

Аружан:

Мұқағалидың ақын екеніне күмәні бар ақын ағамыздың екі досы болыпты. Бірі оператор мамандығын оқыса, екіншісі коператор (бұрынғы кезде сатушы дегенді осылай атаған) болып қызмет атқарады екен. Бір күні әлгі екі досы Мұқағалиды сынамақ болып, мейрамхана жанында күтеді. Сол кезде Мұқағали осы көшеден өтіп бара жатқанда, жаңағы екі досы ақынды қолтығынан ұстап:

-Бізге дәл қазір, осы жерде өлең шығарсаң, мына ресторанға кіргізіп, тамақтандырамыз, — дейді. Сонда Мұқағали ағамыз ойланбастан:

-Оң жағымда оператор, сол жағымда коператор,

Екеуі мені ресторанға апара жатыр, — деген екен.

Ол әрі төкпе суырып салма ақын. Өлеңсіз өмір сүре алмайтын адам. Тек өлеңге ғана сүйеніп өтті. Бүкіл азығы да, ойы да, өлең еді. Егін салып, орақ орған жоқ, кетпен де шаппады. Тек өлеңмен айналыса жүріп өмірден өтті. Естуімізше ақын дүниеден өткен күні Алматыдағы қарт теректердің біріне жай түскен деседі. Осының өзі – ақ ақын тағдырын композитор тағдырына жақындата түспей ме?

Мұғалім: Мұқағалидың өлеңдерінің тақырыбы Отан, туған жер, махаббат, достық жайлы болса, келесі бір тобына поэзия, өзі туралы өлеңдерін, емхана, тағдыр,өмір мен өлім туралы өлеңдерін топтастыруға болады.Міне, осындай өмірін өлеңге,өлеңін мәңгілік өнерге айналдырған дара талант иесінің шығармалары азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді арқау ете отырып, адамдарды адалдыққа, сезім тазалығына, адамгершілікке, туған жерді қастерлеуге шақырады.Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағали да жалғыз.Сол шындықты шын жүректен түсінсек тек қана тарлан талант, жыр жампозы Мақатаев ұлт мақтанышы.Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөнібар… ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын қлт игілігіне асырып, халық арасында кеңінен насихаттау деп түсінеміз.

Өлеңнің құдіреті сізде екенін,

Білдім мен көңіл-құсқа іздетемін.

Артымда өнер қуған өрендер бар,

Деп артып кеткендейсің бізге сенім


Жырыңмен кеттің елді сусындатып,

Әр жанға ойлы өлеңнен жыр тыңдатып.

Сусындап жырларыңмен бүгін, міне

Бүкіл жас жатқа оқиды сусылдатып.

Арайлым:

«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақында өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр».

Билимхоз Аяулым:

Мұқағали – біздің заманымыздың ғажайып ақыны. Ақынның өзі «Кімде-кім шынымен менің өткен өмірімді білмек, зерттемек болса, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпасын. Мені өз өлеңдерімен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» — деген екен.

Марал: «Шеше сен бақыттысың»

Аружан : «Әй,өлең»

Жалпы, әлдебіреулер айтып жүргендей. Мақатаев тек сейіл – серуенімен ғана күн кешкен ақын емес. Оның өзінде барын өзге біреуге, сүрінгенді сүйеуге, жылағанды жұбатуға әр кез дайын тұратын мейірімі мол, бауырмал, достыққа адал азамат болғанына дәлел көп. Бір ғана мысал. Қазақтың аса талантты ақыны – Төлеген Айбергенов қыршын жасында Қарақалпақстан астанасы – Нөкіс қаласында кенеттен қайтыс болды. Сонда өзі жұмыссыз жүрген Мұқағали қалталы бір қаламгерден қарызға ақша алып, аяулы досы, ардақты ақын Айбергеновті жерлесуге көп қаламгердің ішінен суырлып шығып, Төлегеннің отбасын жұбату үшін шалғай жерге арнайы барады. Осы бір оқиғаның өзі досқа адал, қиналғанды көрсе қарап қалмайтын жомарт мінезін, даласындай дарқандығын көрсетіп тұрған жоқ па?!..

Кеңесбай Іңкәр:

Ақын жүрегі сезімтал ғой. Көзі тірісінде «Жазылар естеліктер мен туралы» деп аз ғұмырының мәңгіліктеп жалғасатынын дөп басып айтуы көрегенділік. Иә, уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатқаны ақиқат. Оның поэзиясы – халық байлығы.

Нұрдәулет : 

«Болашаққа сый ұсынған,

Жас ұрпаққа таң нұрға.

Мұқағали бар екен –ау,

Мұқағали бар, бар мұнда!

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев 83 жасқа толып отыр. Бұл – қазақ поэзиясының мерекесі «Айтып өткен ақында арман бар ма? » деп толғанған — халқымыздың асыл перзенті, өлең –жырдың дүлдүлі, ғасыр ақыны атанып отыр.

Ақынның өлең жолдары нақыл сөзге айналды!

«Адамды адам түсінбеу бір ақырет»

«Сағынышқа жаралған ғашық адам»

«Алалықты айбалта қып ұстаған,

Бұл өмірде әзәзілдің бары анық»

«Айтсын деп ақиқатты тіл берілген»

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.»

«Ақынның атақтығы атында емес,

Ақынның атақтығы арда ғана»

«Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» арнау өлеңдер

Мұғалім : Мұқағали Мақатаев — бүгінде бүкіл халықтың

сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақыны. Ақын жүрегін жарып шыққан

ойлы жырлар кім-кімнің де көңіл пернесін дөп басып, жанына

майдай жағып, сыр бөлісуге шақырып тұруы қандай ғажап!

«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни

адаммен, табиғатпен бірге өлетініне — кәміл сенемін. Адамзат

жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам

қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сенікі» ,- деп өзі күнделігінде

жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді.

Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен

өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.

Ақын ағамызға жыр арнаймыз! Жас толқынға сөз береміз! ( Данияр, Элмира)

Қасымов Алим: Мұқағали атамызға арнау!

Амантай Іңкәр: «Мұқағали рухымен сырласу»

Айдана: «Ақынның қолжазбасы»

Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді.Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.

Мұқанның Фаризаға арнаған өлең-хаты халық арасында көп аңыздар туғызып, түрлі хикаяларға желі болып келді. Бірақ мұнда Фаризаның «еңбегі» жоқ, бұл – халықтың өзінің ұлы перзентіне деген махаббатынан туған әңгімелер. Шын мәнінде екі ақынның арасында поэзия деп аталатын құдіреттен таралған шынайы сыйластық болды, достық болды. «Фариза қыз» деп аталатын өлең жайлы Фариза өзі былай дейді:

-Бір жылы іс-сапармен Бакуге баратын болдым. Жүрер алдында редакцияның хат бөлімінің қызметкері 5-6 хат әкеліп берді. Арасында біреуі тым қалыңдау екен, әдеттегі басқа хаттарға ұқсамайды. Адрес көрсетілмеген. Ашып қарасам, қолмен жазылған өлең. «Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз» деп басталатын ағыл-тегіл шумақтар. Хат Мұқаннан екен, алқымыма тығылған жұдырықтай кесекті жұта алмай, көзімнен шығардым. Сол түні Бакуге ұшуым керек еді. Үйге кеп, жолға жиналып жатсам, кешкі 8.30 шамасында біреу телефон соғады. Лашын жеңгей екен. –Ағаң саған хат жазып жіберіп еді, соны алдыма, алмадыма деп қайта-қайта маған айтып мазасызданып жатыр. Ауырыңқырап тұр ағаң, ауруханада… –деп, жеңешем сөзінің соңын жұтып, бәсең сөйледі. Мен хатты бүгін алғанымды, өзім

жолға кетіп бара жатқанымды, келгесін өзім соғатынымды айтып хош айтыстым. Адамның онсызда қысқа ғұмыры тек өкініш пен қоштасудан тұратындай көрінеді маған. Егер мен сол жолы Мұқағали ақынның

аласұрып дүниеден бір жылылық көріп кетуді армандап жатқанын ұққан болсам, мен ешқайда бармай, жанына барып, маңдайына тигізген алақаным арқылы жанымның бір жылуын тұла бойына таратпас па едім. Өкініштісі

сол, мен Баку сапарында жүргенімде Мұқағали ақынның өмірден өткенін естідім.

Қазақ поэзиясының ханшайымы атанған Фариза апамызда 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Аудан Аружан«Фариза қыз» видиослайд

Гүлнар: Тау биіктігімен, теңіз тереңдігімен, дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті.Оның өлеңдері туралы зерттеулер аз жазылған жоқ, ол әлі де жазыла береді.Жылдар өткен сайын биіктей түседі, биіктей береді.

Мұқағалидың өмірдегі ең соңғы өлеңі, елімен, жерімен қоштасуы «Есіңе

мені алғайсың» әнің орындайтын 9-10 сынып оқушылары.

Мұғалім: Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жаршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі — мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері – өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық

Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы өмірдегі

қандай сыйға болса да лайық дейміз

Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы,

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның,

Өлген күні болған емес болмайды! —деп бүгінгі поэзиялық кешімізді аяқтаймыз. Барлықтарынызға алғыс айтамын , Хош сау болыңыздар!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!