Махамбет Өтемісұлы. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Махамбет Өтемісұлы. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлы. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім

2- бөлім

Тарихи шындық пен көркем шешім

Педагогтің аты-жөні


Күні

13.11.2024 ж.

Сынып

9 «......»

Қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы.

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармадағы ақын психологизмін анықтайды. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыстар орындайды.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету. Ұлттық мәдениетті дәріптеу.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут










Ұйымдастыру кезеңі: түгелдеу, балалардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды QR код арқылы топтасуға шақырады. (Махамбеттің; Баймағамбет сұлтанға; айтқаны сөздері арқылы)

Мұғалім «Зымыран» сұрақтарын қояды:

  • Балалар, Жәңгір ханның қолында тұрса да, айтқанына көнбеген өр батырды білеміз бе?


  • М.Өтемісұлы есімі сендерге қаншалықты таныс?

  • Оны қазақ әдебиетінде кім, қандай тұлға ретінде танимыз?

Дұрыс айтасыңдар, хан, сұлтанға қасқая қарап сын айту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Олай болса, Махамбет әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі боп тұра алмайтынын ерте бастан-ақ анық сезеді. Сондықтан соңғы демі жеткенше халықтың әлеуметтік өміріне алаңдап өткен Махамбетті біз тек батыр ғана емес, қазақтың соңғы жырауы ретінде де есте сақтауымыз керек.

ұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.)

  • Балалар, біздің бүгінгі сабақта бұлайша топтастырылуымыз тегін емес. Біз бүгін отты ақын Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» шығармасымен таныс боламыз. Топқа ақын шығармасының атауы арқылы бөлінуіміздің сыры осында. Сабағымызда сендер неге қол жеткізулерің керек? Ақын шығармасындағы ақынның ішкі эмоциясын анықтауларың керек және автордың стиліне сүйене отырып, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындауларың керек.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Оқушылар QR код арқылы топтастырылады.



Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.


Мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.


Мұғалімнің мадақтау сөздері


- Керемет!

- Жарайсыңдар!

- Тамаша!

Оқулық, дәптер, қаламсап, планшет, телефондар


Сабақтың ортасы

20 минут





















10 минут

Мұғалім ақынның шығармасын экраннан тыңдатады.

(Шығарма әр топтың алдында жатады.)


Мұғалім оқушыларға ұяшық таңдатады.

1 топ:

Автор стиліне сүйене отырып, шығарманы жалғастырыңдар (өлең немесе қарасөз түрінде. Үзінді таңдау еркіндігі беріледі).


2 топ:

Автор стилін аңғарсаңдар, Махамбет көзі тірі болғанда, қандай мамандық иесі болар еді деп ойлайсыңдар? Үзінділерден дәлел келтіре отырып, ойларыңды дәлелдеңдер.


3 топ:

Ақынның ішкі әлеміндегі жан күйзелісі, ашуы, ызасы қай тармақтарда анық аңғарылады? Автор стилі туралы не айтуға болады? Жырдан дәлел келтіріңдер.



ЖЕКЕ ЖҰМЫС

Ұсынылған шығармашылық жұмыстардың бірін таңдап, «ХХІ ғасырда Махамбеттей ақын керек пе?» тақырыбында өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Шығармашылық жұмыс түрлері:

«ПТМС» әдісі бойынша пікірін білдіру немесе ақын стилінде РЭП жанрында шумақ өлең шығару.

Оқушылар экрандағы шығарманы оқиды.



Оқушылар ұяшық таңдау арқылы тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар жыраулар поэзиясының сарқыты байқалатын ақын өлеңдерінде азаматтық рух, ұлттық сарынды байқап, азаматтық лириканы ажыратады.











Балалар берілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс түрінің бірін орындайды.


Менің ойымша,...

Себебі,...

Мысалы, ...

Қорыта айтқанда, ...

Дескриптор:

- автор стилін анықтайды;

- автор өлеңдеріне сүйеніп, азаматтық болмысына болжам жасайды;

- ойларын дәлелді жеткізеді.


ҚБ топтық бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.








Дескрипторы:

- шығармашылық жұмыс түрінің бірін орындайды;

- пікірін білдіруде өмірмен байланыстырады; хип-хоп жанрында өлең шығарса, ақын стилін ұстанады.

.

ҚБ. «Жұлдызды баспалда» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.


"Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны"өлеңі. Аудиокітап




















Сабақтың соңы

5 минут


ҚҚҚ стратегиясы.


Қызық

Қиын

Құнды





Үйге: үзіндіні жаттау

Оқушылар өздері үшін ненің қызық, ненің қиын, ненің құнды болғанын айтады

Мұғалімнің мадақтау сөздері








Алай ма, сұлтан алай ма!
Астыма мінген арғымақ
Аяңдап түсіп марай ма?
Арғымақ дейтін жығылар,
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?
Арғымақ атқа айдай таға қақтырса,
Кілегей қатқан Еділдің
Көкше мұзынан таяр ма?!
Ата ұлының баласы
Асыл ерге малың бер,
Малың бер де басын қос,
Басыңа тарлық түскенде
Ардақтаған әділ жанын аяр ма?

Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік,
Екеуіміз жүргенде,
Бір - бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік,
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік.


Еділді көріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген.
Таудағы тарлан шұбар біз едік.
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
Шабытымыз келгенде,
Ерегіскен дұшпанды
Шетінен сүйреп жеп едік.
Баста дәурен тұрғанда,
Біздер - дағы, Бәйеке,
Оза көшіп, кең жайлап,
Еркімен еркін жатқан ер едік.


Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.
Ханның кірген ақ орда,
Бұзуын ойлап кеңестік.
Аламанға жел беріп,
Аса жұртты меңгердік.
Қара қазақ баласын
Хан ұлына теңгердік.
Өздеріңдей хандарды
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан аққан қан
Ат баурына төгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне өңгердік.

Кешегі Исатайдың барында,
Алақандай Нарынды
Бастаушы едім құлаштай.
Жәбір беріп жала етсең,
Былғанған басым ласқа - ай.
Мен бір шарға ұстанған
Қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса тағы жетілдім.
Көрмес, келмес деп едім,
Өз еркіммен бетімді - ай.
Есігіңнің алдына
Ұрмай, соқпай келтірген,
(Арманың бар ма құдайға)
Мынау Махамбет сынды «жетімді - ай»!


Ханнан кегім ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ.
Заманымда болған «сұлтаным»
Бізді жіпсіз байладың

Еділ мен Жайық жер еді - ау,
Мекен еткен шаруаға,
Жағасы қорған жай еді - ау.
Жай - қоныстан айрылып,
Біз бір қаңғып жүрген қарашы.
Қайта - қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?!


Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам тағы кетермін,
Кетпей де нешік етермін?
Бұл барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын,
Өтініп алып от жақпан,
Дұшпанға қылыш ұрармын.
Жазға бір ай қалғанда,
Ала сапыран болғанда ,
Бөліне көшкен еліңді
Бөріккен қойдай қылармын.
Жарыла көшкен еліңді,
Жаралы қойдай қылармын.
Мен кеткенмен тек кетпен,
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең,
Өзекті жанға бір өлім,
Ордаңды талқан ғып шабармын.


Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауын қашырған.
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Мен кесекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар - намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартылмай сөйлер асылмын.
Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр,
Бойың жетпес биікпін,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман.
Шамдансам жығар асаумын,
Шамырқансам сынар болатпын,
Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!»
Аяғыңа бас ұрман.
Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,
Қыларың болса қылып қал,
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман!


Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр!
Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп,
«Ханым, ханым» дегенге.
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды,
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты жолықса,
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді.
Тәуекел таққа бел байлап,
Қималы найза өңгеріп,
Боз балаға жел беріп,
Атқа мініп шыққанда,
Зұлым төре, сенің де,
Көрер едім к...

Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің ,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көпке шақыртып,
Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік Ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сырқаты - сары бал,
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке
Үстіме кисем деп едім.
Қанықейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді
Ителгі көзің төңкеріп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артына салсам деп едім.
Тілекті Тәңір бермеді,
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім.


Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда,
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақ сүйек,
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Хан баласы ақсүйек -
Бәйеке сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2024
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі