Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

Директордың ОТІЖО

________ Д.Шералиева

21 сабақ

Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Маханбетова А.А

Күні: 08.02.2018 Сыныбы: 9 «А»

Күні: 08.02.2018 Сыныбы: 9 «Б»


Сабақтың тақырыбы: Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар мен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Бөлме тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткен сабақ бойынша материалдарды қайталау сұрақтары.

  • Литерлік шамалармен қандай оперециялар орындалады?

  • Тіркестік өрнектер дегеніміз не?

  • Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

  • Латынның кіші әріптерін үлкен әріптерге ауыстыратын функция қалай аталады?

  • Бір жолға неше символ жазуға болады?

  • Жолдың біренеше таңбасын көшіру үшін қандай функция қолданады?

  • INSERT(S1, S2, N) процедурасының қызметі.

  • Тіркестік өрнектер дегеніміз не?

  • Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

  • Жолдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?

  • Жолдық шаманың ұзындығы деген не?

  • Жолдық шамаларға қолданылатын амалдар қандай?


ІV. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларғамәліметтердің айнымалы және күрделі типтерімен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері түсінік бере отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.


V. Жаңа сабақты түсіндіру

Айнымалы типтер

Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтердің әртүрлі типтері үшін әр түрлі амал қолдануға болады. Мәліметтердің жаңа типін құру бір жағынан операция орындауды жеңілдетсе, екінші жағынан қате жібереуге мүмкіндік береді. Сонымен, мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтерді құруға болады. Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелетінтиптер жатады.

Қабылдай алатын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип – саналатын тип болып есептеледі. Бұл типті сипаттау оның мүмкін мәндерінінің идентификатор түріндегі тізіміні берумен анықталады.

Жазылу түрі:

TYPE <тип атауы>=(<1-мән, 2-мән, ..., n-мән>);

VAR<идентификатор,...> : <тип атауы>;

Мысалы:

TYPE Gaz=(Ge, C, O, N);

Metall=(Na, K,Li,Cu, Zn);

Mezgil=(қыс, көктем, жаз, күз);

VAR A1, A2:Mezgil;

G1, G2, G3:Gaz;

Met1, Met2:Metall;

Түс=(ақ, көк, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, сұр, қара).

Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса, онда оны шектеулі типтегі айнымалы немесе аралық (интервалды) типтегі айнымалы деп атайды. Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де, ол екеуі де бір стандартты типте (real типін қолдануға болмайды) болып, міндетті түрде алғашқы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.

Жазылу түрі:

TYPE <тип атауы>=(<алғашқы тұрақты ... соңғы тұрақты>);

VAR <идентификатор,...> : <тип атауы>;

Мысалы:

TYPE kunder=1..31;

VAR RadDay,BolnDay:kunder;

Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі – кестелік тәсіл. Бір ғана жолдан тұратын кесте сызықтық деп аталады. Мысалы: A{2,3,-5,0,1}. Бірнеше жолдан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады. Бұларды көп жағдайда бірөлшемді және екі не көпөлшемді жиымдар (массивтер) деп те атайды.

VІІ. Сабақты бекіту кезеңі

  • Саналатын және шектеулі тип дегеніміз не?

  • Сызықтық және тіктөртбұрышты кестенің айырмашылығы қандай?

  • Жиым деп нені айтамыз?

  • Жиымдар қалай сипатталады?

  • Индекс дегеніміз не?


Компьютермен жұмыс:

20 нақты сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу программасы. Осы 20 нақты сандар тобын А жиымы деп қарастырсақ, жиымның элементтері А[1], A[2], …,A[20] нақты сандар болады.

Program san;

Var A: array [1..20] of real;

I:integer;

S:real;

Begin

For i:=1 to 20 do

Read (A[i]);

S:=0;

For i:=1 to 20 do

S:=S+A[i];

S:=S/20;

Write (S);

End.


Бағалау: Біліміне қарай бағалаймын.

VІІІ. Үйге тапсырма:§11 (105 – 107) беттерді оқу, жазу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2018
834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі