400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Макпал:Мектебіміздің мақтанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебіміздің мақтанышы 2023-2024 ж түлегіміз жайлы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебіміздің мақтанышы

Баланың қабілетін аша білген кез келген ұстаз өзі қалағандай білім де , тәлім де бере алады. Сондай дарыны мен қабілеті бірге үндесе білген, білімді білуге бейімделген шәкіртім жайлы сөз қозғағым келіп тұр. Менің шәкіртім бүгінде алған білімінің нәтижесін көруге дайындық жүргізіп жүрген бітіруші 11 сыныпта білім алуда.

Сейсенбай Динара мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білуге, үйренуге құштар болды. Сол қабілетінің арқасында талай сайыстарда қатарластарынан оқ бойы озып келіп, бас жүлдені қанжығаға байлаумен болды. Жетістіктерін атап өтер болсам, 3 сыныпта «Самұрық» олимпиадасына белсене қатысқаны үшін мақтау қағазымен, 4 сыныпта «Алтын тобылғыға белсене қатысқаны үшін», 8 сыныпта аудандық пән олимпиадасында жүлделі 3-орынға ие болса, 10 сыныпта республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде физика пәнінен 3-орынға ие болса, аудандық «Балалар оқуы» кітап оқу сайысынан алғыс хатқа, «Абайтану» олимпиадасынан 3-орынды иемденді. Осы жылы аудандық «Алтын түлек» олимпиадасынан 3-орынды жеңіп алды. Бұдан өзге мектепішілік сурет салу, эссе жазу, түрлі пәндер мен өнер сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. Мектептің қоғамдық жұмыстары мен ұйымдастыру істерінің белді мүшесі.

Бүгінгі жаңа басталған дәуір нағыз білімділер мен дарындылар заманы екені белгілі. Дарындылық – баланың басқа баладан ерекшелігі мен артықшылығы болса, шығармашылық – шынайы еңбек пен ізденуден пайда болатын қабілет. Шәкірттің бойынан осы екі қабілетті таба білген кезде ғана шәкірттеріміз шыңға шығары белгілі. Қазақта «бұлақ көрсең – көзін аш» дейді. Баланың бойынан қандай да бір ерекшелік пен қабілетті байқаған сәттен бастап, оның сол талантын дамытуға жол көрсете білгенде дарынды баламыз көптеген жетістіктерге жетеді. Мен де өз шәкіртімнің алдағы білімді сынар сынақта жоғары нәтижеге жетіп, өзі қалаған оқу орнының грант иегері боларына сенемін. Ұлтымыздың ұлы, келешегіміздің кемелді болуы осындай дарынды жастардың қолында екені ақиқат.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі