Тақырыбы:
Мағжан Жұмабаевтың «Балалық шағы»
өлеңінің бүгінгі күнмен үндестігі
Мазмұны
І.Кіріспе бөлім
1.1. Мағжан Жұмабаев өлеңдеріне жалпылама шолу.
ІІ. Зерттеу бөлімі
-
«Балалық шағы» өлеңінің мазмұндылығы.
-
Бала бейнесінің бүгінгі таңдағы көрінісі
-
Қазіргі баланың моделі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абстракт
Зерттеу өзектілігі – Абай салған даңғыл жолды жалғап, бүгінгі күнге анық қалуға жарайтын сөз қалдырған қазақ поэзиясының хас шебері, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың ақындық, азаматтық тұлғасы өз бағасын алды.Ақын поэзиясындағы түркілік жіне алаштық идея өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұрандарына айналды деуге болады. Ақын өлеңінің осынау қазақ елінің жастарын рухани құндылықтарға, жан азығына, болашақтың бағдаршамына айналғаны.
Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет етеді.Зерттеу жұмысының күрделі тақырыпты ашуға бағытталуы тақырыптың өзектілігін де айқындап тұр.
Зерттеу мақсаты – Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы бала тәрбиесінің құндылықтарын зерделей келе, қазіргі ұрпаққа өткеннің тәжірибесін бойға дарыта отырып ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
Зерттеу нысаны - Мектеп оқушылары, Мағжан Жұмабаев «Балалық шағы» өлеңі, шығармалары.
Зерттеу құрылымы- Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы – Мағжан өлеңдеріндегі тәрбие құндылықтарын зерттеп, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын басшылыққа ала отырып, салыстырмалы мониторинг жүргізу арқылы, қазіргі таңдағы баланың моделі ұсынылады.
Зерттеу әдістері - Осы зерттеп отырған мәселеге байланысты Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарын дамытудың жолдарын талдау, қазіргі қоғамның өтпелі кезеңіне сай әдістерді қолдануға бағытталған: оқушылармен, ұстаздармен сұхбаттасу, бақылау жүргізу, мұрағат материалдарын саралау және тағы да басқалары.
Абстракт
Актуальность абстрактного исследования - поэтическая и гражданская личность Магжана Жумабаева, мастера казахской поэзии, яркого представителя движения Алаш, соединившего аллею, построенную Абаем, и оставившую неизгладимое впечатление. Идея тюркского и алашского в стихах поэта дала молодому поколению жизненную энергию и неугасимое пламя, и сегодня она стала девизом жизни. Поэма поэта стала духовной ценностью, пищей для души, маяком будущего для молодежи этого казахского народа. Гражданский голос Магжана акына, национальная идентичность, его вклад в духовность нации, поднявшие важнейшие проблемы его времени, требуют особого изучения в сегодняшнем контексте. Направленность исследования на открытие сложной темы определяет актуальность темы.
Цель исследования – продолжить преемственность поколений, изучать ценности воспитания детей в творчестве Магжана Жумабаева, прививать нынешнему поколению опыт прошлого.
Объект исследования - школьники, произведения Магжана Жумабаева «Балалық шағы».
Структура исследования - исследование состоит из введения, основной части, заключения, списка использованной литературы.
Новизна исследования заключается в изучении образовательных ценностей в стихах Магжана, модели современного ребенка посредством сравнительного мониторинга, ориентированного на ценности идеи «Вечной страны».
Методы исследования - анализ способов развития педагогических взглядов Магжана Жумабаева на предмет, использование методов, соответствующих переходному периоду современного общества: интервью со студентами, учителями, наблюдение, анализ архивных материалов и многое другое.
Abstract
Relevance of abstract research is the poetic and civil personality of Magzhan Zhumabayev, a master of Kazakh poetry, a bright representative of the Alash movement, who connected the alley built by Abai and left an indelible impression. The idea of Turkic and Alash in the poet's poems gave the young generation vital energy and an unquenchable flame, and today it has become the motto of life. The poet's poem has become a spiritual value, food for the soul, a beacon of the future for the youth of this Kazakh people
Magzhan's civic voice, national identity, and contribution to the nation's spirituality, which raised the most important issues of his time, require special study in today's context. The focus of research on the discovery of a complex topic determines the relevance of the topic.
The purpose of the research is to continue the continuity of generations, to study the values of raising children in the works of Magzhan Zhumabayev, to instill the experience of the past in the current generation.
The object of research is students, works of Magzhan Zhumabayev "Childhood".
Research structure - the research consists of an introduction, main part, conclusion, and list of references.
The novelty of the research lies in the study of educational values in Magzhan's poems, the model of a modern child through comparative monitoring, focused on the values of the idea of "Eternal country".
Research methods-analysis of ways to develop Magzhan Zhumabayev's pedagogical views on the subject, the use of methods that correspond to the transition period of modern society: interviews with students, teachers, observation, analysis of archival materials, and much more.
Кіріспе
Абай салған даңғыл жолды жалғап, бүгінгі күнге анық қалуға жарайтын сөз қалдырған қазақ поэзиясының хас шебері, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың ақындық, азаматтық тұлғасы өз бағасын алды.Ақын поэзиясындағы түркілік жіне алаштық идея өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұрандарына айналды деуге болады. Ақын өлеңінің осынау қазақ елінің жастарын рухани құндылықтарға, жан азығына, болашақтың бағдаршамына айналғаны.
Қоғам қайраткері, ақын, ұлт жанашыры, қайталанбас тұлға Мағжан Жұмабаев – қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат. Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол – ол оқырмандарының бойына рух, жанына жігер береді, өмірге деген құлшыныстарын арттырады. Көптеген шығармаларында жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтуге жанын салып, ұлтжандылық сезімін арттырады. Ақынның өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелей отырып, білім алуға, талапты болуға үндейді.
Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі – ел мен жер тағдыры, өмірге құштарлық, туған табиғатқа, жер-анаға іңкәрлік, құрмет. Ақын қаламынан шыққан әртуынды ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жазылған. Оқырманын бейжай қалдырмайды, өлеңдері сырлы, сазды, көркем.
Осы орайда Ж. Аймауытов ақын жайлы: «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді,» - деп дәл лайықты бағасын берген екен. Ақын «Балалық шақ» өлеңінде ойын балаларына білімнің адам болып қалыптасуымызға тигізетін пайдасын жеткізе келе, балалық шақтарынан бастап оқу-білімге көңіл бөлу керектігін уақытты тек өткізбей, бойға тек жақсылықты ғана сіңіруге шақырады.
Негізгі бөлім
Біз ақынның өлеңдерін бастауыш сыныптан бастап оқып келеміз. Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», «Мен кіммін?», «Жылқышы», « Қысқы жолда» т.б өлеңдерін оқығанда, білімге ынтығып, сүйсініп, ерекше әсерге бөленесің. «Қазағым», «Әже», Туған жер» өлеңдерінде ой иірімдері келешек ұрпақты өмірдің жақсылығына, игі істеріне жетелейді. «Қазақ тілі» өлеңінде қазақ халқына қауіп төнгенін, күш кемігенін, қыран түсті қанаты қырқылғанын, ерлік, елдік, бірлік,қайрат,бақ, ардың жойылғанын жазып, қандай қиын жағдай болмасын өз ана тіліңді ұмытпауды , басқа тілге ауыстырмауды үйретеді. Әрқашан бұлыңғыр, қараңғы, суық түннен міндетті түрде жарық, жылы күн шығатынын шеберлікпен өрнектеген. Мағжанның «Немере мен әжесі» өлеңін рөлге бөліп оқи отырып, мазмұнын жеңіл түсінеді. Мұнда немересі әжесінен: «Көк деген не, жұлдыз не, теңіз не, тау не, шөл не деп,өзіне таныс емес сұрақтарды қояды. Әжесі бұл сұрақтарға жауап бере алмай «мектепке оқуға бар, сонда бәрін білесің» деп ақыл береді. Ақын әжесі мен немересі арасындағы сұрақ жауапты жеңіл де көркем тілмен әзілдеп жеткізе отырып, немересіне жанын үзетін әженің тәлімі, тәрбиесі байқалады. Мағжанның орыс ақындарының ықпалымен жазылған өлеңдерінен басқа қазақ рухында жазылған шығармаларынан оның ақындық күші де молырақ көрінеді.
Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Көптеген шығармалары жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Оған дәлел болатын өлеңдері көп, соның бірі - «Балалық шағы» өлеңі.
«Балалық шағы» атты өлеңін ақын адамзаттың ең бір алаңсыз, қызыққа толы кезеңіне арнайды. Өлеңде жүрекке жылы, көзге таныс сурет бар. Ол былай басталады:
Балалық шағы –
Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Бұл жерде өлеңді оқи отырып, халық даналығы еске түседі: «Балаңа беске дейін патшаңдай қара, он беске дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай бағала». Ақын балалық шақты патшаның тағы деп отырғаны, біздің ойымызша, қазақ халқы баласын жоғарыда айтылғандай, патшасындай еркелетіп, төбесіне көтерген. Перзентін еркелете отырып, жөнсіз бетімен жібермеген. Ес жия бастағаннан еңбекке үйретіп, ата-анасына қолқанат болуға баулыған. Ал он беске толғаннан бастап, ақылдасып, ой бөлісіп, үлкен азамат ретінде сыйлаған. Біздің ойымызша, Мағжан осы өлеңінде халық даналығын басшылыққа алған. Оның ойынша, ақын сөзімен таратсақ:
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл –
Ерікке қоймай ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Яғни, балалықтың бал татыған шағы тез өтеді, қамсыз бос еркелікпен уақыт өткізсең қапыда қаласың дегенді білдіреді. Ақынның түпкі ойы – әр қазақтың баласы алаңсыз жүрмей, білім үйреніп, уақытты жіберіп алмауы қажет. Себебі, сусылдаған уақыт тоқтамайды. Абайша айтсақ: «Қолыңды уақытынан кеш сермесең» қатарыңнан қаласың.Бұл ойды өлеңнің келесі жолдарынан байқаймыз:
Жастық деген – бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық – алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл!
Біздің ойымызша, Мағжан ақын адамның жастық шағын алтынға бағалай отырып, осы уақытта адамның үйренетін, оқып-тоқитын, өнердің түрлерін игеретін уақыт екенін ерекше көрсетеді.Балалық пен жастық шағын тек ойын-күлкімен өткізбей, білім алуға жұмсағандардың алды жарқын екендігін нақты дәлелдейді. Бірақ, кейбір жастардың осы уақытты санасыз, бос іс-әрекеттерге жұмсауын (жалқаулық, еріншектік т.б.) надандыққа балайды. Надандықтан жиреніп, алға ұмтылып, қазіргіше бәсекеге қабілетті, табысты, өнерпаз тұлға болып қалыптасуға үндейді.
Мағжан атамыздың ақындық шеберлігіне таңдай қақпасқа амалың жоқ, өйткені осы бір төрт шумаққа қазақтың бар болмысын сыйдыра қойған.
Бүгінгі күні ақын өлеңдерінің ішінде «Балалық шағы» өлеңі әр қазақ баласына ерік жігер беретін, рухты көтере алатын өлең деп айта аламыз. Бүгінгі күні де ақын өлеңдері өз өміршеңдігін жоймақ емес, себебі заманға сай өзекті мәселелерді қаузайды. Технология түрлері қарқынды дамыған заманда білімге құштар болмауға, алға ұмтылмауға болмайды. Оны өлеңнің келесі шумақтарынан байқаймыз:
Білімсіз – есек,
Опасыз десек,
Сөйлеп, күліп жүрсе де.
Өлікпен тең,
Ит-құсқа жем,
Тірі боп ғұмыр сүрсе де.
Сондай болма қарағым,
Даяр болсын жарағың! Мұндағы ой – білімсіз адам есекпен тең, оның бойында адами қасиеттер аз, еліне, жеріне деген сезімі таяз, кім-көрінгеннің жетегінде жүретін «ит-құсқа жем» опасыз жан. Жай ғана өлместің күнін кешіп жүрген пенде. Ақын балаларды мұндай болудан аулақ болуға шақырады. «Білімсіз – есек» болмаудың жолы – білім алып, алған өнегесін елінің, Отанының пайдасына жұмсау, адамша өмір сүру. Ол ойды келесі жолдарда көреміз:
Білген жан – көсем!
Сөйлесе шешен,
Жұртты аузына қаратар.
Істегені – өрнек,
Қор қылмас ермек,
Нәрсені іске жаратар.
Білімдінің сөзі ем,
Мейірімі көп, етек – кең!
Сыбаға сақтаулы,
«Пәлі!» деп қаррсы алар.
Іс қылар тежеп,
Жан-жүрек өжет,
Бет келгенді арсалар.
Қайда барса – сыйымды,
Білімі – мал, бұйым-ды!
Сонымен қатар сезімінің бүкпесіздігіне назар аударту үшін, өлеңнің әр шумағының соңына «неге екенін білмеймін» сөзін қайталау амалын қолданады. Бұл әдіс өлеңнің көркемдік қуатын одан сайын арттырып, оңай есте сақтауға әсер етіп тұр.
Өлең 4 шумақтан, әр шумақ 7 - 8 буынды 9 тармақтан тұрады.
1 шумақта күңгірт эпитетін жалаң қолданбай, күлдей теңеуімен тіркестіру арқылы күлдей күңгірт шаш деп анасының шашының ағаруға жақын қалғанын, әбден қартайғандығын шебер суреттейді. Көз дегенің – сұп-сұр көр тармағында көзді көрге ауыстыру арқылы метафора жасап, ана жанарының тас қараңғы соқыр екенін және оны сұп-сұр эпитетімен ұтымды үйлестіріп, сұп-сұр көр деп көрдей қараңғылықта өмір сүріп отырған ана бейнесін көз алдыңа әкеледі.
Қарапайым сөздер Мағжанның ақындық шеберханасынан асыл – жақұттай жарқырап, сан құбылып басқа өң мен түрге малынып шығады. Оған дәлел 2 шумақтағы көк нұр, жұмақ жыр, жалынсыз, усыз құшақ, жабайы ғана жар секілді эпитеттер мен жыландай, құрандай теңеулерінің ақын жарының бейнесін көркем сомдауға қызмет етуі.
3 шумақта басқан, киген, көрген, жүрген, өрген деген есімше тұлғалы етістіктерді өзге сөздермен тіркестіре отырып,
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген,
Жүрген ескі заңымен, - деуі арқылы сол кездегі халқының, яғни Алаштың келбетін шынайы, дәл жеткізе білген.
Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы, - деп келетін соңғы шумақтағы сағымның сайран құруы өте ыссылықты, боранның ұлып тұруы өте суықты бейнелеп туған жер табиғатын паш етеді. Бұдан кейінгі қысты кебінге, жазды сарыға ауыстыру арқылы жасалған метафора (сары деп шөптің сарғаюы қуаңшылықты айтып тұрса керек) алдыңғы жолдарды одан сайын айқындап, бояуын қанықтыра түскен.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,- тармақтарында жоқ сөзін қайталау арқылы өзінен кейінгі тұрған мәңгі өлік тіркесінің мағынасын айқындауға тамаша жымдастыра білген және Сарыарқаның сүреңсіз кейпін көрсеткен. Менің ойымша, ақын дәл осылай табиғатты бейнелеу арқылы, біріншіден, елінің ештеңеден бейхабар, тыныш, айқай-шусыз қалың ұйқыда жатқанын айтқысы келсе, екіншіден, өліктей суық болса да, мен елімді шексіз сүйемін деп өзінің махаббатының құдіреттілігін жеткізгісі келіп тұр. Әйтпесе туған еліміздің сұлулыққа тұнып тұрған жерлері көп емес пе?
Әр шумақтағы 7 тармақтың анам бар, жарым бар, елім бар, жерім бар деп бар сөзінің қайталануы да өлеңге ырғақты әр беріп тұр.
Қазіргі жастар, яғни біздер де анамызды сүюден басталатын Отанымызды шексіз сүйеміз. Әр бала мен осылай сүйем деп айта бермесе де, өз елін риясыз сүйетініне шүбәм жоқ. Мағжанның бұл өлеңі әр қазақ баласының жүрегінде бұғып жатқан туған жерге деген ұлы сезімді дөп басқан деп айтар едім. Сондықтан Мағжан атамыздың «Балалық шағы» өлеңі бүгін де, ертең де, кемел келешекте де жүрегі қазақ деп соққан әр азаматтың отансүйгіштік рухын көтеріп, жігер беруге қызмет ете беретіні сөзсіз.
«Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден-бір жолы – бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді», - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі жас толқынның бойына отаншыл сананы қалыптастыру екенін бәріміз де білеміз.
1913-1916 жылдар аралығында Мағжан Жұмабаевтың ақындық, азаматтық тұлғасы қалыптасып, Омбыда «Бірлік» атты қоғам құрылып, сол қоғамның «Балапан» деген қолжазба журналына редакторлық қызмет етеді. Өзінің баласы болмаса да, өзге балаларға аталық махаббатын аяған емес. Ақынның балажандығы оның шығармаларында айқын сезіледі.
Ұқыптылық,
жинақылық,
тазалық
Дұрыс
тәрбие беру
Тұлғалық қасиеттері қалыптасқан өнегелі жеке тұлға
Мағжан ата қазақ балалар әдебиетінің іргетасын қалауға өз үлесін қосты.Балаларға көптеген маржан жырларын арнады . Сонымен қатар ғылыми еңбектер, оқулық, әдістемелік құралдар жазды. «Педагогика» кітабын ұлы Абайдың: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзі күллі ұстаз қауымына айтылғаны тегін емес.Қазақ баласын тәрбиелеуде бұл кітаптың қазіргі күнге дейін таптырмайтын құрал екені баршаға мәлім.
Ақынның алдына қойған мақсаты: бала дүниетанымын байыту, жас жанның жүрегінде құлықтылық,, ізгілік, адамгершілік қасиеттерінсіңіру және осы қасиеттерді бала бойы мен ойына ойнап жүріп дарытатындай, ауыл балаларының ұлттық ойындарына еңбек тақырыбын да көтереді. Мысалы ауыл балалары қардан аққала соғып, қардан үй жасап еңбектенеді. Бір –бірімен асыр салып ойнап жүріп еңбектенуге үйренеді. Мағжан – ұлт ақыны. Қай ұлттың да ақыны алдымен өз топырағынан жаралады, сол топырақтан нәр алады. Туған халқының басындағы ауыр халді, мұңдана жырлаған жырларының өзін оптимизммен қорытып отырады.
Ақын қандай тақырыпты жырласа да ,бәрі «мен- Мағжанмын» деп мұндалап тұрады.Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы ұстаз Мағжан Жұмабаевтың өмірі , еңбек жолдары және шығармалары жайлы дәріс беретін «Мағжантану» курсы оқушыларға ақынның шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларын жете түсінуге мүмкіндік беріп отырады.
Ж.Аймауытов былай деген екен: «Мағжан сөзінде тілге жұмсақ,жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез, қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес.Қай өлеңін оқысаңыз да,әлде өкіндіреді,әлде мұңайтады,әлде жылатады, ,әлде есіркетеді,әлде жігер береді». Мағжан-қазақ ұлтының ұлы ақыны.Ол-халқын шын сүйген,сонымен бірге күйінген,аянышты ел күйін көріп күйректікке,сезімталдыққа берілген шын халық досы.
Қазақ балалары Мағжан поэзиясын енді ғана тұшына оқып, «мың қайталап», жанына ләззат тауып жатуының сыры осында. Ақынның шығармалары оқушыларды қызықтырады, себебі өмірді тануына, сонымен қатар, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Өткенді білмесек, бүгінді қалай танимыз, ертеңге қалай қараймыз, болашақты қалай болжаймыз? Осы тұстағы ақынның қасиеті заманға жаңғырық, маңызы зор оқиғаларға айна болып, тарихи із, мәдени мұра қалдыруында. Мағжан ақын да өз елі тарихынан осындай мұра қалдырып, кемеңгер ойшыл ретінде келешек ұрпаққа аманат қалдырды. Ақын жастық шақтың жалынын, қайрат-қажырын қасиетті, қастерлі іске жұмса, көңілің де, көзің де тоятын, жаның семіретін игілігі, шарапаты мол оқуға, оны әдемілеп көкірегіңе тоқуға арна деген ойды шегелеп айтады. Сәулесі мол салмақты сөздерді меруерттей тізіп, сан алуан ұзынды-қысқалы мәнерлі тізбектер жасап, балқыған қорғасындай тіл материалдарын әсемдік заңымен, шеберлік қалауымен мағыналы, жарасымды құйып, жүрекке ұялата білген. «Мағжан Жұмабаев – біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шындарымыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу – біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ»,-деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең деген құдірет арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы мәселені ашуға бағытталған.Ел алдындағы басты мұрат – тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы – өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі «Балалық шағы » өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған.Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлеңнен аламыз. Ақын айтқандай, желбіреген тәуелсіздік туы ел тағдыры үшін жанын пида еткен құрбандардың тікелей бастауымен келді. Сауатсыз қарапайым қара халықтың сауатын ашып, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға айналдырды. Талай жылдар бойы қазақтың қанындағы надандықты түп-тамырымен жоюға ұмтылып, болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылды. Міне, араға көп жылар салып бұл арманы да орындалды. Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғауының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүю кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.
Қазіргі заманда оқушы болу қиын. Олай дейтінім қазіргі балалардың психологиясы кеңес үкіметіндегі балалармен салыстырғанда ерекшеліктерді байқауға болады. Технологияның дамуы ма, әлде экологияның әсері ме, мүмкін тәрбиелік жұмыстардың аз жүргізілуі болар балалардың санасын өзгертіп жатқан. Қазіргі оқушылар бай, кедей, былайша айтқанда кімде айпад, кімде планшет бар, кімде жоқ, кім әдемі "форма" киеді, кімдікі "сәнді" емес болып бөлініп келеді. Ал бұрынғы әке-шешелеріміздің суреттеріне қарап отырсақ бәрінде стандартты форма фартук, аяқтарында "герзовый" етік. Ол кезде ешкім ешкімнің "герзовый етігіне" күлмеген екен. Сабақтың үстінде еш қысылмай, қымсынбай планшеттерінде ойын ойнап отыра береді дейді інім сыныптастарын. Ал оны мұғалім де тартып алып қоймайды. Себебі бұл "ойыншықтардың" бағасы олардың жалақысынан да көп. Солайша ол оқушыға тиіспейді, оқушы да "сен тимесең мен тиме" деп жайбарақат ойынын жалғасытыра береді. Ал қазіргі оқушылар арыз- шағымды "соттағы жәбірленуші тарапының адвокатынан" артық айтады. Бұрын мұғалім ата-ананы шақырып, баланың күнделігіндегі "2" бағасын көрсетіп, оларды ұялтып жатушы еді, қазір керісінше ата-ана сол бағаны мұғалімге көрсетіп, түсіндірме талап етіп жатады.Осындай жайттарға куә бола отырып, қазіргі бала, яғни мектеп оқушыларының бейнесін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сауалнама
1.Бос уақытыңды қалай өткізесің ?
2.Досыңның қандай болғанын қалайсың?
3.Үй шаруасына қаншалықты уақыт бөлесің?
4.Сенің ермегің?
5. Табысты адам қандай болуы керек?
6. Көмек керек болғанда неге немесе кімге жүгінесің?
7. Жаңа достармен қайда танысасың?
8. Әлеуметтік желіге қанша уақыт бөлесің?
9. Қандай кітаптар оқисың?
10.Болашақта қандай маман болғың келеді?

Қазіргі баланың моделін жасауда сауалнама арқылы мониторинг жүргізілді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша қазіргі балалардың бойында мынадай қасиеттердің бар екендігі анықталды.Жағымды тұстары: қамқор, ата-ана мен досқа деген қарым-қатынасы, білімді, бәсекеге қабілетті, алған білімін өмірде қолдана алатын, жаңа технологияларды меңгерген, жаңалыққа құмар, табысты болуға ұмтылатын қасиеттерге ие. Алтынсарин әңгімесіндегі бала бейнесімен салыстырмалы түрде алсақ, қазіргі балалардың әдеби кітаптарды оқуға қызығушылығы төмен, әлеуметтік желіге тәуелді, өз ойын жеткізуде сөздік қоры аздау, еңбекке бейімделмеген, кәсіп таңдауда табысы мол, қиыншылығы аз мамандықтарды игергісі келеді.
Сонымен қатар, біздің еліміз әлем бойынша бала тәрбиесі жөніндегі 72 ел қатынасқан рейтингте тізімнің соңынан орын алған.Бұл көрсеткіш бүгінгі таңда ұлттық тәрбиенің бәсеңдегенін көрсетеді.Оқырмандардың пікірін сараптап қарайтын болсақ, 80 пайызы бала тәрбиесінің ата-ана тарапынан тыс қалғандығын мойындаған. Өкінішке орай, біздің еліміз ең соңғы орынға ие болды.
Қорытынды
Қазіргі заманның өткен жиырмасыншы ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері жер мен көктей десек те болады. Жиырмасыншы ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата- аналармен жарыса сөйлей кетеді.
Қазіргі балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Көп ата-аналар «жұмыстан қол тимейді» деп , бала тәрбиеіне көп зейін бөлмей жүргені анық. Өткен ғасырда да ата-аналар жұмыс жасады, бірақ ол кезде бүгінгі таңдағыдай болған жоқ. Мысалы: теледидардан санаулы ғана мултьфильмдер көрсететін, атыс-шабыс киноларды сирек көрсететін , компьютер, неше түрлі ойын-жабдықтары, т.б. жоқ болатын. Ал, қазір соның барлығы кез-келген үйден табылады. Бала сабақтан келе -сала теледидар алдына немесе компьютер алдында отырады. Оның өзі қаншалықты зиян екенін біле тұра солай. Әрине, заман талабына сай білу керек, бірақ шектеулі түрде болғаны дұрыс.
Ата- ана болғандықтан бала үшін жауап беруі міндетті.Әр баланың жақсы тәрбие алып , жақсы азамат болып өсуіне әке-шеше өз- ықпалын тигізуі керек. «Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет» мақалына сүйене отырып , сыйластық, адамгершілік, ізеттілік, мейірімділік, кішіпейілдік және тб. қасиеттерді түсіндерсе, «Отан – оттан да ыстық» деген даналықтын астарында отан сүйгіштік , патриоттық , адалдық қасиеттерге тәрбиелеп, мән- мағынасын, астарлы ақитатын айту керек . Сол сияқты «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Қызды қырық үйден тыю» деген мәтелдердің астарында терең ой жатыр . Қазақтың мақал- мәтелдерінің , аталы сөздерінің тәрбилеләк мәні зор.
Қорытындылай келе қазіргі заманғы балалармен бұрынғы заманғы бала тәрбиесі айырмашылығы жермен көктей. Бұрынғы балалардың рухани байлығы мол болған. Үлкеннің ақылын тыңдау , үлкенді құрметтеу сияқты қағидаларды берік ұстанған. Бірақ көбісі хат танымаған, оқымаған. Ал қазіргі балалар өз замандарына сай біліммен ғылымды бірінші орынға қойған. Қазіргі заман бәсекелістікке қабілетілердің замандары.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңда заманымыздың басты талаптарына айналып отырған рухы биік, елжанды ұрпақ тәрбиелеу ісінде, Мағжан өлеңдерін пайдаланудың маңызы ерекше.Көргенді ұрпақтан, көреген дана халық тарайды. Баланы жастайынан барымызды бағалай білуге, жақсымызды өнеге тұтып, одан сабақ алып, нәтиже шығаруға баулысақ, еңбегіміздің жемісті болары анық. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы келешек ұрпақты тәрбиелеу жолында үлгі-өнеге болып, ұстаздар қауымына әлі талай еңбек етері сөзсіз. Мағжан Жұмабаевтың «Балалық шағы» өлеңінің бүгінгі күнмен үндестігі атты жобаны қорытындылай келе, бұрынғылардың рухани байлығымен,қазіргілердің білімдерін байланыстырсақ нұр үстіне нұр болар еді.Сонда ғана «Мәңгілік Ел» бола аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 89-б, 2002 жыл;
2. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардын өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997-176 б.
3. Жүсіпбек Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» зерттеу еңбегі
4. Педагогика. М.Жұмабаев Алматы «Рауан».1993ж
5. https://adebiportal.kz/kz/news/view/14665
16
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мағжан Жұмабаевтың «Балалық шағы» өлеңінің бүгінгі күнмен үндестігі

шағым қалдыра аласыз