Махамбет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махамбет

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбеттің тұлғасы тірісінде-ақ қалың қазақ үшін ерліктің, өрліктің, батырлықтың белгісіне, ал жалынды жырлары азаттық дабылына айналып үлгерген болатын. Артына күреспен өткен өмірімен өшпес өнеге, өлмес туындылар қалдырған ол міне бір жарым ғасырдан бері ел намысын ту еткен батыр, халық арманын қалтқысыз жырлаған азамат ақын ретінде сан ұрпақтың сүйіспеншілігіне бөленіп, ұлтымен бірге жасасып келеді. Ұлтымыз кеше Махамбетті қалай қастерлеп, жырын жаттап, өмірін өнеге етіп келсе, азаттық аясында бүгін де қастерлейді, ертең де осылай боларына еш күмән жоқ. Махамбет баршаға аян, ғұмырын да, жырларын да халык, көпшілік теңдігі үшін күреске арнаған, осы ұлы мақсат жолында мерт болған батыр, ақын. Өмірінің кезеңінде жауларынан қатты қуғын, қысым көрген, елден, көпшілік ағайыннан жырақ жүруге мәжбүр болған. Осындай ел үшін ғұмырын құрбан еткен есіл ер, алдаспан ақын көңілін өмірмен қоштасар сәтте кандай толғанысты ой, сезім баураған екен? Неткен жомарт Неткен батыр, ер еді Ер еліме мендей с
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе

Махамбеттің тұлғасы тірісінде-ақ қалың қазақ үшін ерліктің, өрліктің, батырлықтың белгісіне, ал жалынды жырлары азаттық дабылына айналып үлгерген болатын. Артына күреспен өткен өмірімен өшпес өнеге, өлмес туындылар қалдырған ол міне бір жарым ғасырдан бері ел намысын ту еткен батыр, халық арманын қалтқысыз жырлаған азамат ақын ретінде сан ұрпақтың сүйіспеншілігіне бөленіп, ұлтымен бірге жасасып келеді. Ұлтымыз кеше Махамбетті қалай қастерлеп, жырын жаттап, өмірін өнеге етіп келсе, азаттық аясында бүгін де қастерлейді, ертең де осылай боларына еш күмән жоқ. Махамбет баршаға аян, ғұмырын да, жырларын да халык, көпшілік теңдігі үшін күреске арнаған, осы ұлы мақсат жолында мерт болған батыр, ақын. Өмірінің кезеңінде жауларынан қатты қуғын, қысым көрген, елден, көпшілік ағайыннан жырақ жүруге мәжбүр болған. Осындай ел үшін ғұмырын құрбан еткен есіл ер, алдаспан ақын көңілін өмірмен қоштасар сәтте кандай толғанысты ой, сезім баураған екен? Неткен жомарт Неткен батыр, ер еді Ер еліме мендей сарбаз керегі. Осылай басталған Махамбет толғанысынан оның жомарт, батыр елін шексіз сүйгенін, сол үшін де отқа күйгенін айқын сезінеміз, «Ер еліме мендей сарбаз керегі» дегенде Махамбет батыр өзін өзі орынсыз мадақтап отырған жоқ, ел мұраты үшін табанды күресуге өзі сияқты ерлер қажет екеніне ақынның көзі әбден жеткен, шындықта солай ғой.

Махамбет тұлғасы қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ол өз замандастары үшін ерліктің, өрліктің, батырлықтың символы болып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы ретінде танылған. Оның жырлары, күрестің өнегесі мен халық мұратын дәріптеуі, бүгінгі ұрпаққа да маңызды болып табылады.

Махамбет тек физикалық күштің иесі ғана емес, сонымен қатар рухани жетекші. Ол халықтың намысын қорғау, бостандығы үшін күрескен азамат ретінде көрінеді. «Ер еліме мендей сарбаз керегі» деген сөздерінде Махамбет өз жаратылысының мәнін, батырлықтың маңыздылығын терең түсінеді. Бұл – оның ел үшін күреске даяр екендігінің дәлелі. Өз елін, халқын шексіз сүйеді. Ол үшін ерліктің мәні – туған жерінің бостандығы мен халқының бақытын қорғау. Ақынның толғаныстары, батырлықпен қатар, елге деген шексіз сүйіспеншілігін көрсетеді. Оның шығармалары арқылы халықтың мұраты мен арман-аңсарлары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.Ол өз жаны мен өмірін елінің бостандығы үшін құрбан етуді артық көрді. Оның күресі – әділеттілік пен теңдік үшін, халықтың мүддесі үшін болған. Бұл оның поэзиясында, өмірбаянында айқын көрінеді.

Махамбет өз шығармаларында халықтың мүддесін, бірлігін, рухын көтереді. Ол тек жеке тұлға емес, халықтың дауысы, жүрегі. Ақынның жырлары – халықтың ой-арманын, күресін, батылдығын бейнелейтін шығармалар.



Шығармаларының бүгінгі күнде де өзектілігі бар. Азаттық жолындағы күрес, елдің бостандығы мен тәуелсіздігі – мәңгілік тақырыптар. Махамбет бейнесі әр кезеңде, әр ұрпақта жаңа мағынаға ие болады.



















































Негізгі бөлім

Махамбет жырларының құдіреттілігі - ансау-арманының кесектігінде Махамбет жырларында әуелі өзі аса қадірлеген, аға санаған Исатай бейнесін сомдаган "Ақкіреуке жағам бар, Исатай дейтін ағам бар" деп, Исатайдай батыр көзі тірісінде жалғыз болмағанын кейінгі ұрпақ білсін деген ұғыммен мадақ өлеңнің сарынымен оның ерлік қасиетін танытулы ұрпақтар алдында парызы санады. "Әй, Махамбет, жолдасым", "Жабығу" деп аталатын Исатай атынан монолог етіп шыгарган өлендерінде акын оз бастарынан откерген, орны толмас қателікті айтса да болады басшы батырдың беделі мен атақ-абыройына нұқсан келтірмеуді көздеп, Исатайдың алдында көзбе-көз айтпаған, өз атымен баяндамаган Исатайдан кеткен кемшілікті монолог түрінде өзіне мойындата отырып, "Өз дегенім болмаса, Өзгенің тілін алмаған, Кісі ақылы қонбаган, Қанша айтсан да болмадым Сөзіңе құлак салмадым"-деп, колбасшының өз аузына сөз салып береді.Сонымен қатар Махамбет бейнесінің тақырыптық-идеялық айқындығы Ұлықбек Есдәулет,Рафаел Ниязбеков,Қадыр Мырза Әли шығармаларында да көрініс тапқан.

Ұлықбек Есдәулеттің «Қараой» шығармасында:

Бұл жерде Бас ақынның

басы алынған,

бұл жерде басты қылмыс жасалынған...

Бұл жерге шыбық шаншып жатқанымда

булығып жанарымнан жас ағылған...

Жолдарың

жондарыңды шимайлаған,

мүлгіген мимырт мінез мидай далам,

алдымнан жұмақ күтіп жатса дағы,

қан жылап мен өзіңді қимай барам.

Тұрса да күн көзіне тығылып қар,

бұл жерде таң қаларлық жылылық бар.

Бұлттардың ар жағынан

Бас қарап тұр,

Дегендей:

«Тағдыр тілін ұғынып қал».

Әлемді әумесер ой құлданғанда,

пәк сезім пешенеден құр қалған ба?

Боларын

бассыз Ақын бақыттырақ

еш жендет ескермепті бұл жалғанда!..

Ақынның рухы, оның шығармашылық жолындағы қиындықтар мен әділетсіздіктер туралы айтылған.

Поэмада Бас ақынның, яғни Махамбеттің, басына түскен сынақтар, қазақ жерінің мүлгіген тыныштығы мен соғыс кезеңінің ауыртпалықтары көрсетілген. Ақынның жанының күйзелісі, туған жерге, оның тарихына деген мұң мен сағыныш сезімі басым.

Кейіпкердің көз алдындағы көрініс – туған жер, оның табиғаты мен сұлулығы, бірақ осының бәрі қиындықтармен көмкерілген. Ақынның тағдыры мен халық тағдыры арасындағы байланыс, әділет пен бостандық үшін күрестің маңызы ерекше атап өтілген.

Сондай-ақ, әлемдегі зұлымдықтар мен әділетсіздіктер, адамның пәк сезімдерінің жоғалуы, махаббат пен сенімнің сыны жайлы философиялық ойлар да көрініс табады. Махамбет бейнесі – еркіндік пен әділет үшін күрескер ретінде, ал шығармашылығы – халықтың рухани күшінің символы ретінде баяндалған.

Рафаел Ниязбековтың «Күннен туған Махамбет»өлеңінде:

КҮННЕН ТУҒАН МАХАМБЕТ

Болашақты болжап бола ма,

Көңілім шерге тола ма.

Асыққан күндей батысқа,

Барам ба тартып молама.

Махамбет деген батырмын,

Махамбет деген ақынмын.

Кемесінде қатердің

Тербетіліп келе жатырмын.

Исатай сардар өлгелі,

Махаңның қорлық көргені.

Исатаймен бірге Ерлікті

Батады-ау жерге көмгені.

Бетіне шыққан сорпаның,

Төгіліп бітті-ау.

Қорқамын.

Мен болсам жүрмін Нарында,

Сүйегін шақпай Орданың…

Бәрінен көңіл суынған,

Күн қайда қылыш суырған?

Елім – Емен болса егер,

Жапырағымын жұлынған.

Жұрт сеніп кәпір-сумаңға,

Шалынса да ерлер құрбанға, –

Күннен туған Махамбет

Бағына ма күлден туғанға,- қазақтың әйгілі ақыны және батыры Махамбет Өтемісұлының күрескерлік рухы мен тағдыры туралы айтылады. Бұл шығарманың басты тақырыбы – ерлік, әділетсіздікке қарсы күрес, ұлттық сана-сезім.Өлеңде Махамбет өзінің болашағын болжап, қоғамдағы қиындықтар мен күйзелістерді сезінеді. Ол Исатайдың өлімінен кейінгі кезеңде, елдегі қорлық пен әділетсіздікті бастан кешіріп, өз тағдырын тербейді. Кемесінде қатерде жүріп, батыр ретінде елінің еркіндігі үшін күресуге бел буады. Махамбет өзінің ұлттың бір бөлшегі ретінде, елдің жай-күйін, халықтың мұңын терең сезінеді. «Елім – Емен болса егер, жапырағымын жұлынған» деген жолдарда елдің болашағы мен халықтың тағдыры туралы философиялық ойлар айтылады.

Тақырыптық-идеялық жағынан, өлеңде патриотизм, ұлттық рух, батырлық және әділеттілік идеялары айқын көрінеді. Махамбет өз елінің бостандығы үшін күресудегі, халықтың тарихында өзіндік орны бар тұлға ретінде бейнеленген.

Нәтижесінде, бұл шығарманың терең мағынасы, қоғамның тарихи кезеңіндегі күрделі жағдайларды көрсете отырып, Махамбеттің тұлғасын нығайтады.\

Махамбет бойындағы ақберен батырлық, оның өрлік бедерлері мен ерлік қасиеттері "Баймағамбет сұлтанға айтқаны" атты ұзақ өленінен анық көрінеді. Сондай-ақ, "…Мақтанады несіне ер?! Тастанк қатты тағдырың Исатаймен шешілер -дегені "Махамбеттің хан Жәнгірге айтқанына" ұласты. Дауылпаз ақын "Іш кірнесін армансыз ақтарады Өлең түгелдей серттесе сөйлеуден (сугтестикадан) тұрады". Махамбеттің ауыр күндерде шығарған өлеңдері өмірден түнілушілікті бейнелемейді, керісінше өршілдігін, өміршең ақынның ойын танытады. Айталық "Қылыштай киғыр алмас ем, Шарға шауып мұқалдым Алайда бір шендессем, Ауыр жүкке кездессем, Қара нардай-ақ Саздауға қарсы жұлқармын"-деуінде айтарлықтай қайсарлық бар. Табигатындағы ақындық асқақ рух айбынды мінезімен астасып, батырлығы ақындығымен тоқайласып, Махамбеттін тереңнен толғаушы ақын, асыл бітімді ер екенін мойындатты. Халық алдында болып жатқан қайғылы жағдайлар мен хан тарапынан қара халыққа жасалған қысымшылықтарды көре отырып, ұлт азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болуына оның халық мұңын түсінген азаматтық намысы мен өзіндік ар-ожданы итермеледі. Ар мен намыс егіз ұғым "Арым жоғалғаннан, жиған барымның жоғалғаны а артық" (Қаракерей Қабанбай) -деп, күнделікті тұрмыс тірлік харекеттен ар-намысты биік қойған дала перзенттерінің бірі асыл Махамбетке керегі ұлт абыройы, ұлт намысы. Ол - хан-сұлтанға мадак айтып, табақтас болуды, күні үшін көлгірсу дегенді білмеген жаратылысы бөлек жан Махамбеттің өзге ақындардан срекшелігі мінезді жыраулығында, туралығында, болмыс-бітімінің оқшаулығында. Ақын ор тұлғалылықпен қайыспастан сұлтанға айбат танытады. кек көрсетеді Сосында Дулығалы бас кескен, Ту түбінен ту алған Жауды көріп қуанған, Мен - Өтемістің баласы, Махамбет атты батырмын!-деп ақын өзіне, еліне сенгеннен де асып-тасып, асқақтай сөйлейді. Бұл өлендегі "меннің" қолданылуы тіптен асқақ Махамбет "Менінің" қызметі - азаттық рухын төмендетпеу, халықты жігерлендіре отырып, одан сайын рухтандыру. Ақынның күллі шығармашылығындағы осындай сезім - күйлерінің көрінісі лирикалық образ, лирикалық каһарман бейнесінің тұтастығын құрайды. "Махамбет шығармашылығы тұтастай алғанда автордың "сегіз қырлы, бір сырлы" автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр". Ерлік пен мәрттікке іштей тілеулес бола алатын көзі қарақты ұрпақ бар да, тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда, ата-бабаларымыз жасаған тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз керек «Ел шетіне жау келсе, Азамат ердің баласы Намысына шыдай ма, Жаттан көмек сұрай ма?!» Жастардың бойында отансүйгіштік сезім тудыратын осындай сергек өлең бізге әр кезде, әрдайым қажет. Махамбеттің халыққа, халық мүддесін қорғаушы жас ұрпақтарға сенуі сонша, ол қандай ауыр өмірді басынан кешірсе де болашақтағы игілікпен атар ақ таң мен шығар күннен үміт үзбеді. Махамбет өзінің жалынды сөзін жастарға бағыштады. Жастарды ата жолына берік болуға үндеді.

«Қанды көбе киініп, Бір Аллаға сиынып, Ұрандап жауға тигенде, Кім жеңері талай-ды, Жолдастарым, мұңайма!!!»-деп азаттыққа бастаған ұлы жолда қажымауға, мұңаймауға шақырған ардагер ақын өзі көксеген асыл мұратқа кейінгі ұрпақтарының қол жеткізерін білгендей, "Алланың не берері болжаусыз" дей отырып, ұрпақтарын тәуелсіздіктің тұғырына отырар ұлы мақсатқа мензеген екен.

«Қазақ лирикасындағы батыр ақын бейнесі. Көркемдік ізденістер» атты II тарауда Махамбеттің көзі тірісінде жырға айналған тұлға екенін сол заманда өмір сүрген Ш.Жарылғасұлы мен С.Шақшақовтын жыр жолдары арқылы дәлелдеп және бүгінгі тәуелсіздік дәуіріне дейінгі аралықта көптеген ақындар жырына арқау болғандығы қарастырылды, Бұл тарауда Махамбетке арналған поэзиялық туындылардың табиғатына айырықша назар аударылып, олардың көркемдік ерекшеліктеріне, танымдық-тақырыптық арналарына кеңінен шолу жасалған. Батыр ақын образының өрнектелуін нақты мысалдармен дәлелдеген, жанрлық, стильдік ерекшеліктері жағынан жүйеленіп, поэтикалық көркемдігі айтылған. Махамбеттің алғаш аты аталып және оның алдында көзбе-көз айтылған жырдың бірі Ш.Жарылғасұлының "Махамбеттің жұмбағы" өлені Шернияз:ханмен айқасқан Сегізсері Шақшақов "Қашқын келбеті","Шомбал өлендерінде

"Жолдасы Исатайдың ер Махамбет" десе, Махамбет өз жұмбағында "Баласы Жарылғастың ер Шернияз" деп бір-бірін ерен сипатпен "ер" деп бағалай білгенін аңғарамыз. Исатай-Махамбеттің жанына жақын болып, көзі тірісінде қан майданда биге" Махамбет үш алшынның шешені еді, Қалайша сен дауластың асыл ермен? Исатай, Махамбетте еш жазық жоқ, Ерлер ғой өз халқының қамын жеген…-деп, шынайы бағалап жырға қосса, жыр жүйрігі М.Мөңкеұлы да өз толғауында: «Еділ - Жайық екі су, Бұл қазақтың жері еді. Исатай мен Махамбет рухын төмендетпеу, халықты жігерлендіре отырып, одан сайын рухтандыру. Ақынның күллі шығармашылығындағы осындай сезім - күйлерінің көрінісі лирикалық образ, лирикалық каһарман бейнесінің тұтастығын құрайды. "Махамбет шығармашылығы тұтастай алғанда автордың "сегіз қырлы, бір сырлы" автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр". Ерлік пен мәрттікке іштей тілеулес бола алатын көзі қарақты ұрпақ бар да, тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда, ата-бабаларымыз жасаған тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз керек «Ел шетіне жау келсе, Азамат ердің баласы Намысына шыдай ма, Жаттан көмек сұрай ма?!» Жастардың бойында отансүйгіштік сезім тудыратын осындай сергек өлең бізге әр кезде, әрдайым қажет. Махамбеттің халыққа, халық мүддесін қорғаушы жас ұрпақтарға сенуі сонша, ол қандай ауыр өмірді басынан кешірсе де болашақтағы игілікпен атар ақ таң мен шығар күннен үміт үзбеді. Махамбет өзінің жалынды сөзін жастарға бағыштады. Жастарды ата жолына берік болуға үндеді.

«Қанды көбе киініп, Бір Аллаға сиынып, Ұрандап жауға тигенде, Кім жеңері талай-ды, Жолдастарым, мұңайма!!!»-деп азаттыққа бастаған ұлы жолда қажымауға, мұңаймауға шақырған ардагер ақын өзі көксеген асыл мұратқа кейінгі ұрпақтарының қол жеткізерін білгендей, "Алланың не берері болжаусыз" дей отырып, ұрпақтарын тәуелсіздіктің тұғырына отырар ұлы мақсатқа мензеген екен.

«Қазақ лирикасындағы батыр ақын бейнесі. Көркемдік ізденістер» атты II тарауда Махамбеттің көзі тірісінде жырға айналған тұлға екенін сол заманда өмір сүрген Ш.Жарылғасұлы мен С.Шақшақовтын жыр жолдары

арқылы дәлелдеп және бүгінгі тәуелсіздік дәуіріне дейінгі аралықта көптеген ақындар жырына арқау болғандығы қарастырылды, Бұл тарауда Махамбетке арналған поэзиялық туындылардың табиғатына айырықша назар аударылып, олардың көркемдік ерекшеліктеріне, танымдық-тақырыптық арналарына кеңінен шолу жасалған. Батыр ақын образының өрнектелуін нақты мысалдармен дәлелдеген, жанрлық, стильдік ерекшеліктері жағынан жүйеленіп, поэтикалық көркемдігі айтылған. Махамбеттің алғаш аты аталып және оның алдында көзбе-көз айтылған жырдың бірі Ш.Жарылғасұлының "Махамбеттің жұмбағы" өлені Шернияз:

ханмен айқасқан Сегізсері Шақшақов "Қашқын келбеті","Шомбал өлендерінде

"Жолдасы Исатайдың ер Махамбет" десе, Махамбет өз жұмбағында "Баласы Жарылғастың ер Шернияз" деп бір-бірін ерен сипатпен "ер" деп бағалай білгенін аңғарамыз. Исатай-Махамбеттің жанына жақын болып, көзі тірісінде қан майданда биге"

Махамбет үш алшынның шешені еді, Қалайша сен дауластың асыл ермен? Исатай, Махамбетте еш жазық жоқ, Ерлер ғой өз халқының қамын жеген…

-деп, шынайы бағалап жырға қосса, жыр жүйрігі М.Мөңкеұлы да өз толғауында: «Еділ - Жайық екі су, Бұл қазақтың жері еді. Исатай мен Махамбет Аруақты туган ер еді»-деп халык ерлігінің жалынды бейнесіндей болған

батырларды мақтан етеді. "Белгілі туған ер едім, Беліме садақ асынған, Біріндеп жауды қашырған"- деп өткен Махамбеттің өнетелі өмірін, өрелі де өміршен жырларын поэзия жанрына арқау етіп өрбіткен арқалы ақындар Т.Жароков, Қ.Бекхожин,

X.Ергалиев,Ә.Сәрсенбаев.Ж.Молдагалиев,М.Макатаев,Д.Әбілов,F.Қайырбеков, Т.Молдағалиев.O.Сүлейменов, М.Сатыбалдиев, ж Нәжімеденов, Ф.Онгарсынова, М.Шаханов, Қ.Мырзалиев, А.Бақтыгереева,C.Жиенбаев, Ж.Әбдіраш, Ж.Набиуллин, Қ.Мұқашентан бүгінгі Т.Медетбек, Ж.Ерман, Қ Жылкышиев,C.Тұрғынбековке дейінгі вралыкта көптеген ақындарымыздың өлендері бар.

Махамбет рухына арналған жырлардың сапында ерекшелеу тұрганы да, ертелеу туғаны да көрнекті ақын Қ Бекхожиннін "Махамбет кабірі басындағы тебіреніс" атты туындысы Арнау өлеңінде Қ.Бекхожин батыр ақынның бейнесін тың теңеулермен образды түрде поэзия тілімен өте шебер сомдап, алуан түрлі сөз образдарымен түрлендірген. «Сен шамырқанған болатең. Сүнгі болып хан тағына қадалдың Айбатына дауылы күшті дала тең, Бұзған талай іргелерін қамаллың»,-деп кей тіркестерде автор Махамбет образын шынайыландыра түсу үшін әдейі батыр ақын өлеңдерінің екпінімен жырлаған. Жалпы өленнің өн бойынан Қ.Бекхожиннің өзіндік тебіреніс шабыт шапқары, бейнелі тіркесті тіл көркемдігі, стилі айқын аңғарылады. Мысалы: «От ауыздым, орактым, Жауга шапқан жарақтым Сенің найзан - найзагай… Тілің алмас найзадай…- деген өлең жолдары хакында академик С.Қирабаев: "Мұнда Махамбетж жырының ст стилі, онын әрлігі мен тапкыр образдарының әсері сезіледі. Махамбет бейнесі оның Исатай туралы айтқан сөздерін ж жаңарта қайталау және сол үлгідегі тың образдар табу арқылы жасалады -деп ахынның өзіндік ізденісін, дәстүр жапғастығын орынды анғартады. Ал, ақын Ж.Молдағалиевтың "Махамбет қабірі басында"(1966) атты туындысы Махамбеттің "Мұнар күн" өленімен үндестігі мол. Буғандай тілін хөптен шер Шешіле қалды өктем жел:

Осы Қарой, осы жер Батырдың канын төккен жер; "Буыршын мұзға тайган" жер; "Бура атанга шөккен" жер, Арыстан ақын Махамбет"Бермағын шайнал өткен" жер;-деп, Махамбет сарынымен, кейіптеу тәсілімен желге тіл бітірткенде, өткен өмірдің кузсы ретінде жүйрік желді сәйлетуді мақсат етеді Жел Махамбеттің арыстандай айбаттылығын дәріптен, Арыстан ақын" деген эпитетпен әрлендірген. Терең толғаныспен өткенді кезге елестету арқылы Махамбеттің өз ырғағы өлеңге еніп, ажар беріп тұр Әрі Жұбанның «Көрсем дейді иілмей өткен басты, Жыр боп, ту боп бастаған өңкей ерді»,- детен жыр жолдарындағы "иілмей өткен бас" деуінен оның қайсарлыгы, шыншылдыгы, өрлігі байқалеа, кеңестік дәуірдің шылауында ұлттық тарихтың, ұлы тұлғаның өз дәрежесінде дәріптелмеуінде үлкен өкініш жатқанын астарлап, біраз сырды ішке бүгіп тұрып, "түрмыз біз көп кешіккен" дейді "Ереуіл атқа ер салып, Егеулі найза қолға алып, Еңку-еңку жер шалып", түз даланы жортқан Махамбетті жырлауда Ғ.Қайырбеков өзінің «Махамбет даласы» өлеңінде дауылпаз ақын жүріп өткен даланы обьекті етіп алуының мәні ерекше. Ұлттық өлең қазынасында ерекше орны бар, рухы биік, бітімі бөлек "ак нажағай" Махамбет тұлғасын жырға қосуы арқылы дала тақырыбын даралай көрсетеді Өйткені "Ердің сойы Махамбет сынды тұлғалардың сөзі де жан дүние тебіренісі де ел, жер тағдырымен тамыры тұтас, қан соғысы бір" (А.Егеубай) екенін Ғафу ақын жақсы үғынды. Сосын да, ақын: Бұл даланы ер Махамбет жырлаған Ақ нажағай ат үстінде тулаған,-деп өзі ат басын тіреп, аяқ басып тұрған киелі жер - Махамбеттің "Еділ үшін егескен, Жайық үшін жандасқан," даласы осы екенін аңғартудан бастайды. Қазақ поэзиясының арғы- бергі тарихында символдық образдар қатарына: даланы, арғымақты т.б. жатқызатыны белгілі. Символдық образдардың өлендегі өміріне теренірек үнілу поэзияның парасатын түсінуге жетелеп, жеткен жетістіктерімізді бағамдауға мүмкіншілік туатынын С.Ақсұнқарұлы "Дала философиясы" өлеңіндегі: «Дала десең жарқ етер - Халқым! -деген бір өлең. Мархабатым шығар -ау, Махамбеттің туғаны. Ер ұлдарым болмаса -Ез екем деп жүрер ем!»-деген жолдар даланың елдін даңқын арттырған Махамбеттей асыл ерді қазақ анасының дүниеге әкелуі адамзаттын далаға деген ыстық ілтипаты екеніне саятын ой өрбітеді. Ата-бабамыз даланың әр шөбін де, әр құбылысын да киелілікке санап ("көкті жұлма, баспа"деп), дала қасиетін біліп өткені әмбеге аян Академик 3.Қабдолов: "Ата-жұртымыздың өз атамекенін әзінен қызғанған, ұлтымыздын туған жерге дарыған киелі қасиетін қасіретіне айналдырмақ боп жан-жақтан аранын аша анталаған қара-құрым қалын жауға қасқая қарсы тұрып, бастарын бәйгіге тігіп, тырнағымен жер бүріп, отбасынан басталған отан-ордасының ойы-қыры мен сай-саласын қанымен жуып, қалың нуы мен бұтасына дейін қызғыштай қорып, ақ білектің күшімен, ақ сүңгінің ұшымен шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп сақтап қалып бізге жеткізгені".- деген пікіріне баса назар аударсак, асылы, қазақ поэзиясында ұлттық тарихтан сыр шертіп, ұлттық мінезді беруде және тарихи тұлғаны сомдауда дала тақырыбын қозғаудың мән - маңызы зор болган. Осы орайда, галым әрі сыншыA.Егеубай: "Жер! Ел! Бұған әдеби шығармалар да, енді-енді колға тие бастаған құжатты деректер де толық куә, Махамбет шығармалары, Махамбет мұрасы әдебиет тарихының осы үрдісінде, осы кезеңінің тынысында тереңнен жарқырап ашыла түседі" .-деп пайымдайды.

Халқымыздың дарынды ақын қыздарының бірі К.Ахметова "Ақ Жайықтан қайтарда" атты өленінде: «Бір тілек айтып кетейік Ауылға қарай жүрерде. Жігерге қанат бітірген Жауынгер жерге тірерге табанның бүрі керегін кейбіреу кейде білер ме?- дейді "Бұл керек десеңіз, жауынгер ақын поозиясына ғана құрмет емес, осы шежірелі, шерлі өлкеге, оның өткеніне де құрмет сезімі, …Бұл жер атақты батыр әрі жалынды ақын, семсер жырдың иесі Махамбеттін хан ордасының озбырлығына карсы қол бастаған, халық намысын ту етіп көтерген мекені Иісі қазаққа қасиетті топырақ Осындай әлкенің топырағын басып тұрып ерлерін еске алмау, тарихына бойлап тебіренбеу, бұл мекеннің қасиетін сезінбеу, толғанбау әрине, мүмкін емес". Елді рухтандырып, "жігерге қанат бітірген" дауылпаз Махамбет үшін жерге тірерге керек болған табанның бүрі - ұлттық намыс, жігер еді Мұндағы үлкен мән, философиялық ойлы астар -үрпақты жігерлендіруге ұшкын тастау, кеңестік дәуір белен алып тұрған мезетте ұлттық болмысты, мүлдені жоғалтпау.

М.Сатыбалдиев "Батырдың бас сүйегі", "Махамбетке", "Махамбеттің монологы" атты біршоғыр өлендерін батыр ақын бабамыздың рухына арнаған. "Махамбеттің монологы" өлеңі - - түйдек-түйдек төгілген сөзбен, әу бастан-ақ үдемелі жолмен (градация тәсілімен) өрістеп, шұбыртпалы ұйкаспен буын саны сақталмай жазылған тоқсан алты жолды толғауына автор тұтастай аллитерациялық тәсілді арқау еткені, құлақты тұндыратын қатқыл дауыссыз дыбыс ғаламат бір күшке айналып, өлендегі үйлесімді үндестікті көркемдіктің қия шынына көтеріп әкеткені сөз болды. Асылы, Махамбеттей дауылпаз ақынга жыр арнау к кім-кімнен де шыгармашылық қуаттылықты қажет етсе, ал Махамбет боп сөйлеуде дуалы ауыздан шығар жырдың да, сол жырға өзек болар ойдың да бір арнаға кеп терең тоғыса білуі шарттылық. Әдебиетші ПС.Саляманнын: "Поэтикалық тексте дыбыстық қайталаулар желісін кұрауы мүмкін,сол желі белгілі бір сөзге немесе сөйлемге ауыстырылып,олардың эмоциялық кунтын күшейтеді",-дегеніндей, Меңдекеш Махамбеттің характерін ашу үшін үдемелі тәсілді шебер қолдана білген"… Тазарар түрім жоқ менің жанымның кірін жумай бір Махамбеттердің рухымен»,- деп ақтарыла жырлаған Ф.Онгарсынованын "Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім" және "Поэзия" циклы ("Махамбет аудармашысымен әңгіме") -шымыр шындыққа, толғанысқа толы туындылар. Ф.Оңғарсынованың "Махамбет аудармашысымен әңгіме" атты көлемді өлеңінен поэзияның халық мүддесіне қызмет етуін қалау, ақындық шеберліктің қоғамдық - апеуметтік, көркемдік-эстетикалық биік мұраттармен берік астасып, ақындық шабытқа ұласуын көздеу қағидалары сөз етіледі. Аталуының өзі "Поэзия" болуымен мәндес жырдың өн бойында ақын мен ақындық қасиет сөз етіліп, ақындық феномен аясында Фариза Махамбетті асқақ тұтып Сіз тұлғасыз. Тұрған бүгін заманды тандандырып,- деп, оның ақындық тұлғасын жоғары бағалап,Әділетсіз дүниенің қабырғасын Махамбетше сөгер жан кездесер ме…ондай жыр-ем кеселге… - деп, түйіп те, түйреп те айтады. Ал, ақын О.Сүлейменов тарихқа үңіле отырып, қазақ тарихындағы ерлік пен ездік, батырлық пен сатқындықты оленіне өзек е етіп, бүтінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің мәнін терең ұтындырар тұста Махамбеттей ор тұлғаға жүгінуі, онын азаматтық оресіне, ақындық қасиетіне ден қоюы тегін. емес О.Сүлейменов "Махамбетке" деген шағын арнау өленінде О, даланың жолбарысы, Кокжалы! Көкжал бөрі қай кезде де олжалы. Өзіңнен бе? Сөзіңнен бе? Әйтеуір Сенен кепті дейді ханның ажалы,-деп, батыр ақынды даланың азулы жолбарысына, олжалы жүретін көкжал бөрісіне балап, оның бейнесін асқақтатса, "өзіңнен бе?"- деуінен батырлығын даралап, "сөзіңнен бе?"-деуі арқылы "сүйегі тұтам қалғанша тартынбай сөйлер" асқақ үнді ақындық айбынын сипаттайды Олжастың "Махамбеттің өлер алдындағы ойы", "Махамбетке", "Қатаң да бопсың, қасарсан" деп басталатын өлеңдерінде "Махамбет тұлғасын Сүлейменов сұрқайы, оңғақ бояулармен сала салмай, образдың бір тал шашын жықпастан, ешқандай жасанды, жалған бояу қоспастан, өткірліктен қорықпастан, мейлінше реалистік тұрғыдан бейнелейді".-деген М.Қаратаевтың байыпты пікірі біздің ойымызды нақтылай түсті.

Ақиық ақын М.Мақатаев "Махамбеттер, Абайлар-ай!" атты өлеңінде өзі пір тұтқан поэзия саңлақтарына тағзым етіп, ұлыларға өлең арнап, өшпес мұраларын ерекше бағалаумен қатар өзінің ұстанғаны Махамбет дәстүрі екенін танытады. Ал, "Құм Нарында" атты өлеңіндегі: «Махамбеттей ұлдарынды Тірі ұстай тұрмадың ба?»-деген жолдарда дауылпаз ақынды ардақтай отырып аңсау сезіледі. Мұқағали: "Махамбеттей ұлдарынды тірі ұстай тұрмадың ба?-деп заманына өкпелі ме, әлде Баймағамбет секілді ішін қызғаныштың қызыл иті жалап, "өзімнен асты, жігері тасты, мысы басты"- деп ақыннан қорқып, көзін жоюға мақсат алғандарға ызалы ма?! Әйтеуір, «Ой, тәйірі, құмы ғой ол Нарынның Қырсығын-ай мына сайқал сағымның,-деп күйінеді. Сағымға бөккен Нарын құмын суреттеудегі жырдың шебер өрнектелуінен ойша сурет аңғарылады. Кең даладағы тарғылданған сағымды шағылдан, батырлар жортқан Нарыннан Исатай мен Махамбет іздерін көріп тұрғандай күй кешесіз. Өмірлері қасіретке толы жандардың сағым өмірлерін "бұғалыққа түсіріп, сілейтудегі" ойы да өткенге құрмет ете отырып, әділетсіздікті бұғаулау, талайды өткерген тарихқа салауат айту.

Махамбеттің әлімі кешегі тарихымыздың қабырға қайыстырар ең бірқаралы, ең бір қайғылы беттері ғана емес, ол талантты ұлын үкілеп ұстаудың орнына сатқындықтың садағына байлап беріп, опасыздықтың орына итеріп тастаудың түп-тамырына бойлап, тағылым алудың көрінісі дегенді аңгартқан ақын идеясынан ой түюге болады. Сондай-ақ, Мейірхан Ақдәулетұлы "Қарауыл-Қараой" өлеңінде:

Миым уға малғандай,

Ұғар дейсің қай кісі,

Махамбет пен Абайдан қалған мұра Қайғысы! -дейді Махамбеттің Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей, Ұлы түске ұрынбай Ерлердің ісі бітер ме"- деп ұрандауы, "бұзбай құлан пісірмей, мұз үстіне от жақпай" іс бітпестігін түсінгені, "ақырып теңдік сұраған" айбары өз заманындағы ерліктің нақ үлгісі еді. Ал, данышпан Абай: «Кектеніп надан- зұлымға, Шиыршық атар толғанар… Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ашы тілін" "жауына", надан мен зұлымға жұмсар қаруы етпеп пе еді?!». Қос алыптың "мұндарын" да, маржан ойларын да көңілге тоқып, сабақ алар дәурен жетті. М.Ақдәулетұлы "Ұлы, ұлы …" деп, ұлып біз… ұлылықтың не екенін ұға алмаппыз - қан жұтып, қайғы құсқан Екеуін…" -деп, шерлі мұңға берілуінде ақынның бойын намыстың оты кернеу бар. Белгілі ақын Қ.Мырзалиевтың батыр ақынға арнаған «Махамбет» атты өлеңінде: «Сұр жебе боп атылдың Сұм Орданың тәсіне»,- деген жолдардағы "сұр жебе" және "сұм Орда" эпитеттерінің үйлесімді қолдануы жөнінде сыншы 3.Серікқалиев: "Қадір поэзиясында … қайғы қасіретке тұншығып сыңсыған құм Нарынның жоқтауы Махамбет Орда төсіне, сұмдық ұясына атылған сұр жебе тәрізді" - деп, сөз зерделейді. Ел дегенде өзегін ой өртеген "жалын ақын" Махамбетке арнаған "Еменге біткен иір бұтақ" әлеңінде Қ.Мырзалиев: «Алаулап жанған сөзіңнен Аңғардық отты уақытты. Дос болған сенің өзіңмен Исатай қандай бақытты!»-дейді. Шынында да "Алаулап жанган сөз" тек Махамбеттей "от ауызды орақ тілді" ақынның ауызынан шығуы ғана ықтимап, Елдің елдігі сыналар шақта ұлттық рухты қайрау, намыс жігерін оятуда әр ақынның Махамбетке жүгінуі, рухынан медет тілеуі абзал іс "Тәуелеіздіктің алғашқы жылдарындағы саяси арпалыстар мен сапырылыстарды есінізге алыңызшы Біреулер сойылын көтеріп Оралға, енді біреулер шоқпарын көтеріп Алтайға жүгіріп жатқан жоқ па еді?! Жұрттың бәрінің жанын жегідей жеп қинаған сол бір сәтте мен де Махамбет рухына жалбарынып өлең жаздым" .- деп Т.Медетбектің өзі сыр етеді. Ол - "О, Махамбет, батырым!" атты өлеңі еді. Талықсып жатыр бүгінде Дінім де, ділім, тілім де Өтіп бір кете жаздап тұр Арыстан даусым үнім де…деп автор егемендік алған алғашқы жылдардағы киындықтарды, өткір әлеуметтік мәселелерді төкпелей айта келе: «Қолдашы, кәне, бүгін-ай, О, Махамбет, пірім-ай»,- деп айбынды ақыннын қайрат-күш беруін, әруағымен желеп-жебеп, қолдауын сұраумен қатар, тарих беттеріндегі ашы шындық. әділетсіздіктерді ақын азамат ретінде ашына паш етеді. Т.Медетбек үшін Махамбет жай ақын смес, намысты, қайратты, биік рухтың ақыны, қайсар жан, сондықтан ол ақындардың пірі. Өлеңнің негізгі идеялық желісі осы ой "Ханга хан екенсің" деп именбеген шыншыл Махамбет рухына сыйына отырып, Темірхан ақын заманның шынайы шындығын - кеселді жайларды Махамбетше айтудан өзі де именбейді, тайынбайды.

Өмір көзі, гұмыры тарихқа арқау болған Махамбетті қазақ ақындарының көпшілігі қайсарлықтың, ерліктін, ұлттық рухтың үлгісі ретінде суреттеумен қатар, Атырау еңіріндегі Қараой жерінде жерленген батыр баба бейітіне барып, рухына бас иіп, ақын қаны тәгілген қасиетті де қасіретті жерге тағзым етіп, жыр арналарын кеңейтіп жатады. Бабамыздың жамбасы жерге тиген Қараой жазығы шағыл төбесінен төменге көз жіберсен ұзыннан-ұзақ қарақошқылданып жатқан кең жазық. Ақынның өзінің «Жау іздеген ерлердің Қайда басы қалмаған?!-дегеніндей, қасық қаны төгілген де, бақилық мекені де Қараой екенін бүгінгі ұрпақ жақсы біледі, ерекше қастерлейді Көп ақындарымыз Қараой жеріне ат басын тіреп, "Махамбет қабірінің басында"(М.Кенжебай), "Қараойдың қабағында"(F.Сейтақ), «Бейіт басында» (С.Жиенбаев), "Махамбет қабірі басындағы ой" (С.Түрғынбеков), "Зират басындағы ой" (С.Бердімұратов), "Махамбет мазарында" (Қ.Жылқышиев), "Қараой-88"(Т.Досымов) сынды өздерінің тебіреністі туындыларын жазған. Мұндай өлеңдердің бастауында, туу тарихы жағынан да, көркемдік деңгейі тұрғысынан да біз сөз еткен Қ.Бекхожиннің "Махамбет қабіріндегі тебіренісі" мен Ж.Молдағалиевтың "Махамбет қабірі басында" атты жырлары тұрары сөзсіз. Сондай-ақ, Ж.Набиуллиннің "Махамбет бейіті" мен С.Бердімұратовтың "Қамшы мен күмбез" жырлары - окушының сезім пернелеріне ерекше асер етер дүниелер. Оқыған адам ойланардай, намысты жан толғанардай шымыр да эмоциялы жазылган осы өлендермен тақырыптас

C.Жиенбаевтын. Қ.Жылқышиевтың, Н.Әжігалиевтын, С.Тұрғынбековтін жырлары топтастыра қарастырылды.

Қазақ ақындары Махамбетті жырлауда ақын жанының бар болмысына, тұтас қасиеттілігіне бойлайды, оларды шабытты қуаттылықпен зерттейді. Махамбетті жырға қосуды ұлттық шеңберде ұлы қаспеттілікке бойлай алу ақындардың ұлылығын аңғартты. Профессор Ш Елеукенов Махамбетті "Қазак саяси лирикасының жерге түспес жебесі" деп орынды балаған, себебі, алдаспан ақынның жебесі адырнасынан ажырағанынан бері қаншама дәуір өтсе де ол жайлы алмас жырлар толастаған жоқ Жыр жырға ұласты. Қазіргі ақындар елді, жерді жыр етуде үлкен азаматтык танытып, өз жырларын саясатвен астастырды. Қазақ әдебистінің тарихы тәуелсіздік рухта қайта жаңғырып, қайта қаралып, гүлденген сәтте дауылпаз ақынның рухы да асқақтап, есімі мәнгі жырға қосылмақ!

Бір дәуірде, тіпті бір ортада өмір сүрген ақындардың да суреткерлік денгейі, ақыл-парасатының көтерілген биігі әр келкі болатынын дәлелдеп жату артық, Махамбетке арналған қазіргі жырлардың өн бойында ұлттық намыс және ұрпақтың ұлттық мінезді жоғалта бастауы көрініс тауып жатады. Әрине, қазақ ақындарының ұлтжандылық қасиеттін әлсіреуіне көңіл бөлуі ұлт болашағына аландаушылығын танытады Осындай өзекті ойға жетелер Нұрлан Оразалиннің "Жыр-бата" өлеңінде: Мен Махамбет емеспін, Сен Махамбет емессін, болу қолдан келмеді, түрар түста тұра алмай, үрар тұста ұра алмай,

жүректерде тұншықты туа шөккір жыр, Алла-ай, томагалы қырандай!деп, бір бағытқа негізделген бұғауға түскен ойға, "бір шенбердің" көлемінде гана қалыптасқан санаға, кеңестік идеология құрсауынан арылмаған жырға өкпе арту болса, ал, талантты акын Нұрлан Мәукенұлы "Сен Махамбет емессін" өлеңінде сен Махамбет емессің! Самал желмен кеңестің, Тәмәм елмен тең өстің. Халық қамын емес, Халық нанын жеп өстің,-деп, заманындағы "самал желмен кеңескен" ақынсымақтарды шенейді Жалпы ақын қауымы өз басының "күлқыны үшін тырбанбай", халқы үшін адал қызмет ету керектігін тілейді. Соншалықты қиын дәуірде күй кешіп, өз күйін күйттемей, хан ордасын тастап, әділдік үшін қара халықтын жағына шыққан Махамбет рухын алға ұстай отырып, ақын: "Қилы заман ұлысын, Қиын күннің тіпісің, Қилы нарық құлысың, Құлқыны үшін тырбанған, Қоңыздардың бірісің, Керген күнің құрысын,"- деп тіршіліктің күйбеніне бағынып, нарыққа құл боп, акшага қам жасап өлең жазуды кәсіп еткен "дүниеконыздыққа бой алдырган" ақындарға қайрат білдіре сөйлеп, «Сен Махамбет емессін» десе, ЖЕрман "Махамбет және біз" өленінде көптеген ақындарды ақын деген касиетті атқа лайық кормей, коп атынан былайша сыр айтады: «Шаруамды кия алмай шайқалмаган, Қылып шындық алдында қайқандағам, Кезім аз ба - мен айтсын деген кезде, Қара қылды қак жарып айта алмаған! Қынабымда тоздырып кездігімді, Күйттеп жүрген көбеңмін өз күнімді, Махамбетке ұқсасақ арман қайсы, Үқсайтыным аз ба деп қауіптенем!. Бұл - "Қара қылды қақ жарып айта алған" Махамбет рухынан ұзлғандыгы. Махамбетті осылайша тани отырып, бүгінгі "жасанды", үндемес, ез" ақындарга қалайша ақын деген атау бермекпіз. Ақын атауына пайық болғысы келсе, Махамбеттей болсын, шындықты айтсын деген назды ойын "жалтақ" ақын боп жеткізеді.







































Қорытынды

Ұлықбек Есдәулет,Рафаел Ниязбеков,Қадыр Мырза Әли,Жұбан Молдағалиев, Қалижан Бекхожин, Олжас Сүлейменовтің аталған өлеңдері тарихи тұлғаларымызды бағалап қадірлеуге, жалпы тарихымызды тереңдеп танып, зерделеуге де, бейнелеуге де толық мүмкіндік еркіндігіміз туа қоймаған қысталаң кезеңде жазылғандығымен де, авторлардың батыр ақын бейнесін тұлғалау арқылы зәру тақырыпты көтерген батылдығын, азаматтық биік позициясын әйгілеуімен де, шынайы көркемдігімен де айтулы туындылар санатына жатады. Махамбет - казақ поэзиясы үшін мәңгілік тақырып. Талданған туындыларда Махамбеттей тұлғаның батырлық, ақындық ерекшеліктері әр қырынан, негізінен сәтті ашылған десек те, батыр бабаның болмысына, рухына неғұрлым сай биік тұлғасын жасау – келешектің ісі демекпіз. Көркемдік ізденістерімізге жаңа өріс, соны серпін керек.Махамбет сияқты батыр да ақын бабаларымызды ешкашан жадымыздан шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз үшін күрескен Махамбет атамыздын рухына басымызды иіп, еліміз үшін курескені үшін елімізді одан әрі көркейту керек. Батыр бабаларымыздың аңсаған арманы еліміздің азаттығын алу болған еді, соны жадымыздан шығармай, әрқашан мақтан тұтып, болашақта елімізді көркейту – бізге парыз.































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қабдолов 3. «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы». Егемен Казақстан, 7 тамыз, 2001.

  2. Молдағалиев Ж. Таңдамалы. Екі томдық. I т. Өлеңдер. Алматы, "Жазушы", 1970.

  3. Бекқожин Қ. «Үш томдық шығармалар жинағы. Өлеңдер мен поэмалар.» Алматы, "Жазушы", 1984. 3 т.

  4. Мырзалиев К. «Сөз сиқыры.» «Жыр туралы кітап.» Алматы, "Жазушы", 1982.

  5. Х. Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері». «Қазақстан» баспасы. Алматы-1967.

  6. М. Өтемісұлы. Өлеңдер жинағы. Алматы-1958.

  7. Тәжіғалиева.А.С. «Қазақ поэзиясындағы Махамбет бейнесінің көркемдік шешімі».Алматы-2006.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі