Материалдар / Мағжан оқулары

Мағжан оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәлімет беру
Авторы:
22 Қаңтар 2024
214
6 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мағжан оқулары

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айту. Әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.Оқушының дүние-танымын, сөздік қорын байыту,мәнерлеп оқи білуін дамыту. Өжетті,жігерлі,болуға,туғантілі-қазақ тілінсүйіп, құрметтей білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;

-жаңа буынның интелектуалдық пайым-парасатын арттыру;-дарынды оқушыларға қолдау жасау.

1. Жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін осы қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі, жауһар жырымен танымал қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев туралы сыр шертпекпіз. Қай елдің болса да ерекше құрметтейтін асқақ ақындары болады ғой. Мағжанның сөзі - халқымыздың,ұлтымыздың ұраны.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!- деп кейінгі толқын-жастардан көп үміт еткен Мағжан ақынға арналған мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары арасында Мағжан оқуларын бастаймыз.

2. Жүргізуші:  Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен шығармашылығымен толығырақ  таныстырып  өтейін.

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев  1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.

  1. Жүргізуші: Мағжанның әкесі Бекен  мен анасы  Гүлсімнен тараған  7 ұл мен 2 қыз да қуғын-сүргінге  ұшырайды.Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның

Іні-қарындастары  болғандары  үшін.

Қазіргі  заманда  Мағжаннан  басқасының  бәрінің де  арттарында қалған

ұрпақтары бар.Ал Мағжан жасында  мұғалімдер  семинариясын  бітірген-

нен  кейін, Қызылжар  қаласында  тұратын  Шоқан  Тастеміров деген

кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ  1-2 жылдан соң Зейнеп

қайтыс  болады. Азамат соғысы заманына  қатысты атын Граждан

деп  қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады.Сол

жылдары ақын  қаламынан  жары  мен ұлына  арналған  талай  мұң мен  зарға  толы өлеңдері  дүниеге  келеді.

Мағжан Шығыс поэзиясы,Батыс,орыс әдебиеті және фольклор (халық

ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.

-Ақындық жүзінде  Абайдан  соңғы әдебиетке жаңа түр  енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп  ашқан  күшті  ақын – Мағжан.





  1. Жүргізуші: «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсын бастайық.

Сайыскерлердің Мағжан шығармаларын қаншалықты сезіне алатындығын талқыға салатын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Оқушылар өлеңдерін жатқа айтады. (5 оқушы )

1.Жүргізуші: Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,

Түріктен басқа от боп жан туып па!

Көп түрік енші алысып тарасқанда,

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? – деп, әдебиетімізде түрік тақырыбын тұңғыш көтерген Мағжан Жұмабаевтың әлем әдебиетіндегі алар маңызы зор. Артына осыншама мол мұра қалдырған ақынымызға қандай құрмет те лайық!

(5-сайыскер Мағжан өлеңдерін жатқа оқиды)

(Осылай кезек-кезек шығып, сайыскерлер жаттаған өлеңдерін оқиды).



2.Жүргізуші: Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер,- кіндік қаны тамған туған жерін жырға қосқан.

Қалған қатысушылар өлеңдерін жатқа айтады.

Жүргізуші: Тау суындай гүрілдер,

Айбынды алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін!

Мағжанды танып білу,оның шығармаларымен сусындап өскен өрендер өмір атты асау ағысты дұрыс бағытта сүре алатыны шындық..

1.Жүргізуші: Мағжанның шығармашылығын шәкірт санасына құйып жатқан қадірлі де сүйікті ұстаздарымыз, өнер сүйер жас ұрпақ! Мағжан Жұмабаев шығармаларында халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Елінің жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді.

Мағжан мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұра. Кеудесіндегі жүрегі «Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы Мағжан шығармаларын оқып,біліп, сезінуге міндетті.



«Мағжан оқулары» байқауы мәресіне жетті. Сөз қазылар алқасына беріледі. Cайысқа өте жақсы қатысқан оқушылар марапатталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ