МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВҚА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВҚА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ

Материал туралы қысқаша түсінік
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВҚА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢ
Материалдың қысқаша нұсқасы



МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

( арнау)


Еске алсам жүрегімнен наз ақтара

Нар тұлғалар ұмытылмас аз-ақ қана!

Табылып,зар заманда жетелеген

Түнектегі түнерген қазақты алға.


Азаттықты аңсатып зарықтырған

Заман-ай аз қазақты тарықтырған.

Келешек ұрпақ үшін құрбан болды

Көзінде оты барлар жанып тұрған.


Алаш орда қазаққа таныс бәрі

Айбатты арыстандай арыстары

«Мен жастарға сенемін»деген сөзбен

Сенім кілтін ұрпаққа табыстады


Өмірін өз еліне тәрік еткен

Бай баласы жамылмай,мамық,шекпен

Алаштың қадірлісі Мағжан еді

Жұлдыз болып қазаққа жарық еткен


Өшпейтіндей өлең жаздың рухты

Жігер беріп,ұрандайтын ұлықты

Абай мен Шәкерімнің ізін қудың

Лайламай келе жатқан тұнықты


Шуақ шашып,атса екен күнім деп

Аңсап кетті менің ана тілім деп

Өр рухты,өлеңдерің ұрпаққа

Нұрлы жұлдыз бабам тілін тұр үндеп


Ден қойдың,естіп назды,азап үнді

Айырбастап жастық шақ базарыңды

Жастарға жалындаған жігер беріп

Ойладың қалың орман қазағымды


Мұнарланған бір тылсым күнді көріп

Табылған жүрегінен бірлік,ерлік

Мағжан ата есімің қала берет

Жастарға қазыналы үлгі болып


Тар қапаста сағындырып,бір алыпты

Мойныңа салып еді ау бұғалықты

Еске алып қалың елің міне бүгін

Жүрегімен сезініп жыр ағытты


Зар заманды белестерде қалдырып

Шуақ шашты тәуелсіздік таң күліп

Аты өшпей тұра берет ерлердің

Тауларында қайталанып жаңғырып.

Тілеуберді Алданышұлы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2024
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі