Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан Жұмабаевтың жұмбақ өлімі туралы танымдық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаев туралы сыныптан тыс іс-шараға арналған материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1






Ахина Жулдыз Токтасыновна


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Педагог-сарапшы


Мағжан Жұмабаевтың рухына арналған

«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»

атты танымдық сағаттың сценариі


Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Косенко Валера

Жүсіпбек Аймауытов

Мағжан - алашын жан тәнімен сүйген, азаттықты аңсаған ұлтжанды ақын.

Мұхтар Әуезов

Мағжан – поэмалар жазудың желісін қаққан адамның біреуі.

Сәбит Мұқанов

Мағжан – қобыз үнді ақын.

Рымғали Нұрғалиев

М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір.

Ғалымжан Ибрагимов


Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні.
Ілияс Омаров


«Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің ролі қандай болса, қазақ халқы үшін Мағжанның ролі сондай».

Әлкей Марғұлан

Күй ойнап тұрады, экранда М. Жұмабаев туралы қысқаша видео көрсетіледі.


Мақсаты: Ақын шығармаларын насихаттай отыра, оқушыларға

әрі қарай ізденуге бағыт беру

Көрнекіліктер: слайд, қима қағаздар.


1-Қойылым: Бала Мағжан

Сыныптың іші. Бір топ балалар сыныпқа кіреді. Шеңбер құрып тұра қалады. Орталарында-бала Мағжан.

  • Мағжан, кеше жазған өлеңіңді оқып берші!



  • Иә, иә, оқып берші.



  • Жарайды, оқысам оқып берейін.

Мағжан өлеңін оқиды.

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,                                                             

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. 

Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде 

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. 

 

Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,                                                          

Батпағында тең құрбымен алысып. 

Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз 

Үйретем деп асау тайға жабысып. 



Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,   

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес. 

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы, 

Жазу болып адамзатқа ержетпес!.. 

  • Мағжан, бұл өлеңді өзің жаздың ба?

  • Иә, түнде жаздым. Ауылды сағынып жүрмін.

  • Мен де ата-анамды сағынып жүрмін. Ауылдағы күндер қандай қызық еді, иә?

  • Иә, ауылымның көлін сағындым, шөбін сағындым.

  • Туған жерден артық жер жоқ екен...

  • Иә, дұрыс айтасың, дұрыс, дұрыс!

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі кешімізді күллі қазақ еліне танымал азамат, белгілі педагог, әйгілі ақын – Мағжан Жұмабаевқа арнаймыз.

2 - жүргізуші:  Олай болса, Мағжан Жұмабаевтың рухына арналған « Мен жастарға сенемін» атты танымдық қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Ақынның кітаптары тыйым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты.

2-жүргізуші: Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты...

Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын? Оны өзінің өлеңі арқылы білейік.

Өлең «Мен кім?»


Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген, 
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? 
Көкте - Күнмін, көпке нұрым шашамын, 
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. 
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын. 
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, 
Көз қырымен күліп қана қарармын. 
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, 
Надан адам өлім жоғын білмейді. 
Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би, 
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? 
Мейірленсем - сегіз жұмақ қолымда, 
Қаһарлансам - тамұқ даяр жолымда. 
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын! 
Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?! 
Өзім - тәңірі, табынамын өзіме, 
Сөзім - құран, бағынамын сөзіме! 
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін, 
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!

АЛАШТЫҢ АРЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ 15 ДЕРЕК

Оқушылар оқиды. Слайд ойнап тұрады. Фонда музыка

Отбасы, оқуы

1.    Әкесі Бекен дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Атасы Жұмабай қажы Мағжанды бала кезден-ақ «Мағжанның бетінен қақпаңдар. Түбінде жігіт болып шығады. Елге қадірін білдіреді. Оқытыңдар. Біздің әулетіміздің атын шығаратын осы бала», - деп үміт күткен.

2.      1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) мешіт жанында медреседе оқыды. Медреседе Фирдоуси, Хафиз, Сағди, Омар Хайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

3.      1913 жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алады. Онда белгілі қайраткерлер М. Дулатов, С. Сейфуллин, Ә. Бөкейханов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, А. Байтұрсынов сынды қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерімен таныс болады, қатынасады.

4.      Ақынынның 1912 жылы, небәрі 19 жасында Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шықты.

5.      1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

Кейін Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркем өнер институтын тәмамдады

2-Педагогика

1.      М. Жұмабайұлы 1927-1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

2.М. Жұабаев мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жазды.

3.Түрмеден босап шыққан соң, туған жері Қызылжарда қазақ мұғалімдеріне арналған арнайы курс аштыы.

4.       Халық ағарту комиссары Анатолий Луначарскийдің шақыртуымен Мәскеудегі университетте шығыс тілдері бойынша сабақ берді.

5. Ақын өзі армандаған «Алқа» деп аталатын Одақ құрды. Бірақ осы арман-мұраты ақынның түбіне жетті. Сол үшін Мәскеудегі түрмеге қамалып, 10 жыл айдауға кесілді.

5 дерек- Мағжанның оралуы

1.  Түрмеден кейін небары бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, 1938 жылы наурыз айында Жұмабаев ату жазасына кесілді.

2.  Шығармалары дүкендер мен кітапханалардан алынып, жойылды. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы шығармаларын оқуға тыйым салынды.

3.  М. Жұмабаев есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынғанмен, ақын шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады.

4.  Ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 1993 жылы Мағжан Жұмабаевтың мемориалдық мұражайы ашылды.

5. Қазақтың Пушкины атанған Мағжанды ЮНЕСКО тарапынан 2018 жылы «Мағжан Жұмабаев жылы» деп атау бастамасы сөз болды.

ЕРКЕЖАН: Бұл деректер Мағжан ақын жаулы болатын. Мағжан ақын ақын болашақтың тұтқаныс біздерге сеніп қалдырып кетті. Ақынның өз сөзімен айтар болсақ,

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН (БӘРІ ҚОСЫЛЫП АЙТАДЫ)

ҚОЙЫЛЫМ « СӘКЕН МЕН МАҒЖАННЫҢ ӘҢГІМЕСІ»

Қатысатындар: Мағжан – Ерсұлтан, Сәкен - Әлфараби

1-жүргізуші: Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды.

2-жүргізуші: Ал адам бақыты — біріншіден, анаға деген сүйіспеншіліктен басталып, адамға, елге, жерге деген сүйіспеншілікпен жалғасады.


МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІ (ҰЛДАР)

Мағжан атамыздың сөзіне жазылған «СЕН СҰЛУ» әні.

МАҒЖАННЫҢ «БАТЫР БАЯН» ПОЭМАСЫ (МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕР)

Ән «Қазағым» НҰРХАН, ЕРНҰР

МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІ (ҚЫЗДАР)

Күй «Адай»

Күй «Алаш аманаты»

Күй «Балбырауын»


«Мен жастарға сенемін» өлеңі -


ҚОЙЫЛЫМ «МАҒЖАН МЕН БАУЫРЖАННЫҢ КЕЗДЕСУІ»

  • Сымбат, Мағжан ақын 1951 жылға дейін өмір сүрген деген ақпарат оқыдым.

  • Нұрзада, сен де айтасың ау? Мағжан ата 1938жылы ақпан айында ату жазасына кесілмеп пе еді?!

  • Менің сөзіме дәлел болатын бір дерек бар.

  • Ол қандай дерек?

  • Экранға назар аударайық.

Экранда видео көрсетіледі.

1948 жыл. Ресейдің Магадан өңіріндегі Колыма лагері.

Бауыржан Момышұлы әскери тапсырмамен сол өңірге жолы түскен еді.



Мағжан рухымен сырласу

(монолог)

Нұрзада: Мағжан ата...Сізбен жақын сырласуға бола ма? Әлде баяғыдай қарам жұғып кетер деп қорқасыз ба? Жендеттердің Жо-жоқ, ата, қорықпаңыз. Сіздерді 1988жылдары ақтап алды деп оқыдық. Өлең-жырларыңызды дәріптеу дұрыс жолға қойылған. Қазір қорқатын заман емес. Біз ол заманнан өттік. Сіздерді қорқытып, үркіткен заман жоқ қазір. Қазір біздің заманымыз тыныш, сіздер алып беріп кеткен сөз бостандығы бар. Ана тіліміздің мәртебесі де жоғары орынға қойылған.

Сымбат: Сіздер туралы көп оқыдық. Өлеңдеріңіз бен өмір жолыңызды оқып үлгі алып жүрміз. Сіз жайлы түсірілген кинолар да бар. Бірақ тарихтың кейбір ашылмаған бізге жұмбақ, беймәлім тұстары көп екен.

Мағжан ата.... Тағдырың неткен ауыр еді... тіпті артыңызда ұрпақ та қалмаған екен...Өкінішті... Сан қилы тағдыр тәлкегіне түссеңіз де, қазағым деп өткен екенсіз ғой. Қазағым оянсын деп талай түндер көз майыңызды тауысыпсыз...Артыңда қалған өзіңіз сияқты от жүректі, күн нұрынан қуат алатын сіз сенген жастар бар.

Бірақ...бірақ.... өкінішке орай өз тілімізде сөйлеуге арланатын ұрпағыңыз да бар...несін жасырайын? Туған елін, жерін тастап шет ел асып кетіп жатқан қазағың да аз емес...

Абылай: Мағжан ата, бірақ мына біз, сіз артқан сенімді ақтауға дайынбыз. Ұстаздарымыз берген білім мен тәрбиенің арқасында еліміздің туын тек биіктерде желбіретеміз

Сахна сыртындағы дауыс:

Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!

ХОР. «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»


Қорытынды сөз



Shape2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2024
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12