Материалдар / МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ.Кәсіби бағдар берудің өзектілігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ.Кәсіби бағдар берудің өзектілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби бағдар берудің өзектілігі.
Авторы:
22 Қараша 2024
55
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының өзектілігі

Кәсіптік бағдар беру- оқушылардың мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттілігі мен дайындығын қалыптастыруға кәсіби бағыт беруші маманның мақсатына бағытталған іс-әрекеті. Білім беру ұйымдарында қазіргі уақытта оқушыларға мамандық таңдауға бағыт беру жұмыстарының маңыздылығы күннен күнге артып келеді. Қазіргі таңда бітіруші сынып оқушыларының ойында сан алуан түрлі ойлар, нақты бір шешімге келуге кедергісін тигізіп отыр. Дәл осы тұста, кәсіби бағыт беру оқушылар үшін үлкен көмек болып есептеледі. Соның ішінде, оқушылардың қызығушылығы мен икемділігіне қарай бағыт көрсету маңызды. Себебі, қызығушылығы мен икемділігі қатар тұтасқанда, жоғары нәтиже көрсетері анық. Сонымен қатар, оқушыларға заман талабына сай, қажетті жаңа мамандықтар туралы ақпаратпен қаруландыру, кәсіби қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту кәсіби бағдар беру жұмысының өзектілігін одан сайын арттырады.

Оқушыларды мамандыққа баулу, кәсіптік бағдар беру мақсатында түрлі кездесулер, тақырыптық сауалнамалар, дөңгелек үстелдер өткізілуі қажет. Бүгінгі таңда, әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, шеберлігі мен қызығушылығын ескеріп, бағыт – бағдар беру, жекелеген мамандықтар туралы терең біліммен қамтамасыз ету- әрбір педагог пен кәсіптік бағдар беруші мамандардың басты міндеті болып табылады. Бұл оқушылардың болашаққа нық қадам басуында үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кәсіптік бағдар жұмысын жолға қою бүгінгі өмір талабы. Кәсіптік бағдар бүкілхалықтық мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.

Жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу үшін барлық педагогикалық күш жігерді жеке басты қалыптастыруға, оған жасалатын ықпалдардың баршасын біртұтас жүйеге келтіруге жұмсап, идеялық-тәрбиелік бірлікті жүзеге асыруымыз қажет. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. Қорытындылай келгенде, оқушыларға кәсіптік бағдар беру мәселесінде кәсіптік бағдары және кәсіптік дайындығын қалыптастыру қажет.

Я.Есенбеков атындағы №59 ЖББМ КММ нің кәсіптік бағдар беруші педагогы Тулегенова Салтанат Кенбаевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!