Махаббаттың алғашқы ұшқыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махаббаттың алғашқы ұшқыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шығарма шынайы өмірге негізделген махаббат хикаясы. Оқиға қыс мезгілінде басталады: басты кейіпкер жігіт қызды ровд ғимаратында алғаш көреді де, бір сәтте жүрегіне ұялатады. Кейін ол қызды әлеуметтік желіден тауып, ай сайын үнсіз хабарлама жіберіп тұрады. Уақыт өте келе қыз оның адалдығы мен сабырын сезінеді. Алматыға алғаш барған күндері жігіттің қамқорлықпен жазған хабарламасы екеуінің арасына жылылық сыйлайды. Жігіт туған күніне арнайы ауылдан келгенде, қыз өз жүрегіндегі сезімін түсініп, қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталады. Бұл әңгімеде күтпеген кездесуден басталған нәзік сезімнің біртіндеп үлкен махаббатқа ұласуы суреттеледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Махаббаттың алғашқы ұшқыны

1-бөлім: Кездейсоқ кездесу

Қыс мезгілі. Қала ақ мамыққа оранған. Аяздың әлсіз ызғары ауада қалқып, көшелерде қарбалас байқалады. Әркім өз бағытымен жүріп барады, мен де солардың бірі едім. Ровд ғимаратынан шығып, асығыс қадам басып бара жатқанымда, көңілімде еш алаң жоқ еді. Әдеттегідей ойым да тек өз шаруаларымда. Бір сәтте жанымнан өткен біреуге назар аудармастан, дәл қасынан өте шықтым.

Ал сол сәтте…

Бір жігіт менің әр қадамымды қалт жібермей бақылап тұрған еді. Ол үшін уақыт тоқтап қалғандай болды. Бір секунд, бірақ ол секундта оның жүрегінде белгісіз сезім оянды.

Бұл қыз кім? Неге мен оны бұрын көрмегенмін?” – деп ойлады ол. Бірақ мен… оны байқамай өтіп кеттім. Жігіт менің артымнан ұзақ қарап тұрды. Бұл тек қызығушылық емес, әлдеқайдан терең сезім, жан дүниесін билеген бір сезім еді. Ол мені жібергісі келмеді…

2-бөлім: Іздеу

Күндер өтіп, мен сол кездесу туралы мүлде ойлаған жоқпын. Ал ол болса, мені тану үшін барлық күшін салып, ақпарат іздей бастады. Ақыры, тапты… Мен туралы білген сайын таңданысы арта түсті. Ең қызығы, ол менің ауылымда екі жыл бойы учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істеген екен. Бірақ біз бұған дейін бір-бірімізді ешқашан кездестірмегенбіз!

Осылайша, ол мені әлеуметтік желіден тауып, алғаш рет хабарлама жазды:

«Сәлем! Мен сені сырттай көрдім…»

Мен үшін бұл күтпеген оқиға болды. «Қай кезде? Қай жерде?» – деп ойланып қалдым. Бейтаныс адамнан келген бұл хабарламаға жауап беруге асықпадым. Уақыт өте берді. Бір апта, бір ай… Ол болса, ай сайын маған хабарлама жіберіп тұрды. Кейде өмірде көзге көрінбейтін байланыстар болады… Мүмкін, бұл да тағдырдың бір белгісі болар?

Ақыры, мен оған жауап жаздым…

3-бөлім: Алаңдаушылық белгісі

Мен Алматыға оқуға келгеннен кейін жаңа өмір басталды. Күнделікті сабақтар… Барлығына қайта үйренуге тырысып жүрдім.

Сол күні кешке жер сілкінісі болды. Бөлмеде отырғанда кенет айналам шайқалып, үрей пайда болды. Бірден жатақханадағы қыздармен бірге сыртқа шықтық. Осы сәтте телефоным дір ете қалды. Сол адамнан хабарлама келген екен:

«Сәлем, бәрі жақсы ма? Қорықпадың ба?»

Жылы сөздер. Алаңдаушылық… Іштей риза болдым. Өзімді қамқорланғандай сезіндім. Бірақ мені мазалаған сұрақтар да бар еді.

«Мені қайдан біледі? Қалай тауып алды?» дегенмен хабарламаға жауап жаздым:

«Бәрі жақсы, рақмет!»

Оның жауап бергісі келіп, хабарлама жіберуін жалғастырғанын көріп, мені тағы да бір қызығушылық сезімі билей бастады.

4-бөлім: Кездейсоқтық па, әлде тағдыр ма?

Бір күні кенет маған өзімнің туған ауылымның суретін жіберді. Телефон экранындағы ауылымның суретіне ұзақ қарап, мен өзімді бұрын-соңды осындай жағдайға тап болмағандай сезіндім. Бұл мекен – менің жүрегімде мәңгі орын алған жер. Бірақ осы уақытқа дейін осы жігітпен ешқашан кездеспегенімді жақсы білдім.

«Бибка, сен осында тұрасың ғой, иә?»

Бұл сұрақ мені терең ойға батырып, ішкі әлемімді аралай бастадым. Ол мен туралы осынша көп мәліметті қайдан білетінін түсіне алмадым. Неліктен менің жағдайымды білгісі келеді? Жауап жазуға асықпадым, бірақ ішімде бір нәрсе өзгергенін сезіндім. Онымен байланыс орнату, әрі қарай білу – бәрі басталды. Күндер өтуде, мен оның хабарламаларын асыға күтетін болдым. Ол әрқашан байсалды, сабырлы, әрі сыпайы сөйледі. Бұл мені ерекше баурап алды. Ол мені тыңдады, түсінді.

5-бөлім: Тағдырдың жолында

Наурыз айында демалысқа ауылға қайттым. Қайтып келгенде, мен өзіме ерекше сезімдердің пайда болғанын байқадым. Ол туралы жиі ойлай бастадым.

Бір күні ол маған хабарласып:

  • «Мен сенің үйіңе бардым…»



  • «Қалай? Қашан?»



  • «Сен демалысқа келгенде. Бірақ сен шықпадың. Біраз күттім де, кетіп қалдым.»

Осы сәтте жүрегім шым ете түсті. Ол шынымен мені көруге келген екен. Бірақ мен білмедім… Кездеспедік. Біртүрлі өкініш пайда болды. Егер шыққанымда не болар еді? Егер көргенімде не айтар едім?

Бірақ тағдыр бәрін өз уақытымен реттейтін сияқты…

Жаз. 2 маусым 2024 жыл.

Менің туған күнім. Бұл күн мен үшін ерекше есте қалды. Себебі, ол арнайы келді.

Менің туған күнім үшін бір күн бұрын нарядқа түсіп, өз демалысын маған арнады. Мұны естігенде жүрегімде ерекше сезім пайда болды. Бір адам үшін осындай қадам жасау… Бұл жай ғана көңіл бөлуден де үлкен нәрсе сияқты. Ол келген күні біз ұзақ әңгімелестік. Мен оның көзіне қараған сайын, оның шынайылығын көрдім. Әдетте, қыздар идеал жігіттің бейнесін ойша құрастырып жүреді ғой. Мен де бұрын өзімнің ер азаматым қандай болу керегін елестететінмін. Бірақ дәл сондай адамды өмірімде жолықтырамын деп ешқашан ойламаппын…

Екеуіміздің арамызда сегіз жас айырмашылық бар. Ол өмірге маған қарағанда әлдеқайда байсалды, қалыптасқан көзқараспен қарайды. Ал мен… мен әлі оқуым керек. Сондықтан оған:

  • Мен қарым-қатынасқа дайын емеспін. Саған ертерек үйлену керек. Біз екі түрлі жолда келе жатырмыз…” – деп айтып салдым.

Оның көздеріндегі әлсіз мұңды байқадым. Бірақ ол сабырлы қалыпта жауап берді:

  • Бәрі жақсы, уайымдама.” деп, жауап берді;



6-бөлім: Кездейсоқтық па, әлде тағдыр ма?

Кешкісін жатақхана бөлмесіне қайта оралдым. Төрде жатқан төсегіме отырып, терезеден сыртқа қарап, ойымда тек бір адам болды – ол. Қанша ойлансам да, бұл сұрақтың жауабын таба алмадым. Жүрегімде бір ерекше сезім пайда болғанын байқадым, бірақ оған не істерімді білмедім.

Бәрі жақсы, уайымдама” деп жауап бергенде, мен өзімді іштей сабырға шақырдым. Оның сөздері мені тыныштандырды, бірақ біртүрлі ішкі жан-дүниемде мазасыздық болды. Онымен қарым-қатынас туралы шешім қабылдаудың өзі мен үшін қиын болатын.

Алайда, әрбір хабарлама, әрбір сөз, оның мені қалай түсінгені, менің жай-күйімді қалай бағалағаны оның ішкі әлемін толық ашып берді. Өзіме “неге бұлай бола бастады?” деп сұрақ қойдым.

Бәлкім, бұл жай ғана уақыттың өзі, тағдырдың жолы болар? Немесе бұл біз үшін арнайы жазылған сәттердің бірі ме?

Күндер өтті, біз бір-бірімізді тағы да жақсырақ түсініп, жақындадық. Ол менің өміріме келген кезде, мен оған ең қажетті нәрселерді түсіндірген болатынмын. Ол менің шекарамды құрметтеп, өз сезімдерін қадағалаған еді. Бұл маған ұнады. Біз бір-бірімізді сабырмен, ықыласпен, әрбір сөзбен, әрбір әрекетпен көбірек ұғына бастадық. Дегенмен, бәрі бірдей оңай емес еді. Мен әрқашан қымбатты адамдардың көңілін қия алмаймын деп ойлайтынмын. Бірақ осы жігіттің маған деген ерекше көзқарасы мен қамқорлығы, сабырлығы мені таңғалдырды. Оның әрбір іс-әрекеті, әрбір хабарламасы мені өзіне жақындатты. Көңілімнің түкпірінде мен оған өз сезімімді айтуға дайын емес екенімді сезіндім. Бірақ соған қарамастан, оның әр сөзі мені жылытып, одан әрі қарай қадам жасауға итермеледі. Қазір мен тек бір ғана нәрсені түсіндім: тағдыр дегеніміз - кездейсоқтық емес, ол бізді бір-бірімізге жақындатып, өз уақытымен жол көрсетеді.


7 – бөлім: Махаббаттың мәні

Күздің салқын желі біздің айналамызды нәзік тербетіп, біз Айдын екеуіміз болашақ туралы әңгімелесіп отырған сәттерімізде уақыт тоқтап қалғандай сезілетін. Әр сөз, әр тыныс біз үшін жаңа бір әлемнің есігін ашып, бір-бірімізді тереңірек түсінуімізге мүмкіндік берді. Арадағы үндестіктің өзі ерекше болды, біз кейде бір-бірімізге тек үнсіз қарап, ішіміздегі сезімдерді сөзсіз бөлісетін едік. Үнсіздіктің ішінде біз бір-біріміздің жанымызды сезінетіндей болдық.

Айдынның сабырлы әрі қамқор жүрегі мені таңқалдыратын. Ол ешқашан өз сезімдерін ашық айтпайтын, бірақ әрекеттері бәрін айтып тұрды. Әр күн сайын ол маған хабарласып, менің жағдайымды сұрап, мені өз әлеміне тартады. Бір күні ол Алматыға демалысқа келді. Мені қала көшелерінде серуендеуге алып шықты, және біз өткен күндерімізді еске алып, бір-бірімізге болашаққа деген армандарымызды айттық. Оның жанында мен өзімді ең бақытты адамдай сезіндім. Кейіннен, көптеген айлар өтсе де, біздің қарым-қатынасымыз тек тереңдей түсуде. Қиындықтар мен түсініспеушіліктер болғанымен, біз бір-бірімізді тыңдай отырып, әрқашан алға қадам басудамыз. Айдынның мені таңқалдырып, әр күні жаңа бір қырымен ашылуы менің оған деген сезімдерімді тек нығайта берді. Ал мен күн өткен сайын оның жан дүниесіне жақындай түсіп, оған деген сүйіспеншілігімді түйсініп, бағалауды үйрендім. Екеуіміз Алматы көшелерінің бойында серуендеп жүрген сәтте;



  • «Айдын, сен менің ең жақсы таңдауымсың», – дедім мен оған, жүрегімнен шығатын сүйіспеншілікпен.

Айдын басын изеп, күлімсіреп:

  • «Бибінұр, мен тек сені бақытты жүзіңді көргім келеді. Әрқашан бірге боламыз», – деді.



Осылайша, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, болашаққа деген үмітпен, бірін-бірі толық түсініп, қадам баса бердік. Жүрегіміздегі махаббаттың алғашқы ұшқыны өскен сайын, ол әдемі, жарқын отқа айналып, нұрлануда.

(Жалғасы бар…)





Бибінұр Құлмаханбетқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2025
34
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі