Материалдар / Маман моделі, 5 деңгейлі мінездеме және жұмыс жүргізу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Маман моделі, 5 деңгейлі мінездеме және жұмыс жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Маман моделі, 5 деңгейлі мінездеме және жұмыс жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2020
1105
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Баяндама


Тақырыбы: Маман моделі, 5 деңгейлі мінездеме және

жұмыс жүргізу


Маман моделінің қызметі деп педагогикалық ұжымның белгілі бір студенттің колледждегі кезеңдерден өтуін сипаттайды. Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады. Студенттердің танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Ал студенттің өзіндік жұмыстарына ғылыми-зерттеу, ізденушілік-шығармашылық жұмыстарын айтуға болады.

Барлық техникалық және орта кәсіптік оқу орындарындағы ортақ міндет – ой ерекше, кәсіби деңгейі жоғары, мақсатына жетуге асығатын, проблемаларды тез шеше алатын, бәсекеге шыдамды жеке тұлға дайындау.

Бүгінгі заман талабына сай жан-жақты дамыған, өз мамандығын терең мергерген, бәсекеге қабілетті білікті маман дайындау үшін оларға жаңашыл бағытта оқыту, тәрбиелеу, дамыту қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, студенттердің ізденушілік-шығармашылық, зерттеушілік жұмыстармен айналысуына көңіл бөлу керек.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты көздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен біліктілік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Тәрбие үрдісі сапалы жүргізілу үшін қандай да бір педагогикалық технологияға сүйенуіміз керек. Осы негізде педагогикалық ұжым мемлекеттік оқыту стандарты мен біліктілік мінездемесі негізінде «Маман моделі» бағдарламасын және Педагогикалық сүйемелдеу технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне енгізді.


Маман моделінің қолданылуы


Қаржыгерлер моделі 4 модулден тұрады:

М1 – мамандығы бойынша білімі мен шеберлік

М2 – жалпы мамандандырылған білімі, шеберлік пен дағдысы

М3 – Экстрафункциональды қасиет

М4 – Жеке-дара қасиет

Педагогикалық сүйемелдеу сызбасы арқылы қаржыгерлер қызметінің жұмсалуына тоқталып кетейік. Ол үшін бірінші қаржыгерлер қызметінің моделі бойынша студенттердің қозғалысының сызбасын қарастырайық.

Модулдер

Семестр

Өндірістік тәжірибе

III

IV

V

VI


Сәйкестік коэффициенті

М1

0

0.08

0.14

0.25

0.38

М2

0.24

0.43

0.61

0.62

0.62

Барлығы:

0.24

0.51

0.75

0.87

1.0



Маман моделі 4 модульден тұрады:

М-1 – мамандықтар бойынша білім

М-2 – жалпы кәсіптік білім және дағды

М-3 – экстрофункционалдық сапасы

М-4-жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.


Тәрбие жұмысы 3,4 модульдерді қамтиды:

М-3.Жауапкершілігі, ұқыптылығы, өз бетімен білім алуы, өзін және басқаларды әділ бағалай білуі, ұрыс-керісті шеше білуі, аз уақыт ішінде кез-келген ортаға бейімделуі;

М-4.- адамгершілігі, дербестігі, принципшілдігі, адалдығы, өз-өзін ұстай білушілігі, отансүйгіштігі, сөйлеу этикеті, салауатты өмір салты.

Бұл модульдерді жүзеге тек Педагогикалық сүйемелдеу технологиясы арқылы асыруға болатындығы іс-тәжірибемізден байқалды.

Педагогикалық сүйемелдеу технологиясы үш бағыттан тұрады:

- пәндер бойынша білім беру қызметі

- кластан тыс пәндік жұмыстар бағыты

- тәрбиелік бағыт.


Экстрафункциональды қасиет (М3)

Жеке-дара қасиет (М4)

- Жауаптылық

- Инициативті

- Алғыр

- Үйренуге қабілеттілік

- Білімін жетілдіру

- Кикілжіңді шеше білу

- Жоспарлай алу

-Қорытынды жасау


- Өз бетімен жұмыс жасай білу

- Салауатты өмір салты

- Шыншыл

-Тәртіп

- Патриот

- Сенімділік

- Мәдениеттілік

- Ұқыптылық


1305000 «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша

жалпы білімнің модулінің мазмұны

1 курс – бастапқы кезең

2 курс – негізгі кезең

3 курс- қорытындылаушы кезең

4 курс – соңғы кезең


Топ оқушыларының 6 семестр бойынша

Маман моделіне сәйкестік деңгейі


Оқушының аты-жөні

Ұпайы

Жоғарғы деңгей

Орташа деңгей

Төменгі деңгей

1






2






3







  1. Жоғарғы деңгей: 52-ден жоғары

  2. Орташа деңгей: 47-51 аралығы

  3. Төменгі деңгей: 45-тен төмен



Топтың Маман моделін орындауға байланысты

жоспары


р/с

Жұмыстың түрі

Орындалу мезгілі

Жауапты

Орындалуы

1.





2.





Колледжде тәрбие бағыттарын қамтитын, оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық және қоғамдық -ұжымдық қызметтерін ұйымдастыру секциялары мен клубтар жұмыс жасайды.

Тәрбие жұмысы колледждің барлық құрылымдық бөлімдерін қамтыған.

Қай бөлімше болмасын білім алушының 5 деңгейлі мінездемесі қарастырылады. Ай сайын топ жетекшісі 5 деңгейлі мінездемені толтырып, студентті таныстырып, қол қойдырып, ата-анасын хабардар етеді. Ата-ана баласының қай деңгейде екенін біліп педагогикалық ұжыммен бірге жұмыс жасайды. Білім алушының тәрбиелік деңгейі үнемі салыстырып талдау жасалынып отырылады. Колледж бітіруші түлектер Маман моделіне толық жұмыстарын аяқтап, моделге сәйкестік мінездемелерін алды. Педагогикалық сүйемелдеу технологиясы арқылы оқушыларға комплексті осылайша тәрбие беруге болады. Іс-шараларының қорытындысында білім алушылар шығармашылық кітабын толтырады.


Білім алушылардың мінез-құлқы сапасының сөздігі

1 белгі. Оқуға қарым-қатынасы

2 белгі. Білім деңгейі

3 белгі. Жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігі

4 белгі. Қызығушылығы мен бейімділігі

5 белгі. Ұйымдастырушылық қабілеті

6 белгі. Өжеттілігі

7 белгі. Өз бетімен жұмыс жасауы

8 белгі. Тапқырлығы

9 белгі. Ұқыптылығы

10 белгі. Ойлау қабілеті

11 белгі. Тәртіптілігі

12 белгі. Өз бетімен еңбек ету қабілеті

13 белгі. ­Өзін-өзі тәрбиелеуі

14 белгі. Сөйлеу мәнері

15 белгі. Қоғамдық белсенділігі

16 белгі. Қарым-қатынасы

17 белгі. Топтағы беделі

18 белгі. Қайырымдылығы

19 белгі. Әдептілігі

20 белгі. Мәдениеттілік деңгейі

21 белгі. Адалдығы

22 белгі. Борыштылығы

23 белгі. Денсаулық жағдайы


Тәрбие жүйесінде басты орын алатын мәселе оның нәтижелілілгі ол үшін әдістемелік-тәрбиелік жұмыстардың дұрыс жоспарлануы маңызды. Алайда бұл жұмыстар әдістемелік бірлестіктің арнайы жұмыс бағыттарымен басқарылады, реттеледі, бағыт-бағдар беріледі.Бірінші кезекте топ жетекшілері өздерінің лауазымдық нұсқаулықтары бойынша диагностикалық карта толтырады, оның қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестіктің семинар тақырыптары жоспарланады. Бірлестікте отырыстар, семинарлар өткізіледі, тәрбие жұмыстарына байланысты сұрақтар, проблемалар көтеріліп қарастырылады. Топ жетекшілерінің апталығы, конференциялар, сайыстар өткізіледі.

Ай сайын, семестр сайын топ жетекшілерінің жұмыстарының, тәрбие жұмысының қорытындысы шығарылып педагогикалық кеңесте талқыланады. Жастарға сапалы білім-саналы тәрбие беру бүгінгі таңдағы барлық педагогтардың басты міндеті.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!