400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәлімет сынып жетекшісіне

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік мәні бар сынып жетекшісіне керек құжат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәлімет:

08.12.2018 күні 8в,9в сынып оқушылары арасында «Жастар есірткісіз өмірді таңдайды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу,оқушыларға есірткінің зияны туралы ақпарат беру. Оқушылар интернет желісі(http/surak.baribar.kz) арқылы өздерінің дайындап келген мәліметтерімен бөлісті:

Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету – бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс. Денсаулық бақытты болудың алғы шарты.Адамдар кездескен шақта әуелі бір-бірінен денсаулығы туралы сұрайды.

Денсаулық – зор байлық,Дені саудың жаны сау деп халқымыз бекер айтпаған. Өкінішке қарай адамзатпен ХХI ғасырға аузын арандай ашып аждаһадай нашақорлық,есірткі темекі бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да елімізде дабыл қағылып, әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.



Мәлімет:

1-қазан қарттар күніне орай 29.09.2018ж. 9в сынып оқушылары Д.Қонаев №143 үйде тұратын 80жасқа жеткен Мұсабекова Зиякүл апаның үйіне бардық. Зиякүл апа бізге тарихтан сыр шертті. Қиын кезеңдерді есіне алып көзіне жас та алды. Өзіміздің мектепте еден жуушы болып қызмет атқарғандығын,сол кездегі мектептің жәй-күйін баяндап берді. Бізге қазір бәрі тамаша,талаптанамын, оқимын деген адамға барлық мүмкіндіктер бар екенін, ерінбей жұмыс жасауымыз керек екенін айтты. Біз де өз кезегімізде аянып қалмайтынымызға уәде бердік. Әсерлі әңгімеден соң, апаның үйінің шаруашылық жұмыстарына көмек көрсеттік.





















Мәлімет:

6.10.2018ж. ұстаздардың төл мерекесіне орай «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» атты мектепішілік деңгейде іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты мектебімізге ерен еңбек сіңірген оқушылардың бойына сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бар күш-жігерін сарп еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсету,төл мерекемен құттықтау. Шараны ұйымдастыру барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәуленов Самат ағай ардагер ұстаз Молдабеков Әбдіжәлел ағайға мерекелік іс-шараның шақыру қағазын апарып беруді тапсырды. Әбдіжәлел ағайдың үйіне Азамат, Еділ есімді оқушыларыммен бардым. Надырбаев Бақтияр ағай жол сілтеп жіберді. Жұбайы Зейнеп апай есікті ашып, жылы жүзбен қарсы алды, сонан соң келген жөнімізді, сенбі күні мектепте сағат 1000де күтетінімізді айттық.Сенбі күні Әбдіжәлел ағай Зейнеп апай екеуі келді,және басқа да ардагер ұстаздар келді. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ардагер ұстаз мектепке ерекше еңбегі сіңген Әлмұхан Әбдуали Әлмұханұлының мектеп фоесіне ескерткіші қойылды. Өмірден өткен басқа да ардагер ұстаздар туралы жақсы естеліктер айтылып, бір минут үнсіздік жарияланды.



Мәлімет

19.01.2019 жылы 9в сынып оқушыларымен 19кабинетте « Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа компьютер заманында интернеттің пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету,сөздік қорларын молайту,сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу, өз денсаулықтарын сақтай білуге үйрету.





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі