№71 жалпы орта білім беретін мектебі
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ӨНЕР-БІЛІМ ҚАЙТСЕ ТАБЫЛАР» ӨЛЕҢІ МЕН ЗАМАН ҮНДЕСТІГІ
Авторы: Мухтарханова Зиёда
Жетекшісі: Абдунакибова З.Р
2024-2025 оқу жылы
Аннотация................................................................................................................3
Кіріспе.......................................................................................................................6
Негізгі бөлім.............................................................................................................7
-
«Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінің бүгінгі күнмен үндестігі.............7
-
Мағжан Жұмабаев тәліміндегі құндылықтар және қазіргі заман.............................................................................................................12
Қорытынды............................................................................................................16
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................,.....18
АННОТАЦИЯ
Зерттеу өзектілігі: Абай салған даңғыл жолды жалғап, бүгінгі күнге анық қалуға жарайтын сөз қалдырған қазақ поэзиясының хас шебері, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың ақындық, азаматтық тұлғасы өз бағасын алды.Ақын поэзиясындағы түркілік жіне алаштық идея өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұрандарына айналды деуге болады. Ақын өлеңінің осынау қазақ елінің жастарын рухани құндылықтарға, жан азығына, болашақтың бағдаршамына айналғаны.
Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысының күрделі тақырыпты ашуға бағытталуы тақырыптың өзектілігін де айқындап тұр.
Зерттеу мақсаты: Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы бала тәрбиесінің құндылықтарын зерделей келе, қазіргі ұрпаққа өткеннің тәжірибесін бойға дарыта отырып ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушылары, Мағжан Жұмабаев «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі, шығармалары.
Зерттеу құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Мағжан өлеңдеріндегі тәрбие құндылықтарын зерттеп, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын басшылыққа ала отырып, салыстырмалы мониторинг жүргізу арқылы, қазіргі таңдағы баланың моделі ұсынылады.
Зерттеу әдістері: Осы зерттеп отырған мәселеге байланысты Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарын дамытудың жолдарын талдау, қазіргі қоғамның өтпелі кезеңіне сай әдістерді қолдануға бағытталған: оқушылармен, ұстаздармен сұхбаттасу, бақылау жүргізу, мұрағат материалдарын саралау және тағы да басқалары.
АННОТАЦИЯ
Актуальность абстрактного исследования: поэтическая и гражданская личность Магжана Жумабаева, мастера казахской поэзии, яркого представителя движения Алаш, соединившего аллею, построенную Абаем, и оставившую неизгладимое впечатление. Идея тюркского и алашского в стихах поэта дала молодому поколению жизненную энергию и неугасимое пламя, и сегодня она стала девизом жизни. Поэма поэта стала духовной ценностью, пищей для души, маяком будущего для молодежи этого казахского народа. Гражданский голос Магжана акына, национальная идентичность, его вклад в духовность нации, поднявшие важнейшие проблемы его времени, требуют особого изучения в сегодняшнем контексте. Направленность исследования на открытие сложной темы определяет актуальность темы.
Цель исследования: продолжить преемственность поколений, изучать ценности воспитания детей в творчестве Магжана Жумабаева, прививать нынешнему поколению опыт прошлого.
Объект исследования: школьники, произведения Магжана Жумабаева «Өнер-білім қайтсе табылар».
Структура исследования: исследование состоит из введения, основной части, заключения, списка использованной литературы.
Новизна исследования: заключается в изучении образовательных ценностей в стихах Магжана, модели современного ребенка посредством сравнительного мониторинга, ориентированного на ценности идеи «Вечной страны».
Методы исследования: анализ способов развития педагогических взглядов Магжана Жумабаева на предмет, использование методов, соответствующих переходному периоду современного общества: интервью со студентами, учителями, наблюдение, анализ архивных материалов и многое другое.
ANNOTATION
Relevance of abstract research is the poetic and civil personality of Magzhan Zhumabayev, a master of Kazakh poetry, a bright representative of the Alash movement, who connected the alley built by Abai and left an indelible impression. The idea of Turkic and Alash in the poet's poems gave the young generation vital energy and an unquenchable flame, and today it has become the motto of life. The poet's poem has become a spiritual value, food for the soul, a beacon of the future for the youth of this Kazakh people
Magzhan's civic voice, national identity, and contribution to the nation's spirituality, which raised the most important issues of his time, require special study in today's context. The focus of research on the discovery of a complex topic determines the relevance of the topic.
The purpose of the research is to continue the continuity of generations, to study the values of raising children in the works of Magzhan Zhumabayev, to instill the experience of the past in the current generation.
The object of research is students, works of Magzhan Zhumabayev "Art-education".
Research structure - the research consists of an introduction, main part, conclusion, and list of references.
The novelty of the research lies in the study of educational values in Magzhan's poems, the model of a modern child through comparative monitoring, focused on the values of the idea of "Eternal country".
Research methods-analysis of ways to develop Magzhan Zhumabayev's pedagogical views on the subject, the use of methods that correspond to the transition period of modern society: interviews with students, teachers, observation, analysis of archival materials, and much more.
КІРІСПЕ
Қоғам қайраткері, ақын, ұлт жанашыры, қайталанбас тұлға Мағжан Жұмабаев – қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат. Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол – ол оқырмандарының бойына рух, жанына жігер береді, өмірге деген құлшыныстарын арттырады. Көптеген шығармаларында жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтуге жанын салып, ұлтжандылық сезімін арттырады. Ақынның өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелей отырып, білім алуға, талапты болуға үндейді.
Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі – ел мен жер тағдыры, өмірге құштарлық, туған табиғатқа, жер-анаға іңкәрлік, құрмет. Ақын қаламынан шыққан әртуынды ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жазылған. Оқырманын бейжай қалдырмайды, өлеңдері сырлы, сазды, көркем.
Осы орайда Ж. Аймауытов ақын жайлы: «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді,» - деп дәл лайықты бағасын берген екен. Ақын «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінде ойын балаларына білімнің адам болып қалыптасуымызға тигізетін пайдасын жеткізе келе, балалық шақтарынан бастап оқу-білімге көңіл бөлу керектігін уақытты тек өткізбей, бойға тек жақсылықты ғана сіңіруге шақырады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
-
«ӨНЕР-БІЛІМ ҚАЙТСЕ ТАБЫЛАР» ӨЛЕҢІНІҢ БҮГІНГІ КҮНМЕН ҮНДЕСТІГІ
Біз ақынның өлеңдерін бастауыш сыныптан бастап оқып келеміз. Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», «Мен кіммін?», «Жылқышы», « Қысқы жолда» т.б өлеңдерін оқығанда, білімге ынтығып, сүйсініп, ерекше әсерге бөленесің. «Қазағым», «Әже», Туған жер» өлеңдерінде ой иірімдері келешек ұрпақты өмірдің жақсылығына, игі істеріне жетелейді. «Қазақ тілі» өлеңінде қазақ халқына қауіп төнгенін, күш кемігенін, қыран түсті қанаты қырқылғанын, ерлік, елдік, бірлік,қайрат,бақ, ардың жойылғанын жазып, қандай қиын жағдай болмасын өз ана тіліңді ұмытпауды , басқа тілге ауыстырмауды үйретеді. Әрқашан бұлыңғыр, қараңғы, суық түннен міндетті түрде жарық, жылы күн шығатынын шеберлікпен өрнектеген. Мағжанның «Немере мен әжесі» өлеңін рөлге бөліп оқи отырып, мазмұнын жеңіл түсінеді. Мұнда немересі әжесінен: «Көк деген не, жұлдыз не, теңіз не, тау не, шөл не деп,өзіне таныс емес сұрақтарды қояды. Әжесі бұл сұрақтарға жауап бере алмай «мектепке оқуға бар, сонда бәрін білесің» деп ақыл береді. Ақын әжесі мен немересі арасындағы сұрақ жауапты жеңіл де көркем тілмен әзілдеп жеткізе отырып, немересіне жанын үзетін әженің тәлімі, тәрбиесі байқалады. Мағжанның орыс ақындарының ықпалымен жазылған өлеңдерінен басқа қазақ рухында жазылған шығармаларынан оның ақындық күші де молырақ көрінеді.
Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Көптеген шығармалары жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Оған дәлел болатын өлеңдері көп, соның бірі - «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі.
Өлеңнің тақырыбы – өнер-білім табу. Себебі ақын өнер-білімсіз адамның тұлғалық келбетінің ойсырап тұратынын жақсы түсінген және түсіндіріп бере алған. Ақын осы өлеңінде өнер-білімді табудың жолдарын нақты көрсетіп береді.
Еңбекқор болу.
Уақытты босқа өткізбеу.
Жеңіл жүріске салынбау.
Іздену.
Қайғыға салынбау.
Әділ болу.
Өсектен алшақ болу.
Жамандыққа жуымау.
Өзін өзгелерден артық санамау.
Қолда барды бағалау.
Білімді адамдарды үлгі тұту.
Насихат сөздерді ескеріп жүру.
Көзі ашық адаммен дос болу.
Надан адамдармен араласпау.
Білімді болу.
Өнер-білімді бағалау.
Тура жолдан таймау.
Жарты жолда қалмау.
Ең алдымен, еңбекқор болу. Еңбек етпеген адам жетістіктерге қол жеткізе алмайды. Ал адал еңбек жетістікпен бірге абырой сыйлайды. «Ер жігіт өнер табар ерте қуса, Ерініп шаршамастай, белін буса».
Уақытты босқа өткізбеу. Жетістікке жетем деген адам уақытын бағалай білуі керек. «ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей».
Жеңіл жүріске салынбау. Жасырудың қажеті жоқ, кейбір жастар аздаған жетістікке қол жеткізіп алғаннан соң, құмар ойынға, жеңіл жүріске салынып, күш-жігерін сарқып алады, ары қарай ұмтылуға құштарлығын жоғалтады. «Жақын туған, бауыр деп айналмаса, Қатын-сатын дегенге байланбаса».
Іздену. Кез келген жеңістің, жетістікке жетудің бастамасы - іздену. Бұл қасиетті табиғат-ана әр адамға сыйлаған. Тек оны әрқайсымыз әртүрлі пайдаланып жүрміз. «Тынықпай, дамыл алмай ерте де кеш, Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса».
Қайғыға салынбау. Қайғыны адам жан-дүниесінің, көңіл-күйінің жегі құрты деп санасақ болады. Себебі қайғыға салынған адам өмірден түңіліп кетеді. Ал қазақ халқы «Сабыр түбі – сары алтын» деп кез келген жағдайда, өмірде басымызға қандай қайғы келсе де, оны сабырмен жеңе білуге, ары қарай өмір үшін күресті жалғастыра беруге үндейді. Ұлы Абай да адамды құртатын нәрсенің бірі – осы қайғы деп есептейді. «Дүниенің қайғысынан зарланбаса, Көз қысып күлгеніне алданбаса».
Әділ болу. Алдымен адам өзіне әділ болуы керек және өзгелерге де әділдік таныту керек. Өмір сүруде де әділдікті бағыт-бағдар сілтейтін туы ретінде қабылдауы керек. «Қақ жарар қара қылды тура бөліп, Айтылған сөз жайынан жалғанбаса».
Өсектен алшақ болу. Қазақ ұғымында «өсек» деген түсінік бар. Бұл да – қоғамды бұзатын, адамдардың қарым-қатынасына кері әсерін тигізетін құбылыс. «Өсектен ат-тонымен алыс қашса, Естісе, ұялғаннан бетін басса»
Жамандыққа жуымау. Өмір болған соң жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Онсыз өмірді елестету қиын. Өмірдегі жамандықты түп-тамырымен жойып жіберу мүмкін емес. Сондықтан адам боламын деген жас жамандықтан аулақ жүргені дұрыс. «Жамандық - аты өшкірге жақын жүрмей, Аяғын күндік жерден байқап баса».
Өзін өзгелерден артық санамау. Өзімшілдік – адамның тұлғалық келбетінің қас жауы. Өте ақылды болып тұрса да, білімді болып тұрса да, өзімшіл адамдардың абыройы болмайды. Ондай адам қоғамда лайықты бағасын ала алмайды, ондай адамдарды сыйламайды. «Өзінен басқа жанды кем көрмесе, Құтыртып, шабыстырып, жел бермесе».
Қолда барды бағалау. Барға қанағат ету – білімді боламын деген жастардың ғана емес, жалпы адамзаттың басшылыққа алар қағидасы. Бұл қасиетсіз бақыттың дәмін сезіну мүмкін емес. «Табылмас аузына су тамызушы, Өзінің тар етігін кең көрмесе!»
Білімді адамдарды үлгі тұту. Олардың айтқан насихат сөздерін ескеріп жүру. Мұндай сөздерді оқып, тыңдап, білгенін ойға тоқып, ескеріп жүрсе, өмір тәжірибесін меңгерген адамдардан көп үлгі алуға болады, өмірлік қағида ретінде ұстануға болады. «Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе, Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе. Естіген сөз, көргенді бос тастамай, Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе».
Көзі ашық адаммен дос болу. Надан адамдармен араласпау. Достарды таңдаған кезде, аса жоғары талғампаздық қажет. Себебі достардың адамға тигізер әсері жоғары. Достар сені жақсылыққа да, өкінішке орай, жамандыққа да бастауы мүмкін. Нағыз дос – сенің сырласың, ақылшың, өмірде сенім артар тірегің. «Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе, Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе. Естіген сөз, көргенді бос тастамай, Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе».
Білімді болу, өнер-білімді бағалау. Білімді адам ғана ақылды болады. Білім бізге өмірде қажетті дағдыларды қалыптастыруға жол ашады. Біз қазір жас кезімізде уақытымызды зая кетірмей, білімді игеруге талпынуымыз керек. Бұл үшін бізге барлық жағдай жасалған. «Өнер-білім - қарны ашқа ас деп білсе, Дүниенің теңізінде адасқанға Тура жол көрсететін бас деп білсе. Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса, Басқаға мойын бұрса, көз салмаса»
Тура жолдан таймау. Жарты жолда қалмау. Шамшырақ ретінде біз өз өміріміздің мақсатын айқындап алуымыз керек. Шаршадым деп жарты жолда тоқтап қалмауымыз керек. «Өнер-білім жер астында болса-дағы, Бір жетер, жалықтым деп тастамаса».
Ақын осы айтылғандарды өмірінің қағидасы ете білген адам «өнер-білім жар астында болса-дағы, бір жетер, жалықтым деп тастамаса» деп қорытынды жасайды.
«Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі қазақ ұғымына жақын қара өлең ұйқас түрінде жазылған. Қара өлең – қазақтың ежелгі өлең түрі. Туысқан өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, башқұрт поэзиясында кездеседі. Қара өлең 11 буынды, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді. Өлең идеясын жеткізуде ақын эпитетті жиі қолданған. Мысалы, «ер жігіт», «күндік жер», «тар етік», «естіген сөз». Ауыспалы мағынадағы сөздерді де шеберлікпен қолдана білген. «Өнер табар», «құлақ тігіп», «көз салып», «тас», «ас», «бас» «періште» сөздерін ауыспалы мағынада қолданған. Табиғатта қатты күйде кездесетін «тас» ұғымын ешнәрсеге құлқы жоқ білімсіз жанды сипаттауда қолданса, адамға күш-қуат сыйлайтын құнарлы зат «ас» ұғымын ақын өлеңде адамға рухани азық сыйлайтын «өнер-білім» сөзінің орнына қолданып отыр. «Бас» - адам ағзасының негізгі мүшесі, адамға бағыт-бағдар беріп отыратын ми осы баста орналасқан. Сондықтан бас адам ағзасындағы жол көрсетуші есебінде қызмет атқарады. Ал өлеңде «бас» сөзін Мағжан адамға тура жол сілтейтін бағыт ретінде өнер-білімді сипаттау үшін қолданып отыр. «Періште» сөзін адал адамның сипатын беруде қолданған.
Өлеңде сонымен қатар тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Ақын «Қара қылды қақ жарар», «көзі ашық» тұрақты тіркестерін мағынасына сай ұтымды қолдана білген.
-
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТӘЛІМІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Ұқыптылық,
жинақылық,
тазалық
Дұрыс
тәрбие беру
Тұлғалық қасиеттері қалыптасқан өнегелі жеке тұлға
Мағжан Жұмабаев қазақ балалар әдебиетінің іргетасын қалауға өз үлесін қосты. Балаларға көптеген маржан жырларын арнады. Сонымен қатар ғылыми еңбектер, оқулық, әдістемелік құралдар жазды. «Педагогика» кітабын ұлы Абайдың: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзі күллі ұстаз қауымына айтылғаны тегін емес.Қазақ баласын тәрбиелеуде бұл кітаптың қазіргі күнге дейін таптырмайтын құрал екені баршаға мәлім.
Ақынның алдына қойған мақсаты: бала дүниетанымын байыту, жас жанның жүрегінде құлықтылық,, ізгілік, адамгершілік қасиеттерінсіңіру және осы қасиеттерді бала бойы мен ойына ойнап жүріп дарытатындай, ауыл балаларының ұлттық ойындарына еңбек тақырыбын да көтереді. Мысалы ауыл балалары қардан аққала соғып, қардан үй жасап еңбектенеді. Бір –бірімен асыр салып ойнап жүріп еңбектенуге үйренеді. Мағжан – ұлт ақыны. Қай ұлттың да ақыны алдымен өз топырағынан жаралады, сол топырақтан нәр алады. Туған халқының басындағы ауыр халді, мұңдана жырлаған жырларының өзін оптимизммен қорытып отырады.
Ақын қандай тақырыпты жырласа да бәрі «мен – Мағжанмын» деп мұндалап тұрады.Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы ұстаз Мағжан Жұмабаевтың өмірі, еңбек жолдары және шығармалары жайлы дәріс беретін «Мағжантану» курсы оқушыларға ақынның шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларын жете түсінуге мүмкіндік беріп отырады.
Ж.Аймауытов былай деген екен: «Мағжан сөзінде тілге жұмсақ,жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез, қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес.Қай өлеңін оқысаңыз да,әлде өкіндіреді,әлде мұңайтады,әлде жылатады, ,әлде есіркетеді,әлде жігер береді». Мағжан-қазақ ұлтының ұлы ақыны.Ол-халқын шын сүйген,сонымен бірге күйінген,аянышты ел күйін көріп күйректікке,сезімталдыққа берілген шын халық досы.
Қазақ балалары Мағжан поэзиясын енді ғана тұшына оқып, «мың қайталап», жанына ләззат тауып жатуының сыры осында. Ақынның шығармалары оқушыларды қызықтырады, себебі өмірді тануына, сонымен қатар, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Өткенді білмесек, бүгінді қалай танимыз, ертеңге қалай қараймыз, болашақты қалай болжаймыз? Осы тұстағы ақынның қасиеті заманға жаңғырық, маңызы зор оқиғаларға айна болып, тарихи із, мәдени мұра қалдыруында. Мағжан ақын да өз елі тарихынан осындай мұра қалдырып, кемеңгер ойшыл ретінде келешек ұрпаққа аманат қалдырды. Ақын жастық шақтың жалынын, қайрат-қажырын қасиетті, қастерлі іске жұмса, көңілің де, көзің де тоятын, жаның семіретін игілігі, шарапаты мол оқуға, оны әдемілеп көкірегіңе тоқуға арна деген ойды шегелеп айтады. Сәулесі мол салмақты сөздерді меруерттей тізіп, сан алуан ұзынды-қысқалы мәнерлі тізбектер жасап, балқыған қорғасындай тіл материалдарын әсемдік заңымен, шеберлік қалауымен мағыналы, жарасымды құйып, жүрекке ұялата білген. «Мағжан Жұмабаев – біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шындарымыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу – біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ», - деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең деген құдірет арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы мәселені ашуға бағытталған.Ел алдындағы басты мұрат – тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы – өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын ерекше. Ақын шығармасын көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеген. Сол себепті де бүгінгі күнмен сабақтастырылғаны көрініп тұр. Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса, өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан, ортамыздан және осы өлеңнен аламыз. Ақын айтқандай, желбіреген тәуелсіздік туы ел тағдыры үшін жанын пида еткен құрбандардың тікелей бастауымен келді. Сауатсыз қарапайым қара халықтың сауатын ашып, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға айналдырды. Талай жылдар бойы қазақтың қанындағы надандықты түп-тамырымен жоюға ұмтылып, болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылды. Міне, араға көп жылар салып бұл арманы да орындалды. Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғауының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүю кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманның өткен жиырмасыншы ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері жер мен көктей десек те болады. Жиырмасыншы ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата- аналармен жарыса сөйлей кетеді.
Қазіргі балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Көп ата-аналар «жұмыстан қол тимейді» деп , бала тәрбиеіне көп зейін бөлмей жүргені анық. Өткен ғасырда да ата-аналар жұмыс жасады, бірақ ол кезде бүгінгі таңдағыдай болған жоқ. Мысалы: теледидардан санаулы ғана мултьфильмдер көрсететін, атыс-шабыс киноларды сирек көрсететін , компьютер, неше түрлі ойын-жабдықтары, т.б. жоқ болатын. Ал, қазір соның барлығы кез-келген үйден табылады. Бала сабақтан келе сала теледидар алдына немесе компьютер алдында отырады. Оның өзі қаншалықты зиян екенін біле тұра солай. Әрине, заман талабына сай білу керек, бірақ шектеулі түрде болғаны дұрыс.
Ата-ана болғандықтан бала үшін жауап беруі міндетті.Әр баланың жақсы тәрбие алып, жақсы азамат болып өсуіне әке-шеше өз ықпалын тигізуі керек. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» мақалына сүйене отырып , сыйластық, адамгершілік, ізеттілік, мейірімділік, кішіпейілдік және тб. қасиеттерді түсіндерсе, «Отан – оттан да ыстық» деген даналықтын астарында отан сүйгіштік , патриоттық , адалдық қасиеттерге тәрбиелеп, мән- мағынасын, астарлы ақитатын айту керек . Сол сияқты «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Қызды қырық үйден тыю» деген мәтелдердің астарында терең ой жатыр . Қазақтың мақал- мәтелдерінің , аталы сөздерінің тәрбилеләк мәні зор.
Қорытындылай келе қазіргі заманғы балалармен бұрынғы заманғы бала тәрбиесі айырмашылығы жермен көктей. Бұрынғы балалардың рухани байлығы мол болған. Үлкеннің ақылын тыңдау , үлкенді құрметтеу сияқты қағидаларды берік ұстанған. Бірақ көбісі хат танымаған, оқымаған. Ал қазіргі балалар өз замандарына сай біліммен ғылымды бірінші орынға қойған. Қазіргі заман бәсекелістікке қабілетілердің замандары.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңда заманымыздың басты талаптарына айналып отырған рухы биік, елжанды ұрпақ тәрбиелеу ісінде, Мағжан өлеңдерін пайдаланудың маңызы ерекше.Көргенді ұрпақтан, көреген дана халық тарайды. Баланы жастайынан барымызды бағалай білуге, жақсымызды өнеге тұтып, одан сабақ алып, нәтиже шығаруға баулысақ, еңбегіміздің жемісті болары анық. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы келешек ұрпақты тәрбиелеу жолында үлгі-өнеге болып, ұстаздар қауымына әлі талай еңбек етері сөзсіз. Мағжан Жұмабаевтың «Өнер білім қайтсе табылар» өлеңінің бүгінгі күнмен үндестігі атты жобаны қорытындылай келе, бұрынғылардың рухани байлығымен, қазіргілердің білімдерін байланыстырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Сонда ғана «Мәңгілік Ел» бола аламыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. - Алматы: Жазушы, 1989. - 448 б.
-
Əлиева Б. Армысың, азаттығым, қыран қанат // Алтын тамыр. - 2010. - № 1. - 191-б.
-
Бердібай Р. Жыр арқауы – Түркістан // Қазақ. - 2008. - № 39, 40 (396, 397). - 26 қырк. - 3 қаз.
-
Ергөбек Қ. Түркістанда Мағжанға ескерткіш керек // Түркістан. - 2011. - 24 наур. - 9-б.
-
Əбдірахманова С. Азатшыл ақын арыны // Орталық Қазақстан. - 2008. - 31 желт. - 4-б.
-
Мəшһүр-Жүсіпов Қ. Мағжанның шеберлігі // Жұлдыз. - 1991. - № 11. – 142-145-б.
-
Қаһарманұлы Ғ. Мағжан поэзиясы жайлы // Жұлдыз. - 1993. - № 6. – 177-185-б.
-
Умарова Г.С., Шарабасов С.Ғ. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2007. - 164-б.
-
Күмісбаев Ө. Мағжан жəне əлем əдебиеті // Қазақ əдебиеті. - 1993. - № 33. - 13 тамыз. - 4–5-б.
-
Хасенұлы М. Ұлттық рухани өркендеу – ақын поэзиясының алтын қазығы // Орталық Қазақстан. - 2003. - 14 маус. – 7-б.
«Мағжан Жұмабаевтың «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі мен заман үндестігі» тақырыбындағы ғылыми жұмысқа
П І К І Р
Мағжан – қазақтың біртуар ақындарының бірі. Біз оны поэзия падишасы десек те артық етпейді. Мағжан өлеңдерінде бала танымына сай ел мен жер тағдыры, өмірге құштарлық, туған табиғатқа, жер-анаға іңкәрлік, құрметті айрықша жырға қосты. Ақын «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінде ойын балаларына білімнің адам болып қалыптасуымызға тигізетін пайдасын жеткізе келе, балалық шақтарынан бастап оқу-білімге көңіл бөлу керектігін уақытты тек өткізбей, бойға тек жақсылықты ғана сіңіруге шақырады. Сонысымен өлең құндылығын жоймайды. Оқушы да өз жасына сай тақырыпты таңдап алып, Мағжан жырлаған өнер-білімге ден қойған.
Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі де келелі мәселелерін көтерген ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет ететінін ескеріп, оқушы өзекті тақырып таңдап алған.
Оқушы осы тақырыпты таңдап алу арқылы Мағжан айтқан оқу-білімнің қазіргі таңда да маңыздылығы мен өзектілігін ашып көрсеткен. Мағжанның өлеңіндегі әрбір айтылған ойға пікір білдірген. Өлеңнің мәні мен маңызын айрықша сезіне, түсіне білген.
Оқушы тақырыбын жан-жақты талдап, аша білген. Зерттеу жұмысы барлық талапқа сай жазылғанын ескеріп, қорғауға лайықты деп есептеймін.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз