Материалдар / Махамбет пен Жақия.Қ.Жұмалиев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Махамбет пен Жақия.Қ.Жұмалиев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін авторы Қажым Жұмалиев туралы мағлұмат бере отырып,елімізді қорғаған батырлар жайлы білімдерін тереңдету.Мәтін мазмұнын дұрыс түсініп оқуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Маусым 2018
590
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақты тақырыбы:Махамбет пен Жақия

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Мәтін авторы Қажым Жұмалиев туралы мағлұмат бере отырып,елімізді қорғаған батырлар жайлы білімдерін тереңдету.Мәтін мазмұнын дұрыс түсініп оқуға уйрету;

2.Дамытушылық:Мәтінді талдау қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін арттыру

3.Тәрбиелік: Ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.Ержүректілікке,Отансүйгіштікке,батырлыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:слайдтар ,парақшалар

Әдісі:сұрақ-жауап,ой –қозғау,синквейн,бес саусақ т.б

Пәнаралық байланыс:музыка,дүниетану,қазақ тілі

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,оқу құралдарын түгендеу

Назарларын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достарым,

Қайырлы күн ұстазым.

Шеңберге тұрайық

Жылулық сыйлайық.



-Рахмет, балалар.Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше.Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз.



1-топ: «Дулыға»

2-топ: «Семсер»

3-топ: «Тұлпар»

Сабаққа барлығымыз толық қатысамыз.Сабағымыздың мақсаты:Елімізді қорғаған батырлар туралы толық мағлұмат ала отырып,топтасып түрлі әдістермен жұмыс жасаймыз.

Рухани жаңғыру

ІІ.Өткенді пысықтау кезеңі

-Балалар өткен сабақта «Ақжолтай Ағыбай батыр» әңгімесін өтіп,үйге түсінгенімізді айтуға берген болатынмын.Олай болса,түсінігімізді айтайық. (3 оқушыдан сұрау)

Сұрақ-жауап:

1.Ағыбай батыр кімдерге қарсы шыққан?

2.Патша үкіметі қазаққа қандай қысым көрсетті?

3..Отарлық басқыншылықтан халықты қорғауға шақырған кімдер?

4.Ағыбай батырдың арқасында халық қандай жағдайға жетті?



-Өте жақсы ,балалар.Сонымен қазақ батырлары неге атқа қонды?Олар не үшін бірікті?

-Балалар,ендеше бүгінгі сабағымызда да өз халқына еңбегі сіңген тағы бір батыр туралы оқып білеміз.

Ол батырдың есімін мына ребусты шешу арқылы білетін боламыз.

Ребусты шешу

«Махамбет» сөзі шығады.

-Алдымен мәтіннің авторы туралы қысқаша мағлұмат бере кетейін.

Қажым Жұмалиев-қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қара төбе ауылында туған. Драмалық шығармалардың авторы. Жазушы

Ал енді балалар назарымызды мына электоронды оқулыққа аударайық.

ТЫҢДАЛЫМ:Электронды оқулықтан мәтінді тыңдату

Тапсырмаларды орындау

Мәтін мазмұны бойынша әр бөлімге ат қою ЖАЗЫЛЫМ:

1-бөлім: Жақияның ерлігі

2-бөлім: Махамбеттің айласы

3- бөлім: Махамбеттің амалы

Топтық тапсырмалар:

1-топ:Махамбет Жақияны неліктен кері кайтарды?

2-топ:Махамбет батыр қоршаудан шығу үшін қандай айла қолданды?

3- топ:Жақия қандай ерлік жасады?

-Ендеше балалар, мына сюжетке назар аударайық

Қосымша «КЕРЕК-ДЕРЕК!

/Махамбет пен Исатай туралы слайдты көрсету/ Топтық жұмыс:

1-топ: Мәтіннен Жақияның ерлігі айтылған жерді тауып оқу

2- топ :..........................................................................................................................................;

3-топ:

.....................................................................................................................................;

Сергіту минуты: Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату

«Синквейн» әдісі арқылы жұмыс

1.Махамбет (зат есім)

2.Мықты,ержүрек (сын есім)

3.Қорғайды,жеңеді; (етістік)

4.Батырлар елін,жерін қорғайды. (сөйлем)

5.Батыр (синоним)

Топтық тапсырмалар

  1. топ: Махамбет кім?(топтастыру)

  2. топ: Ер қаруы-бес қару (топтастыру)

3-топ:«Ұйқасын тап»

....................................батырды,

............................................тағдырды.

......................................қалдырған,

...........................................балдырған.

Сабақты бекіту.«Бес саусақ» әдісі арқылы бекіту


Халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың: «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген,жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген.Басы бөлінгенімен аары төгілмеген арлыларды әңгімелесек,биіктемесек аласармаймыз.»деген сөзі Махамбет Өтемісұлына арналған екен.Міне осындай елін,жерін қорғаған ер жүрек батырлардай бізде Отанымыздың келешек батыр да білімді ұрпағы болуымыз қажет. Отанымызды қорғайтын нағыз патриот болыңдар!Біздің мозайкамыздан ненің бейнесі көрінді?

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

Міне осындай қыран бүркіт –нағыз ержүректіліктің,қайсарлықтың,батырлықтың бейнесі

Оқушыларды бағалау

Уйге тапсырма





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!