400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Макала "Ыбырай Алтынсарин"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы.Ы.Алтынсарин балаларды оқуға, білімге шақырғаны.Оның қазақ балаларын оқытуға деген ынтасы, олардың өз халқына пайдасы тиіп, жетістікке жетулері екінші жақтан қарсылық тудырды.Ы.Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды. Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді».Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ыбырай Алтынсарин

Сергазы Анеля Айдаркызы

ШҚО, Семей қаласы, «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырган тұлга.Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.

1857 жылы Ыбырай мектепті аяқтап, Орынбор шекара Комиссиясына тілмаш болып қызмет атқарады. Ол осында білім деңгейін көтеруді жалғастырады, туған елінің тарихын, әдебиетін, шығыс, орыс және батыс – европа мәдениетінің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын ықыласпен оқып үйренеді.

Туған халқына қалай пайдамды тигізсем деген зор ынтамен шабыттанған Ы.Алтынсарин өзінің қабілетін байқап, педагогикалық жұмыспен айналысуды армандайды.

1860 жылы ұзақ машақат пен қиындықтан кейін оған Орынборды тастап Торғай қаласына ауысудың сәті түседі. Бірақ бұл жерде жергілікті патша үкіметі ұзақ уақыт бойы Ыбырай Алтынсаринге өзінің сүйікті мұғалімдік ісімен айналысуға мүмкіншілік бермейді. Соттың көмекшісі, біресе судья, уезд басқармасының көмекшісі, басқарманың міндетін атқарушы қызметіне тағайындайды.

1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.

«Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, - деп жазды Ыбырай Алтынсарин, - барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі – осы, тек осы мектептерде».

Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді.

Ағартушылықты жақтаушы Ы.Алтынсарин білімді адамның ардақты борышы-балаларға білім беру деп санаған.

Оның қазақ балаларын оқытуға деген ынтасы, олардың өз халқына пайдасы тиіп, жетістікке жетулері екінші жақтан қарсылық тудырды. Патшалық әкімшілік төменгі буыннан чиновниктер даярлануын қалады, орыс тілінде іс жүргізу, хатшы, тілмаш, аудармашы патша үкіметінің отарлау саясаты рухына бейімделіп тәрбиелегендерін қалады. Сондықтан олар Алтынсариннің қазақ балаларын орыс тілінде оқытуына қарсылық білдіре қоймайды, бірақ кең көлемде білім беруіне қолдау көрсетпеді. Бір жағынан, өңірлік дінбасылар көпшілікке Ыбырайдың қазақ балаларын орысшаландыру арқылы орыс әскеріне дайындап жатыр деді. Алтынсарин шын мәнінде надандыққа, діншілдікке, ескі салтқа ислам дінін өз мақсаттарына пайдаланған патшалық идеологияға, «магометке сүйене, ақ патшаның құлы болыңдар» дегендерге қарсы шықты.

Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеялармен қанағаттанған Ы.Алтынсарин көздеген мақсатына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Торғайда, Елек қорғанында, Ырғызда, Ақтөбеде орыс-қазақ мектептерін ашты. Қазақ қыздары үшін Ырғызда жанында интернаты бар мектеп аштырды. «Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр: бұл кезеңде біз бәрін жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің келгенінше, біліміздің жеткенінше, олардың көзін ашуымыз керек. Оның ынтасының арқасында 7 бастауыш мектеп, 4 екікластық қазақ балаларына арналған училище, сонымен қатар қыздарға арналған орыс-қазақ мектебі ашылды. 1883 жылы Орскіде қазақ мұғалімдер семинариясы ашылды. Ы.Алтынсарин зиялы халық мектептерін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге дидактикалық оқыту принциптері мен балаларды тәрбиелеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар жазды.

Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды. Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді».Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген.

Ы.Алтынсариннің әдеби қызметін бақылаған замандастары, оның еңбектерінің қаншалықты халықтың қажеттігіне жарайтындығын көзі тірісінде бағалаған.

Өзінің қатардағы әдеби шығармашылық еңбегінен басқа – «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбектері ана тілінде құрастырылған. Бұл кітаптарда орыс графикасы негізінде жасалған жаңа қазақ алфавиті пайдаланылды.

Ы.Алтынсарин балаларды оқуға, білімге шақырған өлеңдер жазды. Солардың ішіндегі «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі жас өспірімдерді оқуға үміттеген жалынды ұран болып қалды. Бұл өлеңде адам өміріндегі білім мен ғылымның пайдасы туралы айтылған.

Ы.Алтынсарин туған табиғаттың суретін де шебер жырлаған. Өзіндік үндестік, үйлесим заңдылығымен табиғаттың үні мен болуына таң қалмаған ақын кемде-кем шығар. Ы.Алтынсариннің жанына мәңгі жақын-дала табиғаты, ел көрінісі, ауыл келбеті. Әсіресе, жаз мезгіліндегі дала оны қатты тебірентеді. «Жаз» өлеңінде табиғат көрінісі халықтың өмірімен астасып жатады.

Ыбырай бұл өлеңде жерді көк майса шалғын басып, дүние гүл жайнап, даланың хош иісі адамды керемет рахатқа бөлеп жатқан ең бір әсем кезеңнің тамаша картинасын жасайды. Өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, адам, жан-жануар біткенге нәрін ұсынады. Жаз адамға қуаныш сыйлайды. Алтынсариннің көреген көзі жас сәбидің желкілдеп өскен көк майсада сайран салуын, керуен жолына әсемденіп, көңілдері көтеріңкі әзілдері жарасқан әйелдерді, таң сәрідегі ғашықтардың айырылысуын аңғарады.

Ы.Алтынсарин – табиғатты жіті бақылаушы ғана емес, әсем суреттей білетін ақын. Ол – өмір жайлы көп толғанатын, өмірдің мәңгілік жаңаруын, жаңғыруын күтетін философ, ақын.Ақынның көз алдындағы табиғат – ұлы сауықтырушы, тыныштық орнатушы. Ол өмірді ерекше ықыласпен қабылдап, оның кереметтігіне, тамаша екендігіне сенеді. Бұны тек «Жаз» өлеңінен ғана емес, «Өзен» өлеңінен де көруге болады. Бұл, бір жағынан, жағада өскен желкілдеген көк майса шалғын, өрісте асыр салған тай-құлындар, мөлдір ағыста шоршыған балықтар, ал екінші қырынан, өмір ағысының мәңгілік бейнесі:

Шығармалары:Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, Кел, балалар, оқылық Қарлығаш Қарға мен түлкі Әй, достарым Әй, жігіттер Өзен Өнер - білім бар жұрттар Өсиет өлеңдер және т.б



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі