Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махамбет Өтемісұлы «Мен – мен едім, мен едім» өлеңіндегі ақынның өз бейнесі мен Исатай бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлы «Мен – мен едім, мен едім» өлеңіндегі ақынның өз бейнесі мен Исатай бейнесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі

Педагогтің аты-жөні

Калжанова Рая

Күні:

03.12.2024 жыл

Сынып:

9 «В»


Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы «Мен – мен едім, мен едім» өлеңіндегі ақынның өз бейнесі мен Исатай бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

9.1.2.1-әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

9.2.2.1. автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау

Сабақ мақсаты

-әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды

- автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы



















Сабақтың ортасы

Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түстер бойынша 4 топқа бөлу. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.

Топтастыру. Махамбет кім?

Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасыңдар? Көтерілісті ұйымдастырудың басты себебі не? Махамбет поэзиясының тақырыбы не? (майдан)

Ақын өлеңі: Толғау.
Стилі: Халықтың сол кездегі сөйлеу тілі.

Көркем әдебиеттегі психологизм.

Көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру.

Бағалау критерийі: -өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды;

-өлең жолдарындағы автор бейнесіне мінездеме береді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, Махамбеттің «Мен – мен едім, мен едім» өлеңімен танысамыз. «Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес» деп М.Әуезов айтып кеткен.





«Мен, мен, мен едім» өлеңін оқып, тыңдап өлеңнің астарына үңілу, мұндағы «МЕН-нің» мағынасын ашу.
Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің» мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында мол сыр бар. Мағынасы терең. Мұндағы «Мен» – Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбетттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді.

МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.
МЕН – елін Еділдің бойы ен тоғайға қондырсам деген асыл арман иесі.
МЕН – кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.
МЕН – ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.
МЕН – ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.

Махамбеттің асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен адамы – Исатай.



Амандасады. Оқу құралдарын дайындайды.

Оқушы жауабы ескеріледі.

«Зымыран сұрақтар» әдісі

Тақырыпты болжап, өткен білімдерін қайталау мақсатында сұрақтарға жауап береді. Топтастыру. Махамбет кім? Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасыңдар? Көтерілісті ұйымдастырудың басты себебі не? Махамбет поэзиясының тақырыбы не?

Барлық оқушылар сабақ мақсатын біледі.

Көркем шығарманы оқып, ақынның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып бейнесін көрсетеді.




1-тапсырма. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкер бейнесін анықтау үшін копцептуалдық кестемен жұмыс. (1-2-топтардың тапсырмасы)

1.Өлеңнің идеясы-Махамбет өлеңдерінің басты идеясы елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Бай сұлтандардың озбырлығы мен өктемдігінен елін қорғау.

2. Кейіпкер бейнесі. Махамбеттің өзіде Исатаймен теңдес, тұла бойы ерлікке толы биік тұлға. Ол «дұшпанына келгенде –тартылмай сөйлер асыл».

3.Өлеңнен дәлел

Хан баласы ақсүйек,

Қыларың болса қылып қал.

Күндердің күні болғанда

Бас кесермін жасырман.

Ойға түйгенім. Ақын өлеңінен жауар бұлттай түйіле, найзағайдай атыла сөйлеп, «кескілеспей басылмас» қайсар ерлігін көреміз.

2-тапсырма. Шығарманың көркемдік тіліне талдау жасау. (3-4-топтардың тапсырмасы).

Өлеңнен мысал.

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып, Басын кессем деп едім.

Шығарманың көркемдік тіліне талдау. Көркемдік сипаты. Қарны жуан би-эпитет.

Эпитет-заттың не құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын айқындаушы сөз.

Атандай-теңеу.

Теңеу-құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Қай қазақтан кем едім?

Қай қазақтан кем едім?-риторикалық сұрақ. Риторикалық сұрау-ойды сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.

Бағалау тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты ұпай санын жинау арқылы жүзеге асырылады.

Қалыптастырушы бағалау:

1 мен 10 балл аралығында бағалау

Дескрипторы:

-сұрақтарға жауап бере алады

-алдыңғы оқуды нақтылайды.

-сабақ тақырыбын болжай алады.

-сабақтың мақсатын біледі





Дескриптор:
-өлеңді оқиды.

-өлеңнің идеясын анықтайды;

-кейіпкер бейнесін ашады;

-өлеңнен дәлел келтіреді;

-өзіндік пікір білдіреді.





























Дескриптор:

- Ақын образы туралы ойларын жинақтайды;

-шығарманың көркемдік тіліне талдау жасайды.


9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы,

«Арман-ПВ» баспасы,

2019 ж.





Функционалдық сауаттылық:

ЕБҚ оқушыға тапсырма

Берілген тапсырманы жауабымен сәйкестендіріп, тест жұмысын орында.

Берілген мысалдарды көркемдік тіліне талдау.

1-тапсырма.

1.Эпитет

А

Қай қазақтан кем едім?

2.Теңеу

Ә

Мен-мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

3.риторикалық сұрақ.

Б

Қарны жуан би

4.Қайталау

В

Ер, едім, бөрі едім

5. Метафора

Г

Атандай







ЖАДА

Берілген өлеңдегі «Мен» сөздің мағынасына ашу.

Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің» мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында мол сыр бар. Мағынасы терең. Мұндағы «Мен» – Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбетттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді.

Мен-мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

Еңіреген ер едім.

Еділдің бойы ен тоғай-

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Мен-қайталау.Қайталау-сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап айту.

ЕБҚ оқушыға тапсырма

Берілген тапсырманы жауабымен сәйкестендіріп, тест жұмысын орындайды. Берілген мысалдарды көркемдік тіліне талдайды.

1-Б

2-Г

3-А

4-Ә. 5-В

Берілген өлеңдегі «Мен» сөзінің мағынасын ашу.

Өзіңді тексер!

Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің» мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында мол сыр бар. Мағынасы терең. Мұндағы «Мен» – Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбетттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді.













Дескриптор:

ерілген тапсырманы жауабымен сәйкестендіреді

- тест жұмысын орындайды.

-көркемдегіш құрал түрін анықтайды.


Дескрипторы

-сөздің мағынасын анықтайды.










Үй тапсырмасы


«Мен – мен едім, мен едім» өлеңінің ұнаған шумақтарын жатқа мәнерлеп оқу.

«Мен – мен едім, мен едім» өлеңінің ұнаған шумақтарын жатқа мәнерлеп оқиды.



Дескрипторы

-үзінді жаттайды



Сабақ соңы:

Кері байланыс:

Қызықтым, есте сақтадым, үлгі боларлық қорытынды.


Оқушылар сабаққа деген ойларын айтып, сабағымызды қорытындылаймыз.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12