2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Макижанова Айымгуль Куатжановнаның сыныптан тыс жұмысы:"Сандар əлемінде "5-7сынып

Макижанова Айымгуль Куатжановнаның сыныптан тыс жұмысы:"Сандар əлемінде "5-7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор айтқандай сандардың сырының шертеміз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Кештің тақырыбы: «Сандар әлемінде».

Мақсаты:

Білімділік мақсаты:оқушылардың жан-жақты білімдерін қалыптастыру және математиканың басқа пәндерімен байланысын көрсету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуін қалыптастыру, логикалық ойлауын дамыту және есептерді жылдам, әрі қатесіз шығаруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды табандылыққа, шапшандылққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке, сыйластыққа үйрету.


1-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті жиналған қауым!

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар

Математикадан басталмақшы

Тапқырлардың сайысы, -

деп, бүгінгі «сандар әлеміндегі» сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Кешіміздің бағдарламасы:

1. Сандар құпиясын ашу (сандар жайлы қысқаша мағлұмат)

2. Таныстыру сәті

3. Санды жұмбақтар (үй тапсырмасы)

4. Математикалық викторина

5. Математикалық фокус (көрермендер назарына)

6. «Жұп және тақ сандар» есебі

7. Сандар әлеміндегі мақал- мәтелдер

8. Кештің қорытындысы

2-жүргізуші: Ал құрметті қауым, сіздерді «сандар әлеміне» серуенге шақырамыз. Сіздерді сандар туралы қысқаша мағлұматпен таныстырып кетсем.

«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі: Бүкіл әлем 1 санынан басталады.

Бірлік - бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат әкеледі, сонымен бірге белгі тұрақсыздық әкеледі. Ал үштік қарапайым емес сан болды, себебі жоғарғы екі санның қосындысынан шықты.

Ал 6 саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі: ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3-ке бөлінеді.

1-жүргізуші: Ал 7 саны киелі де қасиетті болып есептеледі.

7 санының сиқырлы сырлары

1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасын 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.

2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса әлде бір апаттан аман қалса 7 нан салып, құран оқытады. 7 теңге садақа тастайды.

3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды. Сондықтан 7 атасын міндетті. 7 атасын білмеген жетесіз.

4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.

5. Дүниелік адамның аза тұтушысы туыстары 7 күннен кейін арнайы жетілік беріледі.

6. 7 санына арналған асыл сөздер

Жеті жетім:

Тыңдамаған сөз жетім

Киюсіз қалған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу-қазсыз көл жетім

Жерінен айырылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен сол жетім.

Жеті қазына:

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берең мылтық, жүйрік тазы.

Жеті ата:

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Жеті күн:

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

Жеті жұт:

Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, зілзала, топан су.

Жеті жоқ:

Жерде өлшеуіш жоқ

Аспанда тіреуіш жоқ

Таста тамыр жоқ

Тасбақада тамақ жоқ

Аллада бауыр жоқ

Аққуда сүт жоқ

Жылқыда өт жоқ.

Жеті планета:

Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран.


2-жүргізуші: 3 сан туралы

1. Жігіттің 3 жұрты бар:

Өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.

2. Үш қуат:

Ақыл қуат, тіл қуат, жүрек қуат.

3. Үш ғайып:

Ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.

4. Үш даусыз:

Мінез, кәрілік, ажал.

5. Үш жамандық:

1) Нақақ қан төгу,

2) Кісі малын нақақ алу,

3) Ата-бабадан қалған ескі жұрты бұзу.

6. Үш арсыз:

Ұйқы, тамақ, күлкі.

1-жүргізуші: 5 саны туралы

1. Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

2. Бес парыз: құдайдың бірлігі; намаз оқу; ораза ұстау; қайыр садақа беру; иман мен ихсан (адамгершілік және рақымшылдық)

3. Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпанын білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз


2-жүргізуші: 9 тепе-теңдік белгісі

Біздің халықта 9-ға байланысты біршама түсінік бар. Қазақта қызын ұзатқанда 9-дан жасау жасайды. Ағайын арасында ірі кейкілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше 9-дан айып салған. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, 9 жолдың жолдың торабына садақа тастайды. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9 ай 9 күн қалыптасып дүниеге келуі.

9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі. 9-дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9-ды бақыттылар саны дейді.


1-жүргізуші: Осы жұрт 13-тен неге шошиды?

Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз саналады. Көбі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. 13-үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13-ші болудан қашқақтайды.

Қазақта керісінше, 13-те отау иесі деп, бұл жасқа келген адамға жауапкершілік жүктеп құрметпен қарайды. 13 жылдан мүшел жас келіп отырады. 13 санын жек көру қайдан шықты? 13-ке үрке қарауға 12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, 1 тәулікте екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді.

Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12-нің артынан пайда болған 13-ке жек көрінішпен қараудың бір себебі де осында.


2-жүргізуші: 666- ең қорқынышты сан

Әлемді әсіресе батыстықтарды дір еткізер санның бірі – 666 саны. Жалпы бұл сан сайтанның белгісі деп аталғанымен оның дінге қатысы шамалы. 666-ның соншалықты жексұрын болуына 6 санының мінезінің жамандығы жазықты. 6 саны еркіндіктің ешкімге, ешнәрсеге бас имейтін асау сан екен. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда ол жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке айналмақ.


1-жүргізуші: Айта берсең сандар құпиясы көп қой. Енді ортаға сайысушы екі топты шақырайық.

1-топ: Шақырып жарыстарға сан-санамен

«Қуатты 9» тобы жарғаны жар салады.

Ту етіп достық пенен татулықты

«Таңғажайып 6» командасы қарсы алады

«Таңғажайып 6» биіктерде қалықтасын

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын!

Жеңіс туы желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

Әділ қазылар алқасына сәлем:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

2-топ: Осындай алғыр достар кез келгенде

Жетсек-ау жарыстарда біз жеңіске

Қарсылас болғанменен құрбысыңдар

Тілейміз ізгі тілек сендерге де

Құрметтер алғырларды ой-саналы

«Таңғажайып 6» сәлем беріп, ән салады

Бүгінгі сайыстағы достарына

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Әділ қазыларға:

Достық пенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында

Қара қылды қақ жарып, әділ қазым

Еңбегін «таңғажайып 6-лардың» әділ сына!


2-жүргізуші:

Ойла-ойла тереңнен

Жақсы емес көп бөгелген

Жұмбақты шеше білмесең

Өте алмайсың көпірден, -

деп үй тапсырмасындағы жұмбақтар сайысына кезек берелік. Бұл сайыста әр топ бір-біріне үйде дайындап келген, шешуіне сандар қатысатындай жұмбақтар жасыруы керек.

1-жүргізуші: Ал енді кешімізді математикалық викторина сұрақтарымен жалғастырамыз.


Математикалық викторина сұрақтары

  1. 100-ді алты тоғыздық арқылы жаз.

  2. 5 екіліктің қосындысынан 28 саны шығатындай етіп жазу керек.

  3. Бір сан екіншіден 4 есе үлкен, олардың қосындысы 20-ға тең. Санды тап.( 1 сан – 4, 2 сан- 16)

  4. Жұлдызша орнына цифр қойғанда дұрыс теңдік шығатындай етіп жаз.

  5. 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы есепте: 1+2+3+4+....+100 (5050)

  6. 100 тауық 100 күнде 100 қадақ тары жейді. Ал 10 тауық 10 күнде қанша тары жейді? (1 қадақ тары)

  7. Екі тауық 2 күнде 2 жұмыртқа туады. 4 тауық 4 күн жұмыртқа жұмыртқа туады? (8)

  8. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың 1-1-ден әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала бар? (6 бала)

  9. 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден артық 3-тен кем сан шығады ( )

  10. 5 м лентаны 8 тең бөлікке бөлген, ал 3 м лентаны 5 тең бөлікке бөлген. Лентаның қайсы бөлігі қысқа ( бөлігі қысқа)

2-жүргізуші: Біз енді көрермендерге математикалық фокус көрсетелік.

Математикалық фокус «Құпия тоғыз».

12 немесе одан да көп тиындарды стол бетіне 9 цифрі сияқты орналастырамыз. Сиқыршы көрермендерге теріс қарап тұрады. Көрермендердің бірі қандай да бір санды ойлап (міндетті түрде тоғыздың «аяғындағы» тиындар санынан артық) болу керек. Сағат бағытына қарсы ойлаған санын төменнен жоғары қарай санайды. Ойлаған санға жеткенде, сол саннан бастап қайтадан сағат тілінің бағыты бойынша санайды. Сөйтіп сол тиын жатқан жердің астына кішкене қағаз тығып қояды. Сиқыршы сол қағазды табу керек. Ол үшін сиқыршы 9 цифрының аяғындағы саннан үлкен санды ойлап жоғарыдағы қызметті қайта қайталайды. Сөйтіп, тығылған қағазды табады. Мысал ретінде 9 цифр аяғында 5-еу болсын. Ойлаған сан жетеу болсын. Қандай сан ойласада сол жерде жатады.


1-жүргізуші: «Сандар әлеміндегі» елеулі орын алатын жұп және тақ сандарға арналған есептерді екі топқа ұсынамыз.

Жұп және тақ сандар

Берілген есептердің көбін кезінде Евклид құрастырған кестеде келтірілген қасиеттердің көмегімен шығарылады.

1-ші сан

2-ші сан

Қосынды

Көбейтінді

Жұп

Жұп

Жұп

Жұп

Жұп

Тақ

Тақ

Жұп

Тақ

Тақ

Жұп

Тақ

  1. Күдікті есеп беру. Мектеп директоры есеп беру кезінде мектепте барлығы 3688 оқушылар оның ұлдары қыздардан 373 адамға көп екенін көрсетті. Бірақ инспектор есеп беруде қате бар екенін бірден түсінде. Ол қатені қалай тапты.

  2. Жинақ кассадағы жағдай. 25 сомды 1,3 және 5 сомдық он қағаз ақшалармен ұсатуға бола ма?

  3. Жол мәселесі. 13 қаланы әр қаладан 5 жол шығатындай етіп оларды өзара жолдармен қосуға бола ма?

  4. Жарас сенікі дұрыс емес. Жарас тақтаға 1*2*3*4*5*6*7*8*9=20 теңдігін жазды (*орынына тақтаға белгісіз ретпен «+» және «-» таңбалары жазылған). Теңдікте қате жіберілгенін дәлелдеңдер.

  5. Жоғалған гір тасы. Жиынтықта массалары 1кг, 2кг, 3кг, ..., 23кг 23гір тасы болды. Егер 21кг-дық гір тасын жоғалтқан болса,оларды массалары тең екі бөліктерге бөлуге бола ма?

  6. Күрделі есептеулерсіз. және сандары – бүтін. екендігі белгілі. қосындысы -ға тең бола ма?

  7. Логика бар ма? 111, 213, 141, 516, 171, 819, 202, 122, ... тізбегінің заңдылығын табыңдар.

  8. кестенің торына 0-ге тең емес әрбір , , квадратардың бұрышында тұратын сандардың қосыфндысы 0-ге тең болатындай етіп орналастырыңдар.

  9. Серіктікі дұрыс па? Серіктің айтуынша қалдықпен бөлуге бөлінгіш, бөлгіш, толық емес бөлінді және қалдық 9,7,3 және 1-мен аяқталатындай мысал келтіре алады. Айнаш оған сенбейді. Кімдікі дұрыс?

  10. Түзудегі нүктелер. Түзуде бірнеше нүктелер орналасқан. Одан соң екі көршілес нүктелердің арасына тағы да бір нүктеден қойылды. Әрі қарай осылайша бірнеше рет қайталанады, одан кейін барлық белгіленген нүктелер саналды. Санау кезінде 1998 саны шыға ма?

Жауаптар: 1. Егер бұл мектепте қыздар саның х-деп алсақ, онда барлық оқңушылар болады, бұл сан 3688-ге тең емес, себебі тақ сан жұп санға тең болуы мүмкін емес.

2. Болмайды.Себебі мұндай қағаз ақшалардың жоқтығынан емес. Тақ қосылғыштардың жұп санының қосындысы – тақ саны бола алмайды.

3. Әрбір қаладан 5 жол шығатындықтан жолдардың жалпы саны – 65. Бұдан байқайтынымыз, А мен В қалаларынан шығатындықтан әрбір АВ жолын екі рет санаймыз. Осылайша жолдың жалпы қосындысы жұп болуы тиіс. Бірақ та қарама-қайшылық шығып тұр.

Жауабы: Болмайды.

4. 1*2*3*4*5*6*7*8*9 өрнегінде тақ сандардың саны тақ болғандықтан нәтиже де тақ сан болуы тиіс. Бұдан шығатыны теңдік дұрыс емес.

5. (1+23)+(2+22)+...+(11+13)+12 – жұп саны екендігін байқаймыз осыдан (5-21) салмақтары тең екі бөлікке бөлуге болмйды.

6. a мен b-нің жұптары бірдей болғандықтан 7а мен 3b-нің жұптары бірдей болады, яғни, олардың қосындысы жұп болуы тиіс. 6799 тақ болуынан есептің шешімі болмайды.

7. 11,12,13,14,... тізбегінде тек қана үтірлер басқаша қойылған.

8.

-1

-1

1

1

1

1

-1

-1

-1

-1

1

1

1

1

-1

-1


9.a-бөлінгіш, b-бөлгіш, c-бөлінді, d-қалдық болсын. Онда a=bc+d. a-тақ сан болғандықтан, ал bc+d жұп, онда теңдік болмайды.

10. Мынаны байқайық, егер қайсы бір уақыт мерзімінде түзуде n нүкте болса келесі адымда нүктелер саны 2n-1 тақ санына тең болады. Осыдан санау кезінде 1998 саны шығу мүмкін емес.

2-жүргізуші:

Ал, балалар, балалар

Мақалдарды айтайық

Талай жерді көрейік

Асулардан өтейік

Түзу жолды жасайық,

Білімге біз енейік

Кедергіні жеңейік, -

деп мен қазір мақал-мәтелдердің басын оқимын, ал жалғасын сіздер табасыздар. Естеріңізде болсын, бұл мақал-мәтелдер «сандар әлемінен» келген.

  1. Ерке бала (2 жылар)

  2. Досыңды 3 күн сынама (3 жыл сына)

  3. Ат баспаймын деген жерін (3 басады)

  4. 5 саусақ (бірдей емес)

  5. Жеті атасын білмеген (жетімдіктің белгісі)

  6. Он бала 1 әкеге жүк болмайды

1 әке (10 балаға жүк болады)

7. 30 тістен шыққан сөз (30 рулы елге тарайды)

8. 1 тал кессең (10 тал ек)

9. Ағайын алтау ( ана біреу)

10 Мыңның қамын бір ойлар,

Біреудің қамын (мың ойлар)


Қорытынды: Кеш соңынан сайыстың қорытындысы хабарланады. Жеңіске жеткен топ мүшелеріне сыйлықтар беріледі.


12 Ақпан 2018
443
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі