Малдың кілегей қабаттарын зерттеу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Малдың кілегей қабаттарын зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге ауыл шаруашылық малдарының кілегей қабықтарын тексеру, олардың ақауларын, пайда болатын ісіктерді тексеру әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәні бойынша

7 нұсқау Малдың кілегей қабаттарын зерттеу.

Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылық малдарының кілегей қабықтарын тексеру, олардың ақауларын, пайда болатын ісіктерді тексеру әдіс-тәсілдерін меңгеру.

Тапсырма:

1. Жылқының кілегей қабаттарын зерттеу.

2. Мүйізді ірі қараның кілегей қабаттарын зерттеу.

Негізгі құралдар мен материалдар.

Станок, сиырлар, қойлар, ешкілер, шошқалар, жылқылар, иттер, арқан жіптер және т.б.

Сабақ жүргізілетін орын: Колледж клиникасы.

Сабақты жүргізу әдістемесі.

Оқушыларды 2 топқа бөлу. 1-топ оқушылары а/ш малдарын бекемдеу әдістерін жүргізеді. 2-топ оқушылары жылқы мен мүйізді ірі қараның кілегей қабаттарын клиникалық тексеруден өткізеді. Жұмыс барысында топ оқушылары тапсырманы ауыса отыра жүргізеді.әдіс-тәсілдерін анықтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Жұмыс мазмұны:

1. Кілегей қабықтарды зерттеу жарық жерде көзбен немесе арнаулы айна, жарықтандырғыш құралдар, рефлекторлардың көмегімен жүргізіледі. Кілегей қабықтарды зерттейтін кезде қолды жуып, тырнақты қысқа қылып алу керек.

Жылқының кілегей қабықтарын зерттеу техникасы: көзінің кілегей қабығы (конъюнктива) қызғыш түсті.

1. Бір қолмен ноқтадан ұстайды.

2. Екінші қолдың сұқ саусағы мен бас бармағын астыңғы және үстіңгі қабақтарға, ал қалған саусақтарды жоғарғы қабақтың үстіне қояды.

3. Бас бармақпен астыңғы қабақты төмен тартады.

4. Сұқ саусақ үстіңгі қабақпен бірге жоғары көтеріліп, көз алмасының үстіндегі көз ойығына енеді.

5. Оң көзді сол қолмен, ал сол көзді оң колмен зерттейді (26-сурет).


Мүйізді ірі қараның кілегей қабықтарын зерттеу техникасы:

1. Көзін екі қолмен бірдей ашады.

2. Үстіңгі және астыңғы қабақтың кілегей қабықтарын кезек-кезек қарайды.

Күйіс қайыратындардың, шошқаның, иттің, мысықтың, үй қояндарының, құстардың танау қуысының кілегей қабығы қарау арқылы зерттеуге қолайсыздау, сондықтан мұқият тексеру үшін танау айнасы немесе риноскоптар қолданылады.


Жылқының танау қуысының кілегей қабығын зерттеу техникасы:

1. Бір қолмен ноқтасынан ұстайды.

2. Екінші қолмен танау шеміршегін (ортаңғы саусақ және бас бармақпен) ұстайды.

3. Сұқ саусақпен оны жылжытады.

Ауыз қуысының кілегей қабығын зерттегенде оның түсіне, тұтастығына, әртүрлі жарақат, ойық жара, уылған, талаураған, қанталаған жерлердің бар жоқтығына, еріннің, қызыл иектің, ұрттың, тілдің, тандайдың жағдайына зер салады. Ауыз қуысын зерттеу үшін арнайы ауыз кергіштер, сыналар, ал қолмен ашатын болса әр мал үшін өзіндік ашу тәсілдері қолданылады.

Жылқының, мүйізді ірі қараның еріндерін төмендегі суреттегідей ашып, кілегей қабығын зерттеуге болады (29,30-сурет). Жылқының басын байлағаннан кейін мал дәрігері сол қолын танау сүйегінің үстіне қойып, оң қолын тіссіз езуден енгізіп, тілдің ұшын барлық саусақтарымен қысып ұстайды, бұл кезде бас бармақ тілдің астында болады, сонан соң қолды 90°С-қа бұрады да, бармақты тандайға тірейді. Осымен қатар сол қолдың саусақтарын оң жақ шықшытқа тіреп бас бармағын ауызға енгізіп, оны да таңдайға тірейді. Жылқының тілінің түбі әлсіз екендігін ескеріп, ақырын, ұқыпты жұмыс істеген жөн.


Мүйізді ірі қаранының ауыз қуысының кілегей қабығын зерттеу техникасы:

1. Мүйізді ірі қараны мүйізінен матайды.

2. Мал дәрігері сол қолдың саусақтарымен танау тесігінен малдың басын көтереді.

3. Оң қолды тіссіз езуден енгізіп, тілді сыртқа шығарады.

4. Егер тіл сілекейлі болып, шығаруы қиын болса, қолға сүлгі орап, тілді сыртқа шығарады.

































Бақылау сұрақтары:


1. Кілегей қабықтарды зерттеу ерекшеліктері қандай?

2. Терінің, жүннің жағдайын қандай белгілеріне қарап бағалайды?

3. Клиникалық тексерудің қандай әдістері бар және оларға қысқаша сипаттама беріңіз?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.03.2022
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі