Күні:
Сыныбы: 11
«Д»
Тақырыбы: «Ардагерлерді
ардақтайық»
Сабақтың
мақсаты:
1. Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында
ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу,
ардагерлерді еске алып, олардың өмір жолын, ерлігін таныту және
үлгі-өнеге тұту.
2. Отанға, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін
ояту.
3. Ой-өрісті арттырып, мәнерлеп айту
дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын
молайту.
Мұғалім:
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де,
ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі
әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге
белгілі 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан
елімізге фашистің Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол
күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар
асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті
жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа
ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша
шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті.
Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста
Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біз – Қазақстан да
аянбай жаумен
шайқасты.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның
өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен
аяқталғанына жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы
қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар
таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым
етейік.
Дәл осынау жадыраңқы жай
күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай
күні
Ұлы Отаным басын иіп бір
минут,
Есіне алмақ сол бір апат
қайғыны
1. Оқушы
«Соғыс!» деп айтқан суық
сөз,
Сіресіп қатқан мұз –
қардай
Тыныштық сүйген
қауымды,
Тітіркендірді
ызғардай.
2. Оқушы
Екі дүние
айқасты,
Майдандасқан
аулада.
Фашистерді
шайқаста,
Езгіледі
табанда
Бейбітшілік
орнаттық
Күн ортақ барлық
адамға.
3. Оқушы
Талай құс содан бері қайта
оралды,
Талай бақ әлемінде қайта
оранды.
Соғыста өлгендер тек
оралмайды,
Тек ұрпаққа олар жайлы айтады
әні
4. Оқушы
Жерден, көлден,
аспаннан
Соқты, жауды ел
күнде
Берлинде алғаш
басталған
Бітті соғыс
Берлинде.
5.
Оқушы
Сол сұрапыл қанды
ұрыста
Түн түндігі
түрілген
Күн күлімдеп, таң шапағы
білінген
Сол сұрапыл қанды
ұрыста
Біздің ерлік
танылған
Әрбір көше, әр
бұрышта
Жеңіс дабылы
қағылған
6. Оқушы
Сүйінші, сүйінші
халқым!
Белін бекем
буыншы
Жеңдік жауды
күйрете
Жасалған той –
мереке
7. Оқушы
Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары,
Жігерленген құштарлықтың
құралы.
Күрескердің арманы мен
ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл
әні.
8. Оқушы
Ер азат, еңбек, ерлік, ер
ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер
көріпті
Мыңдаған Қазақстан
күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер
ері.
9. Оқушы.
Биік ұш бейбітшілік
көгершіні,
Асып өт нелер мұхит, небір
шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге
естілсін,
Әлемге жас ұрпақтың өршіп
үнің
Мұғалім:
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана
жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен
жоқ. Бала әкесін күте берді, күте
берді.
Осы соғыста Кеңес одағының басқа
республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай
шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1
млн 870 мың қазақстандықтар
болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су
кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын
қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова
мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза
тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың
қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған
еді.
Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші
дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың
көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы
Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен
кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери
міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы
командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз
жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия
қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі
болады.
Жеңіс күні! Ол қалай келді?
1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р. Қошқарбаев тіккен
жеңіс туы желбіреді. 8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін
мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған
мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай
келген еді.
10. Жұлдыз
Жеңіс келді
далама,
Жеңіс келді
қалама,
Жеңіс келді әке
боп
Ендігі бар
балаға
Жеңіс келді ән
болып,
Келді ауылға сән
көрік
Жеңіс келді
алақай!
Тойып жейтін нан
болып.
Қорытынды
сөз
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан
үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды.
Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан
болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз
оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен
ерлері мен батырларын ешқашан
ұмытпаймыз. Ардагерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел
есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің
көкейімізді ұялап, мәңгі қала
бермек.