Макала "Тәтті демалыс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Макала "Тәтті демалыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала балалардың үйірме жұмыстары арқылы қандай дәрежеге жетіп, алдағы уақытта керектігіне тоқталды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысының білім басқармасы

КММ «Даму мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балалар үйі»

Тәрбиешілер: Жумагазина Жупар Сакеновна

Саменбаева Озипа Полатовна

Ашықбаева Меруерт Сарсеновна



Мақала

«Тәтті демалыс» балалық тәттілермен есте қалады.


Балалығымыз көбіне тәттілермен есте қалып, тәттімен өсеміз. Тәттіні жақсы көрмейтін бала бар ма? Міне даму мүмкіншілігі шектелген балалар үйінде де осы дәстүр сақталған. Тәрбиеленушілердің өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Балалардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады. Балалар үйінде көптеген үйірмелер бар, соның бірі «Ас адамның арқауы» атты үйірме.

2021 жылдың қазан айында балалар үйінде «Аяла» қорының демеушілік көмегінің арқасында «Аспазшы» және қонақ күту бөлмелері ашылды. Бұл бөлмеде барлық жағдай жасалған. Тағамның түрлерін жасайтын барлық құрал – жабдықтар бар. Бұл аспаз бөлмесінің көмегі зор. Тәрбиеленушілердің болашақ кәсіби бағдар, яғни «аспазшы» мамандығына тікелей жол, әрі қазіргі заманның талабына сай қосымша табыс табудың көзі ретінде қарастыруға болады. Бұл мамандықтың жақсы жақтары аспазшы жұмысы әр кез сұранысқа ие және әрқашан тұрақты табыс табу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар жақсы аспазшы ұқыпты, зейінді, жинақы болу керек, есте сақтау қабілеті жақсы болу қажет. Осы бағдар жөнінде көптеген әңгіме жұмыстары жүргізіліп, сынып шеберлер өткізіледі. Кәсіби бағыт бойынша, Қарағанды қаласының Қарағанды сервис және тамақтану колледжімен біріккен жоспар жұмысы бойынша, тәрбиеленушілермен іс – шаралар өткізіледі. Колледждің студенттері үстелді сервировкалау, ыдысты дұрыс қолдану, салфетканы әшекейлеп қою және тамақ түрлерінен сынып шеберлерін көрсетеді.

Аптаның демалыс күндері, яғни сенбі, жексенбі күндері балалар тәрбиешінің бақылауымен аспаз бөлмесінде түрлі тағамдар: олар ұннан жасалатын, тәтті пирогтар, торттың әр түрі, пирожкилер, бауырсақ, бутербродтар, блины түрлері, шелпек т.б, және көкініс түрлерінен жасалатвн түрлі салат түрлері, сонымен қатар еттен жасалатын ыстық тағамдар түрлері тәрбиеленушілермен бірге дайындалады. Балалар үлкен қызығушылықпен тағам әзірлеуге көмектеседі. Демалыс күндері жақындағанда, интернет желісі арқылы түрлі рецептерді қарап, соның ішінен таңдағандарын әзірлейді.

Балалардың туылған күнін де, осы аспаз бөлмесінде тағамдарды дайындап, қонақ бөлмесінде өткізеді. Балалар өздері дастарханды жайып, ыдыстарды қойып, салфеткаларды әдемілеп, үстелді әшекейлейді. Осы жерде колледж студенттерінің берген сабақтары тәрбиеленушілердің керегіне жарайды. Осы іс – шаралардың ұйымдастырылуының арқасында, тәрбиеленушілер болашаққа тәжірбие сабақ алып, керектеріне жаратады деп сенеміз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2022
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі