Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ (1) |
Қазақ әдебиеті |
|||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері |
|||||
Күні: |
19.04.2019 жыл. |
|||||
Мұғалімнің аты-жөні: |
Шаяхметова Айнур Касымовна |
|||||
Мектеп: |
Алматы облысы, Іле ауданы, К.Әзірбаев атындағы № 15 орта мектебі. |
|||||
Бөлім атауы |
Атадан қалған асыл сөз |
|||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Т/Ж: 9.1.2.1. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау; А/И: 9.2.4.1. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу; |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, өзіндік пікір айта алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасай алады. Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алады, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алады. |
|||||
Бағалау критерийлері |
Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтайды, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады. |
|||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, өзіндік пікір айта алады, Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасай алады, автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алады, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алады. |
|||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сайқы – белгісіздеу, дүдөмалдау, түсініксіздеу; Сауат- 1) діни сөз; мадақ ретінде айтылатын дұға, намаз 2) араб сөзі; бітім, кешірім деген мағынаны білдіреді; Жақайым- Кіші жүздің бір бөлігі алты ата Әлімнің ішіндегі шекті руының бір тармағы, ру аты; |
||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жорықта ту көтерген батырлар . Билік айтқан даналар. |
||||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
||||||
Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту. |
||||||
Алдыңғы оқу: |
Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. |
|||||
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Құрмет.Тілге құрмет. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы. |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы (7 мин) |
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. оқушылардың сабаққа толық қатысуын тексеру, назарын сабаққа аудару. ІІ. Психологиялық ахуал орнату. «Жұлдыз жорамал» тренингін ұйымдастырамын. Орындау шарты: Оқушыларға сары, жасыл, қызыл түсті жұлдызшаларды өз қалауларымен алғызамын. Жұлдызшалардың артында «Бүгін сені сәттілік күтіп тұр», «Ата – анаңа алғыс айтуды ұмытпа», «Досың сенің кеңесіңе зәру» деген сияқты жорамалдар болады. Содан кейін оқушылар жорамалдарды оқып, бір – біріне сәтті күн тілейді, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады. ІІІ.Сыныпты топқа бөлу . Әр түрлі жұлдыздардың түсі арқылы топқа бөлемін.
4. Үй тапсырмасы. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастаны бойынша сұрақтарға жауап беру. «Попкорн» әдісі арқылы жүзеге асады. Орындалу шарты: Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар жылдам орындарынан тұрып сұраққа жауап берулері керек. Дескриптор:
ҚБ: Мадақтау сөздер арқылы ауызша бағалаймын. |
Интербелсенді тақта Жұлдыз жорамал
|
||||
Сабақтың ортасы ( 27 мин) |
Сабақтың тақырыбын жариялау. Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Майқы би мен Мөңке бидің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға түсінік беремін. 1 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Майқы бидің нақыл сөздерін, Мөңке бидің шешендік сөзін оқу, сұрақтарға жауап беру, өзіндік пікірлерін айту. (Оқулықтан Майқы бидің нақыл сөздерін және Мөңке бидің шешендік сөздерін оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Өзіндік пікірлерін айтады.) Дескриптор: -шешендік сөздің мағынасын түсінеді; -сұрақтарға жауап бере алады; -өзіндік пікірін дәлелдеп айта алады. ҚБ: Гүлді ұсыну арқылы бағалаймын. 2- тапсырма. Топтық жұмыс. Графикалық органайзерлердің көмегімен жүзеге асырылады. 1-топ. Кестені пайдаланып, Майқыға тән қасиеттерді санамалап айту.
2-топ. Төмендегі кестені пайдаланып, Мөңке кім? деген сұраққа жауап беру.
3-топ. «Қос диаграмма» кестесі арқылы Майқы би мен Мөңке бидің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Дескриптор: -Майқыға тән қасиеттерді санамалап айта алады. -Мөңке кім? деген сұраққа жауап бере алады. - Майқы мен Мөңке бидің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып жаза алады. ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалауды жүзеге асырамын. 3- тапсырма. Жеке жұмыс. Айтылым. Майқы бидің «Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса сақадай, жасы кіші демеңіз, ақылы жақса атадай» деген мақалды қалай түсінетіні туралы ойларын айту. Дескриптор: -Мақалдың мағынасын түсінеді; -Ойын еркін айта алады. ҚБ: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалаймын. 4- тапсырма. Жеке жұмыс. Жазылым. Мөңке бидің «Болашақты болжауы» шешендік сөзіндегі Ішінен шынтақ айналмау, бетінен алу, билігі жүрмеу тіркестерінің мағынасын ашып, түсіндіріп жазу. Дескриптор: - ойын жинақтай алады; - сөз тіркестерінің мағынасын аша алады; - түсіндіріп жаза алады. ҚБ: «Смайлик» арқылы бағалау. Сергіту сәті. «Бір – екі- үш- төрт- бес» әдісі арқылы жүзеге асырамын. Орындау шарты:Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сосын сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды.Келес жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңында бірге дейін санайды.Әр тілде санаудың орнына «Ха - ха», «Хи- хи» деп айтады. 5 - тапсырма. Топтық жұмыс. Графикалық органайзерлердің көмегімен жүзеге асырылады. 1 -топ. Төмендегі кестені пайдаланып, би мен шешенге тән ерекшеліктерін атап көрсету, ортақ қасиеттерді анықтау.
2- топ.Төмендегі кестені негізге ала отырып, сұраққа жауап беру. Пікірлерін нақты мысалдармен дәлелдеу.
3- топ. Би – шешендер сөзі мен бүгінгі біздің сөздеріміздің қандай айырмашылығы бар? Салыстыра отырып, өз бағасын беру.
Дескриптор: - би мен шешенге тән ерекшеліктерін атап көрсетеді, ортақ қасиеттерді анықтай алады: -сұраққа жауап бере алады, пікірлерін нақты мысалдармен дәлелдей алады; - би – шешендер сөзі мен бүгінгі біздің сөздеріміздің айырмашылығын салыстыра отырып, өз бағасын бере алады; ҚБ: Гүлді ұсыну арқылы бағалаймын. |
Интербелсенді тақта «Қазақ әдебиеті» оқулығы, Алматы. «Мектеп» 2019ж. 22-27 беттер,
А4 қағазы, түрлі – түсті маркерлер
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2022-2023 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған. 2022-2023 оқу жылына арналған
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар Іс-шаралар кестесі Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары |