Махамбет Өтемісұлы "Бағаналы терек"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Махамбет Өтемісұлы "Бағаналы терек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлы"Бағаналы терек" 14 сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Абилова А.О.

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 9-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІ тоқсан, 14-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім. Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы:

Махамбет Өтемісұлы «Бағаналы терек»

Оқу мақсаттары:

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда талдап, баға береді.

Бағалау критериі:

  • шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын анықтайды;

  • шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының заманауилығын талдайды;

  • шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының жаңашылдығына баға береді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Сабағымыздың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Бағаналы терек»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

Махамбет Өтемісұлы, шығармашылығы

Сенің меңгеретінің:

  • шығарманың жаңашылдығын анықтайсың;

  • ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда талдап, құндылығына баға бересің.


Презентация

5 минут

Жаңа сабақ

Ой түрткі.

Бос орынға тиісті сөздерді қойыңыз.

Ханнан ... туғанша, (қырық)

... бір-ақ тусайшы, (Қарадан)

Халықтың ... қусайшы, (кегін)

Артымыздан біздердің

Ақырып ... сұрарға! (теңдік)





10 минут




Тапсырмалар

1-тапсырма

Ойлан, талда!

Өлеңге талдау жаса.

1. БІЛІМ.

«Еңіреп жүрген ер» ол қандай адам?

2.ТҮСІНУ.

«Екі тарлан бөрі» деген ұғымды қалай түсінесіз?

3.ҚОЛДАНУ.

«Қай қазақтан кем едім, бір қазақпен тең едім» деген ақын көзқарасын қазіргі заманға сай қолданып, монолог айтыңыз.

4.АНАЛИЗ.

«Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші, Қыранға тұғыр қыларға» деген тармақтағы ойды қазіргі заман адамымен салыстырып, талдау жасаңыз.

5.СИНТЕЗ.

«Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы» деген автор көзқарасына қазіргі ұрпақ келісе ме? Ойыңызды тұжырымдаңыз.

6.БАҒАЛАУ.

«Әлдилеген баласын жетім етсем деп едім» деген ойға баға беріңіз.


Дескриптор:

  • қазіргі заманмен байланыстырады;

  • ұтымды ой айтады;

  • терең талдау жасайды;


Өзіңді тексер!

1. Әр істі бастайтын ер бар. Кескілеспей басылмайтын қайтпас қайсар батыр бар. Істеген ісін бітірмей тынбайтын кескекті ердің сойы бар, боз ағаштан биік батыр бар. Яғни әрекеттің басында, барысында, аяғында жүрген істің иесі бар. Ол басталған іске өз жауапкершілігін толық сезінеді. Сәтті ісіне де, сәтсіз ісіне де тек өзі ғана жауап береді деген ойдамын.

2. Менің ойымша, ешкімнен қорықпайтын, жасымайтын, жасқанбайтын, өзін жасырмайтын, ешкімге табынбайды. Махамбеттің Мені – қазақ халқының МЕНІ. Өзі жау іздемейтін, қарсы келген дұшпанға қаймықпай, кірпік қақпай қарсы қарап тұратын қазақ халқының жауынгер ұлдары мен қыздарының Мені.

3. Менің ойымша, Махамбет демі, отты жүрегі, дауылды сөзі, ұранды мінезі бізді әсер етпеуі, бей-жай қалдыруы мүмкін емес.

Махамбет-ақын өз ісінің ақтығына сенеді. Мақсаты — анық, ойы – нық. Күн-түн қатып жүргені “ана Нарында жатқан жас баланың қамы”. Қара қазан, сары бала қамы үшін қолға қылыш алды. Еділ үшін егесті, Жайық үшін жандасты, Қиғаш үшін қырылды, Теңсіздікке жаны көне алмады.

4.Осы үзіндісі арқылы Исатай батырдың ерлігін үлгі етті. Бүгінгі жастардың бойынан осындай ерлік істер табылар ма? Әрине, әр заманның өз батыры бар. Өз елінің амандығын ойлайтын болашақ ізбасарларына үлкен үмітпен қараған ақынның жан сыры деуге болады.

5. Иә, деп ойлаймын. Себебі ақын сынған нәрсе қайта қалпына келмейді, елге жаңа ерлер керек деген ойын білдіріп отыр. Осы үзнідісінде болашақ ұрпаққа аманатын айтып тұр.

6. Мұңдағаны ел мұңы, жырлағаны – елдің жыры. Айтары қара қазан, сары бала қамы. Халық үшін қан төкті, қараны ханға теңегісі келді. Махамбеттің Мені – халық үшін жанын қиған ер.





10 минут




Тәжірибе










2-тапсырма

FEST –талдау


Жаңашылдығы (анықтау)

Ұрпақтар сабақтастығы (табу)

Салыстыру (заманауи өлеңмен салыстыру)

Баға беру (өлеңнің тарихи құндылығына баға беру


Дескриптор:

  • жаңашылдығын анықтайды;

  • ұрпақтар сабақтастығын табады;

  • заманауи өлеңмен салыстырады;

  • тарихи құндылығына баға береді.


Өзіңді тексер!

Махамбет жырларының үлкен тақырыбы – халық, шаруа, солардың феодалдық-хандық құрылыс тепкісінен құтылуға бағытталған бостандығы мен арманы болған еді. Яғни ақын поэзиясының халық тағдыры туралы жыр екенін оның «Ереуіл атқа ер салмайынан» өзге де «Соғыс», «Толғау» деген алғашқы өлеңдері дәлелдей алады. Жәңгір хан ордасының үстіне халық қаһарының бұлты төнген күндерді ақын өзгеше шабыт, ынтамен жырлайды.

Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ер қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді. Ақын өлеңдерінде халықтың қорғаны болатын ер азамат екендігін естен шығармау нақты айтылады, себебі елдің тыныштығы мен жауыздардан азат болуы үшін нағыз ержүрек батыл ұлдар керек. Ақын өлеңдері ерлікке толы. Бүгінгі ақындардың өлеңдерімен салыстырсақ, Махамбет өлеңдерінде қайсарлық, ұлтжандылық, өр мінезділік ерекше байқалады.

Махамбет поэзиясының балалар әдебиетіне өзіндік үлкен үлес қосқандығы оның жасөспірімдерді ерлікке, патриоттыққа, әділеттілікке, бірсөзділікке, ел қамына жан күйдіре білуге шақыруында.

Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған Махамбет шығармашылығы, тұтастай алғанда, автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр.

































2 минут

Бекіту

Бекіту сұрақтары:

  1. Шығарманың жаңашылдығын анықтадыңыздар

  2. Ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда талдауды меңгердіңіздер.

  3. Құндылығына баға беруді үйрендіңіздер.



1 мин


Қосымша тапсырма:

Қосымша тапсырма:

«Мен, мен едім, мен едім...», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек жарылса» өлеңдерін салыстырып, олардағы ортақ ойды көрсет.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі