Материалдар / Малдың ауыз қуысын, жұтқыншағын зерттеу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Малдың ауыз қуысын, жұтқыншағын зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
А/ш малдарының азық қорыту жүйесін зерттеу әдістері желісімен танысу малдың азық қабылдауын, ауыз қуысын және жұтқыншағын зерттеу тәсілдерін іс жүзінде меңгеру, теориялық білімді тәжірибелік дағдымен ұштастыру, өздігінше жұмыс істеуге дағдылану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2022
328
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәні бойынша

20 Малдың ауыз қуысын, жұтқыншағын зерттеу

тақырыбы бойынша нұсқау карта

Сабақтың мақсаты: А/ш малдарының азық қорыту жүйесін зерттеу әдістері желісімен танысу малдың азық қабылдауын, ауыз қуысын және жұтқыншағын зерттеу тәсілдерін іс жүзінде меңгеру, теориялық білімді тәжірибелік дағдымен ұштастыру, өздігінше жұмыс істеуге дағдылану.

Тапсырма:

1. Малдың ауыз қуысын, жұтқыншағын зерттеу.

Негізгі құралдар мен материалдар.

А/ш малдары, әртүрлі түліктерге арналған кергіштер, езуліктер, өңеш зондтары, дәке, сабын, сүлгі, йод ерітіндісі, халаттар, алжапқыш, бас киімдер.

Сабақ жүргізілетін орын: Колледж клиникасы.

Сабақты жүргізу әдістемесі.

Оқушыларға - әртүрлі жануарлардың азық қорыту жүйесінің мүшелерін, малдың азық қабылдауын, ауыз қуысын және жұтқыншағын зерттеу тәсілдерін зерттеу әдістерін меңгерту.

Жұмыс мазмұны:

Жұтқыншақты зерттеу. Жұтқыншақтың ішкі және сыртқы жағын қарау және сипау әдістері арқылы зерттеледі. Жұтқыншақтың сыртқы жағын қарау ешқандай құралдың көмегінсіз орындалады. Ол кезде көңіл бөлетініміз, малдың басы мен мойнының орналасуы, жұтқыншақтың орналасқан тұсы. Егерде жұтқыншақ ауырған болса, онда мал басы мен мойнын қозғалтпай ұстауға мәжбүр болады. Мұндай құбылыс негізінде мойын бездері зақымданғанда, әртүрлі қатерлі ісіктер пайда болғанда, туберкулезде, актиномикозда байқалады.

Жұтқыншақты сыртынан сипау арқылы оның сезімталдығын және ауырсынуын анықтайды. Мұндай кезде оның орналасқан орнын сипағанда мал мазасызданады, жиі жөтеледі, аузынан сілекейі көпіреді, босқа жұтына береді, сонымен қатар жұтқыншақ тұсы терісінің қызуын, онда бөгде заттардың бар-жоғын, ісінуін және ағзаның салдануын анықтайды. Жұтқыншақтың ішкі жағын қарау өте қиындыққа соғады, сондықтан арнайы аспаптар көмегімен жүргізіледі.

Ірі қара малда (сиыр, жылқы) жұтқыншақты қарау үшін арнайы жарық беретін аспаптармен ШОГ-1 және ауыз қуысы мен жұтқыншақты зерттеуге әмбебап ауызкергіші қолданылады. Сонымен бірге, ауызкергіш-фарингоскопын ларингоскопты, гестраскопты пайдалануға болады. Мұндай зерттеулер кезінде арнайы, жергілікті ауырсынуды болдырмайтын транквилизаторлар, аналгетиктер және наркотиктер береді. Жұтқыншақты іштей зерттегенде, оның кілегей қабығының түсіне, тұрған жері тұсының ісінуіне, жарасына және тері ісіктеріне көңіл бөледі. (1-сурет)

Жұтқыншақты ішінен сипау зерттеушіге қауыпті, сол себепті бұл әдісті жұтқыншақтың бөгде заттармен бітелгенін, онда абсцестердің барлығын, қатерлі ісікті, жарақаттанғанын анықтау үшін қолданады. Мұндай әдіспен зерттеу үшін малды жақсылап ұстап тұру керек, сонан соң ауыз куысын кеңірек ашу үшін арнайы ауызкергіш аспабын пайдаланып, сол қолмен тілін бір жағына ұстап, оң қолмен тістің арасымен жұтқыншақтың қабырғасын сипайды (қолды саусақтан жоғары шынтаққа дейін, тістерден жарақаттанбау үшін сүлгімен орау керек). Егерде жөтел пайда болып, мал мазасызданатын болса, онда дереу ауыз куысынан қолды шығару керек.

1-сурет. Жұтқыншақтың ішкі және сыртқы пальпациясы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Малдың жұтқыншағын зерттеу әдістерінің түрлері.

  2. Ауыз қуысын, жұтқыншақты қандай әдістерімен зерттеген тиімді?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!