Тақырып бойынша 11 материал табылды

Магнит өрісіндегі тогы бар контур

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


Магнит өрісіндегі тогы бар контур

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог _______________дайындады.


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі аралас

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды дарыту сабағы

2. Мақсаты:

- Ток жүретін контурға магнит өрісінің әсерін есептеу тәсілдерін үйрету.

-Магнит өрісінде контурдың қозғалысы мен айналу моментінің қалай пайда болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

-біртекті магнит өрісінде орналасқан тогы бар жазық конкурды қарастырады.

- Магнит өрісіндегі кез келген пішінді жазық контурды талдайды.

3. Күтілетін нәтижелер

- магнит өрісінде токтың әрекетін біледі.

-контурдың айналу моментін және магнит өрісіндегі қозғалысын есептей алады.

4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар.


5. Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу.

-аудитория дайындығын тексеру.

-студенттерді түгендеу.


2. Білімді бақылау (суреттер бойынша теориясын айтады) 5 мин


Бағалау критерийі: Магнит өрісі мен электр өрісін сипаттайды.

Интеллектуалды құндылықтар Шығармашылық ойлау: Жаңа идеялар мен тасындашешімдерді табуға қабілетті болу, инновация мен креативтілікті дамыту.

3. Жаңасын баяндау әдісі 5 мин

Тірек ұғымдар: магнит ағыны, магнит өрісіндегі тогы бар рама

Бет арқылы өтетін магнит ағыны деп магнит индукция векторы модулінің бет ауданына скаляр көбетіндісін айтады. Бұл көбейтінді берілген ауданды қанша магнит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетінін көрсетеді.



Магнит ағынының халықаралық SI жүйесіндегі өлшем бірлігі Вебер алынған.

1Вб=1 Тл·1 м2

Ауданы 1 м2 бетті 1 Тл магнит өрісінің индукциясы тесіп өткенде магнит ағыны 1 Вб-ге тең болады.

Біртекті магнит өрісінде орналасқан тогы бар жазық контурды қарастырамыз.


АВ|=|DC|=а

а қабырғаға (sinα=1) күш әрекет етеді.

О/О// осіне қатысты контурға Ампер күштерінің максимал моменті әрекет етеді, яғни бұл жағдайда күш иіні максимал:

Мұндай қалыпта магнит өрісі индукция векторының ағыны нөлге тең.

Рамка қайсыбір бұрышқа бұрылсын, онымен нормаль да дәл осындай бұрышқа бұрылады. Енді рамканың барлық жақтарына Ампер күші әрекет етеді.

Осы кезде Ампер күштерінің механикалық моменті азаяды, ал магнит ағыны Ф=Вscosα шамасына артады.

Жеке жұмыс. Есептер шығару. 10 мин

1. Біртекті магнит өірісіндегі 10 см2рамкаға әсер ететін максимал айналдыру моменті 0,4Мн*м. Рамкадағы ток күші 1 А. Магнит өрісінің индукциясын табыңыз.

2. Ауданы 400 см2 рамка біртекті магнит өрісіне оған түсірілген нормаль 0,2 ТЛ магнит индукция векторымен 60° бұрыш жасайтындай етіп орналастырылған. Рамкадағы ток күші 4А. Рамкаға әсер ететін айналдыру моментін табыңдар.

Бағалау критерийі: Берілген ауданды қанша магнит өрісінің күш сызықтары кесіп өтетінін есептейді.


Жұптық жұмыс . 10 мин

Жұбымен сұхбаттасушы мен сұхбат алушы рөлін сомдайды.

1. Тогы бар тұйық контур магнит өрісінде өзін қалай ұстайды?

2. Қандай физикалық шама магнит индукция векторының ағыны немесе магнит ағыны деп аталады?

3. Магнит ағынының геометриялық түсініктемесі қандай?

4. Тогы бар контур магинт өрісінде қалай орналасқан? Неліктен?


Бағалау критерийі:Тақырып бойынша бірін – бірі бақылау сұрақтарына қатысады.


4. Материалды бекіту. 3 мин

Қорытынды сұрақ қою.

1. Тогы бар тұйық контур магнит өрісінде өзін қалай ұстайды?

2. Қандай физикалық шама магнит индукция векторының ағыны немесе магнит ағыны деп аталады?

3. Тогы бар контур магнит өрісінде қалай орналасады? Неліктен?

4. Тогы бар жазық контурдың магнит өрісінде орналасуы оның пішініне тәуелді ме?


5. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша 2-мин

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

7. Үй тапсырмасы. 2 мин

Тақырыпты қайталау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі