400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Махамбет Өтемісұлы отты жылдар ақыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлы отты жылдар ақыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Танымдық сабақ

Тәрбие сағаты

Махамбет Өтемісұлы – отты жылдар ақыны

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 9 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:





  • Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу,ел қорғаны – батырлар қандай болу керектігін ұғындыру.

  • Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.

  • Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Суреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз қазақ әдебиетімен байланысты болмақ.

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Махамбет Өтемісұлы – отты жылдар ақыны»

Махамбет Өтемісұлының дүниеге келгеніне биыл 220 жыл толып отыр.

Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алар орны зор.

  • Ендеше сендерге сұрақ:

«Ой қоржыны»

- Он алты  жасында  Беріш руының жезтаңдай ақыны атанған Махамбетті бүгінгі ұрпақ  кім деп таниды? 

Өз ойларыңмен бөлісіңдер


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация












Сабақ басы (13 мин)






ФPicture 4 ариза Оңғарсынова:

Махамбет!

Махамбет...

Білмеймін жел ме, сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме...


- Махамбет Өтемісұлының өмір жолы және шығармашылығы жайлы қандай мағлұматтар білесіңдер?

- Махамбет Өтемісұлы қандай тақырыптарды жырына арқау еткен?

- Махамбет Өтемісұлын неге дауылды жылдардың жалынды жыршысы дейді?


Оқушылар өз ойларын ортаға салады










Сұрақтарға жауап береді


презентация

 



Ортасы (20 мин)


Махамбет Өтемісұлының өмір жолы:

  • 1803 жылы  М. Өтемісұлы Ішкі Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Нарын құмының Жанқұс деген жерінде туған. 

  • Махамбеттің әкесі Өтеміс ықпалды билердің бірі болған. Старшина болып ел басқарды. 

  • 1846 жылы 20 қазанда күрескер ақын 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет ауданындағы «Махамбет ойы» деген жерде.

Сұрақ – жауап:

  • АPicture 4 қын өлеңін тыңдағанда қандай әсер аласыңдар?

  • Махамбет поэзиясын оқығанда, көз алдымызға қандай тұлға елестейді? 

  • Қане, кім  қалай суреттеп берер екен?     


Мен - мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

Еңіреген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім.

Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Ондағы «Меннің» мәні ерекше. Бұл өлеңдегі «Меннің» астарында қандай сыр бар? 

  • МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.

  • МЕН – елін  Еділдің бойы ен тоғайға қондырсам деген асыл арман иесі.

  • МЕН – кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.

  • МЕН – ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.

  • МЕН –ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.

Махамбеттің асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен адамы – Исатай.

Picture 2

Исатай өліміне ақын қабырғасы қатты қайысады.

Махамбеттің Исатайды соншама дәріптеуінің негізгі түйіні неде деп ойлайсыңдар?

«Жұмыр қылыш» күйі


Жұмыр қылыш күйінің шығу тарихын білесіңдер ме?

Неліктен бұндай атау қойды еп ойлайсыңдар?

Ұлылар сөзі


«Махамбет – Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры. Махамбет есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі – «қазақ» сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз, басқа жер бетіндегі елдің өлең-жырында жоқ»

З.Қабдолов

Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес.                                                                                                                 М.Әуезов



Оқушылар ақынның өмір жолымен танысады














Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салады








Өлеңді мәнерлеп оқиды













Оқушылар өз ойларымен бөлседі















Оқушылар берілген ақпараттарды оқиды













Жұмыр қылыш күйін тыңдайды, алған әсерлерімен бөліседі











Махамбет Өтемісұлы туралы айтылған сөздерді оқып шығады

Презентация












Бейнеролик




















Суреттер
























Интерактивті тақта
















Бейнеролик








Слайд

Соңы






Қорытынды

Махамбет Өтемісұлы өзінің қайраткерлігімен бірге,  отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ақын.

Олай болса ұрпағының болашағы үшін күрескен, қазақ халқының бостандығы жолында өмірлерін құрбан еткен батыр бабаларымызды əрқашан мақтан тұтып жадымызда мәңгілік сақтауымыз керек...


Кері байланыс

«Бір тамшы ой»

Бүгінгі сабақтан не түйдім?




Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі


презентация
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі