400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Танымдық сабақ

Тәрбие сағаты

Мағжан Жұмабаевтың туғанына130 жыл

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 9 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды қазақтың ұлы ақындарының бірі – Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, оның поэзиясына деген сүйіспеншілік ояту, патриоттық сезімдерін дамыту

  • Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!


Бүгінгі тәбие сағатында біз қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от – ұлы Мағжанның өмір жолымен, өлеңдерімен танысамыз.


- Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл толып отыр!

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация












Сабақ басы (13 мин)







ІІ. Психологиялық дайындық

Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін

- Мағжан Жұмабаев осылайша жастарға сенім артқан екен!

- Ендеше осы артылған сенімді ақтауға тырысайық!



- Мағжан Жұмабаев кім?

- Мағжан Жұмабаев қандай ақын? Қалай ойлайсыңдар?





Берілген өлең шумақтарымен сабағымызды бастайды







Оқушылар өз ойларын ортаға салады

презентация

 



Ортасы (20 мин)


Ютуб желісінен «Сен сұлу» әні тыңдалады

Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазған Мақсұтбек Майшекин


Бұл әннің түп тарихы Мағжан Жұмабаевта жатыр. Өз әйеліне арнап жазған бұл өлеңін Шәмші Қалдаяқовтың әніне негіздеп, ықшамдап өзгерткен Мақсұтбек Майшекин болды. Бұл жайында өзінің де, Шәмші Қалдаяқовтың да өз аузымен айтқаны бар.


Бейнеролик

«Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы»


Мағжан Жұмабаев жайлы деректер



Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін тыңдату

Мағжан Жұмабаев жайлы пікілермен танысу

"Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін".

Мұхтар Әуезов

"Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті". «Дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ».                     

Жүсіпбек Аймауытов

"Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің ролі қандай болса, қазақ халқы үшін Мағжанның ролі сондай".

                                                     Әлкей Марғұлан

Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөздері

  • Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе істеген жақсылықты басқадан қызғанба

  • Адамның түзу жолға түсуінің алғашқы шарты өзін өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу

  • Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі

  • Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.

Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы

Түркістан

Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Сағындым

Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас,
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.

Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар,
Есігімде мықты қара құлып бар.
Кіп-кішкене терезелер темірлі,
Мұндай үйден кімге естілер ащы зар!

Сүйемін

Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін!

Мағжан Жұмабаевқа орнатылған ескерткіштер



Оқушылар Сен сұлу әнін тыңдап, шығу тарихын біледі


















Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы жайлы бейнероликті тамашалайды







Оқушылар берілген ақпараттарды оқиды






М.Жұмабаевтың "Қазақ тілі" өлеңін тыңдайды








Оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтылған пікірлерді оқиды

























Оқушылар өз ойларын ортаға салады















Оқушылар өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды


























Мағжан Жұмабаевтың ескерткіштерімен танысады









Презентация






Бейнеролик















Бейнеролик



















Бейнеролик













Интерактивті тақта






















Қанатты сөздер
















































Суреттер

Соңы






Қорытынды

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ- ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер, 

Істей берсін қолдарынан келгенін дейді.

Мен жастарға сенемін өлеңі арқылы ақын өзінің жете алмаған арманына келешекте жастар жететініне көзі жетіп, болашақ ұрпаққа үміт артты. Ақын арманы жүзеге асты. Мағжан армандаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті.

Кері байланыс

«3 Қ»

Қызық

Қиын

Құнды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
1846
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі