Алматы
қаласы Білім басқармасы
«№9 бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісі
Койшыбаева Анар Альбатыровна
М
Сапардың басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеп, оны қазақстандық балабақшаларда қолдану.
Малайзиядағы тәжірибе 2-6 қазан аралығында өтті. Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы озық тәжірибелер мен білім беру инновацияларына толы болды. Қатысушылар Сұлтан Ыдырыс атындағы педагогикалық университетінде робототехника және цифрлық геймификацияның мектепке дейінгі білімде қолданылуы туралы семинарларға қатысты. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру жүйесі мен балалардың шығармашылық дамуына арналған жаңа әдістер зерттелді.
Сұлтан Ыдырыс атындағы педагогикалық Университетте өткен тағылымдама оқу орнының тарихымен танысудан басталды. Оқу орынның ұжымы ең алдымен мұражайды аралатып экскурссия жасап, университеттің құрылысы, жердің таңдалуы, қандай құжаттар дайындалғандығына дейін фотокөрмелер арқылы қызықты баяндап берді. Оқу орны мектепке дейінгі мекемеден, мектептен, колледжден және университеттен тұрады. Білім берудің осы төрт баспалдағы бір-бірімен сабақтасып, етене аралас-құралас. Нағыз маман даярлау ісіне жұмыла кіріскен мекеме қызметкерлерінің жетістігі айтпаса да көрініп тұрды. Малайзияда балаларға арналған сабақтар мен оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі және олар робототехникаға әлемнің басқа елдеріне қарағанда көбірек қызығушылық танытады, өйткені бұл салада олар бәсекеге қабілетті балаларды өсіргісі келеді. Ал олар үшін инклюзивті білім беру – бұл барлық балалар физикалық, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы жүйеге кіретін оқу үдерісін ұйымдастыру.
Баланы тәрбиелеудің ойын түрі де өте маңызды; олар балаларды ата-аналармен бірге оқытады. Кішкентай кезінен бастап балаларды өз бетімен пісіруге үйретеді, сондықтан олар балалар асханасын ойлап тапты. Және бұл өте қызықты, балалар тамақ жасағанды жақсы көреді.
Малайзиядағы мектепке дейінгі білім беру (балабақша)
бірнеше ерекшеліктерімен ерекшеленеді:
1. Көпмәдениеттілік және көптілділік: Малайзияның этникалық құрамы әртүрлі болғандықтан (малайлар, қытайлар, үнділер және басқа этностар), балабақшалардағы білім беру де көптілді және көпмәдениетті болып келеді. Сабақтар әдетте малай, қытай және тамил тілдерінде жүргізіледі, ал кейбір балабақшаларда ағылшын тілі негізгі тіл ретінде қолданылады.
2. Ұлттық оқу бағдарламасы: Малайзияның балабақшаларында білім беру KSPK (Kurikulum Standard Prasekolah Kebangsaan) атты ұлттық оқу бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарлама балалардың когнитивті, әлеуметтік, физикалық және эмоционалдық дамуына баса назар аударады.
3. Ислам мәдениеті мен діні: Елдегі көпшілік малай халқы мұсылмандар болғандықтан, көптеген балабақшаларда ислам мәдениеті мен діни құндылықтарды сіңіру маңызды орын алады. Балаларға діни білім беру, Құранды жаттату сияқты сабақтар болуы мүмкін.
4. Халықаралық және жеке балабақшалар: Малайзияда халықаралық және жеке балабақшалардың да үлкен танымалдылығы бар. Оларда халықаралық стандарттар бойынша (мысалы, Монтессори, Reggio Emilia әдістері) білім беріледі. Бұл балабақшаларда ағылшын тілі басым қолданылады.
5. Ойын арқылы оқыту: Малайзияда ойын арқылы оқыту принципі маңызды рөл атқарады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында түрлі ойындар мен белсенді іс-шаралар ұйымдастырылады.
6. Ата-аналармен ынтымақтастық: Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға көңіл бөлінеді. Баланың дамуы мен жетістіктері туралы үнемі есеп беріледі, ата-аналардың қатысуы мен қолдауы бағаланады.
Малайзиядағы балабақша жүйесі балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды, көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге және әртүрлі тілдерді ерте жастан үйренуге мүмкіндік береді.
Қытай — әлем экономикасының бір бөлшегі. Қытай туристерді бай мәдениетімен, тарихымен ғана емес, сонымен қатар білімімен де қызықтырады. Аспан асты елінің білім беру жүйесі несімен ерекшеленеді? Қытай елінде балабақшалар қандай және бүлдіршіндерді мектепке дейін қалай тәрбиелейді, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталмақпын.
Қай саланы алып қарасақ та, сол сфераны дамыту үшін білім керек. Осы орайда білім мектепке дейінгі балабақшадан бастау алатынын атап өткім келеді.
Мемлекеттік балабақшаларда баланы еңбекті жақсы көруге, еңбектенуге тәрбиелесе, ал жекеменшік балабақшаларда керісінше мәдени және эстетикалық білімге яғни теориялық біліммен қатар өнерді де үйретуге көбірек көңіл бөлінеді. Жеке меншік балабақшалар қытайлық білім беру жүйесімен ғана шектелмей шетелдің озық білім жүйесін де өз тәжірибелерінде қолданады. Қытайдағы білім жүйесі бойынша балақай бірінші сыныпқа барарға дейін төрт жүзге жуық иероглифтерді жатқа білу керек. Бұдан бөлек оларға табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен ағаштардың түрлері туралы да айтылады. Балақайлар келе салысымен күнде таңертең мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран ойнатылады. Осылайша отансүйгіштікті дамытуды жастайынан қолға алады. Ал енді тәрбие жағына тоқталсақ. Олар оқу ғана емес күнделікті өмірдегі қоғамдық істерге де көңіл бөледі. Балабақшада балаларға туындаған түсініспеушілік пен қиындықтарды өз беттерінше шешуге үгіттейді. Әрине, тәрбиешілер әрдайым көмектесуге дайын. Дегенмен де олар баланың өзі қоғамдағы орын алатын жағдайларды кішкентай кезінен өз бетінше шешіп үйренуін дұрыс көреді, себебі бұл олардың бойындағы көшбасшылық қасиетін дамытып, баланың өз-өзіне сенімді болып өсуіне ықпал етеді.
Өсу үшін
адам білім алуы, дамуы керек. Өзімізді және өз мүмкіндіктерімізді
тану арқылы біз әр уақытта интеллектуалды дамыған және рухани бай
тұлға боламыз. Өйткені, өмір – ұлы ұстаз. Әркім өзінің әрекет түрін
таңдайды, бірақ тағдыр кейде адамды дұрыс бағытқа
бағыттайды.
Қытайда Сучжоу және Ханчжоу қалаларындағы «Etonноuse» және «ENNOBLE» мектепке дейінгі мекемеде болдық.Қытайда әрбір баланың әрекеті жоспарлы және тәртіп бірінші орында.
Балабақша балалар мен ата-аналардың шығармашылығымен безендірілген. Олар халық шығармашылығын дамытуға ерекше мән береді. Олар адамдарға жасауға мүмкіндік береді, қытайлар өз туындыларымен бүкіл әлемді таң қалдыратынын бәріміз білеміз. Балаларын сол бағытта тәрбиелейді.
Халықаралық семинардан алған тәжірибеміз бен біліміміз бізге ғана емес, балаларымызға да пайдалы болады деп сенемін.
Өйткені, біз де интеллектуалды дамыған және бәсекеге қабілетті, дарынды балаларды тәрбиелей аламыз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Малайзия және Қытай елдеріндегі мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз